Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 400

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тапсырмалар:

1. Сөздік жасаңыз.

2. Мәтіннің негізгі ойы.

3. Кластер құрыңыз.

4. Мәтінге 3 сұрақ қойыңыз.

5. Қорытынды.
14.2 Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Елтаңбамыздың негізгі ойдың білдіретін орталық элементі - шаңырақ. Шаңырақ – отбасы ытымағы мен тыныштығының нышаны. Асқан шеберлікпен, әсерлі де әсем бейнеленген түндік көгілдір, ашық аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді. Елтаңбаның көгілдір кеңістігінде ортасынан жан – жаққа тең таралған уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулелерін еске салады. Шаңырақтың үш қатардан айқасып тұратын күлдіреуіштері үш жүздің мызғымас бірлігін білдіреді. Елтаңбаның композициялық құрылымының келесі құрамды бөлігі – аңыз әңгімелеріндегі алтын қанатты, ай күресте арыстанның айбарын, қыранның қырағылығын, орасан күш иесі бұқаның қуатын, еліктің шапшаңдығы мен жылдамдығын және қимыл көркемдігін, түлкінің айлакерлігі мен тапқырлығын білдіреді. Әсем де мықты мүйіздері жеті буыннан немесе бөліктен тұрады. Бұл жеті буынның байланысы, олардың мызғымас бірлігі жеті атасын білмеудің тексіздік екенін, есімізге салады. Тұлпарлардың алтын қанаттары бидайдың алтын масақтары түрінде бейнеленген, яғни ол – еңбектің, молшылықтың, байлықтың белгісі. Елтаңбаның орта тұсында бес бұрышты жұлдыз бар, бұл біздің ақ жүрегіміз бен кең құшағымыздың барлық бес континенттің өкілдеріне де айқара ашық екенін білдіреді. Елтаңбамыздың реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті. Алтын түс халықтарымыздың жарқын да, айқын болашағына сай келеді. Ал көгілдір аспан әлемнің барша халықтарына ортақ.

Тапсырмалар:

1. Сөздік жасаңыз.

2. Мәтіннің негізгі ойы.

3. Кластер құрыңыз.

4. Мәтінге 3 сұрақ қойыңыз.

5. Қорытынды.
14.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты ( ені- 1 метр, ұзындығы – 2 метр) көгілдір мата. Көгілдір түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Дала құсы – дарқандық пен қырағылық және биікке самғау белгісі. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек қазақ халқының салт – дәстүрін, мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді. Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс – молшылықтың, байлықтың, құт – берекенің белгісі. Тудың автор – суретші Шәкен Ниязбеков.


Тапсырмалар:

1. Сөздік жасаңыз.

2. Мәтіннің негізгі ойы.

3. Кластер құрыңыз.

4. Мәтінге 3 сұрақ қойыңыз.

5. Қорытынды.
14.4 Президент таңдаған әнұран

«Менің Қазақстаным» - сөз жоқ, тамаша ән!- деді Президент енді бір сәт. - Әттең, осы әннің Жұмекен Нәжімеденов жазған сөзінде еліміздің бүгінгі даму деңгейіне сәйкес келе бермейтін тұстары бар... Ақын ол кезде өз заманының ауқымынан шығып, бұдан әріге бара алмағанын түсінемін ғой, оған мұрша берді дейсің бе? ... Бұл тың игеру кезіне бейімделген ән еді. Ал ақын –жазушылар тек саясатқа сай болулары қажет еді.

Б. Тілеухан: Әнұран – мемлекеттік рәмізі, рәмізі болғанда да бірегейі. Ол – елдігіңнің белгісі, ерлігіңнің жаршысы болса керек. Оны тыңдағанда төбе құйқан шымырлап, бойынды рух кернеуі шарт. Ол айтылғанда егілуін керек, еңселуін керек, шаттанған жөн, шамырқанған ләзім. Жеңіс тұғырында түлеген қыранның, етігімен су кешкен ұланның ауызына түсе кетуі керек.Толқыған топтың, шаттанған көптің көкейіне орала кеткіш ардақты болуы шарт. Ет жүрегің езілмей, ерніңмен айтқан ән – ән болса болар, бәлки. Бір-ақ әнұран бола алмақ емес.

