Файл: Асхат лімов интербелсенді дістерді жоАРы оу орындарында олдану оу ралы Алматы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 1159
Скачиваний: 21
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Мағынаны ажырату» кезеңі (Realization of meaning) жаңа материалды игеруде туындаған сұрақтарға үйренушілердің өз тәжірибелері тұрғысынан жауап беруімен ерекшеленеді.
Бұл кезеңде үйренушілер жаңа ақпаратпен немесе идеялармен тікелей қарым-қатынас жасап, оларды дербес түрде зерттейді, ізденеді.
Бұл кезеңнің басты мақсаттары келесідей:
1. Үйренушілерді жаңа білім игеру жұмысына асқан құштарлықпен араластырып, олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың басқа кезеңдерімен салыстырғанда мұнда үйренушілер мейлінше дербес болып, ұстаздың араласуын қажет етпей, өзіндік тұрғыдан әрекеттенеді. Олар үйренудің әртүрлі тиімді тәсілдерін қолдану арқылы белсенді танымдық жұмысқа кірісіп, жаңа білім туралы өзіндік түсінік және пікір қалыптастырады. Үйренушілер мұндай жұмысқа жұмылдырылмаса, зерттеудің мағынасы тіпті де жоғалып кетуі мүмкін.
2. Үйренушілердің өзіндік пікір мен түсінік қалыптастыруға ынталандыру.
Белсенді үйренушілер жаңа мәлімет жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады. Қажет болған жағдайда олар оны қайта қарастырып, сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін анықтауға тырысады. Мұндай жағдайларда бәлсенді (пассив, ырқы кемшін) үйренушілердің өздері түсінбегенді қалдырып кетуі әбден ықтимал.
«Ой-толғаныс» кезеңінде (Reflection)үйренушілер жаңа мәліметтерді өздерінің бұрынғы білімдерімен (ұғымдарымен) салыстыра отырып өзгертеді.
Осы кезеңде олар сұрақтар, ұсыныстар, пікірталастар, зерттеулер арқылы бұрнағы түсініктерінің негізінде жаңа білім құрастырады. Үйрену дегеніміз өзгеру және өзгерту деген сөз. Өзгеру жаңа түсініктің атаулары мен терминдері, жаңа әрекеттер, білімнің жаңа ахуалы мен жаңа сенімдер тұрғысында болуы мүмкін. Мұндай өзгерістер үйренушілердің бұрынғы білім негізінде жаңа түсінікті қалыптастыру жұмысына белсене араласқанда пайда болады.
Бұл кезеңде келесідей мақсаттар тұтуға болады:
1. Үйренушілер өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтер арқылы жеткізеді.
Зерттеу және түсінік - өзіндік, дербес ұғымдар. Үйренушілердің есінде өздерінің тәжірибесі, білімі, сөздері арқылы түсінгендері қалады. Жаңа түсінік тек осындай өзіндік контексте пайда болады.
2. Үйренушілер бір-бірімен ой бөліседі.
Пікірлесу арқылы үйренушілерде өзіндік пікірлердің пайда болуына ой талқыда келтірілген көзқарастардың әр түрлігі, сан алуандығы көп септігін тигізеді. Үйренушілердің ой алмасуда әр түрлі пікірлерді келтіруі жаңа мәліметтің игерілуіне жол ашады ((Дж.Стилл, К.Мередит, Ч.Темпл, С.Вальтер, 15-19).
Кесте №40
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы бойынша
сабақ кезеңдері
Қызығушылықты ояту (Evocation) | Мағынаны ажырату (Realizationof meaning) | Ой-толғаныс (Reflection) |
Сабақ мазмұнын студент-тердің бұрынғы білімдерімен байланыстыру, студент-тердің ықыласын жаңа білімді қабылдауға белсенділендіру, олардың сұрақтары мен мақсаттарын айқындау | Оқытушының басшы-лығымен оқытудың белсенді түрлерін қолданып жаңа мәліметпен танысу, оны жан-жақты қарастыру, зерттеу, игеру | Жаңа тақырып бойынша студенттердің пікірлесуі, ойлануы; жаңа мәліметті өз түсінігіне икемдеу немесе проблемаларды шешуде қолдану |
С.Мирсейітова өз кітабында Р.Иннздің (R.B.Innes) жоғарғы мектепте өткізілетін сабақтың үш кезеңдік құрылымын келтіреді: 1) мотивация, 2) білім құрастыру, 3) білімді ұштау (С.Мирсеитова, 2008, 117).
