Файл: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 1135

Скачиваний: 25

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әрекет арқауы (сквозное действие) үлкен мақсаттардың ұзын легінен туындайды. Олардың (үлкен мақсаттың) әрқайсысының қапталында қаптаған ұсақ мақсат тізбегі жатады. К. С. Станиславский: кіші мақсатты үлкен мақсаттың көмекшісі (подсобный) деп атаған. Аталмыш кіші мақсаттар тізбегі ойын өрнегі кезінде санасыз түрде іс атқарады да, үлкен мақсатты ірілендіріп, оның әрекет қуатын арттырады. Ал, әрекет арқауы санасыздық процесін тудыратын қозғаушы элемент ролін атқарады. Алайда әрекет арқауы өз бетінше туа салмайды. Оның творчестволық құлшыныс қуаты түпкі мақсаттың еліктіргіш мүмкіншілігі мен мүддесіне тәуелді. Яғни, әрекет арқауы үлкен мақсаттар легінен азықтанса, күллі процеске түпкі мақсат басшылық етеді. Сайып келгенде, актер творчествосының шынайы санасыздық табиғатын оятып, әрекетке қазықтайтын қуатты күш әрекет арқауы мен түпкі мақсат. Негізгі проблема сахна алаңында осы екі үлкен процестің тізгініне ие болған жағдайда ғана шешілетіні ешқандай талас тудырмайды. Сонда ғана спектакль өзінің толыққанды табиғи дәрежесіне шынайы шыншылдығына, көркемдік сипатына жауап бере алады. Ең бастысы сахналық шығарма мен актер творчествосын кәсіпқойлық,таптаурындылык кінәраттардан арашалайды. К. С. Станиславский: «Менің сіздерге беретін кеңесім, негізгі мақсатты жол сілтейтін жұлдыз сияқты пайдалана білуден жалықпаңыздар. Сонда ғана пьеса мен рольдің күллі әрекет арқауы әрі жеңіл, әрі шынайы түрде ең бастысы — санасыз ойналады» (там же, стр. 418) деп сахна творчествосында негізгі мақсаттың шешуші роль атқаратынын айтады. Солай десек, әрекет арқауы мен негізгі мақсатты, психикалық тіршіліктің қозғаушы күшін, сахналық ішкі көңіл күйді — саналылық тудырады да, аталмыш элементтердің көмегі арқылы санасыздықтың іргетасын да саналылық қалайды. Өйткені тікелей әдіспен творчестволық шабыт процесін тудыруға да, ойнауға да болмайды. Себеп-салдарсыз, бастау бұлақсыз «шабыт — шабыт» үшін дейтін құрғақ, жалаң теория атымен жоқ. К. С. Станиславский айтқандай, саналылық пен санасыздық өнердің қатаң заңдылықтары бойынша іс атқарады, өйткені өнер заңдылықтары ойдан шығарылмаған, табиғаттың өзінен алынған. Ұлы сахна реформаторының: Ешқандай «жүйе» жоқ. Табиғат қана бар. Өнер заңы — табиғат заңы» дейтіні сондықтан. Олай болса, творчествоның қайнар көзі — табиғат. К. С. Станиславский: «Творчество — тіршілік иесі — адам — рольге (человекороли) жүкті болып, босану. Бұл адамның өмірге келгені сияқты табиғи, творчестволык акт.


...Әрбір сахналық көркем образ өзінің калыптасу кезеңдерінде адамның өмірге келетіні сиякты соған ұқсас жағдайларды басынан өткереді.

Творчестволық процесс сәтінде ол бар, яғни «күйеу» (автор) бар.

Сондай-ақ ол да бар, яғни «әйел» де автордан ұрықтанып, рольге жүкті болған орындаушы, автор шығармасының дәні бар.

Ұрық — бала да (сомдалған роль) бар.

Олардың тұңғыш кездесу сәттері де (артист пен рольдің) бар.

Олардың бір-біріне жанасу, ғашық болу, жанжалдасу, түсініспеу, татуласу, табысу, ұрық шашу, жүкті болу кезеңдері және бар.

Міне, осындай кезеңде режиссер процеске кұдағи ролінде жәрдем етеді» (К. С. Станиславский. Сочинения, Москва, «Искусство», 1985, 427—428) деп К. С. Станиславский: «Автор — әке; рольді — қалыңдық, режиссерді — құда, құдағи» ретінде танып, рольдің творчестволық акт ретінде тууын сәбидің өмірге келу процесімен салыстырады.

