Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 410
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп- салдарын ашуға тырысады.
Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма – кезек (вперемежку) ауысуы-суының себебі. Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.
Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайдайды.
Күннің тұтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.Ал табиғатпен адам қатар ұғым. Табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттың бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыздар.
2. Жаңа сөздермен 5 сөз тіркесі мен 5 сөйлем құрастырыңыздар.
3. Мәтінге 5 сұрақ қойыңыздар.
4. Постер құрыңыздар: Дұрыс пайдалану/дұрыс пайдаланбау
5. Қорытынды жасаңыздар: Менің ойымша, ... . Себебі ... .
Модуль3: Адам және өнер
Практикалық жұмыс 9.
-
Тақырыбы: Адам және уақыт -
Мақсаты:
1 Уақыттың құндылығы, оны басқара білу.
2. Уақытты тиімді пайдалану және оны үнемдеу тәсілдері туралы ақпарат беру.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
9.1 Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.
Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әртүрлі пайдаланады. Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт. Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек.
9.2 Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді.
9.3 Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секундтың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңіздер!
9.4 Адам өміріндегі теңдессіз, баға жетпес құндылықтарының бірі — уақыт. Өмірдің өзінің басы мен шегі бар, тумақ пен өлмек бар десек, сол екеуінің арасы — уақытпен өлшенген ғұмыр. Ғұмыр біреуге аз, біреуге көп берілетіні тағы бар. Бірақ, жазбам уақыт хақында болмақ. Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ыңғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады. Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана, ғалым, кемеліне жеткен қанша жан ол туралы өз өсиеттерін айтып кеткен. Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс-құбылысы әп сәтте-ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артқан. Өмір ағымынан қалыс қалмай, онымен бірге аяқ алып жүру үшін, карьерамыздың қамы үшін аз ұйықтап, көп шапқылауға да мәжбүрлі жайымыз бар. Өйткені "әр минут — ақша" немесе «уақыт — ол ақша» деген түсінік бар.
«Уақыт — ақша» демекші, оның құны мен құндылығы, бағасы Уақыт (In Time) фильмінде жақсы айтылып, ұтымды жеткізілген ИМХО).
Тапсырмалар:
-
Сөздерді құрамына қарай, мағынасына қарай талдаңыздар: өмірлік, ақсүйекті, мақсатсыз, қалтықсыз, ізсіз, қайратты, мазмұнсыз, қыдырымпаз. -
Мәтінде асты сызылған ой бойынша өз ойыңызды білдіріңіздер. -
Уақыт деген сөздің мағыналарын сөздік жазып алыңыздар, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар. -
Төмендегі уақытты үнемдеуге септігі тиер кеңестерді оқу арқылы аз мерзім ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізе алуға болатынын дәлелдеңіздер. Сіз осы кеңесті ұстанасыз ба? -
Қорытынды ой.
Уақытты үнемдеу
Төмендегі уақытты үнемдеуге септігі тиер кеңестерді оқу арқылы аз мерзім ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.
1. Миыңызды артық ақпаратпен шаршатпау үшін барлығын жазып жүріңіз. Жадыңызға сеніп қалмаңыз.
2. Басым талаптар тізімін жасаңыз. Осылайша, қажетсіз істерді екінші қатарға ысырып, бар күшіңізді тек маңыздысына жұмсайсыз.
3. Әр аптаның соңында келер аптаға арнап жоспар құрыңыз. Бір қарағанда, уақытты шығындау болып көрінгенімен, ойдың нәтижелілігін арттырады.
4. Әрдайым өзіңізбен бірге қағаз, қалам алып жүріңіз. Оған ойға келген жақсы идеяларды жазып жүретін боласыз. Немесе диктофонды пайдалануыңызға болады.
5. Егер өзге адамның өтініші сіздің мақсатыңызға сай келмесе, «жоқ» сөзін айтып үйреніңіз. Екі жаққа да тиімдісі осы болмақ.
6. Істі бастамас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Бірақ, көп ойланбаңыз.
7. Жоспарыңызда өзіңізді дамытатын істер міндетті түрде болсын.
8. Айналысып жүрген ісіңізге саналы түрде баға беріңіз. Сіз өз уақытыңызды не нәрсеге жұмсап жүргеніңізді білуіңіз керек. Әрбір ісіңіз мақсатыңызға жақындатуы тиіс.
9. Уақытты үнемдеуге қатысты кітаптар оқып, оларда жазылғандарды міндетті түрде пайдаланыңыз.
10. Зиянды әдеттеріңіздің қаншалықты көп екенін бақылаңыз. Олар сіздің айтарлықтай уақытыңызды алады. Мұндай әдеттеріңізді тізімдеп, кезекпен арылыңыз. Ең дұрысы – зиянды әдеттерді пайдалысымен алмастыру.
11. Жағымпаздану үшін өзгелердің жұмысына көмектеспеңіз. Осылайша, өзіңізге жұмсауға болатын уақытты шығындайсыз.
12. Мақсатыңызға жету барысында жеткен табыстарыңызды жазып отыратын журнал бастаңыз. Оны үнемі толықтырып, дұрыс бағытта жылжып келе жатқаныңызға көз жеткізіңіз.
13. Барлық істі мінсіз етіп орындаудың қажеті жоқ. Мысалы, Абайдың стилінде жазғым келеді деп, өз өлеңіңізді 20 рет түзетудің нәтижесі болмайтыны анық.
14. Өзіңізге көп жүк артпаңыз. Екінші саптағы жұмыстарды кейінге қалдырып, ең маңызды дегендерін күні бойы отырып жасауыңызға болады.
15. Бәсекелестікпен алданып қалмаңыз. Сіз қазір маңызы жоқ іспен белсенді түрде айналысып кетуіңіз мүмкін. Бұл жағдайда уақытыңызды тиімді пайдаланып жүрсіз деп айта алмаймыз. Уақыттың қаншалықты зымырайтынын білсеңіз де, ұшқыш өзіңіз екеніңізді ұмытпаңыз!
Практикалық жұмыс 10.
-
Тақырыбы: Мәдениет және өнер -
Мақсаты:
1 . Қазақтың тұңғыш драма театры мен киносы жайында ақпарат алу.
2. Алғашқы кино және пьесалар жайында ақпарат алу.
3. Қазақтың танымал өнер қайраткерлерімен таныстыру.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
1 Қазақ театр өнерінің дамуы
Қазақстан аумағында алғашқытеатрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Оралдағы көпестердің орыс труппасы (1859), Тараздағы гарнизон әскерлері мен офицерлер труппасы (1887), Семейдегі музыка мен драматургиялық өнер сүюшілер қоғамы (1890) қазақ әуесқой театрының дамуына бастама болды. Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.
1910 – 1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманыбірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды.
1918-1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Орынбор, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж.Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М. Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды.
Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж.Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә. Қашаубаев, Қ. Мұңайтпасов, Ғ.Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды.
1928 жылы бұл театр Қызылорда қаласынан жаңа астана Алматыға қоныс аударып, театрдың шығармашылық құрамында К. Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш. Жиенқұлова, У.Тұрдықұлова сияқты өнер майталмандары өнер көрсетсе, ал 30-шы жылдардың ортасында Қ. Қармысов, С.Телғараев, Ә.Үмбетбаев, Р.Қойшыбаевалар қосылды. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.