Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 702
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
[2]
4 . «Қорық аумағында жүзеге асырылатын кез-келген туристік қызмет қорық экожүйесін бұзып, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне кері ықпалын тигізеді». Берілген тұжырым бойынша туризмнің қандай кері ықпалы бар деп ойлайсыз? Өмірден мысал келтіре отырып, 1 сөйлеммен толық жауап жазыңыз ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
[1]
Жазылым
Берілген төрт тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз. Жазылым мәтінінде есімдік түрлерін, етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
«Қуат көзін үнемдеу»
Сіз интернет-блог авторысыз. Өз «Күн батареясы – сарқылмайтын ток көзі» тақырыбында белгілі бір ғаламтор сайтына жаңалық жазыңыз. Өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін қолданыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. «Менің туған өлкем»
Туған өлкеңіздің тарихи және көркем жерлері туралы досыңызға хат жазыңыз. Хат құрылымын сақтап жазыңыз. Етістіктің шақтарын орынды қолданыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. «Нұр-Сұлтан – мәдениет пен өнерордасы»
Қала күніне орай 6 шілде күні отбасыңызбен Елордаға қыдырып келдіңіз. Қаланың көптеген мәдени, өнер ордаларымен таныстыңыз. Тамаша өткізген күніңізді күнделік етіп жазыңыз. Күнделік құрылымын сақтаңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. «Қазақстан қорықтары»
«Елімізде жануарлар және өсімдіктер әлемін сақтап қалуда қорықтардың маңызы» тақырыбында 60 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Әрбір абзацты жүйелі құрастырып, мазмұнын ашып жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[10]
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қолдана отырып, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. Диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтаңыз. Лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. (әр оқушыға 2 минут)
Диалог тақырыптары
Қуат көзін үнемдеудің жолдары туралы айтып беріңіз.
1. «Қызыл кітаптың» қаншалықты маңызы бар?
2.Елордадағы бір өнер ордасы туралы әңгіме өрбітіңіз.
3.Туған өлкеңіздің көркем жерлері туралы сұхбаттасыңыз. [10]
Балл қою кестесі
Дағды | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | Жал пы балл | ||
Білім алушы | ||||||
Тыңдалым | 1 | А | 1 | | 5 | |
2 | Жарық диодты шам электр қуатын көбірек үнемдейді Жарық диодты шамдарды жарамсыз жағдайда арнайы жәшікке тастау керек | 1 1 | | |||
3 | С А В | 1 | | |||
4 | Ықтимал жауап: Электр қуатын бөлмеден шығарда жарық сөндіріп, теледидарды өшіріп, техникалық құралдарды өшіріп үнемдеймін. Ықтимал жауап: Электр қуатын үнемдей алмаймын: кейде техникалық құралдарды өшіріп кетуді, бөлме шамын өшіруді ұмытып кетемін | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі | |||
Оқылым | 1 | Е | 1 | | 5 | |
2 | С | 1 | | |||
3 | Ықтимал жауап: Қорықта экологиялық туризм –мемлекеттің тұрақты дамуының құралы. Ықтимал жауап: Туристік қызмет қорық экологиясын бұзып, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне кері ықпалын тигізеді. | 1 1 | Оқушы жауабы ескеріледі | |||
4 | Ықтимал жауап: Туризмнің бір кері ықпалы ол – серуен кезде айналаны ластап, қоқыстар тастап жүру, тиісті жолдармен жүрмеу. | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі | |||
Барлығы | 10 |
Жазылым
Балл | Мазмұны | Тіл сапасы |
9-10 | Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) сақтайды, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, мазмұнын ашып жазады. Мәтін жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс | Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. Етістіктің шақтарын орынды қолданады. Өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін дұрыс қолданады |
7-8 | Мәтін құрылымы, (кіріспе, негізгі және қорытынды) жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс | Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді |
5-6 | Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды),жанрын,стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа | Грамматикалық және пунк туациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3-4 | Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды),жанрын,стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. | Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді. |
1-2 | Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі. | Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын |
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашуы | Сөз қолданысы |
9-10 | Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикет формаларын өте жақсы қолданады және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабы тез, әрі орынды. Ойын әсерлі, мазмұнды жеткізеді | Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін өте жақсы ескереді. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді орынды қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
7-8 | Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикет формаларын жақсы қолданады және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабын ойла- нып береді, ойын орынды жеткізеді. | Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеруде және тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдануда елеусіз қателер жібереді. |
5-6 | Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикет формаларын қолдануда қиналады. Сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. | Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеруде және тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдануда қателер жібереді. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателер жібереді. |
3-4 | Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. | Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдануда және орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. |
1-2 | Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. | Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан , сөз қайталаулар өте көп. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі кездеседі. |
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы-40 минут
Тыңдалым-10 минут
Оқылым-10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады. (әр білім алушыға 5 минут беріледі)
Балл саны – 30
Тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
№ | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырмалар сипаттамасы | Тапсырма түрлері | Орындау уақыты, минут | Балл |
1-5 | 6.1.5.1 – тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау; 6.1.3.1 – тұрмыстық – әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну; 6.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 153 сөзден тұратын мәтінді 2 рет тыңдайды. ( аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді) Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші, екінші тапсырмаларда дұрыс 1 жауапты белгілейді. Мәтін мазмұнына негізделген үшінші тапсырмада берілген сөйлемдегі ойды шынайы өмірмен байланыстырып тұжырымдайды. Төртінші тапсырмада мәтін мазмұны бойынша негізгі ойды анықтайтын 3 тірек сөз жазады. Бесінші тапсырмада мәтіндегі жаңа сөздерді тауып, мағынасын жазып көрсетеді. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды | Көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | 10 минут | 5 |
6-9 | 6.3.6.1 – тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру, 6.3.3.1 – орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 6.3.1.1 – мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру; 6.3.4.1 – мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 97-98 сөзден тұратын екі мәтінді оқып шығады. Бірінші тапсырмада берілген екі мәтіннің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйеніп, түрлерін салыстырады. Екінші тапсырмада мәтін мазмұны бойынша негізгі және қосымша ақпараттарды тауып жазады. Үшінші тапсырмада мәтін бойынша үйренген сөздерін қатыстырып, сөйлем құрайды. Төртінші тапсырмада мәтінде берілген ойды 1 сөйлеммен тұжырымдайды. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды. | Көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар | 10 минут | 5 |
10 | 6.5.1.4 – өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазбаша,ауызша жұмыстарда орынды қолдану; 6.4.5.1 – жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану; 6.5.1.5 – етістіктің шақтарының (нақ осы шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану; 6.4.2.1 – эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген 3 тақырыптың біріне 50-60 сөзден тұратын эссе жазады. Мұғалім оқушының тақырып желісінен шықпай, әр абзацты жүйелі құрастырып, мазмұнын ашуын, сөйлем соңында қо- йылатын тыныс белгілерді дұрыс қолдануын, эссе жазуда өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін қолдануын бағалайды. | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | 20 минут | 10 |
11 | 6.2.2.1 –тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу; 6.2.5.1- коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру; 6.2.3.1 – ауызша мәтіндер құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту; 6.2.1.1 – тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу: | Тапсырма жұппен орындалады. Жұптағы екі оқушыға ортақ тақырып беріледі. Берілген тақырып бойынша жұптағы оқушылар 5 минут диалогке түседі. (әр оқушы диалогтe 7-8 сөйлем айту керек). Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша диалогті бастап, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білуін, ауызша мәтіндер құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айтуын, диалогта тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдануын, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізуін бағалайды. | Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 5 минут беріледі) | 10 |
Барлығы 40 минут |
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ нұсқа
Тыңдалым
Қуат көзін үнемдеу
Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи менералды ресурстарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы – соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет.
Мамандардың айтуынша, біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі бүгінгі күні 30 пайыздан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның үштен екісін ысыраппен пайдаланып отырмыз деген сөз.
Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны үнемдеу мәселелері жоғары қарқынмен шешілу үстінде. Соңғы ширек ғасырдың ішінде энергия үнемдейтін мақсатты саясатты іске асыру есебінен осы Европалық дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің энергияны пайдалану көрсеткішін 30 пайызға дейін азайтуға қол жеткізілді. Қолда барды үнемдеп пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеу - бүгінгі күннің талабы.
http://flatik.ru/elektroenergiyasin-nemdeu-tairibinda-sinip-saati
Мәтінге байланысты негізгі ойды көрсетіңіз.
A) түрі аз өсімдіктерді қорғау
B) сілеусіндерді мемлекеттік қорғауға алу
C) энергия ресурстарын тиімді пайдалану
D) Европалық дамыған елдердің тәжірибесі
E) тұтынылатын энергияны ысыраппен пайдалану
[1]
2.Мәтінге қатысты тақырыпты анықтаңыз.
A) Қуат көзін үнемдеу
B) Жастар- ел болашағы
C) Қазба байлықтарды пайдалану
D) Мемлекеттің даму жолдары
E) Қазақстан қорықтарын білу
[1]
3. Сөйлемде берілген ойды шынайы өмірмен байланыстырып тұжырымдаңыз.
Қолда барды үнемдеп пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеу - бүгінгі күннің
талабы.
[1]
4. Мәтін мазмұны бойынша негізгі ойды анықтайтын 3 тірек сөз жазыңыз. ________________ _______________ _______________[1]
5. Мәтіндегі жаңа сөздерді және олардың мағынасын жазып көрсетіңіз.
Жаңа сөздер | Мағынасы |
| |
| |
| |