«Рольді табиғи түрде мәпелеп өсіру, тірі адамды тәрбиелеп өсіруден кем емес, ал кейбір жағдайда одан да көп уақыт керек деп есептеймін» (там же, стр. 428) деп сахна сақиы творчество жасаудың қиын екенін айтады. Мәселен, жүкті әйелдің көңіл күйінде кездесетін небір психологиялық ауыр кезеңдер мен сын сағаттар актерде де болады. Рольдің ұрықтану мен жетілу кезеңдері оның мінезі мен көңіл күйіне, кейде тұрмысы мен тіршілігіне де елеулі әсер етеді.

Міне, осы сәтте режиссер роль мен творчествоға кіндік шеше қызметін атқарып, зор қамқорлық жасайды.

Ал, артистің жүкті болып босануы қалыпты жағдайда іштей пайда болса, оны күтіп, тәрбиелейтін «анасы» (артист).

Алайда бізде уақытынан бұрын айы-күніне жетпей туатындар мен аборт жасатқандар, түсік тастайтындар болып тұрады. Ондай кезде өсіп-жетілмеген, толыспаған сахна кемтарлары өмірге келмек.

Бір сөзбен айтқанда, сахналық тірі жаратылыстың өмірге келуі (рольдің) артистің творчестволық табиғатының органикалық шынайы актісі болып табылады.

Егер кімде-кім творчество табиғатына күдік келтіріп, аталмыш шындыққа мойынсұнбай өздерінің «принцип», «негіз» және «жаңа өнер» сияқты ойдан шығарғандарың тыққыштай берсе, онда олар қатты қателеседі.

«Табиғаттың өзі жаратқан дайын заңы тұрғанда, жаңадан заңдылық іздеп керегі не. Табиғат заңдылығы сахна санаткерлерін қосып айтқанда барлығына да ортақ, оны бұзу деген пақыршылық. Ондай зорлықшы- актерлер санаткер емес, еліктеуші, боямалаушы, бұрмалаушы» (там же, с. 428) деп жазады К. С. Станиславский.

Демек, актер сахнада ғана емес, өмірде де табиғат заңдылығына бой ұсынып іс істеу керек екен. Ол үшін әрбір санаткер творчествоның органикалық табиғи заңдылықтарын теориялық тұрғыдан ғана түсініп қоймай, практика жүзінде зерттеп біліп мамандануға тиіс К. С. Станиславский: «Біздің табиғатымызды негізге ала отырып, сол табиғаттың өзіне қарсы ойдан шығарылған сәндік, модалық, әр түрлі «изм» сияқты кез келген жаңалықты ойнап бере алатын хас шебер мен данышпан әлі- әзір туа қоймаған шығар деп ойлаймын» (там же, с. 429) деп табиғат заңдылығына сай психотехника тәсілдерін

жете меңгеруді уағыздайды. Онсыз сахнаға қадам басуға болмайтыиын айтады. Органикалық табиғатымыздың санасыз тіршілігін сырттай бейнелеу үшін әдемі нақысты дауыс пен тұлға аппаратының икемді мүмкіншіліктері аса қажет.

Дауыс пен тұлға — ішкі тебіреніс пен сыртқы техникалық шеберлігінің үндестік сипаты. Кейіпкержандылық өнері саласында тұлға тіршілігі рухани тіршілікке тәуелді күй кешеді. Сондықтан, актер тебіреніс процесін айшықтайтын ішкі аппаратқа ғана мән беріп қоймай, сезім сипатының іштен атқылаған нәтижесінің сыртқы пішіндік қасиетін бейнелеп беретін тұлға аппаратына да зер салуға тиіс. Яғни ішкі сезім мен сыртқы техникалық шеберлік қайшылықтарынан сақтанып, олардың үндестігі үшін күресу керек. Ал, осыларды іске асыратын өзіміздің органикалық табиғатымыз бен санасыздық процесі. Өмірде бұларды алмастыра алатын немесе бұларға тең келетін ерекше актерлік техника болмайды. Алайда, адам жаратылысының органикалық шынайы табиғаты мен санасыздық сипатын актер техникасымен алмастырғысы келіп жүргендер бар. Ондай болса, олар қателеседі. Терең толғаныс пен мөлдір сезімді сыртқы техника күшімен жеткізіп беру мүмкін емес. Техникалық шеберліктің шыңына жеттім деген әулие актердің өзі бойындағы бар мүмкіншілігін сарқып ойнадым дегеннің өзінде де табиғаттың шыныдай шыны бір сәтіне татымайды. Сондықтан, саналылық арқылы санасыздыққа бару — К. С. Станиславский «жүйесінің» ең негізгі күретамыры болып саналады.
ТӨРТІНШІ ТЕЗИС
Киелі күш «Егер де» мен «ұсынылған тосын жағдай»

