ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 238
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Қандағы СО2 нің парциалды қысымы қаншалықты қалыптыға сәйкес келетіндігін анықтау керек. рСО2 диапазоны(орта есеппен еркектер мен әйелдер үшін 32.5 ден 46.6 мм. сын. бағ. өзгереді. рСО2 нің мәні 32.5 ден төмен немесе 46.6 мм. сын. бағ. жоғары болса , ол СО2 нің ағзадан шыққанын немесе керісінше, оның ағзада жинақталғанын білдіреді. Бірінші және екінші жағдайда да сыртқы тынысалудың белгілі бір бұзылғандығын дәлелдейді (гипервентиляция немесе гиповентиляция). Бұл бұзылыстар өкпе аурулары- мен , оттек пен көмірқышқыл газының қоршаған ортадағы концентрацияла-рының өзгерістерімен, өкпеге күштеп вентиляция жасау немесе басқа да себептермен байланысты болуы мүмкін. рСО2 нің қанда төмендеуі, газдық алкалоздың дамуына, ал рСО2 жоғарылауы газдық ацидоздың дамуына әкелетіндігін білу маңызды.
3. АВ ның SВ га қарағанда артықтығы ацидозға тән екендігін , ал SВ ның АВга қарағанда артықтығы – газдық алкалозға тән екендігін біле отыра SВ мен АВ шамаларын анықтау керек.
4. ВЕ шамасын анықтау керек (орташа есеппен еркектер мен әйелдер үшін қалыпты жағдай –3.3 до +2.3 аралығында болады). Бұл мәннің шамасы қалыптының төменгі минус шегінен төмен болса , ол ағза ацидозды жою үшін жұмсалған сілтілерін толық пайдаланып біткендігін көрсетеді, ал қалыптыдан жоғары плюс шегінен асса ,ол ағзада артық мөлшерде буферлік негіздердің (сілтілік резерв) жинақталғанын көрсетеді, ал ол алкалоздың дамығанын білдіреді.
5. Егер есепте қандағы сүт қышқылының концентрациясы (қалыпты 0.9 – 1.75 ммоль/л) болса, онда осы шамадан жоғары көрсеткіштер гликолиздің қарқынды жүріп жатқандығын және осыған гипоксия мен метаболикалық ацидоздың дамуы тән екендігін көрсетеді.
6. Қандағы кетон денелерінің концентрациялары (қалыпты 0.4 – 1.72 ммоль/л)қалыптыдан жоғары болатын есептің шарттарын қарастырғанда, ол ағзада метаболикалық ацидоздың дамығандығын және оның табиғаты диабетке тән екендігін көрсетеді.
7. Тәуліктік зәрдің және зәрдегі аммиактың титрлеу қышқылдығы (титрлеу бірлігі ТБ) – бұлар есеп шарттарын, яғни берілетін екі көрсеткіштер. Тәуліктік зәрдің қалыпты жағдайдағы ТБ гі – 10-30 мл сілті, ал зәрдегі қалыпты аммиактікі 20-50 ммоль/л. Осыдан, егер есепттің шартында осы қалыптыдан ТБ жоғары болса , онда ағзадан қышқылдық өнімдер қарқынды шығып жатыр дегенді көрсетеді , ағза осы әдіспен ацидозды компенсация -лауға тырысады (жиірек – метаболикалық ацидоз). Бір,ақ бұл көрсеткіштер- дің қалыптыдан төмендеуі , яғни қанның рНның қышқылдық жаққа ауысуы , ацидоздың басқа да теңгерілген немесе теңгерңлмеген белгілері бар екен -дігін, бүйректің бөліп шығару қызметінің бұзылғандығын және бөліп шығару ацидозының дамуын көрсетеді.
8. Көптеген есептер оған сәйкес ескертулермен берілетіндігіне көңіл аудару керек, олар қысқаша қышқылдық- негіздік күйдің неліктен бұзылғандық жағдайын сипаттайды. Есепті шығару кілті осы ескертулерде жататындық -тан, онымен алдын ала толық танысып алу керек.
