Файл: Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам общеобразовательной школы.docx
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 423
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс кезіне жетістік жағдайын жасау, баланың әрбір дұрыс жауабын мадақтау маңызды. сабақты жоспарлауда қарапайым жаттығулардан күрделірек жаттығуларды орындауға көшу керек. Егер оқушы қандай да бір жаттығуды орындауда қиналса, онда оның қызығушылығы тез басылады. Сабақта әрекет түрлерін үнемі ауыстырып, баланың деңгейіне сәйкес келетін жаттығуларды таңдау маңызды.
БСА диагнозы бар оқушымен сабақтың бір бөлігі
БСА диагнозы бар балаларда, әдетте, жақсы есте сақтау қабілеті болады, ережелерді табысты меңгереді. Алайда, олардың көбісі жаза алмайды. Бұл жағдайда компьютер қолданылады. Балалар баса алатындай арнайы пернетақта болады. Қашықтықтан оқыту сабағында компьютер алдындағы жұмыстың негізгі қиындығы көп уақыт алатындығы. Компьютермен жұмыстан кейін арқа, қол және көз бұлшықеттерін босаңсытуға арналған жаттығулар жасау қажет. Бұл жағдайда видеоқатармен және видеоқатарсыз музыкалық параққа қолжетімділікті қолданған дұрыс. Осындай жеңілдегеннен кейін, кез келген оқушы сабақта әрекетін жалғастыра алады. Фонограммамен ән айту немесе «караоке» аудитивтік, дұрыс айту және грамматикалық дағдыларды дамытуға, сөздік қорды толықтыруға, тілдік дағдыларды жаттықтыруға, сондай-ақ оқытылып жатқан тілдің елі туралы мәдениет элементтерімен танысуға ықпал етеді және сабаққа эмоционалды реңк береді.
-
«Сөмкеңде не бар екенін айтып бер» жаттығуы
Жаңа сөздер түсінікті және тиімді әдістермен енгізіледі . Сөйлеу және тілдік құзыреттерді дамыту жаңа сөздер мен суреттегі заттарды сәйкестендіру, содан соң оқылған лексикалық бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, тілдік қалыптар) мен грамматикалық құбылыстарды тану және қолдануды қарастырады. «I havegot a...» үлгісін қолдана отырып, мұғалім мектеп құралдарын ағылшынша атайды, заттарды немесе суреттерін көрсетеді, ал оқушы қайталайды. Содан соң балаға мұғалімнің атаған заттарын көрсету ұсынылады. Сөйлемдердің үлгісін қолдану «ерекше» баланың ойлауын, зейінін, есте сақтауын, қабылдау мен қиялын біртіндеп дамыту үшін өте маңызды:
58
− I have got a bag.
− I have got a textbook. − I have got a pen.
− I have got a pencil.
-
«Маймылдың мектепке сөмкесін жинауға көмектес» жаттығуы Оған не алу керектігін айт:
− Chuckles, take a pen, please! − Chuckles, take a pencil, please! − Chuckles, take a bag, please!
− Chuckles, take a textbook, please!
Бұл жаттығуда бала «Мектеп» тақырыбы бойынша лексикалық білімін бекіте отырып өз қалауын айтуға, нұсқау немесе кеңес беруге үйренеді.
-
«Ағылшын алфавитінің әріптерін ата»жаттығуы
Ағылшын тілінің алфавит әріптерін қайталаймыз. «ABC» кестесі қолданылады. Бұндай тапсырманы орындау барысында оқушылардың тілдік, зияткерлік және шығармашылық қабілеттері дамиды.
Егер балаға берілген тапсырманы орындау қиын болса, алфавиттің көрнекті карточкаларымен жұмыс істеуге болады. Мұғалім:
-
«Take the letter «B», please! Show me the letter!»
Ерекше бала зейінін ұзақ уақыт бойы біртекті жаттығуларды орындауға шоғырландыра алмаса, көңілін аудару үшін компьютерде оқытатын бағдарламалар арқылы ойын жағдаяттары мен қызықты сюжеттерді қолдануға болады.
Ағылшын алфавитімен және жаңа сөздермен танысу ойын түрінде болады. Бұнда әрбір әріп пен сөзге көптеген көрнекті суреттер мен қызықты анимациялар, үздік 3Д-графика, таныс кейіпкерлер мен қиял-ғажайып атмосфера, иллюстрациялы ағылшын сөздігі, ең керек және пайдалы лексика, дауыстық және анимациялық көмектер, көптеген шағын ойындар бар.
Сабақ соңында балаға түрлі-түсті қарындаштарды немесе «Соlours» қарындаштардың суреттерін көрсете отырып түстерді еске түсіруді ұсынуға болады.
Сабақтағы айтылымда тілдік іскерліктерді қалыптастыру және дамытуға арналған осы жаттығулар коммуникативті болып табылады, яғни, оларды орындауда коммуникативті мағына бар, әлеуметтік мәдени құзырет қалыптасады. Демек, сонан соң шынайы әңгімелесуге шығу және шет тілдік мәдениетте біртіндеп әлеуметтену жүреді. Ерекше балалармен жұмыс істеуде 3 «ж» қағидасын қолданған жөн: жұмылу, жанашу және жәрдемдесу.
59
3.«Математика және информатика» білім саласының оқу
бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту ерекшеліктері«Математика және информатика» білім саласы
Республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінде 5-9 сыныптарда математиканы оқыту «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін жергілікті ұйымдарының көрсететін, мемлекеттік қызметі ретінде тегін үйде жеке оқытуы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті атқарушы ұйымдар көрсететін, арнайы білім беру саласының мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен» (бұдан әрі стандарт) реттеледі. Қарастырылып отырған стандарт «үйде тегін жеке оқыту» қызметінің көрсетілуін анықтайды және бірнеше дәйекті кезеңдерді болжайды.