(Магическое «если бы» и предлагаемые обстоятельства)
К. С. Станиславский «егер де» элементін — әрекет туғызушы «егер де» (действенное «если бы») немесе киелі күш «егер де» (магическое «если бы») заңдылықтары деп атаған. Сондай-ақ, ол сахна алаңында ойын өрнегін өрнектеуші актерді қоршаған айнала орта: декорация, жарық, музыканың бәрі — өмір шындығы емес, шарттылық екенін, драматургтің, режиссердің, суретшінің ойдан шығарған (вымысел) дүниесі екенін, алайда спектакль жасаушылардың оған шындық деп сеніп әрекет ету керек екенін ескерткен. Актердің өз табиғатына зорлық жасауға болмайтынын, алайда, галлюцинациялық елестен аулақ болу керектігін де қақас қалдырмайды. Жалпы К. С. Станиславский адам табиғатына, әсіресе, актер табиғатына өктемдік, зорлық жасауға қатты қарсы болған. Қайта сол табиғат заңдылығына сай сабақтас әрекет ету процесін жақтаған.


Солай десек, «егер де» деген жалғаулық сөз сахна өнерінде нені білдіреді? «Станиславский жүйесі» саласында қандай жетекші роль атқарады? Өмірде онша мән берілмейтін жалғау сөздің терең мазмұнға ие болып, жетекші мағынаға айналуының себебі неде? Сахна заңдылықтарының іргетасын қалайтын басты-басты элементтер қатарында мұның қандай көркемдік кызметі бар? Қүретамыр құдіреті неде?

Сахнаға аяқ салған саналы санаткердің кез келгені, алдына: е г е р д е драматургтің ойдан шығарған дүниесі шындық болып шықса, менің не істеуім керек деген сауал қоятыны ақиқат. Ондай сауалдың қойылары хақ, қойылуы да тиіс. Сырт көзге осы сауалда тұрған дәнеңе де жоқ сияқты. Шындығында, онда тұрған не бар дейсің? Ал, шын мәніне келсек, айналасын қоршаған дүние — ақиқат емес, ойдан шығарылған шарттылык екенін әр актер білу керек. Иә, сахна — нағыз өмірдің өзі емес — айнасы, солай бола тұра суреткер үшін өмірдің өзіндей болып көрініп, солай бағалануға тиіс. Міне, К. С. Станиславский сахнадағы өмірдің дәл осы шарттылық шындығына сенім артқан. Мәселен, актер, сиқыр сөз «егер де» болмаса, кез келген затты, тіпті, ағаш үй, киіз үй дейік, осыларды творчестволық қызығу тұрғысынан емес, керісінше, салқын түрде қабылдаған болар еді. Ал, егер, ол осылардың бәрін елестету процесі деп ұқса, онда оның қиялы оянып, оның творчестволық белсенділігі артады. Демек, К. С. Станиславский актердің сөз саптау сәтінде «егер де» элементі автордың сөз астары мен ішкі ойын ашуға жәрдемдеседі деп есептеген. Өйткені, актер ойдан шығарылған автор дүниесіне мықтап сенсе, онда оның өз қиялы сол шығарманың ауа райымен біте қайнасып өмір сүреді де, ішкі көркемдік сарайын айқара ашуға творчестволық мол мүмкіндік алады. Яғни, актер, автордың ойдан шығарылған туындысын өзінің «егер десімен» байытып, дамытуға тырысады. Режиссер де, суретші де, композитор да, бір сөзбен айтқанда, гримерге дейін спектакль қабырғасын қалаушылардың күллісі өздерінің «егер де» сиқыр қуаттарымен өлшеусіз үлес қосады.