ҚНК БҰЗЫЛУЫНА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ МЫСАЛДАРЫ
№ 1есеп(берілгені) · рН 7.36 · рСО2 52 мм. сын. бағ. · SB 27.5 ммоль/л · AB 45.0 ммоль/л · BE +4.0 ммоль/л № 2есеп · рН 7.24 · рСО2 69 мм. сын. бағ. · SB 18.5 ммоль/л · AB 28.0 ммоль/л · BE - 8,0 ммоль/л · Ескерту: аурудың өкпесіне жасанды вентиляция қолдану арқылы операция жасайды. № 3 есеп(берілгені) · рН 7.42 · рСО2 30 мм. сын. бағ. · SB 20.5 ммоль/л · AB 18.0 ммоль/л · BE - 4,0 ммоль/л · · Ескерту: аурудың өкпесіне жасанды вентиляция қолдану арқылы операция жасайды. № 4есеп(берілгені) · рН 7.17 · рСО2 50 мм. сын. бағ. · SB 15.5 ммоль/л · AB 38.0 ммоль/л · BE - 13.0 ммоль/л · Ескерту: ауру коматозды жағдайда жатыр . № 5есеп(берілгені) · рН 7.23 · рСО2 34 мм. сын. бағ. · SB 16 ммоль/л · AB 13 ммоль/л · BE - 11.0 ммоль/л · ТК зәрдің: 8 мл сілті · зәрдегі аммиак : 8 ммоль/л · Ескерту: ауруда диффузды гломерулонефрит. № 6 есеп(берілгені) · рН 7.56 · рСО2 26 мм. сын. бағ. · SB 24 ммоль/л · AB 17 ммоль/л · BE +4.0 ммоль/л · Ескерту: аурда бас миының шайқалуы, тоқталмайтын құсық және демікпе қоса жүреді. № 7есеп(берілгені) · рН 7.42 · рСО2 40.5 мм. сын. бағ. · SB 28 ммоль/л · AB 31 ммоль/л · BE +6.5 ммоль/л · Ескерту: ауруға натрий бикарбонатының ерітіндісі егілді. | № 1есеп(жауабы) · 1. pH қалыпты жағдайда 7.36-7.42 аралығында өзгереді. 7.35 – мәні қалыпты жағдайдың ең төменгі шегі. Сондықтан біз ацидозға қарай ығысқандығы туралы шешім қабылдауымызға болады (теңгерілген ацидоз). · 2. Қалыпты рСО2 – 32.5-46.6 мм. сын. бағ. Бұл жағдайда рСО2 – 52 мм. сын. бағ. Бұл көрсеткіш қалыптыдан әлде қайда жоғары. Сондықтан біз қанда көмірқышқыл газының өте көп жинал- ғандығы туралы шешім шығарамыз. Бұл жанама АВ ның жоғарылауына әкеледі. . 3. АВ көрсеткіші қалыптан айтарлық -тай жоғары, мұндағы ең маңыздысы, SB көрсеткіші өте жоғары. Мұндай жағдай газдық ацидозға тән. · 4. ВЕ көрсеткіші қалыпты жағдайдың шеткі жағында (+2.3), ол қанда буферлік негіздердің едәуір жиналғанын көрсетеді. · 5. Барлық талқылау тынысалудың бұзылуы нәтижесінде ағзада теңгеріл- ген газдық ацидоз пайда болды деген қорытындыға келтіреді № 2есеп(жауабы) · 1. pH – 7.24 көрсеткіші қалыптыдан (7.36-7.42) жедел қышқылдық жаққа ауысқан. Сондықтан біз бұл жағдайда теңгерілмеген ацидоз деген шешім шығаруымызға болады . · 2. рСО2 көрсеткіші (69 мм. сын. бағ.) қалыптыдан өте жоғары(32.5-46.6 мм. сын. бағ.) Бұл пациенттің қанында көмірқышқыл газының өте жоғары мөлшерде екендігін көрсетеді. · 3. SВкөрсеткіші қалыптыдан төмен (21.3-24.8), ал АВ көрсеткіші қалыптыдан жоғары (18.8 – 24.0), SB дан әлде қайда үлкен. Сондықтан біз бұл жағдайда газдық ацидоз бар деген болжамға келеміз. · 4. ВЕ көрсеткіші қалыптыдан әлдеқай- да төмен және буферлік негіздің толық пайдаланғандығын, яғни – қанның сілтілік резервінің таусылғандығын көрсетеді. · 5. Ескертуден тұжырымдағанда, қиын жағдай өкпенің