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы және Р.Иннздің ұстанған сабақ (таным процесі) құрылымының модельдері бір-біріне ұқсас, деп жазады С.Мирсейітова. «Қызығушылықты ояту немесе мотивация кезеңінде студенттерде өздерінің бұрынғы тәжірибесімен байланысты және де сол себепті өздеріне қызықты идеялары болуы керек. Мағынаны ажырату немесе білім құрастыру кезеңінде зерттеу, талқылау және анықтау жұмыстары үшін студенттерде жеткілікті материалдар болуы керек. Ой-толғаныс және білімді ұштау кезеңінде студенттерде зерттелгенді өзіндік тұрғыдан қарастырып, сұрақ қойып және оларға жауап іздеп, осы білімді қолдана отырып нақты өмірден алынған жаңа проблемаларды шешу мүмкіншіліктері болуы керек. Анықтап қарағанда, мұнда Блумның таксономиясын байқауға болады. Білім және түсіну деңгейлері - қызығушылықты ояту және мотивация кезеңінде, қолдану мен талдау - мағынаны ажырату және білім құрастыру кезеңінде, синтез бен бағалау - ой-толғаныс және білімді ұштау кезеңінде қарастырылады (С.Мирсеитова, 2008, 117).
Осының бәрін ескере отырып, С.Мирсейітова жоғарғы мектептегі сабақтың келесідей құрылымын ұсынады: Мотивация, Білім құрастыру, Түсінікті дамыту. Бұл кезеңдердің мақсаттарын зерттеуші былайша түсіндіреді:
1 кезең. Мотивация
Мақсаттар:
а) студент өміріне тікелей қатысы бар нақты проблеманы ұсыну;
ә) студенттердің аталмыш проблема бойынша алдыңғы білімдерін анықтау.
2 кезең. Білімді құрастыру
Мақсаттар:
а) оқу және зерттеу үшін қажетті құралдар мен тәсілдерді қолдану;
ә) топтық ізденісті ұйымдастыру, жоба әдісін қолдану;
б) ізденіс әдісін қолдау – материалды зерттеу, бұрыннан таныс және жаңа білімді айқындау, сұрақтар қойып, өзара байланыстарын анықтау;
в) қарым-қатынасты қолдау – жұп пен топ ішінде әңгімелесу, диалогтық ізденіс, топ ішінде талқылау.
3 кезең. Өзіндік түсінікті дамыту
Мақсаттар:
а) нәтижелерді топтың жазбаша түрде баяндауын қолдау;
ә) топтық презентацияларды қолдау, жоба әдісінің қорытынды кезеңін қолдану;
б) студенттерге өз білімдерін жаңа ситуацияларда қолдануға мүмкіншілік беру, олардың білімдерінің шынайылығын білу мақсатында оларды сынақтан өткізу» (С.Мирсеитова, 2008, 117-118).
Жоғары оқу орындарында «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы ұстанған «Қызығушылықты ояту – Мағынаны ажырату - Ой-толғаныс» немесе С.Мирсейітова ұсынған «Мотивация - Білім құрастыру - Түсінікті дамыту» үш құрылымдық кезеңдерін кез келген сабақта (лекция, семинар, практикалық сабақ, өздік жұмыс) қолдану тиімді.
