Файл: Педагогика педагогикалы колледж студенттеріні педагогикадан жргізетін зерттеу жмысыны жйесі жне оны кезедері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 1911
Скачиваний: 2
2. Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын сауалнама әдістері. Сауалнама әдістерін қолдану жолдары.Сауалнама – сауал арқылы бұқаралық материял жинақтау әдісі. Сауал, кімге арналған болса , сол жазбаша сұрақтарға жауап береді.Педагогикалық зерттеуде тәжірибе ерекше орын атқарады - педагогикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі әдісті тексеру қолданылады.Педагогикалық тәжірибе - педагогикалық құбылыстардағы себеп - салдарын оқу мақсатындаға зерттеу қызметі, ол педагогикалық құбылыс пен оның жағдайларының қозғалуының тәжірибелік моделінм ұсынады; зерттеушінің педагогикалық құбылысқа деген белсенді әсері; педагогикалық ықпал мен әрекеттестігі нәтижелерінің өлшемі.Тәжірибені табиғи ( қарапайым оқыту процесі жағдайы) және зертханалық тексеруге жасанды жағдай жасау. Көбінесе табиғи тәжірибе қолданылады. Ол ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Педагогикалық тәжірибе жинақталған дәрежеде болуы мүмкін, яғни үрдістегі істің нақты жағдайын ғана беолгілейтін немесе түрлендіруші, мұнда жағдайды анықтауға мақсатты түрде бағытталған ұйымдастыру жүргізіледі.Сауалнамалар бөлінеді стандартталған мен стандартталған емес. Стандартталған сұхбат, ең алдымен, зерттелетін мәселенің жалпы идеясын бере отырып, қатаң сауалнама ретінде қарастырылуы мүмкін.Стандартталмаған сұхбат стандартталған сұхбаттарға қарағанда қатаңырақ, оларда қатаң құрылым жоқ. Олар респонденттердің сауалдарға байланысты зерттеушінің мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік береді.Сауалнамаларды жасаған кезде, олар алдымен шешімдерге қатысты мәселелерді шешеді, бірақ мамандарға ғана қол жетімді болады. Содан кейін бұл сұрақтар қол жетімді емес мамандандырылған тілде тұжырымдалған сауалнамаға аударылады.Сауалнама мен сауалнама сұрақтары:Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді.Жабық сұрақтар (амалсыздан таңдалған сұрақтар) – бұл сұрақтардың тұжырымы белгілі бір жауаптарды таңдауды талап етеді.Оларда жай және кодталған болады.Жай жабық сұрақтар – абсолютті таңдау жасауды талап ететін сұрақтар, яғни «Иә» немесе «Жоқ».
Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа :1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады;2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.3. Педагогикалық зерттеудегі эксперимент әдісі, негізгі түрлері. Педагогикалық эксперименттің алдында тұрған негізгі міндеттер. Оның түрлері және кезеңдері.Педагогикалық эксперимент – алдын ала зерттеу мақсаты белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс – тәсілдерін, формалары мен мазмұнын көрсетеді. Егер педагогикалық экспериментті зерттеудің өзі жүргізсе, онда белсенді эксперимент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, онда енжерлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе онда констанция, ал егер болжам тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция және теорялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстармен ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады.Эксперимент құбылысты тек қана сипаттауға емес, сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік беретін асихикалық зерттеу әдісін көрсетеді. Зерттеуші болып жатқан оқиғаға заңдылықтарды ашу, аса қолайлы жағдайлар кешенін бөліу мақсатында жрспарлы түрде ықпал етеді. Бұл әдіс негізінен, педагогика саласындағы ғылыми жұмыста қолданылады. Сондай-ақ жаңа жұмыс тәсілдерінің және оларды оңтайландырудың күнделікті іс-әрекетінде қолданыла алады. Зертханалық эксперимент
балаларға арналған жасанды арнайы құрылған және нақты дәл ескерілген жағдайларда жүргізіледі. Ол әртүрлі физикалық приборлар мен тіркеу аппаратураларын белсенді қолдану барысында арнай жабдықталған орынжайларда /жарықтан және дыбыстан қорғайтын кабиналарда/ жиі жүргізіледі. Эксперимент жағдайының табиғи болмауы сынаққа қатысушының тосын жағдайлардан ұялуына, қажуына әкеледі. Бұған қоса зертханалық эксперимент белгілі бір деңгейде нақты өмірлік жағдайларды бейненлесе де, көбінесе олардан қашықта болады. Сондықтан ол оқу-тәрбие процесінің педагогикалық проблемаларын шешуге сирек қолданылады. Экспериментті жүргізер алдында, екі топқа бөлу керек, эксперименттік топ және бақылау тобы. Дегенмен басқа әдістен өзгешедегі, жағдайларды дәлме-дәл ескеруге, эксперименттің жүруіне және барлық кезеңдеріне қатаң бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижелерінің сандық бағасы, беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі психикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана қоймай, түсіндіруге мүмкіндік береді.