гиповентиляцииясынан туған. Бұл СО2 нің ағзада жиналуына, гликолиздің қарқынды жүруіне және қанда қышқылдық метаболиттік өнім- дердің жинақталуына әкелді. · 6. Диагноз: Теңгерілмеген, аралас (газдық және метаболикалық) ацидоз. № 3есеп (шешуі) · 1. pH (7.42) қалыптының жоғары шегі, сондықтан теңгерілген алкалоз деуге болады. · 2. рСО2 көрсеткіші қалыптыдан төмен (32.5-46.6 мм. сын. бағ.). Бұл өкпенің гипервентиляциясы нәтижесінде өкпеден көмірқышқыл газы кетеді де, қанда көмір қышқылының түзілуін төмендете- ді. Бұл жағдай қанда бикарбонаттың түзілуін де төмендетеді. Бұл дәлелдене- ді: - АВ көрсеткішінің төмендеуімен (қалыпты: 18.8 – 24.0); - ағзаның сілтілік резервінің таусылған- дығымен (ВЕ – 4.0, қалыптыда –3.3 - +2.3) · 3. АВ ның SВ ға қарағанда кіші екен- дігіне көңіл аударыңыз, бұл газдық алкалоздың көрсеткіші. · 4. Сонымен, диагноз: теңгерілгенген газдық алкалоз. № 4(шешуі) · 1. pH (7.17) көрсеткіші жедел қалып- тыдан (7.36-7.42). қышқылдық жаққа ауысқан. Біз ауруда теңгерілмеген ацидоз бар деген болжам жасаймыз. · 2. рСО2 (50 мм. сын. бағ .)көрсеткіші қалыптыдан едәуір жоғары(32.5-46.6 мм. сын. бағ.), пациенттің қанында көмір- қышқыл газының жиналып қалғанын көрсетеді.Осының негізіінде пациент комаға түсіп қалды, сондықтан тынысалуы бұзылған. Жанама АВ ның мөлшері жоғарылаған (қалыпты: 18.8-24.0), себебі көмір қышқылының бір бөлігі бикарбонат түзуге жұмсалған, ол күшті ацидозды (ВЕ –13.0, сілтілік резерв толық жұмсалып біткен) компенсациялай алмайды · 3. АВ ның SВ дан көп болуы газдық ацидозға тән екендігін көрсетеді, бірақ рНтың жедел өзгерісі тек бұл себеппен ғана түсіндіріле алмайды. · 4. Талдай келе осының себептерінің бәрі , яғни комаға түсуі , ауру метаболикалық ацидозға ұшыраған. · 5. Диагноз: Теңгеілмеген, аралас (газдық және метаболикалық) ацидоз. № 5есеп(шешуі) · 1. pH (7. 23) көрсеткіші жедел қалыптыдан (7.36-7.42). қышқылдық жаққа ауысқан. Біз ауруда теңестіріл- меген ацидоз бар деген болжам жасай- мыз. · 2. рСО2 (34 мм. сын. бағ.) көрсеткіші қалыптының аймағында жатыр (32.5-46.6 мм. рт. ст.). Осыдан, ауруда газдық ацидоз жоқ деген болжам жасалады. · 3. АВ мен SВ көрсеткіштері қалыптыдан төмен. Есепті дұрыс шешуде ең маңыздысы АВ көрсеткіші деңгейінің төмендеуі, ол бикарбонатты буфердің ацидозды бейтараптай алмағандығынан шығады. · 4. ВЕ (-11.0 ммоль/л ,қалыптыда –3.3 -+2.3) көрсеткіші сілтілік резервтің толық пайдаланылып біткендігін көрсетеді. · 5. ТБ пен зәрдегі аммиактың көрсет- кіштері қалыптыдан төмен. Өте жоғары ацидоздың көрінісінен тек бұл – бүйрек метоболизм кезінде қышқылдық өнімдерді шығара алатын қызметін атқара алмады деген сөз. Бұл тұжырым ескертудегі мәліметті растайды: ауруда диффуздық гломерулонефрит расталды. · 6. Сонымен, диагноз: теңестірілмеген бөліп шығару ацидозы · № 6 есеп (шешуі) · 1. pH қалыптыда 7.36-7.42 аралығында болады. Көрсеткіш едәуір қалыптыдан