Файл: Дрістік саба конспектілері 1 дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 217

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жерасты суларының пайдаланулық қорларын баланстық тәсілмен бағалау жеке қалыптасудың су көздерін тарту есебінен пайдаланудың есептік мерзімі кезеңінде берілген аудан шегінде сутартқыш ғимараттарымен алынуы мүмкін жерасты суларының шығынын анықтаумен негізделеді.

Жалпы жағдайда жерасты суларының пайдаланулық қорлары қорлар мен ресурстардың басқа түрлерімен келесі баланстық теңдеумен байланысты:

,

мұндағы Qэ  пайдаланулық қорлар;

VE  табиғи қорлар, яғни сусиыстырушы жыныстардың кеуектеріндегі, жарықшақтарындағы, карсттық қуыстарындағы гравитациялық су көлемі. Арынсыз сулы горизонттардың табиғи қорларына деңгейдің ауытқу зонасындағы сусиыстырушы жыныстардағы гравитациялық судың көлемі де жатады (реттегіш қорлар Vp). Арынды қабаттарда табиғи қорларға серпімді қорлар (Vu)  су мен таужынысының серпімділік қасиеттері салдарынан жерасты суларының деңгейінің төмендеуі кезінде сулы қабаттардан алынуы мүмкін судың көлемі – де жатады.;

QE  табиғи ресурстар, яғни сулы горизонттың қоректену шамасы пайдаланумен бұзылған жағдайда берілген горизонт балансының барлық табиғи элементтерінің қосындысына тең (атмосфералық жауын-шашынның сіңуі, өзендер мен суқоймаларынан сіңу, аралас горизонттардан сүзіліп өту және т.б.) және жерасты ағысының шығыны бойынша немесе баланс элементтері шығындарының қосындысы бойынша анықталуы мүмкін (булану, бұлақтық ағын, басқа горизонттарға сүзіліп өту, өзендерге сүзілу және т.б.);

Qпр  тартылатын (привлекаемые) ресурстар (қосымша қорлар), яғни жерасты суларының сутартқыш ғимаратымен пайдалану әсерінен қоректенуі ұлғайған кезде сулы қабатқа түсетін судың шығыны (өзендерден, көлдерден сүзілу пайда болуы немесе ұлғаюы, көрші горизонттардан сүзіліп өту, сіңіп қоректенудің ұлғаюы);

VU  жасанды қорлар, яғни қабаттағы суға қанықпаған таужыныстарының толуын қамтамасыз ететін инженерлік-геологиялық шараларды жүргізу нәтижесінде пайда болатын жерасты суларының көлемі;

QU  жасанды ресурстар, яғни суару ауданында каналдар мен суқоймаларынан сіңу кезінде, сонымен қатар жерасты суларының қоректенуін ұлғайту бойынша шараларды жүргізу кезінде сулы горизонтқа түсетін су көлемі;

t  жерасты суларын пайдалануға есептелген уақыт;


1, 2, 3, 4  табиғи ресурстарды, табиғи қорларды, жасанды ресурстарды, жасанды қорларды сәйкес пайдаланудың коэффициенттері.

Гидрогеологиялық жағдайларға және қабат шекараларына қатысты сутартқыш ғимараттарының орналасу жүйесіне байланысты пайдаланулық қорлардың қалыптасуында жерасты суларының жерасты суларының ресурстары мен қорлары басым болады.

Пайдаланулық қорлар қалыптасу көздерімен немесе пайдаланудың белгілі бір мерзіменде, немесе шектелмеген уақытта қамтамасыз етілуі мүмкін.

Баланстық тәсілді қолдану кезінде учаске балансы өз шекарасында судың түсуі мен шығындалуы бойынша тұтасымен қарастырылады. Бұл тәсіл сутартқыш ұңғымаларындағы судың деңгейінің төмендеуін емес пайдаланылатын горизонттың деңгейінің орташа төмендеуін ғана анықтауға мүмкіндік береді.

Баланстық тәсілмен ұңғымалардың өнімділігін қарастыруға болмайды. Осыған байланысты баланстық тәсіл ең бастысы гидродиинамикалық пен гидравликалық тәсілдердің үйлестірілуімен қолданылады, және бұл үйлесу көптеген жағдайда мақсатқа сәйкес болып табылады.

Пайдаланулық қорларды бағалаудың баланстық тәсілі суөтімділігі өте жоғары сулы горизонттардың кішігірім шектелген құрылымдары шегінде өзіндік маңызға ие болады. Бұл құрылымдарда төмендеу шұңқыры пайдалану кезінде құрылымның барлық ауданына тез таралады, ал ауданның орталығы мен перифериінде төмендеу бәсеңдігімен ерекшеленеді.

Баланстық тәсіл бұлақтарды шегендеу жолымен пайдаланулық қорларды пайдалану жобаланғанда жеке қолданылады.

Баланстық тәсіл жерасты суларының пайдаланулық қорларын аймақтық бағалау кезінде де қолданбалы (әсіресе сутартқыш ғимаратын тор бойынша аудандық орналастыру кезінде).

