Файл: Мазмны Кіріспе негізгі блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 160

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ТЖАТ құрылғылары мен жүйесінің сараптамасы, теміржол желілерінде бағыттарды белгілеуде, поезды өткізуде және маневрлік жұмыстарды жүргізуде өзара тәулділік бойынша логикалық функциясының орталықтандырылып орындалуын қарастырылуы керектігін көрсеткен. Басқарудың төменгі деңгейінде (станция-аралық-локомотив) тиімді (ең аз көлемде қажетті) жинақталуымен поезд қозғалысын басқарудың басты функцияларының орындалуын орталықтандыру, барлық тасымал үрдісінің ұзақтық, қауіпсіздік және сенімділік көрсеткіштерінің жоғары мәнін қамтамасыз етеді.

Сигнализация, орталықтандыру және бүлендеу қызметінің үлесіне, 1986-90 жж. еліміздің теміржол желілеріне арналған деректердің орташасына құрылған, 1-кестеден жақсы көрінген, поезд қозғалысына ықпал ететін, барлық істен шығулардың бесінен біріне келеді.

БҒТЖЗИ жасаған, 2,7-кестеде келтірілген, теміржол қатарына істен шығу статистикасын зерттеу нәтижелері бойынша СЖАТ тоқтаусыздығының нормативті көрсеткіштері. Істен шығу ағынының нақты параметрлері, бұл нормативтердің 1,5-2 еседен асуы мүмкін.


1.1-кесте. Поезд қозғалысына ықпал ететін істен шығуларды бөлу

Қызметтер және жүйелер


Істен шығулар сандары, %

Қызметтердің:



- жолдар


66,1

– сигнализация, орталықтандыру және бүленбеудің


19,5

– электрлендіру және электрмен жабдықтаудың


5,3

– байланыстың


1,0

– басқаларының


8,1

Жүйелердің:



– электрлік орталықтандырудың


58,0

– автобүлендердің


28,0

– жартылайавтоматты бүлендеуіштің


10,0

– басқаларының


4,0


СЖАТ қауіпті істен шығуының жалпы сараптамасы, олардың пайда болуын 4 негізгі топтарға бөлуге мүмкіндік береді:

  1. жекелей элементтер немесе бүтіндей жүйені жобалау мен жасаудағы сындарлы есептеулер;

  2. дайындаудағы өндірістік ақаулар;

  3. жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізуде пайдаланушы штаттардың қателіктерінде де және қызмет көрсетудің сапасының нашарлығы мен кешіккен және келісілген техникалық қызмет көрсету құрылғыларының жарамсыз технологиясы. 


Қазақстандық және ресейлік темір жолдары тасымалының үлкен көлемдегі күшіне энергия ресурстарының күшті корпоративті тұтынушысы болады, еліміздегі жылына тұтылынатын, олардың үлесіне электр энергиясының 5% дейін, дизельді отының 10% келеді.

Соңғы жылдары темір жолды электрмен жабдықтау құрылғылары едәуір өзгерістерге ұшырауда. Бұл, энегетикалық құралдарға жүктеменің артуы, күтіп-ұстауға кететін шығындарды төмендетуде тоқтаусыз жұмыс пен олардың сенімділігіне қойылатын талаптардың жоғарылауымен байланысты. Поезд салмағының артуы мен қозғалыс жылдамдығының өсуі де, жаңа техникалық шешімдерді қолдану мен шаруашылықта темір жолды электрмен жабдықтаудың құрылымын жетілдіруді қажет етеді. 
Көлік өнімдеріндегі энергияға сұранысына қол жеткізілген төмендетілуіне қарамастан, 2004-06 жж. тасымалдың энергиялық құрайтын өзіндік құнының өсуі жалғасқан, ол 12-ден 16 пайызға дейін артқан. Бұл, энергия ресурстарына тариф пен бағаның өсуінен болған. Бұл үрдісті, энергиямен қамтамасыз ету «жұмсартқан».

Болашақта, темір жол энергетикасы бағытталуы тиіс басты инновациялық энергия сақтаушы техникалық шешімдер мен технологиялар келесідей болады. Алдымен, осы саладағы ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктері негізінде энергетикалық тиімділіккпен жылжымалы құрамның жаңа буынын жасау, электрлендірілген темір жолдарда электрлі жылжымалы құрамға берілетін энергия кернеуін жоғарылату және негізгі технологиялық үрдістерде жинақталған энергияны пайдалану.

«ҚТЖ»ҰК» АҚ отын-энергетикалық ресурстарын басқару саласында, әсіресе, стационарлық энергетикада, отын ресурстарын тиімді пайдалану мен қысқартуға бағытталғаан, күштерді шоғырландыру мақсатында энергетикалық менеджменттің жоғары тиімді жүйесін ұйымдастыру қарастырылған. 

Электртартыммен орындалған жұмыстың артуында, 2009 ж. электрлендірілген және электрмен жабдықтау шаруашылығындағы жағдайлар саны 1,6%, яғни 18% төмендеген. 1 млрд. т км брутто қатысты түйіспе желінің үлесті ақаулығы 3,4% төмендеген.

Пайдаланушылық жұмыстарын жақсарту бойынша қабылданған, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар нәтижесінде, оның ішінде, инвестициялық жалпы салалық бағдарламаларды тарату есебінен оң нәтижеге қол жеткізілген. 

Байланыс шаруашылығының негізгі міндеті, клиенттерге қызмет көрсету деңгейін жоғарылату, ұсынылған қызметтің бәсекелестілігі, теміржол көлігі жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық және телекоммуникациялық ресурстарға компанияның қажеттілігін қанағаттандырумен қорытындыланады. Оны шешу, басқарудың барлық деңгейінде сапа менеджмент жүйесін енгізусіз мүмкін емес. Бұған қол жеткізу тек, басқару әдісін өзгертумен, басқарудың үдерісті жолын таратумен ғана болады. «ҚТЖ»ҰК» АҚ байланыс шаруашылығындағы үдерісті жолын, басқару құрылымын жетілдіру және байланыс орталық стансасы мен жол дирекциясын және аймақтық байланыс орталықтарын құрумен қатар 2006 ж шілдеден бастап енгізе бастады.



Үдерісті басқарудың концепциясын тарату бағытының маңызды қадамдарының бірі, 2005 ж. байланыс шаруашылығындағы әкімшілік және мониторингтің бірыңғай жүйесінің жобасын жасау болып табылады. Жобаның басты мақсаттарының бірі – байланыс желілерінің даярлық коэффициентін 0,9999 дейін жоғарылату. Салыстыру үшін, 2006 ж шілдесіне дейінгі жағдай бойынша 0,97 деңгейі ғана қамтамасыз етілгенін байқаймыз. «ҚТЖ»ҰК» АҚ және «РТЖ» РФ» АҚ жол желілері бойынша түйіспелік тармақтың техникалық жағдайына жүргізілген сараптама, полигонның едәуір бөлігінде түйіспелік тармақ өзінің ресурсын жоғалтқанын және оны ауыстыру қажет екенін мақұлдауға мүмкіндік береді. 

Жол деңгейіндегі бөлшекті талдау, қозғалыс мөлшерінің азаюына қарамастан, түйіспелік тармақтардың ескіруінен болатын, тораптар мен элементтердің істен шығу қарқындылығы арта түсетін көрсетеді.

Вагон-зертхана және басқа құралдардың көмегімен түйіспелік тармақтарды күй-анықтаудың нәтижелерін сараптау, істен шығудың жинақталуы, сонымен қатар, тозу мен төмендеу салдарынан түйіспелік тармақтыңжағдайы нашарлайтынын көрсеткен. 

ОЭМ нормативті және басқарушы құжаттарды шолу, туындайтын мәселелерді шешу сұрақтарына деген назар аударудың үрдісін табады, бірақ жалпы дұрыс ұсынымдардан басқа құжаттардың көп бөлігінен басқа, оларды шешетін тәсілдердің ешқандай немқұрайлылығы болмайды.

Көрсетілген тақырыпқа арналған басылымдардың шырқау шегі, түйіспелік тармақтардың техникалық құралдарының жағдайы мен еліміздің экономикасындағы жағдаяттар басқаша болған кезде, яғни 70-80 жылдарға келген. Жұмыстың әрқайсысы жекелеген міндеттерді шешуге бағытталған, бірақ барлық мәселелерді шешудегі жүйелік жолы болмаған. Шетелдік тәжірибе, ең алдымен жаппай электрлендіру кезеңінің болмағандығынан, арнайы басқа жағдаятқа сүйенеді. Сонымен қатар, қарастырылатын мәселелерді зерттеулері дамуының қызық тенденциялары байқалған. 

СОБЖ; байланыс желілері, электрмен жабдықтау құрылғылары, өзіне теміржолдың жалпы қолданылуын енгізетін технологиялық кешен, пайдаланылатын инфрақұрылымы болады. 

Шаруашылық кешеніндегі пайдаланылатын инфрақұрылымының рөлі, жиынтық табыс пен компания шығындарында бірінші рөл атқаратындығымен, анықталған. 

Бүгінгі күні пайдаланылатын инфрақұрылымының жағдайы, негізгі қорлар тозуының едәуір дәрежесімен сипатталады; сенімділіктің ең төменгі деңгейімен (орташаланған темір жол телімінің бір күнгі инфрақұрылымының қауіпсіз жұмысының ықтималдылығы - 0,94 тең); пайдаланушылық инфрақұрылымының дамуы мен күтіп-ұстаудың кешенді теңдестірілген басқарудың және жекелеген олардың жүйесінің жоқтығынан.

1.4.Инфрақұрылымдық кешен
«ҚТЖ»ҰК» АҚ теміржол көлік қызметі нарығында мақсатты үлгісіне сәйкес теміржол инфрақұрылымын басқару бойынша қызмет ұйымдасқан және заңды болуы керек. Бұл үшін, теміржол инфрақұрылымын басқару мен оның техникалық жағдайын жарамды түрде күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін, «Инфрақұрылым дирекциясын» құру қажет. Әсіресе, шығындарды басқаруға, оларды ең аз көлемге жеткізу мақсатында, жете назар аударылады. 

«Инфрақұрылым дирекциясын» құрудың маңызды сілтемесі тарифтегі инфрақұрылымдық құраушыны бөлу

«Инфрақұрылым дирекциясы», ауырсалмақты, жүрдек және жоғары жылдамдықты жолаушылар қозғалысын дамытуға қойылатын талаптарды ескере отырып, техникалық жағдайда инфрақұрылымды жарамды түрде күтіп-ұстауға міндетті. 

Инфрақұрылымдық кешенді күтіп-ұстау жүйесі үш негізгі көрсеткіштерді енгізеді:

  • күтіп-ұстау жүйесіне пайдаланатын шығындар,

  • күтіп-ұстау жүйесі инфрақұрылым кешені жұмысқа қабілетті болмаған уақыттағы уақыт үлесі, өйткені, жұмысқа қабілетті жағдайына келтірумен айналысады;

  • жұмысқа қабілетті жағдайына инфрақұрылымды кешеннің уақытының белгілі бір бөлігіндегі үздіксіз жұмыс ықтималдығы;

Саладағы бірінші көрсеткіш, жеткілікті түрде егжей-тегжейлі зерттеліп жатыр. Қалған екеуі «ҚТЖ» ҰК»АҚ техникалық құралдар сенімділігіне жатады. Техникалық құралдар сенімділік деңгейін жоғарылату қажеттілігіне қарамастан, бұл салада, зерттеулер жеткіліксіз екендігін атап өту керек.

Барлық жұмыстың соңғы қорытындысы, (ДЦ, ДК жүйелері, КТСМ, ПОНАБ құрылғылары және т.б.) және салалық АСУ алғашқы ақпараттардың ақиқатты дерекөздерді қолданумен техникалық құралдардың істен шығуын есептеудің принципті түрде жаңа технологиясына өтуі болуы керек.

Барлық аталған үрдістерді арнайы мамандандырылған жүйесі КАСАНТ (техникалық құралдардың істен шығуын жоюды бақылауды есептеудің кешенді автоматты жүйесі және сенімділік сараптамасы). Қолдану негізінде бірыңғай ақпаратты кеңістік аясында үйлестіруге болады. Олардың жұмысын қамтамасыз ету үшін, жалпы «ҚТЖ» ҰК»АҚ, олардың филиалдары мен құрамның құрылымдық бөлімдері мен техникалық құралдар жұмысының істен шығу жағдайын тексеру мен құжат айналым тәртібін есептеуде және де істен шығу туралы сараптамалық ақпараттарды өткізу формалары мен регламентін анықтау қажет.


Поезд қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ылғи да және теміржол көлік қызметкерлері қызметінің бастапқы бағыттарының бірі болып қала береді. 

Ресурстың аз көлемінде қауіпсіздік деңгейін біртіндеп арттыру мен кепілденген қамтамасыз ету мақсатына жету, жаңа принциптер, әдістер мен құралдар негізінде қауіпсіздік менеджмент жүйесін дамытуды талап етеді. Бұл жүйенің негізгі әдістемесі тәуекел-менеджментке негізделген. Бұл, жүйелік басымдылықты белгілеуге мүмкіндік береді: тәуекелді теңестіруге, тәуекелдік жағдаяттың алдын алу мен болжау, яғни, күші бар реактивті сызбаға қарама қарсы белсенді ретінде жүйенің дамуы.

Тасымал үрдісінің сенімді және кепілденген қауіпсіздігін қамтамасыз етудің функционалды стратегиясын, негізгі функционалды міндеттер анықтайды. Оған жататындар:

-тәуекелдіктің мүмкіндікті деңгейі мен қауіпсіздік көрсеткіштерін дәйектеу;

- халықаралық стандарттармен үйлесімді есептей отырып, федералды және салалық деңгейінде нормативті-құқықтық базасын жасауда, қауіпсіздік бойынша нормаларды дәйектеу;

- технологиялық үрдістер аясында қауіпсіздік нормасын сақтаудың бақылауын қамтамасыз ету;

- персоналдарды басқару жүйесін дамыту;

- қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштер мәндерінің өзгерісін болжау мен ағымды жағдайын бағалау.

Деректерді кейінгі өңдеудің, мониторинг және басқарушы шешімдерді өндіруде, тапсырманы алуды шоғырландыруға болатын, кепілденген қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа жүйесінің негізгі элементін, қозғалыс қауіпсіздік Департаментінің жағдаятты орталығы (ЖО) белгілеп анықтау қажет. Оның концепциясы, техникалық үрдістерді орындау сапасы мен техникалық құралдар жағдайы туралы жоқ деректерді шұғыл түрде алу үшін бірыңғай ақпаратты кеңістікті жасауды қарастырады. 

Холдинг қозғалыс қауіпсіздігін басқарудың жасалатын жүйесі негізіне «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптары.» ИСО 9001 халықаралық стандарт қағидасы талап еткендей, темір жол көлігі қызметіне белсенді енгізілетін аудит болуы керек.

Поезд қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайы, тасымал үрдісін орындау сапасының көрсеткіші болатындығынан шыға отырып, тексеру аппараты, тасымал үрдісінің сенімділігі мен кепілденген қауіпсіздікті қамтамасыз етудің функционалды стратегиясы қарастырған, жұмыстарды ұйымдастыру мен бағалаудың сапалы жаңа деңгейіне шығады. 2008 жылдың төртінші тоқсанынан бастап «ҚТЖ» ҰК»АҚ бақылау бөлімінде, бұзушылықтың әр түрі бойынша ең көп тәуекелді анықтау мақсатында, қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың болжамды нақты талдау принциптері бойынша тексеру мен бақылауларды жүргізу әдістемесі өңделіп жасалып жатыр.