жоғары. Біз ауруда теңестірілмеген алкалоз деген болжамға келеміз. · 2. Қалыпты рСО2 32.5 – 46.4 мм. сын. бағ.). Біздің жағдайда рСО2 26 мм. сын. бағ.), бір себептермен қаннан көмірқыш- қыл газы кеткендігі анық. Бұл өкпенің гипервентиляциясымен байланысты болуы мүмкін деген болжам жасауға болады –жоғарыдағы ескерту бойынша демікпе. · 3. рСО2 нің төмендеуі жанама АВ ның төмендеуіне де әкеледі, біздің жағдайда ол SВ дан кіші. Мұндай жағдай газдық алкалозға тән екендігін еске алайық. · 4. Ескертуде көрсетілгендей, ауруда тоқтаусыз құсық, сондықтан ағза көп мөлшерде асқазан сөлін жоғалтады, сонымен бірге қанда да қышқылдық өнімдер азаяды. Бұл жағдай қандағы бикарбонаттың төмендеуіне қарамастан (АВ төмен), салыстырмалы қанның сілтілік резервіңің жоғарылауын туды- рады (ВЕ +4.0). · 5. Сонымен, теңгерілмеген алкалоз- дың екі себебі бар: газдық және бөліп шығару. · 6. Диагноз: теңгерілмеген аралас газдық және бөліп шығару алкалозы № 7есеп(шешуі) · 1. pH қалыптыда 7,36-7,42 аралығында жатады. 7.42 – мәні ең жоғарғы шеткі мән. Сондықтан біз теңестірілген алкалоз деген болжам жасауымызға болады. · 2. Қалыпты рСО2 32.5 – 46.4 мм. сын. бағ.). Біздің жағдайда рСО2 40.5 мм. сын. бағ. Бұл көрсеткіш қалыптының ішінде жатыр. Сондықтан біздің жобала- ғанымыздай теңгерілген алкалоз газ- дыққа тән емес. · 3. АВ мен SВ ның көрсеткіштері қалыптан жоғары. Бұл, бикарбонаттың қанда жинақталғанын көрсетеді. · 4. ВЕ (+6.5 ммоль/л) көрсеткіші қалыптан жоғары, ол қанның сілтілік резервінің жоғарылағанын көрсетеді. · 5. Қанда бикарбонаттың және сілтілік резервінің арту себептері неде ? Ескертуге қарайық. Онда ауруға көкта- мыр арқылы натрий бикарбонаты егіл- гендігі айтылған. Мүмкін бұл қандағы ацидозды бейтараптауға керек болған шығар. Бірақ натрий бикарбонатын артық мөлшерде еккен. 6. Сонымен, диагноз: теңестірілген газдық емес экзогенді алкалоз. |
№2 САБАҚҚА АҚПАРАТТЫ БЛОК
ТЫНЫСАЛУ
ӨКПЕ БИОХИМИЯСЫ (Е.А.Бородин) және БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОТЫҒУ
(«Тынысалу жүйесі» оқу құралынан тарау, Благовещенск, 2011ж.)
Өкпе минутына толық қан көлемі түсетін ағзадағы жалғыз орган. Бұл артерия арнасымен түскен қандағы биологиялық белсенді заттарды анықтайтын ерекше сүзгінің рөлін атқаруды қамтамасыз етеді.
Биологиялық активті заттардың өзгеруіндегі маңызды рөлді өкпе капиллярларының эндотелиялары атқарады. Олар сіңіруші және ферменттік механизмдерге ие. Бірінші механизм бойынша, жасушаға биологиялық субстанциялардың түсуі қамтамасыз етіледі, онда бұл субстанция алдымен қорға жиналады, одан кейін ферменттермен активсізденеді. Екінші механизм бойынша, заттарды қорға жинамай ақ, оларды эндотелий бетінде жинақталған ферменттермен әрекеттестіріп, бірден биологиялық активті заттардың бұзылысын тудырады.
Өкпедегі сіңірілу мен ферменттік бұзылысқа ұшырайтын серотонин, ацетилхолин және аз мөлшерде - норадреналин сияқты заттар.
Өкпе брадикининді бұзатын өте күшті ферменттік жүйеге ие. Өкпе қан жүйесіне енгізілген брадикининнің 80% алдын ала сіңірілусіз, қанның бір ғана өкпеден өтуі кезінде ақ оның белсенділігін жояды. Адам өкпесінде проста- гландиннің Е және F топтарының 90-95% белсенділіктері жойылады.
Өкпенің кішкентай қуыстарында (алвеолаларында), өкпе капилляр- ларының ішкі беттерінде көп мөлшерде ангиотензинтасымалдаушы ферменттер жинақталады. Олар ангиотензин I дің ангиотензин II ге айналу процесін катализдейді
РЕНИН-АНГИОТЕНЗИН-АЛЬДОСТЕРОН ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі (РААЖ) жүрек- қантамырлық жүйесіне маңызды гуморалды әсерді қамтамасыз етеді және АД ны реттеуге қатысады. РААЖ дың негізгі бөлімі ангиотензин II (АТ11) (1сызба), ол күшті тікелей вазоконстрикторлық (қан тамырын тарылту) әсер етеді, негізінен артерияларға және жанама түрде ОЖЖға, бүйрек үсті милы қабатынан катехоламиндерді босату арқылы, альдостеронның секрециясын белсендіреді, сұйықтықтың тежелуіне және қанайналымы көлемінің жоғарылауына әкеледі, катехоламиндердің (норадренолин) және басқа да нейрогормондардың симпатикалық жалғаулардан босауын жақсартады. АТ11 нің АД ға әсері қан тамырларының тонусына және де жүрек пен тамырлардың құрылысын қайта құру және қайта моделдеу арқылы әсер етеді(6.1кесте). Сонымен қатар, ATII тамырлардың кардиомиоциттер мен тегісбұлшық етті жасушаларының өсу факторы(немесе өсу модуляторы) бола алады.
.
1сызба. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің құрылысы
Ангиотензиннің басқа түрлерінің атқару қызметтері.
Ангиотензин I РААЖ жүйесі үшін маңыздылығы жоқ, себебі ол тез АТ11 ге айналады, сонымен қатар, оның белсенділігі АТ11 ге қарағанда 100 есе төмен. Ангиотензин III АТ11 сияқты әсер етеді, бірақ оның прессорлық белсенділігі АТ11 ден 4 есе төмен. Ангиотензин 1-7 ангиотензинI дің өзгерісінен түзіледі. Оның АТ11 ге қарағанда атқару қызметі жағынан өте көп айырмашылығы бар: ол прессорлық әсер етпейді, керісінше, АДГның секрециялануы арқылы АДның төмендеуін туғызады, простагландиндердің , натрийурездің синтезін жақсартады.
РААЖ бүйректің атқаратын қызметін реттеу арқылы әсер етеді. АТ11 келетін артериолаға өте қатты қысым тудырады және нефронның шумақты капиллярларындағы қысымды төмендетеді, сүзгіленуін азайтады. Сүзгіленудің төменденуінен нефронның проксималды бөлігінде натрийдың реабсорбциясы төмендейді, ал ол нефронның дисталды каналында натрийдың концентрациясының жоғарылауына әкеледі және нефронның Na-сезімталдық рецепторларының тығыздықтарының активтелуіне әкеледі.
|
6-1Кесте
Ангиотензин II нің әсері
|
Огандар және тіндер | Әсері |
Тамырлар | Вазоконстрикция (НА, вазопрессин, эндотелин-I ді бөліп шығару), NО ның активсізденуі, ТАПты басу |
Жүрек | Инотропты(жиырылу күшіне әсер ету) және хронотропты(жиырылу жиілігіне әсер ету) әсер көрсету. Коронарлы артерияның спазмасы(жиырылуы) |
Бүйрек | Бүйрек тамырларының спазмасы ( эфферентті артериол -дарда көбірек) Мезангиалды жасушалардың жиырылуы мен пролиферациясы( жасушаның көбеюі, өсіп өнуі). Натрийдың реабсорбциясы, калийдің экскрециясы. Ренин секрециясының азаюы. |
Бүйрекүсті | Альдостерон мен адреналиннің секрециясы |
Бас миы | Вазопрессин, антидиуретикалық гормонның секрециясы. ОЖЖ ның активтенуі, шөлдеу орталығының белсендірілуі. |
Тромбоциттер | Адгезия мен агрегацияның белсендірілуі |
Қабыну | Макрофагтардың активтенуі және миграциялануы (орын ауыстыруы). Адгезия, хемотаксис және цитокиндер (ИЛ6) факторларының экспрессиясы(айқындылығы) |
Трофикалық факторлар | Кардиомиоциттер, ГМК тамырларының гипертрофиясы (қалыптан тыс ұлғаюы) Проонкогендерді, өсу факторларын жылдамдату. Матрикспен және метал- лопротеиназалардың жасушасыртылық компоненттері синтезінің көбеюі. |
Кері байланыс механизмі бойынша бұл ренин бөлінуінің тежелуімен және шумақты сүзгіленудің жылдамдығымен ілесе жүреді.
