Файл: за мерзімді жоспар блімі Визуалды нер.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 224

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Сократ» деген белсенді оқыту әдісін қолданып,сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз.Бұл белсенді оқыту әдісін қолдану үшін, 1-2-3-4 деп санау арқылы, оқушыларды төрт топқа біріктіріп аламыз. Біріктірудегі негізгі мақсат,оқушылардың топпен жұмыс жасаудағы дағдыларын дамыту.Сократ әдісінің тәртібі бойынша, бүгінгі тақырыпты негізге ала отырып, мәліметпен жұмыстарының суреттері баспадан басылып, әрбір сурет белгілі –бір бөліктерге кесіп алынып, кеспе қағаздар оқушылардың назарына ұсынылады.Олар топта берілген материалдарды оқып шығып, мәліметті рет ретімен құрастырады, сағат тілімен бір топ келесі топтың жанына барып, айнала тұрып мәліметпен таныстырады. Бүкіл сынып болып, қол шапалақтау арқылы оқушылар бағаланып, қолдау көрсетіледі.Сосын осы іс-әрекеттер жүрген соң, сабақтың тақырыбымен мақсатына оқушылармен мұғалімдер бірге келеді.

Осы критерийлер бойынша оқушылар жұмыс жасайды.Сосын бағалау үдерісі жүреді. Бағалау парағы сабақ жоспарына сай алдын-ала дайындалады. Сабақтың басында әрбір оқушыға беріледі және сабақ барысында өзін-өзі бағалау керектігін ескертеді. Бағалау + белгісімен немесе *белгісімен белгіленеді. Сабақтың аяғында жинаған жалпы бағасы шығарылады. Соған байланысты оқушының тапсырманы қаншалықты орындағандығын білуге болады.

Оқушының аты – жөні____________ сыныбы_______ тобы__



Оқушының

аты-жөні________

Сынып_6____

Бағалау шкаласы*/-




Бағалау критерийлері:




1

Өз қиялынан бір бұйымның нобайын жасайды;




2

Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;




3

Бұйым нобайы форматта дұрыс орналастырады;(А4 )




4

Бұйымды жасауда қандай материалдар қолданатынын біледі, көрсетеді;




5

Қауіпсіздік ережесін ұстанады;






Жалпы баға:

Дифференциациялық тапсырма бұл сабақта паралеллді түрде жүреді. Өйткені,әрбір бала өзінің қиялынан туған бұйымды жасауы керек. Олай болатын болса, оқушының жалпы сыныппен, жас ерекшелігіне қарай берілетін тапсырмаға қарамай, әр оқушынң ізденіс жұмысы әртүрлі болады. Құрылысы күрделі, түстік шешімі әртүрлі түстерді үйлестіріп жасаса осы тапсырма бойынша баланың деңгейі жоғары болғаны. Ал, егер құрылымы онша күрделі емес бірнеше иірімнен ғана тұратын нобай болса, онда деңгейі төмендеу деген сөз:

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен (ілгекпен) тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Бірінші кезен

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.6.4-Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

Сабақтың мақсаты:

  • нобайға сәйкес тоқыма бұйымын жасау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Ұйымдастыру


Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын айтпас бұрын оқушыларға презентация көрсетіледі. Презентацияда тоқыма бұйымдарының мысалы, сулықтар, сөмкелер және ұялы телефон қаптары т.б. заттардың фотосуреттері көрсетіледі.


Слайдтар көрсетіліп болған соң оқушыларға тақырыпты бекіту мақсатында төмендегіше сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  1. Тоқыма жұмыстары үшін қандай материалдарды қолдануға болады?

  2. Табиғи материалдардан қандай бұйым тоқуға болады?

  3. Тоқу яғни сәндік қолөнер бұйымын жасаудың адам өміріне және ағзасына қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?




Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер
https://www.youtube.com/watch?v=MSwiuVj5Bx4

hurnal.rykodelniza.ru/neobyknovenno-krasivye-salfetki-vyazanie-kryuchkom/


Жаңа білім


Практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын ілмек бізбен тоқылған бұйымдарды қарастырып, сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Сұрақтарға жауап бер:

* бұйымды қандай техникада тоқыды?

*Бұйымды немен толықтырар едің?

*Осындай бұйымдарды жасау үшін қанша уақыт қажет?

*Ұялы телефонға арналған чехолдардың қайсысының түстік гаммасы ұнамды? Неліктен?

  • Бұйымдарда сенің ойыңша тоқыманың қандай түрі қолданылған?

  • Телефонға, планшетке, құтыға арналған бұйымдар қандай жіптерден тоқылуы қажет?

  • Осындай бұйымдарды тоқу барысында неге(бұйымның өлшеміне, жіптерге, түстерге) назар аудару қажет?


Тәжірибелік жұмыстың күнделігін жүргіз:

* Ілмекпен тоқудың қандай түрлерін білесіздер?

* Ілмекпен тоқуда қандай құралдар мен материалдар қолданылады?

*Ілмекпен тоқу кестесін дайындау үшін қандай шартты белгілер мен атаулар қолданылады?

*Ілмекпен бұйымды тоқу барысында қандай қиындықтар туындады? Оны қалай шешуге болады?

Оқушылар ілмекпен тоқу барысында альбомдарына тәжірибелік күнделік жүргізу ұсынылады.

Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға жауап бере отыра, қиындықтарды жеңе алады.

Тоқуды баста:

1. Қадам: Қатар жасау. Қарапайым шалулар арқылы қатар жасау.

2.Қадам: Ілмекті шалуға кіргізу.

3 Қадам: Шалуды байлау.

4. Қайта бұрылатын шынжыр орындау.

  • 5.Өз кестесі бойынша тоқуды жалғастыру.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі


Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсетіп, мәселелерді шешеді;

шығармашылық шешімдерін жүзеге асыра отырып, экспериментке көңіл бөледі;


Тоқутүрлеріментанысу http://infourok.ru/urok-vizanie-klass-740635.html

Шыбықтан бұйым тоқу шеберханасы

http://baq.kz/news/kogam/elordada-shibiktan-buiim-toku-sheberhanasi-ashildi-foto-74496

Өрнектеп тоқу түрлері

http://bilimsite.kz/tehnologia/257-ornektep-toku-turleri.html

Қазақтың бір өнері -- кілем тоқу - YouTube

https://www.youtube-nocookie.com/embed/djz4iAUxkl0

Алаша тоқу.

https://www.youtube.com/watch?v=T5Yf336osIA




Бекіту



Кері байланыс

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?




жауаптарына пікір қалдыру.








Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен (ілгекпен) тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Екінші кезен

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

6.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақтың мақсаты:

Ілмекпен тоқылған бұйымды қазақ ұлттық мәдениетіндегі әсемдеудің үлгілерін қарастыру.

  • Тәжірибелік жұмысты аяқтау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Ұйымдас-тыру


Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

Жаңа білім

Зерттеу жұмысы.

Ілмекпен тоқылған бұйымды әсемдеу үшін безендірудің түрлері мен тәсілдерін зерттеп қарастырған жөн.

Ол үшін оқушыларға ілмекпен тоқылған бұйымдарды әсемдеудің тәсілдерін қарастырып шығу қажет.

Техникалардың атаулары:

1. Рачий шаг.

2. Пико

3. Ракушка

4. Гүлді кайма
Оқушылар схема түрінде берілген техникаларды қарастырып ең оңтайлысын таңдап алу қажет.

Бұйымды қазақ ұлттық ою-өрнектермен де әсемдеуге де болады. Ол үшін ірі бисер, маржандар, жіптер, ленталар және т.б.
Таныстырылым:

Ілмек бізбен тоқылған бұйымды презентациялау.

*Идея іске асты ма?

*Жұмысыңда не сәтті шықты?

*Қандай қиындықтар пайда болды?

*Оларды қалай шешуге тырыстың?

