Файл: Педагогика педагогикалы колледж студенттеріні педагогикадан жргізетін зерттеу жмысыны жйесі жне оны кезедері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 652

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


 1. Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар оқыту.

2. Түра есепке  кері есеп ойлап табу, шығаруды  кеңінен қолдану.

3. Деформацяланған  жаттығуларды пайдалану.

4. Өз бетінше,  шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы.

 Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқталып, олардың оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.

 Оқыту практикасы "қосу  мен азайту", "кобейту мен  бөлу" бұрынғыдай төрт бөлек  тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың тиімділігін көрсетіп отыр.

Біріншіден бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді.

Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сәйкес оқушы мен  мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.

 Мысалы:

 Түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрскетінің ішкі потенциалды резеритерін ашуға көмектеседі. П.К.Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі "кері байланыс" заңының іске қосылуымен тиімді.

 ДБІ технологиясының  басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару "кері есеп" ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П.К. Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты.

Кері есептерді шығару, түра есепті кері есепке айналдыру  арқылы баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда  болады.

 Математикалық әдебиеттерден  мынадай ережені көп кездестіруге болады. "Математикадағы басты нәрсе - ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу". Кез келген түра есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рольде болады.

Біріншіде екі санның қосындысы, кебейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді, қызметін атқарады.

 Жаңа буын оқулыққа  бес түрлі: қосындыңы табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не  кен санды табуға, айырмалық салыстыруға  берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.

"Кері есеп" ұғымы  алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жаныңа портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады.

Столда 5 кітап бар, ал портфелъдегі кітаптардың 3-уі артық. Портфельде қанша кітап бар?

 Бұдан соң: не белгілі,  не белгісіз, артық па кен бе  екенін анықтауға арналған сұрақтар  беріліп, жауаптар алынады.


 Есеп шығарылады. Кері  есепке көшер алдыңда, столдағы  кітаптарды алып тастап, балалар,  портфельде 8 кітап бар, ал столдагы кітаптың одан 3-уі кен. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдыңғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауаптар алынады.

Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғана "кері есеп" ұғымы енгізіледі.

Осы типтердегі есептерді  көрнекіліктер арқылы шешуді меңгерген  кезде төмендегідей абетрактылы  есептерге көшуге болады.

 Білім беру технологиясында  жаңа бағдар- витагендік оқыту әдісі тілдерді меңгеруге айтарлықтай пайда келтіретіндігін өз тәжірибемізде сынап көрдік.

Оқытудың бұл технологиясын  Ресейдің педагогика ғылымдарының академиясының  академигі, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер А.С.Белкин ұсынған болатын.

Оқытудың бұ теориясы - мұғалім  мен оқушының шын мәнінде ырнтымақтасып,нақты нәтижеге жетуге болатындығын көрсеткен еді.

 Оқыту үрдісінде витагендік  әдісті жүзеге асыру голографиялық тәсіл негізінде өмірге байланысты жүргізілсе оның танымдық қызығушылықты жетілдіруге ерекше ықпал ететіндігін тілдерді оқыту тәжірибесінен әр жақты байқауға болады.

Бұл жердегі голография деп отырғанымыз-ұғым түсініктегі әржақтылық, былайша айтқанда, оқушы кемінде үш ұғымды тоғыстыра алуға машықтануы тиіс екендігінде, білім алудағы негізгі ұғым түсініктерді өздігінен ойлаумен жалғастырып, өзінше іздену мен пайымдауға қол жеткізетін, соған ынталандыратын жол-жосық. Витагендік әдіс, яғни ынтымақтасудың нәтижесі білімдік таным-түсінікті өздігінен ізденіп, өздігінен ой топшылайтын пайымдауға әкелетіндіктен тілдерді оқытуға былайша жүзеге асырылды.

 Сыныпта оқитын оқушыларды  қай тілге жетіктігіне қарай  топтастырып және өздерімен кеңес  берілген тапсырманы орындау  жөнінде түсінік берілді .

Содан кейін компьюерде көбейтілген  тапсырманы әрбір оқушыға үлестіріп бердік. Екі тілде көрсетілген сөйлемді өзі жетік біледі деп саналған тілге аударып, нұсқада көретілген ақ жерге толтыруды тапсырдық.

 Жұмыс нәтижелі болу  үшін алдымен блек қағазға  жазып, бір тоқтамға келгеннен кейін көрсетілген үлгіге көшіру керектігі айтылды. Тапсырманы орындау барысында бір-біріне бөгет жасамау және жұмыс аяқталғаннан кейін тиісті топ бойынша талқылау болтындығы ескертілді .

 Оқыған кітаптарын  естіген мағұлматтарын ой елегінен  өткізіп сарапқа салады.



Адамның құндылықтарды білмеуі  ақпараттың жеткіліксіздігінен және оған мән бермеуден туатындығына тұлғаның көзі жетіп, ізденіс үстінде мәселеге саналы қарауды мойындай түседі. Бұл білім алу үрдісіндегі қозғаушы күш болып табылады.

Тапсырманы орындау барысындағы  оқушының ойлау белсенділігі, яғни өзі білетін және нақты түсініп отырған мағұлматты келесі тілде дұрыс жеткізуге деген ынтасын арттыра түседі.

 Дәлірек айтсақ, көрсетіліп отырған тапсырманы орындауда оқушы білімділік, зерттеушілік, рухани, өзінше іздену, әлеуметті пайымдау жасауға жаттығады.

Іс-әрекет қызығушылығын дамытады.

Жинақтай айтсақ, тұлғаның ұғым түсінігі, танымы тиісті дәрежеде өзіндік іс-әрекетке айналып, оны өз өмірінде пайдалана білуге жол ашады. Оқушының қол жеткен нәтижесі оларды қуанышқа бөлейтіні рас.

20. Дидактика пәні, негізгі ұғымдары. Оқыту процесінің мәні, функциялары: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық функциялары. Білім, іскерлік, дағды. Оқыту процесінің қозғаушы күштері.

"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
"Оқыту - үйрету және білім алу" деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі саңталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін "білім беру", "оқыту" терминдері жиі қолданылады.
Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудық маңызды міндеттері:   
•  Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
•  Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
•  Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.

Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагоги калық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептін, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.

Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің өзіне тән кызметтері бар. Олар оқытудық білім беру, оқытудық тәрбиелік, оқытудық дамыту қызметтері.
Оқытудық білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, ілкерлік  пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үіиін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:
• білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;
•  білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын дамытуы;
•  білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудық тәрбиелік қызметі - оқытудық тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф.Гербарт оқыту - адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.
Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғүламалар соған байланысты. Өз шығармаларында сол екі негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.
Мағжан Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшың ет сезімдері арқылыәдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен, екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.