РААЖ дың қызметі альдостеронмен байланысты және кері байланыс механизмі арқылы жүреді. Альдостерон – жасушасыртылық сұйықтықтардың көлемін, калий гомеостазын реттейтін маңызды гормон. Альдостерон ренин мен АТ11 секрецияларына тікелей әсер етпейді, бірақ ағзада натрийды тежеу арқылы жанама әсер көрсете алады. Альдостеронның секрециясын реттеуге АТ11 мен электролиттер қатысады, мұнда АТ11 ні– жылдамдатады , ал натрий мен калий – оның түзілуін тежейді.
Электролиттердің гомеостазы РААЖ жүйесінің белсенділігімен өте тығыз байланысты. Натрий мен калий рениннің белсенділігіне ғана әсер етіп қоймайды, олар тіндердің АТ11 ге сезімталдығын өзгертеді. Бұл жағдайда рениннің белсенділігін реттеуде натрийдың рөлі өте маңызды, ал альдостеронның секрециясын реттеуде - калий мен натрий бір уақытта қатар әсер етеді.
РААЖның физиологиялық активтілігі натрий мен сұйықтықтарды жоғалтқанда байқалады, АД ның қатты төмендеуінде, бүйректің сүзгілеу қысымының түсуімен қоса жүретін, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің жоғарылауымен және де басқа гуморалды агенттердің (вазопрессин, жүрекше натрийуретикалық гормон, антидиуретикалық гормон) әсер етуімен қоса жүреді.
Бірқатар жүрек - қантамырлық аурулары РААЖ ның патологиялық белсенуіне мүмкіндік туғызады, жекешелеп айтқанда: АГда, созылмалы жүрек жетіспеушілігінде, жедел миокард инфарктісінде.
Казіргі кезде РААЖ тек плазмада ғана жұмыс істеп қоймайды (эндокриндік қызмет), көптеген басқа тіндерде де жұмыс істейтіні белгілі (бас миында, жүрек тамырларының қабырғааларында, бүйректе, бүйрек үстінде , өкпеде). Бұл тіндік жұйелер плазмаға тәуелсіз жұмыс істей алады, жасушалық деңгейде (паракриндік реттелу). Сондықтан, ATII мерзімді әсер ете алады, бұл уақытта оның фракциясы(бөліктері) қан жүйесінде еркін айналып жүреді. Сонымен қатар, ATII тіндік РААЖ арқылы реттелетін мерзімді ұзарту арқылы және ағзалардың құрылымдық –бейімделу механизмдерін бұзу арқылы әсер етеді.
РААЖ ның басты ферменті ангиотензин-айналдырушы фермент (ААФ), ол ΑTI дің ATII ге айналуын қамтамасыз етеді. ААФ тің негізгі бөлігі қанайналым жүйесінде болады, айналымға түсетін АТII нің түзілуін қамтамасыз етеді және қысқа мерзімді геодинамикалық әсер көрсетеді. Тіндерде АТI дің ATIIге айналуы тек ғана ААФтің көмегімен ғана емес, басқа да ферменттердің (химазалар, эндопероксидтер, катепсин G және басқалары) көмегі арқылы іске асады ; олар тіндік РААЖ ның жұмысында басты рөлді атқарады және нысана – органдардың құрылымына және моделдеу қызметіне ұзақ әсер етуін дамытады деп есептейді.