Файл: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 1136

Скачиваний: 25

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


А. С. Пушкин «Біздің ақыл-ойымыз драма жазушысынан ұсынылған тосын жағдай арқылы өмірге келетін құштарлық ақиқатын шынға балап сезінуді қалайды» (Истина страстей, правдоподобие чувствований в предполагаемых обстоятельствах — вот чего требует наш ум от драматического писателя) деп жазған болатын.

К. С. Станиславский: «Өз тарапымнан қосып айтар болсам, біздің ақыл-ойымыз да драма артисінен тап соны қалайды, бір ғана айырмашылығы, тосын жағдай жазушылар үшін болжал (предполагаемыми) болса, біздер, артистер үшін, дайын түрде — ұсынылған жағдай (предлогаемыми) болып табылады. Сөйтіп, біздің практикалық жұмыс саламызда «ұсынылған тосын жағдай» термині орнығып, біз оны пайдаланып, іс істейтін болдық» (там же, стр. 61) дейді.

Сонда «ұсынылған тосын жағдайды» қалай түсінеміз? Ол не деген сөз?

Бұған К. С. Станиславский: «Ол пьесаның фабуласы (қысқаша мазмұны), фактісі, оқиғасы, дәуірі, мезгілі мен оқиға өтетін жері, тіршілік жағдайы, пьесаны актер, режиссер ретінде біздің түсінігіміз, оған өз тарапымыздан қосылған мизансценамыз, қойылымымыз, суретші безендірген жиһаз бен киім-кешек, бутафория, жарық беру,шу мен дыбыс беру, тағысын тағылар, қысқасы, творчество жасау кезінде ұсынылған жағдайдың бәріне де актер зейін қою керек» (там же, стр. 62) деген сөз деп жауап береді.

Біз жоғарыда «егер де» мен «ұсынылған тосын жағдай» кіндіктес, егіз элемент дедік. Енді аталмыш элементтердің қосақтық сипатын талдап көрейік. К. С. Станиславский мынандай анықтама береді: «Ұсынылған тосын да «егер де» сияқты «қиялдан туған» болжал. Екеуінің де шыққан тегі бір: «ұсынылған тосын жағдай» дегеніміз — «егер де» деген сөз, сондай-ақ «егер де» дегеніміздің өзі «ұсынылған тосын жағдай» деген сөз. Біреуі — болжал («егер де») болса, екіншісі — оны толықтырушы («ұсынылған тосын жағдай»), «Егер де» творчествоны бастаушы болса, «ұсынылған тосын жағдай» дамытушы. Олар бір-бірінсіз қозғаушы күшке де ие бола алмайды және бір-бірінсіз оқшау өмір де сүре алмайды. Алайда атқаратын функцияларында аздаған айырмашылық бар: «егер де» қиялды оятуға түрткі болса, «ұсынылған тосын жағдай»—«егер денің» негізін қалайды. Екеуі кейде бірігіп, кейде оқшау түрде ішкі серпілістің өмірге келуіне жәрдемдеседі.

Ал, «құштарлық ақиқаты» деген не?

  • Құштарлық ақиқаты дегеніміз — кәдімгі құштарлық ақиқат, яғни шынайылық адамның қызу құштарлығы, сезімі, артистің өмір сүруі.

  • «Сезімді шындыққа балау» (правдоподобие чувства) деген не?

  • Бұл шынайы шындықтың өзі емес, сезім мен тіршілігі де емес, былайша айтқанда, алдын ала сезінуге жақын тұрған соның туыстас көңіл күйі, шындыққа ұқсас болғандықтан шындыққа балау болып есептеледі» (там же, стр. 62) деп жазады.


Іс жүзінде пьесаның көркемдік желісіне байланысты «ұсынылған тосын жағдай» проблемасы әрқалай шешіледі. Автор берген материал пьесаның дәуірі, тақырыбы, идеясы, оқиғасы, кейіпкерлері жөнінен мол материалдармен деректерге қанықтырады. Мұның өзі актер творчествосына, игілікті жағдай тудырады. Ал, актер болса, аталмыш драмалық шығарманың ауа-райына сінісуі керек. Сол туындының тыныс-тірлігімен өмір сүруге икемделген абзал. Сөйтіп, бөтен өмір, бөгде тіршілікпен туыстасып, біте қайнасқан жағдайда ғана актер санасында «құштарлық ақиқаты» мен «сезімді шындыққа балап» түйсіну процесі пайда болмақ.

