Файл: Асхат лімов интербелсенді дістерді жоАРы оу орындарында олдану оу ралы Алматы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 1179
Скачиваний: 21
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алайда «реферат» дегеніміз 1) «әдеби және басқа деректерге жасалған шолудан тұратын белгілі бір тақырып бойынша жасалған баяндама»; 2) «ғылыми жұмыстың, кітаптың, т.б. мазмұнын баяндау» (Словарь иностранных слов. – М., 1985 - С.433).
Реферат сонымен тек қана ойсыз көшіру емес, реферат - таңдалған тақырып бойынша ақпарат көздеріне талдау мен сараптау жасау, оларға баға беру. Рефераттан студенттің «МЕН» тұжырымы көрінуі керек. Ол үшін студент етістіктің бірінші «МЕН» жағын ұстанып, ақпарат көздеріндегі пікірлер мен ұйғарымдарды жақтап, не оларға қарсы шығып, оларға үнемі сілтеме жасап отыруы керек. Рефератта сілтеме тек төл сөз түрінде емес (яғни, цитата түрінде бұлжытпай алынған формада), төлеу сөз формасында болуы керек. Мәселен, «мына шығармада (немесе мына автор) былай дейді, ал анау шығармада олай дейді» деген сыңайда.
Студенттердің өздік жұмыстары зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа негізделіп, жазбаша түрде орындалуы керек. Төмендегі кестеде сондай жұмыстардың кейбір түрлері келтіріледі.
Кесте №42
Зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа негізделген
өздік жұмыс түрлері
Тапсырмалар | Жазбаша бақылау нысандары |
Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиет, зерттеулер, Интернет, басқа оқытушылар, т.б.) өздігімен немесе студенттердің шағын тобы құрамында жұмыс жасау | Конспект Интервью Реферат Бақылау жұмысы Берілген сұрақтарға жауап Эссе Топ жұмысы туралы есеп (ақпарат) Баяндама Талдау (аналитикалық) шолуын жазу Глоссарий құрастыру Сұрақтар кестесін дайындау |
Видео-, аудио-, CD-құралдарда (электрондық лекция) берілген лекция материалдарын өздігінше игеру | Конспект Реферат Эссе |
Берілген тапсырма бойынша аудиторлық сабақта презентация дайындау | Сценарий |
Семестрлік жоба дайындау | Апта сайын жоба дайындығы туралы есеп беру Қиын немесе проблемалық сұрақтар кестесін дайындау Жоба |
Студенттердің бір-бірімен ұйымдастырған іскерлік ойын (рөлдік ойын) форматында өткізген консультациясы | Жазбаша есеп (ақпарат) Эссе |
Студенттер бір-бірінің жазған шығармашылық жұмыстарына пікір жазады, оларды рецензиялайды. | Рецензия |
Берілген тақырып бойынша топ студенттері ішінде пікірталас өткізу | Пікірталасқа дайындығының есебі Эссе |
Белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинақтау | Ақпарат көздерінің тізімі Ақпарат тізімін презентациялау |
Берілген тақырып бойынша өз тобында өткізу мақсатында сабақ жоспарын дайындау | Сабақ жоспары Сабақ жоспарын презентациялау Сабақ туралы эссе |
Case-study -да берілген ситуацияларды талдап, оларға берілуі мүмкін жауаптарды бір топ (3-4 адам) студенттердің талқылауы | Case-study тапсырмаларын жазбаша орындау |
Берілген тақырып бойынша статистикалық мәліметтерді талдау | Есеп беру |
Берілген тақырып бойынша интервью алу | Интервью мәтінін келтіру және оны талдау |
Қандай да бір пікір алуандығын туғызатын мәселе бойынша мамандар (студенттер, тұрғындар, тұтынушылар,т.б.) арасында сауалнама құрастыру және оны өткізу | Сауалнама құрастыру және өткізу Сауалнама нәтижелерін талдау Эссе |
Берілген тақырып бойынша ситуацияларды (ситуативтік диалогтарды) дайындау | Сценарий |
Студенттің өзін-өзі бағалау мақсатында компьютер сыныбында өткізген тестілеу | Компьютерлік есеп беру |
Оқытушы пән бойынша өздік жұмыстың тақырыптарын анықтап, тапсырмаларын дайындайды, олардың әрқайсысы үшін баға қою жүйесін, тапсыру мерзімі мен есеп беру формаларын белгілейді, студенттерді қажетті әдістемелік және ақпараттық материалдармен қамтамасыздандырады. Өздік жұмыс бойынша студенттердің ақпарлары мен есептерін оқытушы жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмыс сабақтарында (офис сағаттары) тыңдау тиімді. Оқытушы ол үшін студенттердің өздік жұмысты тапсыру графигін дайындайды. Студенттер өздік жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және орындау бойынша әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілуі керек.
7. Жоғарғы оқу орындарында әр сабақта қолдануға тиімді интербелсенді тәсілдер
1. Мотивация немесе Қызығушылықты ояту
кезеңінде қолданатын тәсілдер
Сабақтың бұл кезеңінде студенттер сабақ мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып, байланыстырады. Оқытушының бұл кезеңдегі басты мақсаты - студенттерді жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіру. Студенттер тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды.
Сабақтың бұл кезеңінде студенттер «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.
Ой қозғау (breinstorming) – студенттер қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Ой қозғаудың ережелері келесідей:
- мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы - сол себепті де студенттер өз ойындағыларын еш ойланбай (мәселен, олардың дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне қарамай) келтіре беруі керек;
- идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда студенттер тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін;
- барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі;
- идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана оларды талқылау жұмысы басталады – олардың ішінен кейбіреулерін алып тастауға да болады.
Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-4 минут) аяқталған соң, студенттер бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл аудитория болып) жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.
