Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 459

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
шықшыт-бет, тандай сүйектері, кеңсірік желбезегі, мұрын сүйегі мен мұрынның төменгі кеуілжігі және көз қуысы сүйектерінен тұрады.

Бұлардың ішінде төменгі жақ сүйегі ғана қозғалмалы орналасқан. Қалғандары бір-бірімен қозғалмайтындай тығыз біткен. Бет сүйегінің біразы жұп (үстіңгі жақ, мұрын, көз қуысы, бет-тандай, төменгі кеуілжік сүйектері), тек үшеуі ғана жалғыз (жақ, тіл асты сүйектері) сүйектер.

Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері алғашқы 1 жаста және жыныстық жетілу мерзімінде, әсіресе 13-14 жаста күшті өседі. Дегенмен ересек адамның өзінде ми сауытының көлемі бет сүйектерінің көлемінен артық болады: нәрестенің ми сауыты бет сүйектерінен 8 есе, ересек адамда 2-2,5 есе артық.

Жаңа туған сәбидің ми сауытьшың сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жерін баланың е ң б е г і деп атайды.

Ми сауытының ондай жерлері екі-екіден самайда (жалпы саны 4), мандайда және шүйдеде бір-бірден болады. Барлығы 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады ми сауыты сүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өсіп, содан кейін өсуі тоқталады.

Нәрестенің жақ сүйектерінің т і с т е р і болмайды. Баланың тісі ең алғаш 5-6 айда өсе бастайды (сүт тістері шығады), 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістері шығады. Ең соңғы тұрақты тістері — ақыл тістері жыныстық жетілуден кейін пайда болады. Жалпы алғанда тістердің шығуы, өсуі, тұрақты тіске ауысуы баланың дене шынығуына, жетілуіне байланысты. Сондықтан жастардың тісінен олардың биологиялық жетілуін анықтауға болады.

Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін баланың тұрақты бет әлпеті қалыптасады, яғни оның түрі тұрақты болады.

Баланың сүйектерінің ерекшелігі. жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Соңдықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бұзылып, ден саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.


Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы жылы тамақтану және далаға шығып ауа жүту талаптары бұзылғанда мешел ауруы туып, жілік сүйектері, көкірек қуысы мен омыртқа сүйектері дұрыс қалыптаспайды. Бұл тұрғыдан алғанда кішкентай баланы далаға шығарып, күннің ультракүлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебі ол сәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витамині түзіледі де, минерал заттарының алмасуы дұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамыңдағы кальций, фосфор түздарының алмасуы жөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері терезенің шынысынан өтпейді, соңдықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс жетілмейді. Ауа райына қарамай баланы далаға шығарып отырса, тіпті өте қалың киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі.

Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22 %-ндай ғана (ересек адамда 45-40 %) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олар бір-бірімен тарамыс ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі) Қаңқа еттері негізінен көлденең салалы еттерден тұрады. Қаңқа еттерін көлденең салалы ет ұлпаларынан тұратын, құрамында дәнекер үлпасы, нервтер және тамырлары бар мүшелер деп есептейді. Сырт құрылысына қарасақ, бұлшық еттер сіңір басынан басталып, еттің денесі немесе айьшы сіңірмен аяқталады. Бұлшық еттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Олар ұзын салалы, қысқа, жалпақ, ромба, квадрат, трапеция т.б. тәрізді болып келеді. Бұлшық еттің екі басы болса, оны ж а й қарапайым ет деп, үш немесе одан да көп бастары болса, күрделі ет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты еттерді бір буынды, қос буынды және көп буынды деп болуге болады. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Бұлшық еттердің орналасуына қарай, яғни топографиялық орнына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, қүрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Жалпы алғанда денеде 327 жүп еттер мен 2 сыңар ет бар.

Бұлшық еттердің қызметі олардың негізгі қасиеті — жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бүлшық етті қоздырады. Нерв импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін еттің қ о з ғ ы ш т ы ғ ы немесе қозғыш қасиеті дейді, еттің қозғыштығы оның қызмет дәрежесін, яғни-жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Қозған еттің клеткаларының зат алмасуы, биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Бұлшық еттің қозуды өткізу жылдамдығы онша кеп емес, 5 м/сек шамасында.



Бұлшық еттер жиырылғанда көп қуат жұмсалады. Жиырылған еттің қысқаруы шарт емес, кейде, керісінше, ұзаруы да мүмкін. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалындығына байланысты. Еттің к ү ш і деп оның ширау қабілетін айтады. Еттің ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға қатысу саны мен жуандығына байланысты. Жиырылу күші кей кезде бірнеше килограмға жетеді. Сондықтан неғұрлым ет жуан болса, соғұрлым күшті болады, Бұлшық еттің күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Дегенмен денедегі барлық бұлшық еттер бір мезетте жиыралса, олардың күші 25-27 тоннаға дейін барады, бірақ табиғи жағдайда бір мезгілде жиырылатын еттер саны анағұрлым аз болады. Бұлшық еттің күші оның құрылысына да байланысты. Олардың сыртын ф а с ц и я деп аталатын бұлшық ет қабығы жабады. Бұлшық еттердің қан тамырлары көп болады. Қан тамырлары арқылы етке түрлі қоректік заттар, оттегі тасылып, зат алмасуынан пайда болған қажетсіз заттар мен көмірсу қышқылы шығарылады. Бұлшық еттердің лимфалары да көп болады.