Президент сайлау қарсанында, еліміздің барлық өңірлерінде сапарда болып қайтқанда, бір қатар кездесулерде «...жұртшылық бекітілген мемлекеттік әнуранымыз бола тұра, көбіне – көп өзінің Шәмші мен Жүмекеннің құдретті «Менің Қазақстаным» шырқағаны ... рас . Жарты ғасырдай уақыт бойы жалықпай шырқап келе жатқаны да рас. Халық мұны қуаныш құшағында тұрып айтып та тебренді. Қамыққан сәтте осы әнді айтып қайраттанды да. 1986 жылы Алматыдағы әйгілі Желтоқсан оқиғасы кезінде жастарымыздың Брежнев (қазіргі Республика) алаңында осы әнді айтып тұрып алғаны тіпті де тегін емес еді. Қалай дегенде де бұл әнде халқымыздың бойындағы отаншылық сезім, ұлттық рух мейлінше жарқын көрініс тапқаны анық болатын.

Елбасы: «Біріншіден, әнұранда ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілуі тиіс.

Екіншіден, мәтінде сол ата – бабалардан қалған асыл мұрамыз – жеріміздің кең байтақтығы орын алуы керек. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқан жөн. Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса көрсетілуі керек.

Осы талаптарға жауап беретін өзгерістер түскенде ғана «Менің Қазақстанымның» музыкалық редакциясын сақтай отырып, әнұран ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынуға әбден болады деп есептеймін.



Елбасы есебінде ғана емес, Қазақстанның азаматы ретінде де мен осы әннің сөзіне жоғарыдағы талаптарға жауап беретін тиісті өзгерістер түсіріп, мәтіннің жаңа нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмын. Авторлығына еш таласым жоқ. Мен үшін биіктерге беттеген туған елімнің әлі талай буыны асқақтата шырқайтын Қазақстанның бүгінгі келбетіне сай әнұран қабылданса болғаны.

Сенатор Қуаныш Сұлтанов: «Президент ұсынған түзетулермен алдын ала танысып, ризалық білдіргендерін, тек осылай өзгертілсе ғана оған келісім беретіндіктерін жеткізді».

Парламент талқылауының түйіні ретінде мынау ойларды қабылдауға болады: Жедел жаңарудың бір биігіне көтерілген еліміздің рухын еңселете түсетін, жетідегі жастан жетпістегі қартқа дейін жаттай алатын, айта алатын, айтқанда да арқаланып аруақтанып айтатын, ешкімді де бейжай қалтырмайтын, санаңды сілкіп – сілкіп, жігерінді жанып – жанып жіберетін жаңа Әнұран келді дүниеге. Бұл Әнұранды халық таңдады. Бұл Әнұран Уақыт сынынан өтті. Ешкім де халықтан биік емес, ешкім де Уақыттан дана емес.

Тапсырмалар:

1. Сөздік жасаңыз.

2. Мәтіннің негізгі ойы.

3. Кластер құрыңыз.

4. Мәтінге 3 сұрақ қойыңыз.

5. Қорытынды.
Практикалық жұмыс 15.

    1. Тақырыбы: Тұрғын үй және сәулет

    2. Мақсаты:

1. Сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй ұғымдарын түсіну.

2.Көппәтерлі тұрғын үйлердің сырт келбетін сипаттау.

3.Қазіргі заманауи үйлер, олардың ерекшеліктері туралы ақпарат беру.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
15.1 Сәулет өнері

Сәулет-өнері бұл барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Архитектр – гректің «архитектан» деген сөзінен алынған атау:Алғашқы мән мағынасында іс жүзінде әлде қандай бір жаңа кәсіптің, оның ішінде құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдіреді.

Грек жазушылары «Архитектон» сөзінің орнына кейде қазіргі құрылысшы – инженер сөзіне жақын «Айкодоис» - «үй тұрғызушы» деген сөзді пайдаланды, ал Даль – архитектр деген терминге анықтама бергенде архитектр – «ғалым -құрылысшы», «суретші–құрылысшы» деп атайды. Архитектура – бұл «пайда, беріктілік және сұлулық» заңымен материалдық тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған, өмір сүруге қолайлы орта құру өнері. Сәулет өнерінің мақсаты – кеңістіктегі ортада адам өмірімен қызметін материалдық құрылым – құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып, іске асыру. Инженер - құрылысшылар архитектураның негізгі техникалық мәселелерін шеше отырып, конструкциялық түзілімдер мен құрылыс әдістерінің өзінің өн бойында жасысырып, бүгіп жатқан эстетикалық мүмкіндіктерін жақсы түсініп, ұғынуы тиіс.


