Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 399

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

6) медициналық анықтама 0-82/у;

7) зейнетақы қорынан көшірме;

8) егер бар болса, шет тілі бойынша емтиханды тапсыру туралы жарамды ресми сертификаттың көшірмесі;

9) егер бар болса, мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсыру туралы жарамды ресми сертификаттың көшірмесі.


Конкурстық іріктеу былай жүргізіледі:

– Конкурстық іріктеу 3-8 ай аралығында болады және 3 кезеңнен тұрады;

– бірінші кезең үш бөлімнен құралған;

– мемлекеттік тілді білуге тестілеу;

– шет тілін білуге тестілеу;

– психологиялық тестілеу.

Алматы және Астана қаласында өткізілетін шет тілін білуге тестілеуді қоспағанда, барлық кезең Астана қаласында өткізіледі. Конкурстық іріктеудің қалған 2 кезеңі де Астана қаласында өтеді. Әр үміткерді тестілеу күні туралы емтиханға дейін дербес хабардар етеді. 

Шет тілін білуге тестілеуді шетелдік ұйымдар – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ серіктестері жүргізеді. Мемлекеттік тілді білуге тестілеуді ҚАЗТЕСТ жүйесі әзірлеген жүйенің көмегімен Білім және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы жүргізеді.  Психологиялық тестілеуді «Тұлғаны дамыту орталығы» жүргізеді. Әр кезеңнен кейін 15 күн ішінде конкурстық іріктеуді жүргізуге жауапты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері нәтижелер туралы үміткерлерді хабардар етеді.

Бірінші кезеңнен ойдағыдай өткен үміткерлер екінші кезеңге қатысуға жіберіледі, олар тәуелсіз сараптау комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасу жолымен өткізіледі. Тәуелсіз сараптау комиссиясымен сұхбаттасқаннан кейін үміткерлердің материалдары шетелде кадрларды дайындау бойынша республикалық комиссияның қарастыруы үшін үшінші кезеңге жіберіледі, ол түпкілікті шешімді шығарады. 10 күн ішінде Комиссия отырысының хаттамасы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ келіп түседі және осыдан кейін 1 күн өткен соң конкурс жеңімпаздарының тізімі ресми сайтта жарияланады.

Тапсырмалар:

  1. Оқуға түсетіндерге арналған сілтемелік кластер құрастырыңыз.

  2. Мен «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері бола аламын ба?» сұрағына жауап беріңіз. Мен үшін қандай жеңілдіктер бар?

  3. Мына сөз тіркестердің орыс тіліндегі баламасын жазыңыз, олармен ақпарат беріңіз:

алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындары; шетелдік ұйымдар; ғылыми қызметкерлер; арнайы тағылымдама; халықаралық стипендиядиялық бағдарлама; дарынды жастар; мемлекет игілігі; сапалы білім алу; бұқаралық ақпарат құралдары; ресми сайт; емтихан тапсыру; туралы жарамды ресми сертификаттың көшірмесі; тәуелсіз

сараптау комиссиясы; түпкілікті шешім; жеңімпаздар тізімі.

4. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанған жерлестеріміз туралы шағын баяндама жасаңыз.

5. «Мен жастарға сенемін» тақырыбын ашатын қанатты сөздерді жинақтап алу (5); М.Жұмабаевтың өленін жатқа білу.


    1. Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы

Кіріспе сөз: қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып

келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

Білім беру мекемелерін оңтайландыру бағыты бойынша мемлекеттік бағдарлама негізінде жасалып жатқан шаралар аз емес. Алдымен, оған «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылған білім ордаларын айтуға болады. Аталған бағдарлама аясында 2009-2010 жылдары республикада 219 мектеп, 2010 жылы 93 мектеп салынып, пайдалануға берілген екен. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бағдарламаның негізгі жоспары - жыл сайын 100 мектеп салу. Осы бағдарламаның аясында еліміздегі әр облыстардағы көптеген елді мекендерде жаңа заманауи білім беру ошақтары ашылды. Әр облыста бой көтерген Назарбаев зияткерлік мектептері осы бағыт негізінде қолға алынған болатын. Жоғары оқу орындарына қатысты айтар болса, қазір жұмыс істеп тұрған барлық ЖОО-ларды тексерістен өткізіп, қорытындысы бойынша олардың санын біріктіру немесе жекелеген мекемелерді тарату қолға алынып жатыр. Бұл да білім беру мекемелерін оңтайландыру бағытында қарастырылатын мәселелердің бірі. 