Үйде оқытудың типтік жоспары бойынша математика пәнін игерудің апталық жүктемесі 5-6 сыныптарда аптасына 4 сағат (оқу жылына 136 сағат), 7-9 сыныптарда 3 сағат (оқу жылына 102 сағат) бөлінген. Яғни әр сыныпта апталық жүктеме 2 сағатқа кеміген. Үйде жеке оқыту үлгілік оқу жоспарында «Информатика» пәнін оқыту қарастырылмаған.
Осыған байланысты типтік базистік жоспарға сәйкес 5-9 сыныптарда математика курсын оқытудың, ал типтік базистік жоспар бойынша қарастырылмаса да «Информатика» пәнінен аптасына 0,5 сағат оқу жүктемесіне (оқу жылына 17 сағат) арналған келесі тақырыптық үлгілік жоспарларын ұсынамыз.
5-сынып, Математика
5-сыныптағы математика пәнінің базалық мазмұны «Натурал сандар және нөл саны», «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Пайыз» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының соңында 5-сыныптағы математика курсын қайталау кіреді.
5-сыныпта оқытудың міндеттері - жаңа мазмұнның элементтерін кіріктіре отырып, оқушылардың бастауыш білім деңгейінде (бастауыш сыныптарда) игерген математикалық білімдерін естеріне түсіру, қайталау, тиянақтау және жүйелеу; координаталық сәуле, қостеңсіздік,
натурал сандар жиыны, ондық санау жүйесі, бөлгіш, еселік, жай сан, құрама сан, жұп сан, тақ сан, жай бөлшек, жай бөлшекті қысқарту, ондық бөлшек, ондық бөлшектерді дөңгелектеу, пайыз, диаграмма ұғымдарын игеру; жай және ондық бөлшектермен арифметикалық
60
амалдар орындауда есептеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру; арифметикалық амалдар компоненттерінің өзара байланысын қолдана отырып, теңдеулерді шығару біліктігін дамыту; санның пайызын және пайызы бойынша санды табу біліктігін қалыптастыру; формулалар арқылы есептеумен таныстыру; мәтінді есептерді шығару.
20-кесте. 5-сынып математика курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау аптасына 4 сағат
№ | Тақырыптың атауы | Сағат |
| | саны |
І тарау . Натурал сандар және нөл саны | 17 | |
1. | Натурал сандарды жазу | 2 |
2. | Кесінді. Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру | 2 |
3. | Натурал сандарға амалдар қолдану | 3 |
4. | Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді ықшамдау | 3 |
5. | Теңдеу. Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару | 3 |
6. | Бұрыш. Бұрыштың шамасы. Шеңбер. Дөңгелек. | 2 |
| Бақылау жұмысы | 1 |
ІІ тарау. | Натурал сандардың бөлінгіштігі | 15 |
7. | Натурал сандардың бөлгіші және еселігі. Жай және құрама сандар. | 3 |
| Бөлінгіштіктің негізгі қасиеті | |
8. | Натурал сандардың 2, 5, 3, 9,10-ға бөлінгіштік белгілері | 3 |
9. | Дәреже. Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу | 4 |
10. | Ең үлкен ортақ бөлгіш. Ең кіші ортақ еселік. Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең | 4 |
| кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару | |
| Бақылау жұмысы | 1 |
ІІІ тарау. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану | 43 | |
11. | Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу. Жай бөлшектің негізгі | 3 |
| қасиеті | |
12. | Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сан. Бұрыс бөлшекті аралас санға | 3 |
| және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру. | |
13. | Координаталық сәуледе бөлшектер мен аралас сандарды кескіндеу | 2 |
14. | Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді салыстыру | 4 |
15. | Жай бөлшектерді қосу және азайту. | 4 |
16. | Аралас сандарды қосу. | 4 |
17. | Аралас сандарды азайту | 4 |
18. | Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту | 4 |
19. | Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу | 4 |
20. | Жай бөлшектерге амалдар қолдану | 5 |
21. | Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу | 3 |
22. | Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер | 2 |
| Бақылау жұмысы | 1 |
ІV тарау. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану | 35 | |
23. | Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай | 3 |
| бөлшекке айналдыру | |
24. | Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндеу. Ондық бөлшектерді | 3 |
| салыстыру | |
25. | Ондық бөлшектерді қосу және азайту | 3 |
26. | Ондық бөлшекті натурал санға көбейту | 3 |
27. | Ондық бөлшектерді көбейту | 3 |
28. | Ондық бөлшекті натурал санға бөлу | 3 |
| 61 | |
29. | Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу | 5 |
30. | Ондық бөлшекті 10, 100, 1000, ... және 0,1; 0,01; 0,001 ... санына көбейту | 2 |
| және бөлу | |
31. | Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану | 6 |
32. | Ондық бөлшекті дөңгелектеу | 2 |
33. | Арифметикалық орта. Мода, ауытқу, медиана | 1 |
| Бақылау жұмысы | 1 |
V тарау | . Пайыз | 13 |
34. | Пайыз | 3 |
35. | Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу | 4 |
36. | Статистикалық мәліметтерді беру тәсілдері. Диаграмма | 2 |
37. | Формула. Формула бойынша есептеу | 3 |
| Бақылау жұмысы | 1 |
5-сыныптағы математика курсын қайталау | 13 | |
Барлығы | 136 |
Смотрите также файлы
- Итоговый проект по литературе Мир пушкинской лирики в исследованиях В. А. Грехнёва Автор работы.docx
- Отчет по лабораторной работе 10 определение модуля упругости (модуля юнга) по деформации изгиба.docx
- Реферат по дисциплине Психология Влияние речи родителей на развитие речи детей раннего возраста.docx