Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 408

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тапсырмалар:

1. Бүгінгі таңдағы БАҚ-тың қоғамдағы рөлі туралы мәлімет беру.

2. Сіз БАҚ-тың қайсысына сенуге болады деп ойлайсыз? Дәлелдеңіз.

3. БАҚ-тың бір түрін сипаттау (пайда болу, қалыптасу кезеңдері, мәні, түрлері, нәтижелілігі)

4. «Баспасөз беттері сөйлейді» (кез келген БАҚ-та жарияланған мәліметті оқып, қорытынды жасау).

5. Тақырып бойынша сөздік жасау.

6. «БАҚ- өмір айнасы» атты эссе жазу.
Практикалық жұмыс 21.

    1. Тақырыбы: Көлік және логистика

    2. Мақсаты:

1. Көлік, көлік қатынасы.

2. Көліктің түрлері.

3. Көпшілік пайдаланатын көлік.

4. Көлік логистикасының міндеттерін анықтау.

5. Қазақстандағы көлік жүйесін талдау.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс

1. Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.

2. Логистика не үшін керек? Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану.

3. Логистиканы келесідей салаларға бөлуге болады:

  • Қамтамыз ету логистикасы (нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау)

  • Өндірістік логистика (қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді)

  • Тарату логистикасы (дайын өнімдерді клиентке жеткізу)

  • Шығарып тастау (disposal) логистикасы (бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастау)

4.Көлік - материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.

5.Көлік түрлері: өндірістік ішкі көлігі - зауыттардың ішкі темір жол пункттері, автомобильдік және көлік жолдар, конвейер, трансопортер, кран, т.б. көтергіш қондырғылар, көпшілік пайдаланатын көлік - темір жол, өзен, теңіз, автомобильдік, әуе, құбыр жолы көліктері


6. Көлік жүйесі шаруашылық саласының үшінші басты саласы болып табылады. Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін құрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың әсіресе аумағы өте үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды. Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің қарқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.


7. «Көлік» тақырыбын кластер/схема арқылы көрсетіп, қорғаңыздар, қорытынды жасаңыздар.

8. Топпен жұмыс: автокөліктер, мотоцикл мен велосипедтер, су көліктері, әскери көліктер, су асты көліктері, жолаушы және жүк тасымалы, аспандағы көліктер, темір жолдағы көліктер, электрпойыздар, жұмысқа арналған көліктер, әлемдегі қазіргі көлік түрлері, аспалы вагондар, спорт көліктері. Белгілі бір көлік түрін сипаттау (атауы, пайда болуы, қызметі, түрлері, нәтижелілігі мен проблемалары)

9. Жүргізушілер мен жолаушылардың міндеттері қандай? Ереже құрастыру.

10. «Қазақстандағы көлік логистикасы» тақырыбына қатысты мәтіндегі ақпаратты түсініп оқу, сөздік жасау, негізгі 3 сұрақты анықтау, қорытынды жасау.