«Сезімді шындыкка балау» (правдоподобие чувства)—анайы тілмен айтқанда, шындықтың өзі емес,— сүйіншісі. Шынайы «кұштарлық ақиқат» емес,— хабаршысы.

Аталмыш процестің кұпиясы — сезімге өктемдік жасамай, өз еркіне иелік беруде «құштарлык ақиқат» туралы ойламау, өйткені, «құштарлық» келетін кезінде өзі келеді, ол бізге байланысты емес. Олар өктемдік пен әмірге көне алмайды.

Ең абзалы артистің бар зейіні «ұсынылған тосын жағдайға» бағытталғаны жөн. «Ұсынылған тосын жағдаймен» шындап өмір сүрсең, «кұштарлык ақиқаты» өз-өзінен пайда болады» (там же, стр. 63) деп жазады К. С. Станиславский.

«Артистің бар зейіні «ұсынылған «тосын жағдайға» бағытталғаны жөн. «Ұсынылған тосын жағдаймен» шындап өмір сүрсең, құштарлық ақиқаты» өз-өзінен пайда болады» (там же, с. 63) дейді К. С. Станиславский. Солай десек, бірінші кезекте пьесаның фабуласы, яғни қысқаша мазмұны тұр. Ұлы реформатор актердің жан дүниесімен беріле сеніп, ойын үлгісін көрсететін «аудиториясын» немесе «ұсынылған тосын жағдайын» шектен тыс кеңейтіп алған ғой. Мысал үшін, В. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясын алайық. Аталмыш трагедияның «ұсынылған тосын жағдайы» не?

В. Шекспир заманында Англияны Тюдор әулетіне жататын: Генрих VII, Генрих VIII және қатын патша Елизавета биледі. Ең көп, ұдайымен 44 жыл бойы, яғни 1558 жылдан 1603 жылға дейін ел билеген Елизавета болды. «Гамлет» трагедиясы 1600 жылдар шамасында жазылды. Гамлеттің бастапқы фабуласының сюжеттік желісі XII ғасырда өмір сүрген Данияның новеллисі Саксон Грамматиктің жазған «Дания тарихы» деп аталатын хроникасында жатыр. Саксон Грамматикте Амлет (Гамлет емес) Англиядан Данияға келсе, Шекспирде ол (мұнда Гамлет) Германиядан Англияға келеді. В. Шекспир бас кейіпкерін өз дәуірімен тұстас ірі ілім ошағы болған Виттенберг университетінің шәкірті еткен. Ал 1538 жылы тарихта болған үлкен оқиға «Гонзогоның өлімі» 1600 жылдарда Лондонның маңында өткен болып шыға келеді. Сөйтіп, В. Шекспир көне Амлет трагедиясын жаңа интерпретациядан, тың драматургиялық корректура елегінен өткізіп, өзі өмір сүрген жана заман (ояну дәуірі) сюжет-ситуация көрігімен қақтап, Елизавета билік кұрған Англияның саяси-қоғамдық тұрмыс-тіршілігімен сабақтастырып жіберген. «Гамлет» трагедиясының аталмыш фабулалық тарихи желісін ойнайтын актерлердің білуі керек пе? Сөз жоқ, білуі керек. Бұл актерлердің шығарма атмосферасына дендеп еніп, сіңісуіне, замана тыныс-тіршілігін сезініп, Гамлетпен бірге ғұмыр кешуге жәрдемдеседі. Өйткені, драма өнері — режиссер мен актер өнері үшін болжам-жағдайы (предпологаемые) ар- қылы шешілмейді, ұсынылу жағдайы (предлагаемые) арқылы шешіледі. Ендеше, актер немесе режиссер «ұсы- нылған тосын жағдай»— фабула атмосферасында өмір сұру керек. К. С. Станиславскийдің айтпағы да осы. Трагедия кейіпкерлері өмір кешіп жатқан дәуірді зерттеп білу деген сөз — «ұсынылған тосын жағдайдың» ең негізгі елеулі бір кезеңін айқындау деген сөз.



