Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 409
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тапсырмалар:
1.Жаңашылдық сөзінің мағыналық талдауын жасау.
2. 1 абзацты оқып, сөздік жасау, аудару, қорытынды жасау.
3.2-14 абзацтармен жұмыс: оқу, аудару, сөздік жасау, бір-екі сөйлем арқылы мазмұндау, қорытынды жасау.
4.10 сөз тіркесі.
5. Қорытынды ой.
Практикалық жұмыс 19.
-
Тақырыбы: Танымал тұлғалар -
Мақсаты:
1. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы, оның мақсатын анықтау.
2. Жоба жеңімпаздары, елімізге ең танымал есімдер туралы мәлімет беру.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
Кіріспе сөз: «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» Н.Ә. Назарбаев.
Мына сөз тіркестермен ақпарат беріңіздер: тәуелсіздік жылдарында, табысқа жету, еліміздің әр өңірінде, сан алуан этнос өкілдері, нақты тағдырлар, заманауи Қазақстанның келбеті, көрініс табу».
19.1 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың сәуір айындағы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын... Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы Тұңғыш Президент ұсынысынан кейін оны жүзеге асыру ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Халықтары ассамблеясына жүктелген болатын.
Рухани жаңғыруды іске асыру қазіргі таңда басты тапсырма болып отырғаны белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өткен ғасырлардағыдай ауырпалықтар: соғыс, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін және тағысын тағылар кездескен емес. Оның барлығы да біздің халықтың даналығы, жігерлігі, төзімділігінің арқасы. Қазақстан тарихының парағы тереңнен тамыр тартады. Оның ішінде ата-тегіміздің небір қиын дәуірлерден өткендігі де, керісінше жайлауда жүріп талай-талай қызықты дәуренде өмір кешкендері де жазылған. Сол қалың тарихты білу, ұмытпау, ата рухына әрдайым тағзым етіп жүру, бұрынғылардың кешкен ауыр тағдырын кешпеуге тырысып, тек олардың даналықтарынан үлгі-өнеге алуға талпыну, алға ұмтылу – барша Қазақстан азаматының, әсіресе бүгінгі өскелең ұрпақтың алдында тұрған міндет.
Бүгінгі күнде Елбасының ауқымды мақаласын іс жүзінде тындыруға еліміздегі азаматтардың көптеп атсалысып жүргенін көріп жүрміз. Қазіргі жастардың дені білім-ғылымға қызығатыны қоғамымыз үшін де пайдалы екенін ерекше атап өткен жөн. Олардың бірі ғылымда жаңа бір жаңалық ашып, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы өздерін дамытып жатса, екіншілері жеке бизнес қызметімен әлеуметке танылып, көпшілік үшін тиімді істерді тындырып жүр. Ал келесі біреудің өнерлерімен елімізді жаһанға әйгілі етіп жүр.
Қазақтың данышпан, көреген, қайсар ұлт екендігін барша әлем жұрты мойындаған. Оның ішінде өткен ғасырларда дүниеден өткен небір ұлы тұлғалар бары жасырын емес. Ұлтымыздың ерекшелігі – мәдениетінде, тәлім-тәрбиеге баса назар аударатынында, күнделікті өмірде әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді тастамай ұстанатынында болып табылады. XX ғасыр қазақ елі үшін аса қиын заман болды. Соның салдарынан еліміз біраз дәстүрлері мен ғұрыптарынан, ана тілінен, дінінен, өнерінің біршама бөлігінен ажырап қалды. Қысқасы, мәдениетіміз едәуір есеңгіреп қалды. Егемендік алғаннан кейін тарихта болған қаншама жағдайларға қарамастан Қазақстан аяққа тез тұрып кетті. Бүгінде елімізде дарынды, болашаққа деген ұмтылысы жоғары жастар өте көп. Айналаға терең назар аударсаңыз қазақтың тарихын құштарлана оқып, ата-баба аманаты – киелі жерімізді сақтап тұруға тырысатын, олардың салған жолымен жүруге бағытталған қаншама жасты байқауға болады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, оның негізгі ойын бір сөйлем арқылы айтыңыздар.
2. «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Рухани жаңғыру» ұғымдарының мағынасын ашыңыздыр.
3. «Қазақстан тарихының парағы тереңнен тамыр тартады» деген ойды жалғастырыңыздар.
4. «Ал келесі біреудің өнерлерімен елімізді жаһанға әйгілі етіп жүр». Елімізді әлемге танымал етіп жүрген азаматтармыз кімдер екен? деген сұраққа жауап беріңіздер.
5. «Айналаға терең назар аударсаңыз қазақтың тарихын құштарлана оқып, ата-баба аманаты – киелі жерімізді сақтап тұруға тырысатын, олардың салған жолымен жүруге бағытталған қаншама жасты байқауға болады». Ата-бабамыздан қандай аманатты біз сақтап қалуымыз керек? Не үшін?
19.2 «Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2019» жобасының жеңімпаздары анықталды
Тапсырма:
1. Мына сөз тіркестерді аударып, лингвистикалық талдау жасаңыздар (аудармасы, синонимдері, мағынасы, сөз тіркестері, контекст): замандастарымыздың жетістіктері, халықтың даналығы, қиын дәуірлер, өскелең ұрпақ, білім-ғылымға қызығу, тиімді істер тындыру, ұлы тұлғалар, ұлт ерекшелігі, салт-дәстүрлерді ұстану, киелі жер.
2. «Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2019» жобасының жеңімпазы атанған белгілі бір азаматы туралы ақпарат беріңіздер. Қорытынды жасаңыздар.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2019» жобасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ruh.kz порталы.