Кесте №41
Жоғары мектептегі сабақ кезеңдері мен мақсаттары
Кезеңдер | Негізгі мақсаттары |
Мотивация немесе Қызығушылықты ояту | Оқытушы: - Студенттерді жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіреді. Студенттер: - Тақырып бойынша өз мақсаттарын айқындайды. - Тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындайды. - Проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін есіне түсіреді, оларды салыстырады, байланыстырады. - «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» секілді сұрақтарға жауап іздейді. |
Білім құрастыру немесе Мағынаны ажырату | Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі. Мұнда проблеманы шешу жолдары қарастырылады. Оқытушы: - студенттерге білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынады; - студенттердің өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне қажетті жағдайлар жасайды. Студенттер: - жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысады; - мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады; - жаңа ақпарат туралы өзіндік пікір қалыптастырады; - «Қалайша жаңа білімге үйренемін/ оны түсінемін/ игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым/түсінігім/қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді. |
Түсінікті дамыту немесе Ой-толғаныс | Үйренгенді айқындау және бағалау, проблема бойынша шешім қабылдау кезеңі. Оқытушы: - студенттердің жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылауды ұйымдастырады. Студенттер: - осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды; - олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі; - өзінің жаңа біліміне баға береді; - жаңа білімді нақты бір проблема шешуде қолданады; - «Не білдім/үйрендім?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімнің қолданысы қандай?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді; - сабақта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді. |
3. Интербелсенді лекция
Лекция - өзекті проблемаларды игеру мен меңгерудің теориялық мәселелерін қарастыратын сабақ түрі. Ол болашақ мамандық тұрғысынан үйренушілерді өміршеңді, күнделікті өмірден алынған теориялық проблемалар мен мәселелерді шешуге бағыттайды. Лекцияда көлемді мәліметтерді жүйелеп беру қолайлы, мұнда тақырыптың басты мәселелері нақтыланып, материалдың өзіндік тұрғыдан игерудің әдістемелік нұсқаулары беріледі.
Алайда білімді игеру процесін белсендіруде, үйренушілердің қызығушылығы мен көтеріңкі мотивациясын туыдруда, кері байланысты қолдануда, эмоционалды қарым-қатынас құруда монологқа негізделген дәстүрлі лекцияның (бір жақты пікір, көзқарас, позиция, шешім келтіретін) мүмкіншіліктері шектеулі.
Интербелсенді әдістер мен тәсілдерді қолдану дәстүрлі лекцияны үйренушілердің белсенді әрекеттерінен құралған қызықты әрі тартымды танымдық процеске айналдырады.
Интербелсенді лекцияның негізгі қағидалары
- Интербелсенді лекцияда ақпарат дайын күйінде берілмейді.
Интербелсенді лекция үйренушінің қандай да бір тақырып немесе мәлімет бойынша бірлескен әрекеттер негізінде (топтық пікір алмасу, талқылау, пікірталас, ой қозғау, т.б.) студенттерде өзіндік пікір мен көзқарас қалыптастыруға бағытталады. Интербелсенді лекцияда негізгі қағида «беру», «үйрету» емей - «ұсыну» болады. Ұсынылған мәлімет бойынша студенттер бірлескен белсенді әрекеттер арқылы өздігімен жаңа білім құрастырады.
- Интербелсенді лекция тақырыпты дамытуға, тереңдетуге бағытталады.
Дәстүрлі монолог түріндегі лекция «студенттердің қарастырылатын тақырып бойынша білімі мен деректері жоқ немесе жоқтың қасы» деген қағиданы ұстанады. Сол себепті де дәстүрлі лекция ақпараттың көп мөлшерін «беруге» мүдделі. Студенттер мұнда әдетте бәлсенді (пассив) әрекеттер атқарады: тыңдайды, көшіреді.
Интербелсенді лекцияның негізгі ұстанымы келесідей болады: «Студенттер қарастырылатын тақырып бойынша сабаққа дайындалып келген, олардың белгілі бір білімдері бар болғандықтан, лекцияда сол білімдерді дамыту және тереңдету керек». Студенттер силлабуста берілген ақпарат бойынша бүгінгі лекция тақырыбы мен негізгі мәселелерінің қандай екендігін, оған қандай әдебиет көздері арқылы дайындалуға болатындығын, ол бойынша қандай тапсырмалар берілгендігін жақсы біледі. Сол себепті де олар лекцияға шама-шарқынша дайындалып келеді. Ал лекция олардың білгеніне негізделіп, сол білімдерін өрбітуді мақсат тұтады.