«Бұрынғысы мен болашағы жоқтың бүгінгісі де жоқ» (К. С. Станиславский, сочинения, т. 4, стр. 236) дейді К. С. Станиславский. Біз Гамлеттің бұрынғысын біле бермейміз, оның, тек, әке қазасына Виттенбергтен келгенінен ғана хабардармыз. Ал, кейіпкердің өмірбаянын білу актер үшін шарт. Сонда оның өткендегісін қалай білеміз? Жалғыз жол бар, ол жол — пьесаны бастан-аяқ тыңғылықты түрде талдап, зерттеу. Мұқият үңілген адамға, пьеса — шежіре ролін атқарады. Ал, кейіпкердің өткен-кеткенін анықтап білу де «ұсынылған тосын жағдайға» жатады.

К. С. Станиславский: «Талдау мағлұмат алу үшін қажет, мағлұмат артист құмарлығын қоздыру процесін іздеп табу үшін қажет, құмарлық түйсікті тудыру үшін қажет болса, түйсік творчестволық процесті қоздыру үшін қажет. Қорытып айтқанда, творчество үшін талдау аса қажет» (К. С. Станиславский, сочинения, т. 4, стр. 74) деп жазады. Егер, біз, автор шығармасының «ұсынылған тосын жағдайының» бар байлығына күмп етіп бірден сүңгіп кетсек, онда спектакльдің арынды асау тізгініне ие бола алмай қаламыз. Творчестволық талдаудың өз заңы, өз тәртібі, өз жүйесі бар. Алдымен пьесаның фабулалық желісін, дәуір кезеңдерін айқындасақ, келесі кезекте факт (шағын оқиға), оқиғалар легін (событийный ряд) анықтау мәселесі тұр. Өйткені, бізге оқиғасыз пьеса болмайтынын, пьесаның арқау желісі мен ағыс сабақтастығын оқиғалар байланыстырып тұратынын білу парыз. Талдау — шығарманың негізгі оқиғасын (исходное событие) анықтаудан басталып, арман қарай басты-басты оқиғалардың күллісін жіліктеп барып, тиянақтаумен аяқталады.

Мәселен, «Гамлет» трагедиясының негізгі оқиғасы — король қазасы. «Егер де» король Гамлет қаза болмаса, онда студент Гамлет пьеса «ұсынган тосын жағдай»— қара жамылған қасіретті күндерге душар болмас еді. Солай десек, К. С. Станиславский айтқандай: «Егер де» — творчестволық процесті бастайды екен де, «ұсынылған тосын жағдай»— сол процесті ары қарай дамытады екен. Дамыту деген сөз — оқиғалар легін қоздату деген сөз. Келесі оқиға — аруақтың көрінуі. Одан кейінгі оқиға — аруақтың қайта көрінуі. Гамлеттің әке қазасына Виттенбергтен келуі тағы бір оқиға. Үлкен Гамлеттің орнына Клавдийдің патша болуы — күллі дат еліне оқиға. Міне, осылай шығарманын барлық оқиғасын іздеп тауып, анықтап тізіп шығуға болады. Алайда біздің мақсатымыз—«Гамлет» трагедиясының оқиғалар ошағына «ревизия» жасау емес, «Егер де» мен «ұсынылған тосын жағдай» элементтерінің сахналық ролін түсіндіру. Ендеше, оқиғалар легін анықтау —«ұсынылған тосын жағдай» арнасынан бастау алатын көптеген элементтердің бірі деуге болады.


Кең ауқымды «ұсынылған тосын жағдай» құрамына пьесаның фабуласы, фактісі, оқиғасы, дәуірі, мезгіл- межесінен басқа режиссер меһ суретші шешімі және енеді. Мәселен, режиссер К.Марджанишвили мен суретші И. Гамрекели 1925 жылы «Гамлет» трагедиясының идеялық шешіміне — жалғандық пен адалдық айқасын арқау етсе, Н. Охлопков пен В. Рындин 1954 жылғы қойылымдарында «дат елі — түрме» деп шешті. 1959 жылы режиссер Э. Смильгис суретші Г. Вилкс екеуі сахна кеңістігін тегіс құрсаулап, тұншыққан дүниеде атойлаған Гамлет бейнесін көрсетсе, 1969 жылы М. Л. Кюла Гамлетті қоршаған әлемнің жансыздығын, сұстылығын айналасындағы адамдардың қаныпезерлігін айқындауға тырысты. Олай болса, режиссер мен суретші шешімі де «ұсынылған тосын жағдайға» тәуелді. Сондай-ақ, К. С. Станиславский айтқандай: «мизансцена, қойылым, суретші жабдықталған жиһаз бен киім-кешек, бутафория, сахнаға жарық беру, шу мен дыбыс беру сияқты басты компоненттер түгелдей «ұсынылған тосын жағдайға» жатады. Демек, «ұсынылған тосын жағдай»— шешім ролін де атқарады. Кітап көлемі көтермейтін болған соң, аталмыш атрибуттарды тегіс талдауға мүмкіншілік жағы аздық қылды. Сайып келгенде, «егер де» және «ұсынылған тосын жағдай» «Станиславский жүйесініц» іргесін қаласқан көптеген заңдылықтардың ең бастыларынан саналады.