1/ Қазақстанның көлік-логистика саласы үш бағытта дамып келеді. Бірінші бағыт – Шығыс-Батыс дәлізі. Бұл – Қытайдан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Қазақстан, Ресей арқылы Еуропа мен Скандинавия елдеріне шығатын бірден-бір көлік дәлізі болып отыр. Бұл бағдарда жүрдек тасымалды ұйымдастыру үшін инфрақұрылым жасақталған. Бағдарға қатысушы елдердің қолдау білдіруінің арқасында 2011 жылдан бері бұл бағдарды дамытуға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде 2011 жылы Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік тасымал көлемі 1100 ДФЭ-ні (20 футтық эквивалент – abctv.kz), яғни 15 контейнерлік пойызды құраса, өткен жылы 100 мың ДФЭ немесе 1100 контейнерлік пойыз шамасында болған. Ал биылға межеленіп отырған жоспар 200 мың ДФЭ немесе 2250 контейнерлік пойыз. «ҚТЖ» АҚ-ның еншілес ұйымы «KTZ Express» АҚ президенті Диас Ысқақов жылдамдық пен тасымал қауіпсіздігінің жоғары деңгейде қамтамасыз етілуінің нәтижесінде бұл бағдарға жылдан-жылға сұраныстың артып келе жатқанын, 2020 жылға қарай бұрын теңіз жолымен жүзеге асырылып келген шамамен 800 мың контейнерді қосымша тарту көзделіп отырғанын айтады. Қазір құрғақ уәде, көп сөзден гөрі нақты іс пен бәсекелестік заманы болғандықтан, Қазақстанда уақыт көшінен қалмау үшін осы бағдар бойынша логистикалық компаниялар үшін қажетті жағдайды жасауға бағытталған инфрақұрылым бастамаларын қолға алған болатын. Соның бірі де бірегейі ретінде еліміздің шығысында Қытаймен шекарада жұмыс істеп жатқан аймақтық ауқымдағы «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы мен еркін экономикалық аймағын айтар едік. Еркін экономикалық аймағы аумағында құрлықаралық тасымалдарда Суэцк каналының аналогы, сондай-ақ Еуразия жүк ағынының диструбиция орталығы – құрғақ порт салынды. Бұл порт 540 мың контейнерді қайта өңдеу қуатына ие. Еркін экономикалық аймағы аумағында өндіріс пен көлік-логистикалық бизнесті дамыту үшін қолайлы салық жағдайы жасалған. Қазақстанның сырты мен ішінде логистикалық орталықтар желісі Еуразия құрлығында жүк ағынын бөлісу және шоғырландырудың маңызды пункттерінде жасақталған. «2014 жылы Қытайдың Ляньюньган портында қазақстан-қытай логистикалық терминалы ашылған болатын, мұндай ынтымақтастық Қазақстанға Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайдың шығыстағы нарықтарына логистикалық жағынан шығуға мүмкіндік береді. Елімізде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» деп аталатын халықаралық автомобиль магистралы салынып жатыр, құрылысы таяу жылдары аяқталмақ, бұл да логистиканы дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан ірі жобаның бірі. Бұл жоба теңіз жолымен салыстырғанда Қытайдан Еуропаға жеткізілетін жүк мерзімін 3,5 есеге қысқартып, аймақтық бөлісуде мультимодальды шешімді қамтамасыз етпек. Бұл бағдардың табысқа әкелетін маңызды элементі ретінде жүрдек контейнерлік тасымалды дамытуды айтар едім. Айталық, Шығыс Қытайдан шыққан жүк 15 тәуліктен кейін Еуропада жүк қабылдап алушының қолында болады. Ал мультимодальды шешімдерді қолдану, яғни мысал ретінде Rail-Air технологиясын пайдалану нәтижесінде, Қазақстанның теміржол және әуежай инфрақұрылымы арқылы Қытайдан Еуропаға жүкті 6 тәулікте жеткізуге болады», – дейді Диас Ысқақов.


2/ Қазақстанның көлік-логистика саласы үш бағытта дамып келеді. Қазақстан таңдап алған екінші бағыт – Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізі. Бұл бағдар Қытай және Орталық Азия елдері, сондай-ақ Ресей мен Шығыс Еуропаның Қазақстан және Түркіменстан арқылы Иранға, Парсы шығанағы елдері мен Үндістанға шығу мүмкіндігін қарастырады. Осы ретте Қазақстан Түркіменстан және Иран мемлекеттерімен бірлесіп, Өзен – Берекет – Горган теміржол желілерін салу бағытында трансұлттық инфрақұрылым жобасын табысты жүзеге асырғанын айтар едік. Бұл жоба үш елдің көлік ағынына ғана емес, Азия – Еуропа бағытындағы тасымал географиясына да оң ықпал етіп отыр. Әсіресе Қазақстан – Түркіменстан – Иран теміржол желісінің қолданысқа берілуімен Ресей, Қытай және Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінен жүк ағынын Парсы шығанағы елдеріне тасымалдау әлеуеті жасақталып отыр. Сондықтан қазір «Қазақстан теміржолы» АҚ тарапынан Бендер-Аббас порты мен Тегеранда терминалдық логистикалық инфрақұрылымды дамыту жұмысы жүргізіліп жатыр. Теңіз порттарына шығудың тағы бір жобасы Еуропа бағытында жүзеге асырылып келеді. «Бірлескен тәртіпке салынған жұмыс есебінен Солтүстік-Шығыс бағдарында 2020 жылға қарай 680 мың контейнер қосымша жүк тарту әлеуетін көріп отырмыз. Өткен жылы біз Қытайдан Тегеранға бірінші пилоттық контейнерлік пойызды ұйымдастырдық және тасымалды арттырудың болашағын көріп отырмыз. Тариф саясатын және тасымалды ұйымдастыру технологиясын жетілдіру, сондай-ақ Үндістан, Қытай, Ресей және Шығыс Еуропа өңірлерінде маркетингтік бірлескен шараларды жүргізу осы бағдардың транзиттік мүмкіндігін жүзеге асыруға мұрсат бермек», – дейді «ҚТЖ» АҚ өкілі.