Бұлшық еттерде көптеген нерв ұштары - рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.

Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Алғашқы жылы ең алдымен құрсақ еттері дамиды да, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты жыл аяғында аяқ-қол және арқа еттері өсіп дамиды. Жыныстық жетілу кезінде жас өспірімдердің жілік сүйектерінің өсуіне қарай олардың сіңірлері де өседі. Бұл кезде бұлшық еттер ұзарып, жіп-жіңішке болып көрінеді. Сондықтан жас өспірімдердің аяқ-қолдары сорайып көрінеді. 15-16 жаста еттер толып жуандай бастайды. Бұлшық еттердің дамуы негізінде 25-30 жасқа дейін байқалады.

Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қабілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін хронаксия (лат.хронос-уақыт) деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен с и г м а, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді. Баланың жасы ұлғая келе хронаксия уақыты азаяды. Мысалы, жаңа туған сәбидің екі басты бұлшық етінің хронаксиясы 0,6-0,9 сигма, 1-2 жаста 0,2-0,22 сигма, 4-6 жаста 0,11 сигма, ересек адамда 0,1 сигмаға тең.


Баланың қимыл-қозгалыстарының дамуы

Баланың қимыл-қозғалысы. Жаңа туған нәрестенің денесінің, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ олар дұрыс үйлеспеген, еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмірінде көріне бастайды: ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды ұстап үйренуге жене еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Соның нәтижесінде нәресте көзіне түскен затты ұстай алады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Баланың көру жөне қозғалыс жүйелері жеке-жеке қызмет атқарса, 3-6 айда бір-бірімен үйлесімді көру-қозғалыс жүйесіне айналады. Бұл күрделі жүйенің пайда болып дамуы ұзақ уақытқа созылады. Алғаш кезде көру арқылы тек қана сыртқы орта туралы мәліметтер жиналады. Кейіннен қозғалыстары көру жүйесінің бақылауында болып, біртіндеп орындалатын күрделі қимылдарға айналады. Екінші сигнал жүйесінің дамуы қозғалысты реттеуші жүйенің пайда болып, дамуына ықпалын тигізеді. Нәрестеде үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдары қалыптасады, ал соның негізінде саналы қозғалыс қимылдары жетіледі.

Кеңістікте белсенді қозғалуға байланысты пайда болатын дененің еркін қимылын локомоция деп атайды. 1 жаста жалған локомоция немесе локомоторлы архаизм (тарихи даму жолын қайталау) деп аталатын е ң б е к т е у қабілетіне байланысты дамыған шын локомоция пайда боладыі Қозғалыстың даму тірек-қимыл жүйесі мен жүйке жүйесшің дамып жетілуіне байланысты. Жүру, жүгіру, секіру, шапқылау т.б күрделі қимылдар және оларды дұрыс бағыттау қабілеті 3-5 жаста жетіледі. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы және 1-2-ші сынып оқушыларының қозғалысын дұрыс үйлестіру механизмдері еркін жетіле қоймайды. Бірақ олар күнделікті тіршілікке қажетті қимылдарды, жазу, сызу, сурет салу т.б. қозғалыс әрекеттерін игеріп үлгереді. Тұрақты жаттығу арқылы балаларда үйлесімді қозғалу дамиды.

Қозғалудың дамуы біркелкі емес, гетерохронды түрде болады. Қозғалудың ең күшті дамуы 3-6 жаста байқалады. Мысалы, жүмыс істеу үзақтығы 3 жаста - 80 сек, 5 жаста-120 сек, ал 10 жаста- 200 сек болады. Жұмысқа төзімділіктің артуы және мүшелердің бұлшық еттерінің жұмыс мерзімі көбейіп, демалыс мерзімінің азаюынан болады. 6-7 жаста синхронды (грек.
синхронос - бірнеше құбылыстың уақыт жағынан сәйкестігі) еңбек реттеледі.

болуынан. Біздің және шет елдердің ғалымдарының айтуынша үйлесімді қозғалыстың дамуы қозғалыс кезіндегі коррекциялау (лат. коррекция - түзету, жөндеу) қабілетінің дамуына байланысты. Мүндай жөндеу шеттегі жағдайға байланысты қимыл жоспарын салыстыру арқылы жасалады. Бұларға қоса орталық жүйке жүйесіне басқа рецепторлардан (көру, вестибулярлық, тактильдік, дыбыс) келген импульстердің маңызы зор.

Сонымен, қозғалысты реттеуші механизмдерге ми қыртысындағы қүрылымдар, эфференттік және эфференттік кері байланыс жолдары жатады.

Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстардың маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы қозғалыстарын көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы жылдары балаларда г и п о -динамияның(қараңыз: лат. гипо + динамика-қозғалыс) белгілері пайда бола бастайды. Гиподинамия деп бүлшық еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады.Бұл көбінесе бала аз қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бүзады. Себебі нерв-ет, жүрек-қан тамырлары, тыныс т. б. жүйелердің қызметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минуттан кейін-ақ жиырылатын бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары