Файл: Педагогика педагогикалы колледж студенттеріні педагогикадан жргізетін зерттеу жмысыны жйесі жне оны кезедері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 630

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


в) бала санның көрінісін дамытуды және арифметикалық амалдарды меңгеруді объектілер тобын қабылдауға дейін жібереді, сол үшін олар сандық кеңістіктік ерекшеліктерінен қалған немесе алып тастайтын объектілерді есептеу бөлігі болады.

Баладағы уақытты қабылдау


Қазір, бүгін, кеше және ертеңгі сөздер әр уақытта нақты уақыттың басқа секторын қолданғанда көрсетуі мүмкін.

Мерзімінен бұрын эволюция деңгейінде, бала уақытты сапалы экстрематопалық белгілерге негізделген. 

Баланы қабылдау мен байқауды дамыту


Баланың қабылдауы бағдарланған іс-әрекет, практикалық объективті іс-әрекет, ойын, шығармашылық белсенділік және т.б. барысында дамиды, ол кеңейеді және тереңдей түседі және байқаудың тәуелсіз іс-әрекеті болады.

Қабылдау эмоционалды-моторлы және эмоционалды реакцияларға өте тәуелді.. Баланың эмоционалды факторлары интеллектуалды факторлармен байланысты.

Бала әлі түсінбейтін шындықтың көптеген аспектілерін схемалық және тым үйлестіретін қабылдау шындықтың бірнеше аспектілерін бөлуге байланысты және байланыстырылған қабылдаумен қатар жүреді.  

Қабылдау күрделі мағынаға толы әдеттен тыс психологиялық жағдайлар және әрекет етуші адамның мінезін ашатын күрделі актілер мен фактілерді қабылдау әдетте кейінірек қалыптасады, он екіден он төртке дейін, психологиялық қатынастарға үлкен қызығушылық болған кезде және тереңірек және терең түсіну қажет болған кезде.

Баланың интеллектуалды дамуы барысында байқаудың қалыптасуы мен дамуы ерекше мәнге ие.
Бинет үш кезеңді тексереді:

  • оқшауланған нысандарды санау кезеңі (3 жылдан 7 жылға дейін)

  • сипаттау кезеңі (7 жастан бастап)

  • түсіндіру кезеңі, сурет сезімтал бірлік ретінде қабылданады және түсіндіріледі.



  1. Кеңістік пен уақытты қабылдау. Монокулярлық қабылдау, бинокулярлық қабылдау.

КЕҢІСТІК  ПЕН  УАҚЫТТЫ ҚАБЫЛДАУ – кеңістік пен уақыт – материяның өмір сүруінің негізгі формалары. «Әлбетте, – деп жазды Ф.Энгельс, – материяның өмір сү- руінің бұл екі формасы материясыз түк емес, тек өзіміздің ойымыздағы бос түсініктер, абстракциялар ғана». Кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүреді деу бұл идеализм тұр- ғысына көшу болып табылады. Ке- ңістіктегі объектілерді қабылдау өте күрделі процесс. Тек адамның нақ- тылы тәжірибесі арқылы ғана кеңі- тікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен-бірінің қашық- тығын, бет алысын, көлемін, релье- фін, бағдарын және формасын қа- былдау арқылы ғана кеңістікті дұ- рыс қабылдайды. Дүниедегі заттар- дың барлығы да кеңістікке орналас- қан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т.б,) болады. Сондай-ақ олар бізден  түрлі  қашықтықта тұрады.


Кеңістікке орналасқан заттардың кө- лемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор.

Ал бір көзбен көру (монокулярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мұны бір көзді жұ- мып, екі қолды бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екені- нен де байқауға болады. Бинокуляр- лық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге ай- налады. Нәрсенің көлемдік қарамын қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып көрінуі маңызды рөл атқарады. Екі көзбен көруде түрлі заттардың тұта- сып көрінуі оның қашықтығы мен қоршауын, шамасы мен түсін, релье- фін жан-жақты қабылдауға мүмкін- дік туғызады. Қашықтық пен зат- тардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің кө- рілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жа- қындағы нәрсені ажыратуда байқала- ды. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жа- қын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді.

Көздің түрлі қашықтықтағы заттар- ды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды. Көздің ак- комадациясы хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттар- ды көргенде жиырылады да, алыста- ғы заттарға қарағанда ашыла түседі. Кеңістіктегі заттарды қабылдауда кө- ру-қозғалыс анализаторының мәні ерекше. Бір эксперименттік зерттеу- де көру-қозғалыс қабылдауы қатыс- пайтын бірде-бір мектептік пән жоқ екендігі, шәкірттердің оқу материал- дарын тиянақты қателерін кезінде көре біліп, түзетуі, әр пәннің (сызу, сурет, еңбек т.б.) өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен жұмыс істеуге ықпал ететіндігі жақ- сы байқалған. Қашықтықты қабыл- дау өте күрделі процесс. Мәселен, іштен соқыр болып туған адам көзі- не операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды.

  1. Ес туралы ұғым, физиологиялық негізі. Ес процестері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану.

Біздің түйсінген және қабылданған заттарымыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежеде есте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлы жағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады.

Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұл әрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мәселен, мектепте әртүрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады.



Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ес – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс

Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды

Есте сақтау түрлерінің 3 негізгі түрі

Көріп есте сақтау қабілеті

Тыңдау есте сақтау қабілеті

Сезу арқылы есте сақтау қабілеті

Ес – ең күрделі психикалық әрекеттердің

бірі.

Егер адамда ес болмаса, дүниедегі барлық заттар мен болмыстар бізге әрқашанда жаңа, өткен тәжірибемізде болмаған, оларды еш уақытта көрмеген, естімеген, қабылдамаған,

сезбеген құбылыс болып табылар еді. Мұнсыз ол өмір бойы жиналған рухани байлық пен мұраны меңгере алмай, ғылымның, тарихтың, өнердің, барлық мәдениет атаулының ешбір өсіп-даму прогресі болмас еді.

  • Қайта жаңғырту

  • Еріксіз

  • Арнайы

Ұмыту түрліше жағдайларда көрініс табуы мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдейілеп еске түсіруге не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болады , енді бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады.

Ес – бұл мидың маңызды процестерінің бірі. Ес бізге әр кезде, яғни оқуда да, жұмыста да, күнделікті өмірде де қажет. Өкінішке орай, ес уақыт өте нашарлайды. Бұған себеп адамның жасының ұлғаюы, стресстік жағдайлар және т.б. Сіздерге есті жақсартудың бірнеше жолын ұсынамыз:

  • Естің қалыпты жұмыс істеуі үшін организмге А, С, Е, К және В тобы дәрумендерінің саны жеткілікті болуы

қажет. Олардың әрқайсысы мидың жақсы жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды; тез шаршаудың алдын алады, жылдам сақтауды қамтамасыз етеді, жинақы жауап беруге көмектеседі. Сонымен қатар мидың жақсы жұмыс жасауы үшін темірдің, фолий қышқылының, жартылай қанық май қышқылының жеткілікті болуы маңызды. Сондықтан тұтынатын тағамның құрамында ет,

сиырдың бауыры, картоп, нан, сүт, банан, йогурт, құймақ,

алма, балық, жаңа көкөністер мен жемістер, грек жаңғағы

болуы қажет;

Ойда қалдыратын не қайта жаңғырылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді.


Олар: қозғалыс, образдық, сөз - логикалық және эмоциялық естер.

  1. Қозғалыс есі деп - ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинада қағаз басу, самолет жүргізу, турникте ойнау) қалыптастырудың негізі болып табылады.

  2. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшілер мен архитекторлардың, музыкант пен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып келеді.

  3. Адам ойының түрлі формаларын (ұғым, пікір, ой) еске қалдыра алу қабілеті сөз - логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау - ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөз - логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор.

  4. Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді.



  1. Естің түрлері: қозғалыс есі, эмоциялық ес, образдық ес, сөздік-логикалық ес.

Ойда қалдырыратын не қайта жаңғыртатын нəрсенің

сипатына қарай ес төртке бөлінеді. Олар: қозғалыс, образдық, сөз-логикалық жəне эмоциялық естер. Қозғалыс (немесе моторлық) есі деп ойын, еңбек əрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мəселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, самолет жүргізу, турникке ойнау т.б.) қалыптастырудың негізі больш табылады. Мəселен, əріп таңбаларын жаңадан үйренген кезде бала жазуға қатысатын қолының қозғалыстарын есінде сақтайдъі. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда калдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшілер мен архитекторлардың, м узыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан кітабының мазмұнын есіне түсіргенде ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін көз аддына жақсы келтіре алады. Мəселен, француздың белгілі карикатурашысы Гаварни бір көрген адамын бет-ажарынан тани қоюда орасан зейінді болған. Ол көшеде серуендеп жүріп, кенеттен қасындағы жолдасына: "Қарашы, мынау адам есіңізде ме?" деп сұрайды екен. Танысы: "Жоқ, білмеймін" десе, "Қалай білмейсіз, осыдан 20 жыл бұрын п2лендей көшеде кездестірген жоқпа едік?" — дейді екен. Адам ойының түрлі формаларын, (үғым, пікір, ой қорытындылары) еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау — ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар менматематиктерде жиі кездеседі. Сөз-логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мəселен, жас кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше əсер қалдырған нəрселердің бəрі есімізге опоңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді. Мəселен, біздің əрқайсымыз Ұлы Отан соғысының жеңісін ойлаған күн — 9 Мамырды немесе Ю.А.Гагариннің космосқа бірінші жол салған күні — 12 сəуірді, жыл сайын мерекеленетін Наурыз-тойын, Қазақстан Республикасының теуелсіздік алған күні — 16 желтоқсанды еш уақытта ұмытпаймыз. Адам сондай-ақ бір нəрседен қатты қорықса да,тентектік жасап, өзін ұялтқан күнді басынан кешірсе, мұндайды еш уақыт ұмытнайды. Эмоциялық ес жөнінде орыс сахнасының шебері К.С.Станиславский (1863-1938) жақсы айтқан: "Егер сіз бастан кешіргеніңізді есіңізге түсіргенде бозарып жəне қызаратын болсаңыз, сіз ертеде басыңыздан өткен бақытсыздық туралы ойлауға қорқатын болсаңыз — сізде сезінуесі немесе эмоциялық естің болғаны". Естің жоғарыда аталған түрлері екі сигнал жүйелерінің мидағы қызметімен түсіндіріледі. Мəселен, бірінші сигнал жүйесінің қызметі есте қалдыруда басыңқы рөл атқаратын болса, онда естің образдық түрі болғаны, ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз-логикалық түрі болып табылады. Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер адамда естің басқа түрлері де болатындығын көрсетіп отыр. Мəселен, адамныңы материалды канша мерзімге сақтай алатындьгғына байланысты ес қысқа жəне ұзақ болып екіге бөлінеді. Қысқа уақыттық естің əрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Мәселен, оқушы тексті көшіріп жазғанда, мүны түрліше жолдармен (жеке əріптер, буындар, сөздер, сөз тіркестерін көшіру) орындайтын болса, бұл оның оперативтік есі болып табылады.




  1. Ойлау туралы түсінік, физиологиялық негізі, ой операциялары: анализ, синтез, абстракция, т.б.

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау — ми қабышның күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақтатша «жүйке байланыстары жетекші рель атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес зандары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтйлы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.

Ой операциялары арқылы адамда түрлі түсініктер қалыптасады. Операциялар белгілі амалдар, жолдар, тәсілдер болып келеді. Ой операцияларының бірнеше түрлері бар.

Анализ. Анализ дегеніміз – түрлі құбылыстарды жеке қасиеттерге бөлшектеу.

Синтез. Синтез дегеніміз – бірнеше процестердің барлық дара қасиеттерінің біріктірілуі.

Нақтылау. Нақтылау дегеніміз – заттардың және құбылыстардың өзіндік нақты қасиеттерін ашып көрсету.

Салыстыру. Салыстыру дегеніміз – заттардың ұқсастығын, айырмашылығын, қарама – қарсылығын салыстыруды айтамыз.

Абстракция. Абстракция дегеніміз – шындық заттармен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алу.

Жалпылау. Жалпылау дегеніміз – біртекті заттардың , құбылыстардың ортақ қасиеттерін ойша біріктіру.


  1. Ойлаудың негізгі формалары: ұғым, пікір, ой қорытындылары.

Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар). Адам ұғым арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды (жеке, дара, жалпы жинақтай) ӛзіне тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді. Ұғымдар дара және жалпы болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау қаласы», «Абай Құнанбаев» дара ұғым болса, «қала», «адам» т. б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «мәжіліс» (депутаттар мәжілісі ), «кітапхана» (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден кӛрінеді. Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда кӛрінетін ойлаудың формасы. Пікір ақиқат және жалған болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау - әдемі, жас қала» десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал «Қасқыр қауіпті аң емес» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бӛлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде: «Ақтау» - логикалық бастауыш. «Әдемі, жас қала»- логикалық баяндауыш. Байланыс сӛздер («деп», «дегеніміз», «айтамыз» т. б.) пікірде кӛбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір грамматикада сӛйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сӛйлемдердің негізінде ғана туып, ӛмір сүре алады. Пікір мен сӛйлем бір-бірімен тығыбайланысты. Ӛйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің әр түрін, оның оныңерекшеліктерін логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді. Ойлаудың формаларының бірі – ой қорытындысы. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оларды белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Катар тұрган кездейсоқ пікірлерден ой қорытынды шықпайды. «Жаңбыр жауды», «Қоңырау соқты» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан, бұл екі пікірден үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес. Ой қорытындысының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, және аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Индукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, «ағаш жанады, кӛмір жанады, қағаз жанады» деген жеке пікірден «барлық органикалық заттар жанады» жалпы ой қорытындысы жасалады. Дедукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы мәселен, «Барлық тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі, олай болса балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды» деген жеке ой қорытындысына келеміз. Индукция мен дедукция ойымызда қатарласа жүріп отырып, бірінсіз бірі болмайды. Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы,