Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 398

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Лиссабон Конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси - экономикалық таңдауына толық жауап берді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Болон декларациясының негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар.

Біріншіден, азаматтарды жұмыс пен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында Еуропа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау; екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш сатысын бекіту; үшіншіден,оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімнің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу; төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің алмасуын өрістету; бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру; алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді абзацтар бойынша оқып, сөздік құру.

  2. «Бізге экономиканы және қоғадық өмірді жаңа сатыға көтеру үшін қажеттілігіне сай осы заманғы білім беру жүйесі керек» деген ойды жалғастырыңыздар.

  3. «Білім беру жүйесінің құрылымы» деген кластер құрастырыңыз.

  4. Жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытында қандай әрекеттер жасалуда?

  5. 10 сөз тіркесі.



16.2 Кредиттік оқыту жүйесі

Қазақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізделеді. Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:


  1. бакалавриат ( жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл;

  2. магистратура ( кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл;

  3. доқторлық бағдарлама ( жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) - 2 немесе 3 жыл.

Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік піскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәріс пен іс –тәжірибелері, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).

Сынақ бірлігі жүйесі жоғары оқу орындары шеңберінде шетел университеттерімен қарым – қатыстар жасау, үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы білім нәтижелерін мақұлдау, сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады. Оның артықшылығы да осында.

Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің еңбекті қажет ету талаптары оқытылатын материалдардың мөлшері бойынша жүзеге асады және ол несие арқылы көрініс береді. Мұндай жағдайда әрбір пән мөлшері ерікті түрде анықталады, ал пәннің несиелік бірлік есебі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде және осыған сәйкес типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.

Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30 –ы теориялық білім беруге, 2 еуі қорытынды бақылауға арналады. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демаласы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы – қалыптасқан дәстүр бойынша – 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.

(С.Әбдіманов. Кредиттік оқыту жүйесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып тұр//Егемен Қазақстан, қазан, 2004 ж.)

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді абзацтар бойынш оқып, сөздік құру.

  2. «Ұлттық білім беру» мен «әлемдік білім кеңістігі» ұғымдарына анықтама беріңіздер.

  3. «Кредиттік оқытудың ережелері» деген кластер құрастырыңыз.

  4. Кредиттік технология білім алушыларға қандай мүмкіндіктер береді?

  5. 10 сөз тіркесі.


16.3 Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық

Инновация» деген сөз − латынның «novus» жаңалық және «іn» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.



Мұғалім қызметінің негізгі мәні — оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.

Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені белгілі.

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді.

Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе.

Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс – тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.

Олай болса, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші – таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Ұстаздардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін — өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Оқыту мен тәрбие егіз үрдіс. Сондықтанда мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі. Соның бірі- инновациялық мұғалімдік қызмет.

Инновациялық мұғалімдік қызмет – жаңа инновациялық білім бағдарламасын жасақтаумен іске асыруға бағытталған іс-әрекет, онда мыналар іске асырылады:

- баланы түсінуге,

- оны оқытуға,

- тәрбиелеуге,

- дамытуға,

- жаңа философиялық-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық бағыттар,

- білім беру мазмұны мен әдістерін құрудың жаңа концептуальды педагогикалық идеялары,

- баланың мектептегі өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырудың жаңа формалары,

- сонымен қатар, педагогтар, жұмысы, басқару, өзін-өзі басқару, мектептің ата-аналар мен әлеуметтік ортамен байланысы.

Инновациялық мұғалімдік қызмет тәрбиенің бұрыннан келе жатқан формалары мен әдістерін өзгертуге, жаңа мақсаттар мен оны іске асыру құралдарын құруға бағытталған.


Инновациялық мұғалімдік қызметтің негізгі функциялары педагогикалық үрдіске және оның компоненттеріне прогрессивтік өзгерістер енгізу болып табылады:

а) мақсатты өзгерту;

б) білім беру мазмұнына өзгеріс енгізу;

в) оқытудың жаңа құралдарын енгізу;

г) оқытудың жаңа моделі;

д) оқытудың жаңа тәсілдері;

е) оқушыларды дамытуға байланысты жаңа идеялар беру (В.В.Давыдов, Л.В.Занков).

Тапсырмалар:

  1. «Таратушы, үйретуші, қолданушы, насихаттаушы» сөздерінің жасалу жолдары.

  2. «Инновация» ұғымының анықтамасын беріңіз.

  3. «Педагогикалық жаңа технология дегеніміз не?» сұрағына кластер арқылы жауап беріңіз.

  4. Сіздің ойыңызша, жаңа педагогикалық технологияларға көшуінің себебі неде, түсіндіріңіз.

  5. 10 тіркесі.


Практикалық жұмыс 17.

    1. Тақырыбы: Білімді жастар - болашақтың тірегі

    2. Мақсаты:

  1. Білімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын анықтау.

  2. Жастарға арналған білім беру Бағдарламаларымен танысу.

  3. Бәсекелестікке қабілетті ұрпақ туралы мағлұмат беру.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс

Кіріспе сөз: білімділіктің адам өміріндегі маңыздылығы. Жастарға арналған білім беру бағдарламалары. Бәсекелестікке қабілетті ұрпақ. Қазақстан білім беру жүйесіндегі жаңашылдығы. ЖОО-дағы тәжірибе. Болашақ бағдарламасы туралы не білесіздер?

Мәтіннен мына сұрақтар бойынша мәлімет табыңыздар: «Болашақ» - бұл қандай бағдарлама? Бағдарламаның негігі мақсаты қандай? кімдер бұл бағдарламаға қатыса алады? Бұл бағдарлама түлектерге қандай мүмкіндіктер береді? Оқуға түсу үшін қандай құжаттар жинақтау керек? Конкурстық іріктеу қалай жүргізіледі? Конкурс нәтижелері қайда орналастырылады?
17.1 «Болашақ»  – Қазақстан Республикасы Президентiнiң ел азаматтарының алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу формасы бойынша оқуы үшін немесе шетелдік ұйымдарда ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медициналық қызметкерлердің  тағылымдамадан өтуі үшін құрылған халықаралық стипендиядиялық бағдарлама.


«Болашақ» халықаралық стипендиясы алғаш рет 1993 жылы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастардың келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалануы үшін шетелде сапалы білім алуына көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студент тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Қазақстан Республикасының кез келген азаматы бола алады. Бастысы – тіл біліңіз және мақсат қойыңыз. Және бұл стипендияның бір рет қана тағайындалатынын ескеру маңызды.

«Болашақ» бағдарламасының аясында жыл сайын халықаралық стипендияны тағайындауға квота белгіленеді. Техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үміткерлер үшін, сондай-ақ ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер қатарынан шыққан үміткерлер үшін шет тілін білудің деңгейі төмендетілген. 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында ҚР азаматтары мына бағдарламалар бойынша оқуға түсе алады: магистратура, резидентура, докторантура немесе тағылымдамадан өту.

Аталған білім бағдарламаларына түсуі мүмкін:

– мемлекеттік қызметкерлер магистр дәрежесін алуға;

– магистр дәрежесін алуға ғылыми немесе педагогикалық қызметкерлер;

– қазақстандық ЖОО түлектері магистр дәрежесін алуға;

– мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері магистр дәрежесін алуға;

– бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері магистр дәрежесін алуға;

– магистратураға, резидентураға, доктарантураға, тағылымдамаға өз бетімен түскендер.

Құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы ақпарат алдын ала «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында жарияланады. 

Оқуға түсетіндерге мынадай құжаттар дайындау керек:

1) анкета;

2) негіздеме өтініш;

3)жұмыс орнын сақтау шартымен маманды дайындауға жұмыс берушінің өтініші (магистратураға түсетін түлектер үшін талап етілмейді);

4) жеке куәліктің және шетелге шығатын төлқұжаттың түпнұсқалары және көшірмелері (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

5) дипломның нотариалды расталған көшірмесі (бакалавр немесе маман қосымшасымен);