Гидрогеологиялық аналогтар тәсілімәліметтерді жете зерттелген учаскелерден аз зерттелген учаскелерге ауыстырумен тұжырымдалады. Бұл үшін зерттелетін учаске мен учаске-аналогтың гидрогеологиялық сипаттамаларының, қоректену облыстарының, шекаралық жағдайларының ұқсастық жағдайлары болуы тиіс.

Аналогия толық немесе бөлшекті болуы мүмкін.

Толық аналогия кезінде барлық негізгі гидрогеологиялық сипаттамалар және факторлар есептелген болуы тиіс, ал бөлшектіде – тек олардың жекелері ғана есептелген болуы мүмкін.

Бұл тәсілде ең бағалы ақпарат болып учаске-аналог шегінде жерасты суларын пайдалану жағдайы туралы мәліметтер табылады.



Жерасты суларының пайдаланулық қорларын зерттеудің бастапқы сатысы болып табиғи гидрогеологиялық жағдайды талдамдау және пайдаланулық қорлардың қалыптасу схемасын алдын-ала құрастыру мен оларды есептеу тәсілін таңдау табылады.

Геологиялық-гидрогеологиялық және жалпы сушаруашылықтық жағдайдың ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • ауданның геологиялық құрылысының заңдылықтары;

  • сулы горизонттардың және оларды бөліп жатқан суды нашар өткізетін қабаттардың орналасу жағдайлары;

  • жерасты суларының пайдаланулық қорларының қалыптасу көздері;

  • қабаттардың гидрогеологиялық параметрлері және олардың қима мен жоспарда өзгеру заңдылықтары;

  • жерасты суларының сапасының өзгеру заңдылықтары;

  • жер беті суағыстары мен су қоймаларының болуы және олардың режимдерінің өзгеруі.

Жерасты суларының пайдаланулық қорларын бағалау тәсілін таңдау келесілерге байланысты жүреді:

  • гидродинамикалық тәсілдер негізгілер ретінде жерасты суларының пайдаланулық қорларының қалыптасу көздерін анықтау, параметрлерді, олардың сандық бағаларын алу, жерасты суларының сүзілу облыстарының шекараларын анықтау және сапасын сипаттау жағдайында гидрогеологиялық жағдайды есептік сүзілу схемасы түрінде көрсету мүмкіндігі кезінде қолданылуы тиіс;

  • аналитикалық тәсілдер бұл жерде қарапайым гидрогеологиялық жағдайларда, математикалық үлгілеу – күрделі гидрогеологиялық жағдайлар кезінде (таужыныстарының әркелкілігі, қалыптасу көздерінің және т.б. уақытпен өзгеретін шекараларының күрделі конфигурациясы);

  • гидравликалық тәсілдер күрделі гидрогеологиялық жағдайлар, пайдаланулық қорларының анықталмаған қалыптасу көздері кезінде және гидрогеологиялық жағдайды схемалау мүмкін болмаған кезде қолданбалы;

  • баланстық тәсілдер шектерінде жерасты суларының қоректенуі мен арылуы жүретін жеке тұйық құрылымдардың және ысырынды конустардың жерасты суларының пайдаланулық қорларын бағалау кезінде қолданбалы;

Аналогтар тәсілі ең бастысы сутартқыш-аналогты пайдалану бойынша мәліметтер болған кезде кез-келген гидрогеологиялық жағдайларда қолданылады.

Негізгі әдебиет: (3 нег.[162-164])

Қосымша әдебиет: (4 қос.[85-105])
Бақылау сұрақтары:

  1. Жерасты суларының пайдаланулық қорларын баланстық тәсілмен бағалаудың артықшылықтары және кемшіліктері.

  2. Жерасты суларының пайдаланулық қорларын бағалаудың баланстық тәсілі қандай гидрогеологиялық жағдайларда қолданбалы?

  3. Есептік баланстық теңдеуге кіретін негізгі параметрлерге сипаттама беріңіз.



12-дәріс. Жерасты суларының пайдаланулық қорларын категориялау. Пайдалы қазындылар қорларфы бойынша Мемлекеттік комиссия, оның функциялары.

Мазмұны: Жерасты суларының пайдаланулық қорларын категорияларға бөлуге кез-келген кенорнының зерттелу дәрежесі негіз болып табылады.

Осы белгі бойынша жерасты суларының пайдаланулық қорлары игерілгендерге - категории А және В, барланғандарға - В категориялары және бағаланғандарға - С1 және С2 бөлінеді. Жерасты суларының болжамдық ресурстары негізделу дәрежесі бойынша Р категориясына жатады.

Әрбір категория кенорнын әрі қарай зерттеуге және игеруге дайындық бойынша жобалық шешімдердің белгілі сатыларын орындау үшін негіз болып табылады.

Жерасты суларының барланған қорларын игеру дәрежесін бағалауға, сутартқышты қалпына келтіру жоспарын құрастыруға, пайдалану мәліметтері бойынша жерасты суларын пайдалану құқығын ұзартуға А қорлары арналған.