*Ілмек бізбен тағы да не тоқуға болады?

*Ілмек бізбен тоқу қандай дағдыларды дамытады?

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Оқушылар ілмекпен тоқылған жұмыстарын презентациялайды.

Дискриптор

Бұйымды қазақ ұлттық мәдениетіндегі әсемдеудің үлгілерін сай безендіреді.

Тәжірибелік жұмысты аяқтайды.

Презентация

Материалдар дидактикалық материалдарда көрсетілген. Қажетті материалдар: Тоқыма жіптері, ілмек біз, ине - жіп, бисер, маржандар, түймелер, ленталар, қазақтың ою-өрнектері бейнеленген шаблондар және т.б.

Тоқу түрлерімен танысу http://infourok.ru/urok-vizanie-klass-740635.html


Бекіту



Рефлексия:

* не үйрендім?

*не түсініксіз қалды?

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.









Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Шалма (тоқыма) бізбен тоқу. Шалма (тоқыма) біз және олардың түрлері. Тоқу тәсілдері мен техникалары. Бұйымның нобайын дайындау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

6.1.4.2-Материалдық шығынды анықтау (сандық көрсеткіштер)

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылар сәнді бұйымның нобайын орындауды үйренеді;

  • материалдардық шығынды есептейді;

  • нобайды түстік шешімде орындайды;

  • бір-бірінің жұмыстарына ұсыныстар жазады, оқушылар ұсыныстар арқылы қорытынды және нәтиже шығарады, өзара бағалау жүргізеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Ұйымдастыру


Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбы айтылады.

Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушыларға ауызша бірнеше сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  1. Тоқыманың қандай түрлерін білесіздер?

  2. Орындалу әдістері қандай?

  3. Шалма біздің қандай түрлері бар?

Слайды көрсетіледі.бас киім, ойыншықтар, үстел жапқыштар

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер



Жаңа білім


Тапсырма:

Шалма бізбен тоқу үшін бұйымның нобайын орындаңыз. (мысалы, жұмсақ ойыншықтар, мойынорағыш, үшкіл орамал, ұялы телефондардың қабы т.б.)

Сурет дәптерлеріне болашақта тоқылатын бұйым нобайын салуды бастайды. Ол үшін оқушылар интернет желісін пайдаланса болады. Нобайды түстік шешімде орындайды және қажетті материалдарын, өлшемін анықтап нобайда көрсетеді. Түстік шешімде орындау үшін акварель, гуашь бояуларын немесе түрлі-түсті қаламдарды қолданады.

Сұрақ:

Осы нобайға қосатын қандай ойыңыз немесе ұсынысыңыз бар?

Қандай түсте орындауға кеңес бересіз?

Нобайды аяқтау, қажет жеріне өзгерту жасау, практикалық жұмыс орындауға қажетті материалды алып келу.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріне жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар салған нобайларынан көрме ұйымдастырады.

Жұмыстарын өзара бағалау үшін екі оқушыға көк және қызыл түсті маркер беріледі. Көк түсті маркерді алған оқушы салынған нобайдың біреуін көрсетіп қызыл түсті маркердегі оқушыға сұрақ қояды.


Дискриптор:

*Бұйымды анықтай алады;

*Нобайды салады және түсте орындай алады;

*Қажетті материалын және өлшемін анықтай алады;

*Нобайын көрмеге қояды;


Иллюстрациялық материалдары: көркем кестемен сәнделген бұйымдар т.б. СҚӨ заттары.

(сурет дәптер), қалам, өшіргіш, акварель немесе гуашь бояуы.

Бекіту



Кері байланыс: SMS ұялы телефонның суреті бар парақша таратылады. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін және ойын өз досына немесе құрбысына смс яғни хат жазу арқылы жеткізеді Сабаққа 1-9 аралығында ұпай беру үшін астындағы тор көзге тиісті санды жазып бүгінгі сабақты бағалайды

Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.