БЕСІНШІ ТЕЗИС

Қимыл-іс еркіндігі — актер творчествосының қайнар көзі

(Физическое действие — источник актерского творчества)
...«Табиғаттың артықша тамашасы адам ғой! Оның ойы неткен ізгі! Қабілеті неткен шексіз! Бітімі мен қимылы неткен дара да, дәл десеңші! Әрекеті жағынан періштеге тетелес. Ақыл-құдіреті —тәңірге тән! Дүниенің көркі! Күллі тіршіліктің лұғаты ғой, адам!» (X. Ерғалиевтің аудармасы бойынша) деп тебіренеді Гамлет. Күллі адамзаттың санасын сарғайтқан тылсым құбылыс—«өлім мен өмір» құпиясының сыр-сипатын жеке- дара ашып беруге бел байлаған В. Шекспирдің ұлы перзенті табиғаттың мінсіз жаратылысы — адамның жан сұлулығы мен тән сұлулығын сүйсіне, сұқтана жырлаған ғой. ЬІстық ықылас пен ынтық іңкәрліктен өрілген: «Бітімі мен қимылы неткен дара да, дәл десеңші!» деген отты жолдарда адам баласының бойына біткен тұлғалық әсемдік маржандай мөлдіреп, тізіліп тұрған жоқ па?! Бір-ақ ауыз сөйлемде ақыл-парасат, мінсіз мүсін, сымдай сымбат пен құйын қимыл, қаса сұлу қозғалыс қабілетінің көркемдік тегі сайрап жатқандай болмай ма?

Міне, осындай адам тұлғасының бітімдік сүйкімділігі мен жайсаң жарасымдылығы актердің сахналық қимыл көңіл күйінің безбені болып саналады.

Аталмыш қағида, театр тілінде —сахналық қ и м ы л-і с е р к і н д і г і деп аталады.

Қимыл-іс еркіндігі ішкі (психикалық) және сыртқы (физикалық) сияқты егіз сипаттан көген кереді. Рухани әм дене еркіндігінің өзара тығыз байланыстары арқылы актердің қимыл-іс әрекеті сахнада нағыз творчествоның көркемдік іргесін қалайды.

«Табиғат көріксіздік дегенді білмейді. Толқынның шапшуы, бұтақтардың теңселуі, аттың шабысы, күннің түнге айналуы, кенеттен тұрған құйын, тау алқаптарының тыныстауы, сарқыраманың құтырына қарғылақтауы, пілдің ауыр аяны, бегемоттың сұрықсыз пішіні—бәрі-бәрі де әсем: бұларға жаны жоқ сіресіп қалған кәдімгі қолапайсыз бірдеңелер ғой деп қарап, қысылып-қымтырылудың еш реті жоқ» (Евг. Вахтангов. Материалы и статьи, М., Изд. ВТО, 1959, стр. 102) деп жазады Евг. Вахтангов.

Әсілі, табиғат шебер ғой! Аққан өзен, толқыған теңіз, жайқалған орман, ұйқыдағы тау — бітім-болмыс әсемдігімен ғана емес, терең тыныстап, үнсіз мүлгіген сырт көрінісімен де әрі сұлу, әрі тылсым жаратылыс емес пе? Көркемөнер көзімен қараған жанға бұлар қалың ұйқы құшағына еніп, қалғып жатқан жоқ. Олар мәңгі қозғалыс үстінде ғұмыр кешіп, өз заңдылығымен өз беттерінше өмір сүріп жатқан ұлы дүние сияқты жұмбақ құбылыс. Физика ғалымдарының болжамы бойынша, оларды тербеліс бесігіне салып, ғасырлар бойы жиі-жиі тербетіп, қозғап отыратын күш-қуат — магнит өрісінен пайда болатын энергия көзі болса керек.