Ғылыми экоперимент — педагогикадағы ғылыми таңның ең негізгі бір әдісі. Сол арқылы айналымдағы педагогикалық ақиқат құбылыстарды басқарып тексеруге болады. Мысалы, оқушының мінез-құлқындағы өзгерістерді анықтауға және жоспарлы түрде әр қилы факіторлардың әсерімен мінез-құлықты тәртіптеуге әсері етеді.
Белгілі бір педагогикалық құбылысты әр жақты түрде тиянақты анықтап білу үшін ғылыми экспериментке сүйену педагогикалық зерттеудің сенімді әдісі.
Ғылыми эксперимент қолайлы жағдайларды зерттеу әдісі. Ғылыми эксперимент нақтылы дәлелдердің ұйымдастырылып жүргізілуі керек.
Педагогикалық ғылыми экспериментте үш кезеңді белгілеуге болады: ұйымдастырылуы, мазмұндылығы, талғамдылығы.
Қысқаша осылардың әрқайсысына тоқталайық:
а)Ұйымдастырушы — болжау кезеңі. Ол мынадай операциялардан тұрады:
— зерттеудің мақсаты мен мәселелерін анықтау;
— эксперимент жұмысы жүргізілетін затты таңдау және теория жүзінде жүргізілетін жұмысты дәлелдеу;
— ғылыми эксперимент жүмысының ғылыми болжа-уын жасау;
Ғылыми эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілдері мен критерийлерін анықтау.
б)Мазмұнды түрде жүргізу кезеңі. Бұл эксперимент жұмысының кезеңі төмендегідей жұмыстармен байланысты:
— эксперимент жүмысыньщ мазмүнды жағын тандап алу;
— эксперимент орындау;
— мөліметтер жинау.
в)Талдап түзету кезеңі. Бүл кезең мына жұмыстарды қамтиды:
г) алынған эксперименттің көрсеткіштерін талдау,
аналщ£деу;— талдаудан өткен материалдарды эксперименттің мақсатымен болжауына сәйкес келетіндігін анықтау; түзетуден өткізілген материалдарды жинақтау;— эксперимент қорытындысының есеп-қисабын өңдеу графиктер, кестелер, модельдер жасау;-талдаудан өткен эксперимент қорытындыларын ‘ПГ^ьірымдау.Педагогикалық зерттеуде ғылыми эксперименттің неше түрлері қолданылады:Факторларды анықтау үшін жүргізілген ғылыми эксперимент оқыту-тәрбиелеу процесінің анық жағдайын көруге көмектеседі. Оның негізгі мақсаты – педагогикалық күйенің алғашқы басталу жағдайын анықтау;— жаңа түрге өзгерту, жаңашылдандыру үшін жүргізілген ғылыми эксперимент жаңа байланыстарды ашуға, олардың қасиетін, заңдылығын, принциптерін, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру процестерін анықтауға көмектеседі. Оның ең негізгі мақсаты алға қойған мәселенің шешу жолдарының дұрыстығын анықтау;— тексеру, бақылау үшін жүргізілген ғылыми теориялық тұжырымдардың дұрыстығын тексеруге көмектеседі. Оның мақсаты — теориялық қорытындылардың ег-жей-тегжейін дәлдеп анықтау.Кез келген ғылыми эксперимент белгілі ережелерінің сәйкестілігі негізінде жүргізіледі4. Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі, бақылау әдісінің ерекшелігі, түрлері.Бақылау әдісі – таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.Бақылау әдісі. Бұл — педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда баңылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскуреия, зертханадағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шеберлікпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты. Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін белсендіру, балалар ұжымының іс-әрекеті, т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін зерттеуші түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, сызбаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, бейнемагнитофонға жазу, т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке немесе хаттамаға жазылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, түрлі іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау басқа әдістермен ұштастырыла жүргізіледі.