Айта кетерлігі, бұл жоба осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2017 жылы 102 жеңімпаз анықталса, өткен жылы – 29 болды. Ал 2019 жылы «100 жаңа есім: табысты қазақстандықтардың тарихы» деген ұстаныммен өткен жобаның жеңімпаздары 32-ні құрады. Жобаға өтінім 2019 жылдың 1 қазанынан бастап қабылданған болатын. Олар қоғам, ғылым, мәдениет, бизнес, спорт және медицина номинациялары бойынша бақ сынады. Жеңімпаздар 100janaesim.ruh.kz сайтында 5-25 қараша аралығында бүкілхалықтық дауыс беру арқылы таңдалды.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2019» жобасы жеңімпаздарының тізімі:
1. ӘСЕЛ АЯПОВА, Батыс Қазақстан облысы/Бизнес
2. ӘЛІБЕК НҰРБЕК, Алматы облысы/Мәдениет
3. ӘСЕЛ БАЙМҰҚАНОВА, Алматы/Қоғам
4. ДИНА БАЙТАСОВА, Нұр-Сұлтан/Мәдениет
5. АЙГЕРІМ БЕРЕКЕШЕВА, Алматы облысы/Бизнес
6. ШЫНАР БОЛСАМБЕКОВА, Нұр-Сұлтан/Қоғам
7. РҮСТЕМ ЕРҒАЛИ, Қостанай облысы/Спорт
8. РҮСТЕМ ЕРМЕКБАЙ, Алматы/Бизнес
9. НАЗГҮЛ ЖӘКЕНОВА, Ақмола облысы/Ғылым
10. ӘСЕЛ ЖАНАСОВА, Нұр-Сұлтан/Қоғам
11. АЛДИЯР ЖҰМАХАНОВ, Шымкент/ Қоғам
12. АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ, Қарағанды облысы/Спорт
13. АЙЖАН ЖҮЗБАЙ, Түркістан облысы/Қоғам
14. ИМАНБЕК ЗЕЙКЕНОВ, Павлодар облысы/Мәдениет
15. СӘУЛЕТ ҚАЛДАШОВ, Қызылора облысы/Медицина
16. ҚУАНДЫҚ ҚАНАТОВ, Шығыс Қазақстан облысы/Қоғам
17. МАЛИКА МУКТАРОВА, Қостанай облысы/Спорт
18. ҚАНАТ НҰРТАЗИН, Нұр-Сұлтан/Мәдениет
19. ЕРЖАН ОМАРХАНОВ, Шығыс Қазақстан облысы/ Қоғам
20. БАУЫРЖАН РАКИШЕВ, Алматы/Медицина
21. МАКСИМ РЮМИН
, Қостанай облысы/Ғылым
22. АСХАТ СӘДУОВ, Нұр-Сұлтан/Қоғам
23. ЕЛДАР САПАРОВ, Алматы облысы/Қоғам
24. АЗАТ СЕМБИНОВ, Алматы/Бизнес
25. ШӘКӘРІМ СЕЙСАНБАЙ, Жамбыл облысы/Ғылым
26. ИВАН СНЕГУРОВ, Қарағанды облысы/Спорт
27. НҰРГҮЛ ҰЛЖЕКОВА, Нұр-Сұлтан/Қоғам
28. ДАНА ШАЯХМЕТ, Алматы/Ғылым
29. ДИНАРА ШҮКІЖАНОВА, Қостанай облысы/Бизнес
30. ОЛЬГА ЧАВКИНА, Шығыс Қазақстан облысы/Мәдениет
31. ИЛЬДАР ЯГЬЯЕВ, Маңғыстау облысы/Спорт
32. ЭЛЬНАРА БАЙНАЗАРОВА, Нұр-Сұлтан/ Қоғам
№6 Модуль: Қазақстан және әлем
Практикалық жұмыс 20.
-
Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары -
Мақсаты:
-
Бұқаралық ақпарат құралдары, оның түрлерін анықтау. -
БАҚ-тың ақпараттық және білімдік қызметін анықтау. -
Бүгінгі таңдағы БАҚ-тың қоғамдық рөлі туралы мәлімет беру. -
Ақпарат көздеріне сілтеменің берілуі.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
1. Кіріспе сұрақ: соңғы жаңалықтар мен маңызды ақпаратты біз қайдан аламыз?
2. «Ақпарат» сөзінің мағынасы мен қолданылу контексін анықтау.
3. Ақпарат көздері тақырыбын кластер арқылы ашу.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі міндеттері қандай? жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы "Бұқаралық ақпарат құралдары" деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді. 1. Бұқараға бағыт немесе арнау. Яғни барлық ақпарат мәселелері қоғамға, халыққа, көпшіліктің аудиториясына арналмақ, олармен тікелей байланыс орнатылмақ. 2. Бүкіл ақпарат көпшіліктің сұраныс - қажеттілігін, талап-талғамын қанағаттандыру үшін берілмек. 3. Қоғамдық істерге байланысты әрі халық күткен мәселелерге белсенді позиция ұстап, соған жұртты жұмылдыруға атсалысу болмақ. 4.Көпшіліктің пайдалануына ақпараттың тиімді, қолайлы әрі арзан болуын қарастыру. Жұрт ақпаратты қиналмай қабылдайтындай болу керек. 5. Жұртшылықтың бәрі бірдей және тұрақты түрде ақпарат хабарларды алып отыруға мүмкіндік туғызу. 6. Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпарат орындарына қатысуына жол ашy т.б.
4. Мәтіндегі ақпаратты оқу, аудару, негізгі сөздердің мағынасын түсіндіру.
БАҚ-тың қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
-
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. -
БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады. -
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады. -
БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді. -
БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады. -
БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқын жасырын басқару жатады. Алдап арбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық ұйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бұл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бұл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бұл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.