3/ Қазақстанның көлік-логистика саласы үш бағытта дамып келеді. Үшіншісі – Транскаспий бағыты – ТРАСЕКА. Ол Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Түркия, Украина, Оңтүстік Еуропа бағыттарына жөнелтілетін жүк дәлізі. Осы жерде айрықша назардың Транскаспий бағдарының маңызды буыны және Қазақстанның «батыс қақпасы» – Каспийдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бөлініп отырғанын айтар едік. Бұл бағдардың кемел келешегі бар. Оның бір ұшын өткен жылдың соңғы айларында Ченду/Ляньюнганнан Ыстанбұлға теміржол көлігімен контейнерлік тасымалдың ұйымдастырылуымен байланыстырар едік. Биыл Каспий теңізі арқылы Ыстанбұлға 100-ге жуық пойызды ұйымдастыру жоспарланса, 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 300 мың контейнерге дейін жеткізу көзделген. «KTZ Express» АҚ басшысы бір сөзінде батыстағы Ақтау портын жаңғырту нәтижесінде, оның өткізу қабілеті Иран, Парсы шығанағы және Кавказ аймағы бағытына негізделген құрғақ, контейнерлік және астық жүктері үшін 3 млн тоннаға дейін ұлғайғанын айтып өтті. Қазір Құрық портында паромдық кешен құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Осы жобалардың барлығы Қазақстан порттарының қайта өңдеу қуатын 24 млн тоннаға дейін арттырмақ. Сонымен қатар қазақ елі өзінің флотын дамытуға басымдық беріп отыр, бүгінде ел флотының 4 жаңа заманауи кемесі бар. Ал 2020 жылға қарай Қазақстанның құрғақ жүк және паромдық флотындағы кеме санын 20-ға жеткізу жоспарда бар, бұл Транскаспий бағытында тұрақты тасымалды қамтамасыз етпек. Сөз реті келгенде сауда ағындарын заманауи логистикалық инфрақұрылымдармен және жылдамдық пен жүкті жеткізу бағасы бойынша сапалы сервиспен жабдықтау, жоғарыда айтылған дәлізге қатысушы елдерге жаңа нарықтарды игеруге және транзиттік жүк ағынын тартуға мүмкіндік беріп, оның нәтижесі аймақта тұрақты даму мен әл-ауқатты арттыра түсетінін айтқымыз келеді. Сараптама бағамына сүйенсек, Еуразия құрлығындағы негізгі нарықтар арасындағы сауда көлемі 2020 жылға қарай 1,7 есеге, яғни 700 млрд АҚШ долларынан 1,2 трлн-ға дейін артады деп болжанып отыр. Жалпы Еуропа мен Азия арасында жеткізу мерзімінің қысқалығын қажет ететін тауарларды тасымалдауға сұраныс көбейіп отырған шақта, инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру жүк ағынын жасақтауға серпін береді, сөйтіп трансқұрлықтық көлік дәлізінің жаңа архитектурасы қалыптаспақ, бұл жерде Қазақстан негізгі бағдар, Қытай – Еуропа, Транскаспий бағдары және Солтүстік-Оңтүстік дәлізімен құрлықтық сервис тізбегінде маңызды буын болып қала бермек. Елімізде қабылданған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен Ұлт жоспары – 100 нақты қадам Қазақстанның транзитті-көлік әлеуетін дамыту бағдарын айқындап, Қазақстан аумағында көлік-логистикалық хабты құруға және Еуразияның халықаралық көлік-коммуникациялық ағынында еліміздің біріктірілуін мақсат етеді. Ал 2013 жылы қыркүйекте Астанада ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бірінші рет көтерген Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуін құру туралы бастама, Қазақстанның стратегиялық маңызы зор бағдарламасын үйлесімді толықтыра түсіп, инфрақұрылымдық жоспарлар мен Жаңа жібек жолы бойынша теміржолдағы жүрдек контейнерлік тасымалды дамытуда арақатынас орнатқан еді. Сөйтіп аймақ елдерінің қолдау көрсетуі және Жібек жолы бағдарымен тасымалдағанда Еуразияның құрғақ жол көпірін құру үдерісінде оларды тарту оң нәтижесін бере бастады. Мәселен Қытай мен Еуропа арасында, алты жыл бұрынғы деңгей 100 есе шамасында артты және бұл өсім қарқыны таяу болашақта сақталатынына сенімді ҚТЖ мамандары.