Мысалы: Говард Гарднер әдісі бойынша оқушының интеллектісне сәйкес:

  • Визуалды-кеңістіктік; (көру, қолмен ұстау, сезу арқылы бейнелеу)

  • Натуралистік; (шынайы бейнелеу)

  • Интраперсоналды; (жетістік интеллектісі, ішкі дүниесін қалыпқа келтіре отырып эмоционалды бейнелеу);

  • Дене кинестетикалық; (шынайы денені, затты ұстап көру арқылы бейнелеу);




Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы). Материалдарды дайындау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.6.4 -Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

- шалма бізбен тоқу техникасын меңгереді;

- бұйымға шалма бізбен тоқуда түрлі өрнектер түсіре біледі;

- бұйымның формасын анықтайды;

  • - бұйымның түстік, реңктік қасиеттерін анықтап, талдау жасауға дағдыланады;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Түгендеу.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру.

«Мазайка» сурет сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

Жаңа білім

«Джигсо» әдісі.

Сабақтың тақырыбын анықтау үшін шалма біз, тоқыма орамал, жіп орамасы, өрнектің суреттері басылған карточкалар таңдау арқылы сынып үш топқа біріктіріледі. Әр топ өз таңдаған тақырыптарына шолу жасап, талқылайды.

Талқылау критерийі:

  1. Түрлері

  2. Қолданылу аясы

Әр топтан бір-бір спикер тағайындалып, үшеуі де бірден ортаға шақырылады және өз бұйымы жөнінде сынып алдында баяндайды.

Спикерлер түрлі нұсқалар айта келе ортақ шешімдерін шығарады. Немесе сыныптың көмегіне жүгіне отырып, сабақ тақырыбы анықталады. Презентация«Шалмабізбен тоқу өнері» атты презентация көрсетіледі. Әр топқа түрлі ілмек түрлері беріледі.

1)Беттік шалу; 2)Теріс шалу;3)Бұрама шалу; 4)Шырмаулы шалу

Шартты белгілер бойынша суретке қарап шалулардың түрлерін ажыратуға машықтанады.

Шалмабізбен тоқудан интербелсенді тақтадан мастер-класс бейнеролигі көрсетіледі Тапсырма: Шалмабізбен қуыршаққа арналған қалпақ тоқыңыз. Гүл, түйме т.б. заттармен әсемдеңіз.
«Идеялар дәлізі» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне қарап екі қатарға орналасады. «Сіздердің достарыңыз Халықаралық конференцияға жүргелі тұр. Конференцияда бүгінгі өткен тақырып бойынша баяндама жасамақшы, соған әрқайсымыз бір-бір идея тастап, досымыздың қоржынын толтырып жіберейік» деген сауал тасталады

Оқушы ортамен жүріп отырып, әр оқушының идеяларын тыңдап соңына дейін жүріп өтеді.

Қауіпсіздік техникасының сақталуы

1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Шалмабіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.

7. Шалмабізді қорабымен алып жүру қажет.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі
Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.


Практикалық жұмысты оқушылар бейнероликтен алынған мәліметтер бойынша жаттыққан шалу түрлерін қолдана отырып жеке-жеке орындайды.

1.Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?

2.Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар.

3.Сапасы және түсі әр түрлі талшықтарды араластыру жолымен алынатын қандай иірімжіпті білесіңдер?

4.Иірімжіп зат белгісіне қарап ұсынылған ілмебіздің номерін қалай білуге болады?

5. Шалудың қандай түрлері бар?

6. Классикалық тоқу түрі дегеніміз не?

Дискриптор

Шалу арақашықтығының біркелкілігін сақтайды;

Тоқылатын жіптердің түстік шешімін анықтайды;

Өрнектерді сәтті орналастырады;






www.youtube.com/watch?v=awp0Y95D17g

Практикалықресурстар:

Түрлі-түсті жіптер, қайшы, шалма біз

Бекіту


Кері байланыс. ҚҚҚ кестесін толтыру

Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.Жұмыс орнын тазалау.

Оқушылар-дың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.