Файл: Химия пнінен Жиынты баалауа арналан дістемелік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 664

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
10.2.C «Химиялық тепе-теңдік» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні




Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар (температура, қысым, концентрация) өзгерісінің әсерін болжайды.

Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар (температура, қысым, концентрация) өзгерісінің әсерін болжауда қиналады.

Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар (температура, қысым, концентрация) өзгерісінің әсерін болжағанда/ жүйеден химиялық тепе- теңдіктің сыртқы әсерден ығысу бағытын көрсеткенде қателіктер жібереді.

Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар (температура, қысым, концентрация) өзгерісінің әсерін дұрыс болжайды.

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әртүрлі

факторлар әсерін анықтайды

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әртүрлі факторлар әсерін тәжірибе жүзінде зерттеуде қиналады.

Сурет бойынша реагенттердің біреуінің концентрациясын арттырса/ азайтса, қандай өзгеріс болатынын сипаттауда қателіктер жібереді.

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әртүрлі факторлар әсерін тәжірибе жүзінде зерттейді.

Кез-келген реакция үшін тепе-теңдік константасының өрнегін құрады.

Берілген реакция үшін тепе-теңдік константасының өрнегін құруда қиналады.

Берілген реакция теңдеуіне тепе-теңдік константасының өрнегін құрған кезде/ берілген реакция теңдеуіне тепе-теңдік константасының өрнегін жазғанда/ кестеден химиялық өзгерістер мен Kcжәне Kpмәндеріндегі өзгерістерді сәйкестендіргенде қателіктер жібереді.

Кез келген реакция үшін тепе-теңдік константасының өрнегін дұрыс құрады.





Қолайлы реакция теңдеуін қолдана отырып, тепе-теңдік константасына байланысты есептеуді жүргізеді.

Қолайлы реакция теңдеуін қолдана отырып, тепе-теңдік

константасына байланысты есептеуді жүргізуде қиналады.

Тепе-теңдік константасына қатысты есептеуді жүргізгенде/ тепе-теңдік константасына қатысты есептеуде қателіктер жібереді.

Қолайлы реакция теңдеуін қолдана отырып, тепе-теңдік константасына байланысты есептеуді дұрыс жүргізе алады.

Аммиакты өндірісте өндіру мысалында

өнімнің шығымын

арттыруда химиялық тепе-теңдіктің ығысу рөлін түсіндіреді.

Аммиакты өндірісте өндіру мысалында өнімнің шығымын арттыруда химиялық тепе- теңдіктің ығысу рөлін түсіндіруде қиналады.

Берілген реакцияға байланысты аммиактың шығымын қалай арттыру шараларын көрсеткенде/ өнімнің шығымын арттыруда химиялық тепе- теңдіктің ығысу рөлін түсіндіруде/ қолданылатын шикізат көздерін атағанда/ реакцияның тепе-теңдік константасын есептеуде қателіктер жібереді.

Аммиакты өндірісте өндіру мысалында өнімнің шығымын арттыруда химиялық тепе- теңдіктің ығысу рөлін дұрыс түсіндіреді.

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


10.3A «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» және 10.3В «Аналитикалық әдістер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.2.3.4 Сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау үшін стандартты электродтық потенциалдар кестесін қолдану

        1. Электролиз процесінің мәнін сипаттау

        2. Электродтардағы электролиз өнімдерін болжау үшін эмпирикалық ережелерді қолдану

10.1.4.16 Қағаз хроматографиясы әдісімен заттарды бөлу принципін сипаттау және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептеу


Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Электродты потенциал қатарын (металдардың электрохимиялық кернеу қатары) қолдана отырып, сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжайды

  • Электролиз процесінің маңызын сипаттайды

  • Қарапайым ерітінді және балқыма электролизі барысында жүретін электродты реакциялардың теңдеулерін жазады

  • Қағаз хроматографиясы көмегімен қоспалардың құрам бірліктерін сипаттайды және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындалу уақыты

20 минут

Тапсырма

  1. (а) Электрохимиялық ұяшық екі жартылай ұяшықтың көмегімен жасалады, төменде жартылай реакция теңдеуі берілген.

Mn2+ (ер) + - Mn(қ) Eθ = -1.19V

Pb2+ (ер) + - Pb(қ) Eθ = -0.13V

Электрохимиялық ұяшық үшін дұрыс тұжырымды анықтаңыз.

    1. Mn тотығады Eθ = 1.06 V.

    2. Pb тотығады Eθ = 1.06 V.

    3. Mn тотықсызданады Eθ = 1.32 V.

    4. Pb тотықсызданады Eθ = -1.06 V.

(b) Егер электродты потенциалдарының мәні (φ0Zn/Zn2+ = -0,76 B ; φ0Cu/Cu2+ =

+0,34 B) тең болса

(-) Zn/ZnS04 //CuS04 /Сu (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді?


  1. Cu0 + Zn2+  Zn0 + Cu2+

  2. Сu2+ + Zn0 Сu0 + Zn2+

  3. Сu0 - Сu2+

  4. Zn2+ + 2e Zn0




  1. (а) Келесі берілген сөздер тізімін пайдаланып сөйлемді дұрыс аяқтаңыз: катод, анод,электрод

Теріс зарядталған электрод деп аталады.

Электролиз кезінде аниондар тартылады.

(b) Электролиз кезінде катод пен анодта қандай процестер жүзеге асады?


(с) Судың электролизінде катод пен анодта қандай өнімдер түзіледі? Катод пен анодта жүзеге асатын процестердің теңдеулерін жазып көрсетіңіз.



(d) Бұл газдарды қалай тексеруге болады?



  1. (a) Күміс нитраты ерітіндісінің электролизі кезінде жүзеге асатын процестерді көрсетіңіз:

(і) катодта жүретін реакция теңдеуін жазыңыз:



(іі) анодта жүретін реакция теңдеуін жазыңыз:



(ііі) реакцияның толық иондық теңдеуін жазыңыз:



  1. (а) Хроматография – газ, бу, сұйық немесе еріген заттар қоспасын сорбциялық әдістермен бөлу. Хроматография қоспаларды ажыратуға арналған. Қағаз, газ- сұйықтық хроматографиялары тұрақты және қозғалмалы (мобильді) фазалардың көмегімен қоспаларды бөледі.

(і) Қағаз хроматографиясындағы қозғалмалы (мобильді) фазаны анықтаңыз.


(іі) Қағаз хроматографиясы нәтижесінде алынған қосылыстарды қалай анықтаймыз?


(b) Құрамында 3 қосылыс болатын қоспаға қағаз хроматографиясы арқылы анализ жасалынды және полюссіз еріткіш қолданылды.