Практикалық жұмыс 22.

    1. Тақырыбы: Ел экономикасы

    2. Мақсаты:

  1. Қазақстан Республикасының экономикасы, оның дамуын зерттеу.

  2. Қазақстанның халықаралық нарықта алатын орнын анықтау.

  3. Еліміздің беделді халықаралық ұйымдарға мүше болуын зерттеу.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
Қазақстанның өркендеуі, оның халқының әл-ауқатының артуы, ел қауіпсіздігінің нығаюы, экологиялық, демографиялық мәселелердің жақсы жолға қойылуы, Қарулы Күштерінің күшеюі - экономика саласына тікелей байланысты. Сондықтан Қазақстанның басты стратегиясы - ашық экономика және еркін сауда саясатын ұстанады.

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) толық мүшесі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым тек қана еуропалық ұйым емес. Ол - өзіне мүше кез келген ел орналасқан аймақ үшін жауапты ұйым. Сондықтан Қазақстан ТМД аймағында дау-жанжалдарды реттеу мақсатында ЕҚЫҰ-мен ынтымақтасқан.

1994 жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымының (ИКҰ) кезекті бас қосуына бақылаушы ретінде қатысты. Ұйымның өкілдері Қазақстанға үлкен қызығушылық танытты. Басқосуда Арал мен Семей апаттарының зардабын жоюға көмек беру мәселесі қарастырылды. Білім беру жүйесін дамытуға өздерінің іс жүзінде әзір екенін мәлімдеді.

Қазақстан өз тарапынан Азиядағы өзара бірлескен қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АБСШК) шақыру туралы бастама көтерді. АБСШК идеясы Азия құрылығында қалыптасқан күрделі жағдайларға байланысты туындаған болатын. 1994 жылы қазанда аймақтың 26 мемлекеттің, 3 халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері кездесу өткізді. Олардың ішінде ЕҚЫҰ өкілдері болды. Осылайша Қазақстан бастамасын жүзеге асырудың алғашқы қадамы жасалды.

Қазіргі уақытта дүниежүзінің 110-нан астам елдерінде ҚР-сының елшіліктері бар. Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттің қауіпсіздігі мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қосылуы, Лиссабон хаттамасына қол қоюы елдің беделін арттырды. Өз кезегінде АҚШ - пен демократиялық әріптестік туралы хартияға қол қоюы, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай тарапынан қауіпсіздік кепілдемесін алуы елдің егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтты. Аумақтың тұтастығы мен шекараларының мызғымастығын қамтамасыз етті.