Сәулет өнері мынандай түрлерге бөлінед:1.Тұрмыстық–тұрғынүйлер, коттедждер; 
2.Қоғамдық– мәдени орталықтар т.б; 3.Өнеркәсіптік– фабрика, завод т .б; 4.Транспорттық – теңіз порттары, аэропорт, темір жолдар, автобекеттер, метролар. 5. Инженерлік – құрылыстық – бөгеттер, үлкен көпірлер т.б. 6. Кіші көлемді сәулет – фонтан, баспалдақтар, қоршаулар, аялдама т.б. 
Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша, «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген.

а) беріктік-инженерлік есеп; ә) қолайлылық-тұрмыс жағын білуге байланысты; б) әдемілік-талант-талғамға байланысты. Сәулет өнерінің түрлерімен қатар,оның стильдеріне де тоқталып өтейік. Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындылар тобына тән ортақ көркемдік сипат пен тәсіл Стиль деп аталады. 

Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм.

Романдық стиль Х – ХІІІ ғасырдарда пайда болған. Гректер мен римдіктердің нә- зіктік әсерін туғызатын құрылыстарының орнына ауыр, аласа ғимараттар бой көтерді. Мұндай қамал салудағы мақсат – сыртқы шапқыншылықтан қорғану. Үйреншікті бедерлемеде әшекейлер жоқ. Сәулеттегі бұл стиль романдық стиль деп аталады. 

Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды.

ХІІ ғасырда роман стилі ақырындап готикалық стильге ауысты. Ауыр да аласа ғимараттардың орнына ұшар басы аспанмен таласқан биік құрылыстар бой көтерді. Готикалық стилінің негізгі сәулет нысаны – діни қызмет пен рәсімдер өткізілген соборлар болды. Жаңа сәулет конструкциялары биіктігі мен сиымдылығы жағынан, сүйі басты шатырлар, жіңішке шпильдер, сүйір аркалар, темір торлармен өрнектелген витражды терезедың бәрі нәзік әсерлер туғызады. Собор ішіндегі төбе күмбездері де көкпен таласып тұрғандай. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды.

Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр – Дам соборы.Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетінгінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады.


Ежелгі Грекия мен Рим дәуірін антикалық дәуір деп атайды. Бұл кезеңдегі сәулет туындылары ұлылығымен, сәнділігімен ерекшеленеді. Храмдар көптеген бағандармен безендіріліп,баспалдақтар өте биік болған. Храмның іші құдай мүсіндерімен безендірілген. 

Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды . Бұнда құрылыс тым биіктелмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасыан ордерлік жүйені ғана алған.

Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған.

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздермен танысыңыз, есте сақтаңыз: шебер – мастер, құрылысшы – строитель, үй тұрғызушы – тот, кто возводит, строит дом; суретші – художник, тиімді - удобный, эффективный; қолайлы – удобный, благоприятный; іске асыру – реализовать, осуществить, түзілім – (состав, структура, строение), бұлжытпау – не изменять.

  2. Кластер/кесте арқылы мәтінді мазмұндаңыздар: «Архитектура»/ сәулет түрлері/ сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын талаптары/ архитектура стильдері.



15.2 Үйдің түрлері

Әр адамның өмірінде өз үйлерін сатып алу туралы ойлауды бастайтын уақыт келеді. Біреу көп қабатты ғимараттарда пәтерді жақсы көреді, ал кейбіреулері жеке үй салу арқылы көп еркіндік пен тәуелсіздік алуға ұмтылады.

Бірінші нұсқа таңдаудағы ерекше қиындықтарды тудырмайды. Бөлмелердің қажетті санын және үйдің түрін (панель, кірпіш, монолитті) анықтау жеткілікті. Бірақ жеке үйлер өте әртүрлі. Заманауи технологиялар әзірлеушілерге тапсырыс берушінің барлық тілектерін ескере отырып, әртүрлі конфигурациядағы тұрғын үйлерді салуға мүмкіндік береді. Біздің үйде қандай үй түрлері бар екенін, олардың айырмашылықтары қандай және олардың құрылысы үшін қандай материалдар пайдаланылғанын қарастырайық.