А категориясының қорларыкелесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • пайдаланулық барлауды жүргізу кезінде пайдалану нәтижелері бойынша есептелуі тиіс (бақылаудың ұзақтығы гидрогеологиялық жағдайлардың күрделілігіне байланысты);

  • сутартқыш өнімі пайдаланулық ұңғымаларындағы, ал төмендеу – пайдаланулық және бақылау ұңғымаларындағы режимдік бақылаулар мәліметтері бойынша анықталған;

  • пайдаланулық қорлардың мөлшері жұмыс жасап тұрған сутартқышта фактілік сутартумен дәлелденген;

  • пайдалану мерзімінде сутартқыштың өнімін сақтау мүмкіндігі пайдаланулық қорлардың негізгі қалыптасу көздерін сенімді сандық бағалауға негізделген болжамдық есептеулермен дәлелденген;

  • жерасты суларының сапасы олардың мақсаттық пайдалануы талабына сәйкес және әрі қарай пайдалануға сенімді болжанады;

  • бағаланып отырған кенорнынан сутартудың қазіргі және барланған сутартқышқа және жер беті су көздеріне әсері пайдалану тәжірибесі бойынша анықталған;

  • жерасты суларын алудың қоршаған ортаға әсері тұрақты режимдік бақылаулар нәтижелері бойынша табиғатты қорғау шараларының тиімділігін анықтауға, сонымен қатар қажеттілікке қарай қосымша шараларды жобалауға және жүргізуге мүмкіндік беретін дәрежеде бағалануы тиіс.

Күрделілігі 1-інші және 2-інші топтағы кенорындарында А категориясы жеткілікті суалу және судың талап етілген мөлшері дәлелденген кезде, ал 3-нші топтағы кенорындарында суалу процесінде гидродинамикалық және гидрохимиялық режимдер тұрақталған кезде есептеледі.


В категориясының қорлары жерасты суларын пайдалану құқығына құжаттар рәсімдеу және сутартқышты жобалау үшін негіз болып табылады. Қорлар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • келісілген жобалықсутартқыш ұңғымаларының схемаларына және конструкциясына, сутартқыштың берілген талабына және графигіне сәйкес есептелуі тиіс;

  • қазіргі сушарушылықытық жағдай ескерілуі, оның өзгеруі болжамдалуы, сутартудың қоршаған табиғи ортаға әсер ету шегі анықталуы тиіс;

  • жерасты суларының пайдаланулық қорларын есептеу кезінде ұңғымалардың қабылданған жобалық өнімі тәжірибелік жеке, шоғырлық және топтық сутартулар сияқты тәжірибелік-сүзілулік және бұрғылау жұмыстарының, ал күрделі гидрогеологиялық жағдайларда тәжірибелік-пайдаланулық сутартулар және тәжірибелік пайдалану жұмыстарының нәтижесімен дәлелденуі тиіс;

  • жерасты суларының пайдаланулық қорларының қалыптасу көздеріне сандық баға пайдаланудың қабылданған схемасына және сутартудың шамасына сәйкес берілуі тиіс;

  • жерасты суларының сапасы пайдалану мақсатына байланысты қойылатын талаптарға сәйкес барлық көрсеткіштер бойынша игерілуі тиіс;

  • су сапасы пайдаланудың есептік мерзімінде тұрақты болатыны немесе елеусіз шекте өзгеретіні дәлелденген;

  • сутартқышты пайдалану режимі, бақылау ұңғымалары торын жабдықтау бойынша ұсыныстар жасалса;

  • санитарлық қорғау зонасын құру бойынша шаралар түзілсе;

  • суды тұтынудың есептік мерзімі кезеңінде қазіргі және барланған сутартқыштарға және жер беті су көздеріне сутартудың әсері бағалануы тиіс;

  • кенорнын пайдалану (разработка) қоршаған табиғи ортаға әсер ету мүмкіндігі қарастыруылуы тиіс және кері экологиялық салдарлар деңгейін жою немесе төмендету бойынша шаралар жобасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтер алынуы тиіс.

В категориясының қорлары тек барланған кенорындарында сутартқыштың белгіленген схемасына қатысты есептеледі, бұндай кезде 1-інші және 2-інші күрделілік тобындағы кенорнында пайдаланудың есептік мерзімінде судың талап етілген сапасының сақталуы дәлелденген кезде белгіленген сутартқыштың болжамдық өнімділігі бойынша есептеледі. 3-інші топтағы кенорнында пайдаланудың есептік мерзімінде жеткілікті өнімді алу мүмкіндігі судың талап етілген сапасының сақталуы дәлелденген кезде, тәжірибелік немесе тәжірибелік-пайдаланулық сутартулармен сынамаланған қазындылардың (выработок) фактілік өнімі бойынша есептеледі. Жеке жағдайларда күрделі гидрогеологиялық жағдайларда В категориясы игерілген кенорындарында жерасты суларының пайдаланулық қорларының қалыптасу көздерін сандық бағалау мүмкін болмаған, ал қоршаған табиғи ортаға кері әсер бұл кезде жоқ болған жағдайда фактілік сутарту бойынша бағаланады.