(Бұл тәсіл R.Vacca, J. Vacca. Content Area Reading. New York: Harper Collins, 1989. кітабында келтірілген).
Синектика – ой қозғаудың жетілдірілген түрі.
Бұл тәсілді 1960 жылы Уильям Гордон (АҚШ) ұсынған. Егер ой қозғауда идеяларды топ құрамына кездейсоқ түрде жиналған студенттер келтіретін болса, синектикада идеяларды сарапшылар (бұл мәселе бойынша хабардар, осы бағытта жұмыс жасап жүрген студенттер) талқылап, қорытындылайды. Мұнда проблема қарастыру жұмысы бірнеше кезеңдерден өтеді: идеялар туындаудан - сараптауға қарай, сараптаудан қайтадан идеяларды келтіруге қарай.
Синектиканың мақсаты: ой қозғаудағыдай жаңа идеяларды келтіріп, бірлесе талқылау барысында оларды проблема шешетіндей деңнейге жеткізу.
Шешімін талап ететін проблема синектикада күмән тұрғысынан қабылданып, аналогиялар әдісін қолдану арқылы шешіледі. У.Гордон синектика үшін аналогияның төрт түрін ұсынған:
- Тура аналогия.
Қарастырылатын мәселе басқа саладағы немесе табиғатта кезігетін ұқсас құбылыспен салыстырылады.
- Жеке (өзіндік) аналогия.
Жеке адамның сезімдерімен байланыстырылады (эмпатия әдісі): студент қарастырылатын объектің бейнесіне «еніп», оны ішінен көріп, өзінде пайда болған сезімдерді анықтап, түсіндіруге тырысады.
- Символикалық аналогия.
Жалпылама түрде қорытындыланған абстактілік салыстыру: қарастырылатын объект (құбылыс) өзінің ең басты қасиеті (ерекшелігі) тұрғысынан қарастырылады да, оның басқа қасиеттері ескерілмейді.
- Фантастикалық аналогия.
Өмірде кездеспейтін фантастикалық бейнелермен салыстыру: параллелді өмір, басқа ғаламшарлардан келген құбыжықтар, т.б.
Мұндай аналогияларды қолдану қарастырылатын құбылысты үйреншікті көзқарастан аластатып, оған жаңаша түрде қарап, оның күтпеген шешімін табуға жол бастайды.
Кластерлер («жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған) - идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.
Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, студенттер оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді.
Сурет №4
Пендеші-лік,
қанағат
Рухани-моральдік, діни
Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер студенттің жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
(Бұл тәсіл J. Still, K. Meredith. Democratic Pedagogy National Staff Development Manyal. Bratislava, Slovakia, 1995. кітабында келтірілген).
Кіріспе сұрақтар – сабақ басында студенттердің белсенділігін арттыру үшін қойылатын сұрақтар. Бұл сұрақтар Блум таксономиясы бойынша ойлаудың жоғарғы деңгейлері тұрғысынан қойылады.
Олар келесідей мақсаттарға жету мүмкіншілігін береді:
1. Студенттер тақырып бойынша білгендерін есіне түсіреді.
2. Кіріспе сұрақтарының жауаптары оқулықтарда келтірілмейтіндіктен, оларға жауап беру студенттерді қабілеттер мен үлгерім тұрғысынан теңдестіреді.
3. Сұрақтарға жауап іздену арқылы студент оқу процесіне араласып, белсенділенеді.
4. Студенттердің жауаптары оқытушы тұрғысынан жаңа сұрақтар қойып («Неліктен? Қалайша? Мұның салдары қандай болмақ?), студенттердің ойлау әрекеттерін дамыта түседі.
Кіріспе сұрақтарының келесідей болғандығы дұрыс:
1. Жаңа тақырыпты зерттеудің бастамасы болуы керек.
2. Сұрақты талқылау 5 минуттан аспауы керек.
3. Ой-толғанысты тудыруы керек.
4. Студенттерді дайын жауап беруге бағыттамай, жаңаша тұрғыдан ізденуге ынталандыруы керек.
5. Дайын жауабы болмауы қажет.
6. Жауаптардың варианттары көп болуы керек.
7. Жауаптар жазба түрінде келтірілуі керек.
8. Сабақ соңында жауаптарға қайта оралып, олардың дұрыс-бұрыстығы талқылануы керек.
Кіріспе сұрақтарының үш түрі ажыратылады:
- Аналогиялық сұрақтар.
- Өзіндік пікірді келтіруді талап ететін сұрақтар.
- Болжамдау, жорамалдауды (қиял, фантазия) қажет ететін сұрақтар.
Аналогиялық сұрақтар сабақ мазмұны бойынша бір атауды (терминді) басқалармен салыстыруды меңзейді, олар Блум таксономиясы бойынша талдау және синтез деңгейіне жатады.
Мысалы, биология сабағында «Судың ластануы» тақырыбы бойынша: «Қалдық су, пестицидтер мен шикі мұнайдың қандай байланысы бар?»
Өзіндік пікірді келтіруді талап ететін сұрақтар студенттерден ойлау дербестігін талап етеді. Мысалы, саясаттану пәні «Мемлекетті басқару» тақырыбы бойынша: «Сіздің ойыңызша, біздің елдің тарихында ең ұлы билеуші кім болған?»
Болжамдау мен жорамалдауды қажет ететін сұрақтарға жауап беру үшін студенттер қиял және фантазияға жүгінуі керек. Мысалы, тарих сабағында «Егер Сізге идеалды өкімет құрамын құру мүмкіндігі тисе, онда оның жұмысы негізіне қандай қағидаларды жатқызар едіңіз?»
(К.Фостер. Водные вопросы для активизаии критического мышления. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, том 5, №4, октябрь, 2004. - С. 38-43 мақаласы бойынша).