«Егер де» элементінің көркемдік әсер қуатының құпиясы мынада: ол өмірде болған шындық туралы емес, болуға мүмкін шындық туралы ой толғайды... «Егер де»... Бұл элемент өз гарапынан көркемдік мағынада шешуші пікір тудыра алмайды. Тек, мәселенің шешілу принципін ғана жорамалдайды. «Солай болуы мүмкін-ау, мүмкін шығар, мүмкін...» сияқты жорамалдар төңірегінде ой топшылайды. Демек, «егер де» элементі — шамалау, мөлшерлеу, ұйғару, жорамал процесі. Яғни, автор берген материалды өз қиялында қайта жаңғыртып, қайыра тудыру деген сөз. Мәселен, біз Шекспирдің бөтен біреудің новеллаларын қайтадан жасағанын білеміз ғой. Мұнда да солай. Автор сөзіне, актер өзінің сөз астарын енгізіп, кейіпкерге деген өз көзқарасын анықтайды. Сайып келгенде, киелі күш элементі «егер де» арқылы жазушы қиялынан туған туындыны шынға балап сеніп, сол атмосферада шынайы өмір сүру. Ендеше, «егер де» элементі — жаңғыру, түлеу, төлежу процесі.


Шағын мысал. Дездемонаны буындырып өлтіруге Отеллоны итермелеген не? Намыс па? Жоқ. Қызғаныш па? Ол да емес. А. С. Пушкин: «Отелло по природе не ревнив,— напротив, он доверчив» десе,

Вл. И. Немирович — Данченко «Основное в Отелло — это чистота и абсолютная доверчивость этого больного ребенка» демей ме? Ендеше, Отеллоны қылмысқа итермелеген — адалдық. «Өлтірмей оны болмайды, басқаларды алдайды» деп күңіренеді Отелло. Сонда Отеллоны ойнаған актердің алдында — «егер де» мен, Дездемонаны өлтірмесем, ол тағы біреудің көзіне шөп салады, тағы да алдайды. Дүниені арамдық пен жалғандық жайлап алады»,— дейтін әлеументтік проблема туындайды. «Егер де» элементінің қуат, құдіреті — міне, осындай. Абайлай зер салсақ, «егер де» деп сауал қоя отырып, кісі өлтіруге де, әлеуметтік мәселе де қозғауға болады екен. К. С. Станиславскийдің сөзімен айтсақ, қолбасы Отеллоны қанды мойын қылмыскер қылған «кішкентай ғана жалғыз сөз — «егер де» болып тұр. Солай десек, кішкентай сөз «егер де» құдіретке айналып кете алады екен. Сол арқылы ішкі және сыртқы әрекеттің қайшылыққа толы органикалық шынайы жан дүниесін жорамалдау арқылы ашуға қол жеткеруге болады»,— дейді К. С. Станиславский.

«Оның бір ғажап жері, кез келген творчествоны сол элемент бастайды. «Егер де» бізді шындык, өмірден творчество әлеміне артист арқылы енгізетін тетік болып есептеледі» (там же, стр. 57) деп жазады

К. С. Станиславский. Сондай-ақ ол — актер творчествосының әрмен қарай бірте-бірте қисынды түрде қанат жайып, өрбіп- өркендеуіне де мұрындық бола алатын элемент. «Шындығында, Отеллоның басындағы оқиға өмірдегідей рас болып шықса, мен не істер едім, қандай шара қолданар едім?»—деген сұрақ актер белсенділігін арттырып, әрекетке итермелейді. Сонда барып ойдан шығарылған актер туындысы шындық өмірге айналады. Енді К. С. Станиславскийдің өз сөзімен қорытындыласақ «Егер де» сөзі — біздің творчестволық ішкі белсенділігіміздің қоздырушысы әм қозғаушысы» (там же, стр. 60) екен.

«Егер де»— жалқы емес, егіз элемент. Оның бір сыңары — «ұсынылған тосын жағдай» (предлагаемые обстоятельства). «Егер де»— творчествоны бастап беруші болса, «ұсынылған тосын жағдай»—дамытушы элемент. Бұл терминді К. С. Станиславский, А. С. Пушкиннің М. П. Погодиннің «Марфа Посадница» әм халықтық драма туралы» деген еңбегіне жазған мақаласынан алып, театр термині етіп қалыптастырған.