  Екінші бағыт - оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. Бұл бағыттың үдерістері біздегі білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі - академиялық еркіндіктің басты қағидаты болып саналады. Элективті сабақтар еңбек нарығы сұраныстары негізінде оқытылады. Оқыту үдерісін жаңғырту бағыты бойынша сұранысқа ие, болашағы бар бағыттарды күшейту жоспарланған. Сонымен қатар, тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері, 12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән беріле бастады. Жоғары интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан, инновациялық технологияларды еркін меңгерген, ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау, қайта оқытуды да айта кету керек. Мектеп мұғалімдері, ғалым-оқытушыларды елдегі және шетелдегі біліктілікті арттыру орталықтарында жүйелі түрде оқыту қолға алынды.  


Үшінші бағыт - білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

Бұған инновациялық технологияларды,

- компьютер мүмкіндіктерді пайдалану,

- интерактивті білім беру,

- қашықтықтан оқыту,

- виртуальды педагогика тағы басқалар жатады. Ғалым-оқытушылар, зерттеушілер жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе отырып мектеп базасында инновациялық технологияны енгізу, оқушының жеке интеллектуалдық қабілеттерін арттыру бағытында жұмыстанып жатыр. Еліміздегі жоғары білім беру ордалары әлемдік білім беру жүйесіне көше бастады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетін білікті мамандарды дайындау үшін ЖОО-лары да түрлі инновациялық методикаларды пайдалана басталады. «Академиялық мобильділік» бағдарламасы еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында жүзеге асуда.

- Жоғары білім саласына көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу,

-қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру,

- оқыту әдістемелерін жаңғырту,

- оқытудың онлайн жүйелерін дамыту сынды жоғарыдағы бағыттың негізгі тетігі ретінде қарастыруда.

  Еліміздегі білім жүйесін дамыту – дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы айқындап берді.

(Айзат Ермек)

 Тапсырмалар:

  1. Бірінші бағыт неге бағытталғанын оқыңыз. Білім беру мекемелерін оңтайландыру үшін қандай шаралар жасалып жатыр. Сол шараларды атаңыз. Шаралар ненің негізінде жасалып жатқаны туралы әңгімелеңіз. «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылған білім ордалары туралы әңгімелеңіз. Осы бағдарламаның аясында біздің облысымызда не істелінім жатқаны туралы эссе жазып келіңіз. Жоғары оқу орындарында білім беру мекемелерін оңтайландыру бағытында не істелініп жатқаны туралы мазмұндаңыз. Біздің университетімізде бұл мәселеге назар аударыла ма? Бұл мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр?

  2. Екінші бағыт қай мәселені шешуге арналған? Оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту үшін елімізде қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр? Академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті ме? Дәлелдеңіз. Біздің университетте элективті сабақтар еңбек нарығы сұраныстары негізінде оқытыла ма? Мысалдарды келтіріп, дәлелдеңіз. Н е істеу қолға алынды ?

  3. Үшінші бағыт неге бағытталған? Осы бағдарламаның аясында еліміздегі әр облыстарында не істелініп жатыр? Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру үшін не істеу керек екенін айтыңыз. Компьютер мүмкіндіктерді пайдалану, интерактивті білім беру, қашықтықтан оқыту, виртуальды педагогика артықшылықтарын атаңыз. «Академиялық мобильділік» бағдарламасы не істеуді талап етеді?

  4. Жағдаят: «Сіз БжҒМ министрі лауазымына үміткерсіз. Өз бағдарламаңызда қандай 3 басымдылықты (приоритет) ұсынасыз?» Өз абзацыңызды толықтырыңыз.

  5. «Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы» деген ойды нақты фактілермен дәлелдеңіздер (2-3).



Практикалық жұмыс 18.

    1. Тақырыбы: Өнертабыс және жаңашылдық

    2. Мақсаты:

1. Өнертабыс-өнертапқыштық ұғымын түсіну.

2. Бүгінгі таңдағы өнертабыс түрлері мен оларға сипаттама беру.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
18.1 Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады. Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiледi.

Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес мыналар:

  1. жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;

  2. шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;

  3. шартты белгiлер, кестелер, ережелер;

  4. ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi;

  5. есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;

  6. ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;

  7. бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;

  8. қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайтындығына назар аудару қажет.                          

Өнертабысқа құқық Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша берілетін патентпен қорғалады.

Өнертабысқа патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.

Өнертабысқа патенттерді беру туралы өтінімдердің сараптамасын сараптама жасау ұйымы болып табылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді.

Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.

Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге дейінгі өткен уақытқа ұзартылады.