Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 460

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе үзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минуттен артық тік тұрғызуға болмайды.

Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдылану қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдылағанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.

Бақылау сұрақтар?

  1. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы және құрылысы қандай?

  2. Бала сүйектерінің өсіп-жетілу ерекшеліктері қандай?

  3. Белсенді қозғалыс жүйесіне не жатады?

  4. Баланың қимыл-қозғалыстарының даму ерекшеліктері қандай?

  5. Баланың дамуына қимыл-қозғалыс қалай әсер етеді?

6.Тірек-қимыл жүйесінің кемшіліктерінің алдын алу гигиенасы қандай?


Лекция №9

Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі


9.1. Бұлшықеттің құрылысы, түрлері
Жоспары:
9.2. Бұлшықеттердің қызметі

Мақсаты: Бұлшықет туралы жан жақты білім беру

Лекция мәтіні:

Бұлшық ет қозғыш тіндердің бірі,басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер - козғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшық еттің ерекше қасиеті - жиырылу. Ет тіннің қозғыштық дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анықталады. Көлденең жолақты қаңқа еті жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда төмен болады. Бірыңғай салалы бұлшықеттің қозғыштық дәрежесі жүрек етінікінен де төмен, демек, ол бұлшықеттің тітіркендіру табалдырығы бәріненде жоғары болады. Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшандығы сомалық жүйке талшықтарынікінен көп төмен.

Бұлшық ет ұлпасы (muscle) — дене, ас қорыту, фокусировка, айналу және дененің температурасын ұстап тұру тәрізді қызметтерді орындау қозғалыстарын қамтамасыз ететін жиырылғаш ткань. Жиырылғыштық қасиеті арқасында бұлшық ет тіндері өздерінің басты функциясын – қозғалысты қамтамасыз етеді.Олар қаңқаның интіректерін қозғалтып, кеңістіктегі орнын ауыстырады,миокардтың ритмикалық(ырғақты) жиырылуын,тамырларда қанның циркуляциясын (айналысын),ішектің перистальтикасын (толық жиырылуын) жұмысын,тамырлардың және ішкі қуысты мүшелердің тонусын (қуаттылығын) қамтамасыз етеді.Жиырылғыштық тек бұлшық ет тіндеріне ғана тән қасиет емес,ол әр түрлі дәрежеде барлық дерлік жасушаларға тән.Бұл олардың барлығына актин және миозин қысқартқыш арнайы ақуыздарының болуына байланысты.Тармақталған, жүрек және тегіс бұлшық еттер бар, басқаша айтқанда, фазалық және сергіткіш (жылдам немесе тиісінше біртіндеп реттеуге жауап беретін) бұлшық еттер бар. Микроскоппен қарағанда талшықтары тармақталған болып көрінетін бұлшық еттер өз еркімен қозғалуға жауап және орталық жүйке жүйесінен түскен сигналдарға жауап ретінде пайда болатын жиырылыстардың көмегімен денені қозғалтады; миозина жуан жіптерінің арасындағы жіңішке актина жіптерінің сырғанауы жиырылуды қысқартады; ткань рецепторлары қозғалыстың бірқалыпты қозғалысын және моториканы жеңіл бақылауды қамтамасыз ететін кері байланыстың созылуын қамтамасыз етеді.Тегіс бұлшық еттер – ішкі орган мен қантамыр бұлшық еттері, еріксіз және сергіткіш болып табылады, оның жасушалары бәрі бірге немесе бөлек-бөлек (жеке жүйке бөліктеріне жауап ретінде) жұмыс істеуі мүмкін және пішіндері әртүрлі болады. Ерікті бұлшық еттердің ауруы салдарынан әлсіздік, атрофия, ауру және жыбырлау туындауы мүмкін. Кейбір жүйелі аурулар (мысалы, дерматомиозит, полимиозит) бұлшық еттің қабынуына әкеп соғады.


Адам мен омыртқалы жануарларда кездесетін ет тіні құрылымына қарай көлденең жолақты қаңқа еті, көлденең жолақты жүрек еті және бірыңғай салалы ет болып үшке бөлінеді. Көлденең жолақты еттер қатарына қаңқа еттері, тіл, көз, жұтқыншақ, көмей, өңештің жоғарғы бөлігіндегі еттер жатады. Қаңқа еттерінің қызметі ми қыртысымен тығыз байланысты, сондықтан олар адам денесінде ерікті қимыл-әрекеттерді қамтамасыз етеді.

Бірыңғай салалы бұлшықеттің де адам (жануар) үшін маңызы өте зор. Ол теріде, ішкі ағзалардың, сөл мен несеп түтіктерінің, қан және лимфа тамырларының, өкпе, кеңірдек, жыныс ағзаларының қабырғаларында орналасқан. Бұл ет аталған қуысты ағзалар мен түтіктерді кеңейтіп тарылтады да бүкіл ішкі ағзалар қызметіне әсер етеді.

Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері:

Бұлшық ет қозғыш тіндердің бірі, демек, басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер - козғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшық еттің ерекше қасиеті - жиырылу. Ет тіннің қозғыштық, дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анық-талады. Көлденең жолақты қаңқа еті жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда төмен болады. Бірыңғай салалы бұлшықеттің қозғыштық дәрежесі жүрек етінікінен де төмен, демек, ол бұлшыкеттің тітіркендіру табалдырығы бәріненде жоғары болады. Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшандығы сомалық жүйке талшықтарынікінен көп төмен. Қозу ет талшығы сарколеммасын бойлай әртүрлі жылдамдыкпен, атап айтқанда: қаңқа етінде секундіне 3,5-14 м, жүрек етінде 0,9-1 м, ал бірыңғай салалы етте 0,5 мм-ден 5-10 см-дей жылдамдықпен тарайды. Ет тіні созылғыш (серпімді) келеді. Оның созылғыштығы резеңкеге қарағанда шүбәсіз, яғни босатқанда ет талшығының ұзындығы тура бастапқы созбай тұрғандағы қалпына келеді.

Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті - жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының қысқарып қатаюы (тонусының жоғарылауы). Жүрек еті мен кейбір бірынғай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етті адам (жануар) өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып -жазылуын және автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке жүйесі реттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса немесе түрлі себептермен ет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы өзгеріп, семіп қалады (атрофия).



Қаңқа бұлшық ет тіні бір даму көзден – мезодерманың дорзалді бөлігі болып табылатын сомиттердің ортаңғы бөліктері – миотомдардан дамиды.Бұл тіннің гистологиялық элементі жасуша емес,ал миосипласт пен миосателлитоциттерден тұратын көлденең жолақты бұлшық ет талшығы .300 миллионға жуық бұлшық ет талшықтары будаларға бірігіп,шамамен 600 қаңқалық (сомалық) бұлшық еттерді құрайды.Жарық микроскоп арқылы зерттегенде,бұлшық ет талшығының пішіні,ұштары сүйір аяқталатын созылыңқы көлденең - сызылған цилиндрге ұқсайды. Қаңқа бұлшық еттері жұмыс істеген кезде қан айналымы 60-80 есеге күшейеді, ал, ми мен асқазан-ішек жолдарында ол 8-10 есеге ғана өседі. Қазіргі таңда қаңқа бұлшық еттері белгілі бір жиелікпен жиылатындығы, сол кезде жанында орналасқан тамырларға, әсіресе жүрек пен көктамырдың біріккен жерінде насос ретінде жұмыс істейтін, жүрекке қарағанда 2-3 есе күшті жұмыс істейтін капиллярларға әсер ететіндігі дәлелденген. Міне осы перифериялық жүрек болып табылады. «Перифериялық жүрек» миды одан да қарқынды жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұлшық еттер әлсіз болған сайын, адам стрессті жағдайды оншалықты қиын өткереді. Капиллярлар қаншалықты шыныққан болса, жүрекке жүктеме соншалықты аз болады.Көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының қалыпты морфофункционалық жағдайын қолдау физиологиялық регенерация арқылы қатамасыз етіледі.Осы тұста талшықтың ескі және бұзылып жатқан құрадастары(миофибрилдері,митохондриялары) жаңа органеллаларға және саркоплазманың басқа құрылымдарына алмастырылады.Бұл процесс екі механизмдер арқылы жүзеге асырылады:1) жасушаішілік регенерация – бұл жағдайда симпласттың жаңа миофиламенттері,мембраналық құрылымдары саркоплазмасының синтездік аппаратының (ЭПТ,Гольджи коплексі,бос рибосомдар) активациясы есебінен түзіледі; 2) жасушалық регенерация – миосателлитоциттердің пролиферациясы мен миобласттарға дифференциялануы есебінен өтеді.Жаңа миобласттар бұлшық ет талшығының миосимпласттық бөлігі құрамына қосылып,құрылымдарының табиғи шығынын толықтырып тұрады.Көлденең жолақты бұлшық ет тінінің репаративтік (зақымданғаннан кейінгі) регенерациясы да жасушалық және жасушаішілік деңгейлерде атқарылады.

Бұлшық еттердің жасқа және өмір салтына байланысты өзгеруі. Бұлшық ет талшығының ұзындығы және жуандығының өсуі есебінен жасөспірімдермен ересектерде бұлшық ет тінінің көлемі ұлғаяды. Егде адамдардың қаңқа бұлшық ет тіндерінің ультраструктуралық өзгерістері талшықтың симпласттық та және жасушалық та бөліктерінде байқалады. Нақтылы айтқанда, базальді мембранасы қалыңдайды, миофибрильдердің құрылымдық ұйымдасуы бұзылады,олар көлденең жолақтығынан айырылады, жеке фрагменттерге ыдырайды, Z- сызық «ыдырап кетеді».Елеулі өзгерістерге митохондриялар ұшырайды, олар сарколемманың астында жиынтықтар құрып, гипертрофияға немесе керісінше, дегенерацияға ұшырайды. Миосателлитоциттер бұлшық ет талшығының симпласттық бөлігінен бөлініп шығып,жайылып өсіп келе жатқан дәнекертінді қабатшаға өтіп кетеді. Қарастырылған жасқа байланысты өзгерістердің салдарынан бұлшық еттің регенерациялық потенциалы азаяды, бұлшық еттердің тұтқұрлығы және серпінділігі төмендейді, олар тез шаршайтын болады. Бұлшық еттердегі өзгерістер өмір салтына да, мысалы физикалық жүктее көлеміне байланысты өтеді. Жаттықтыру арқылы бұлшық етке түсетін жүтеме көлемін өсірген жағдайда,бұлшық ет талшықтарының диаметрі үлкейіп,саны да өседі. Нәтижесінде бұлшық еттің массасы ұлғаяды. Бұл өзгерістердің негізінде саркоплазма компоненттерінің – митохондриялардың көбеюі,миофибрилдерінің саны мен диаметрі өсуі және де миосателлитоциттердің пролиферациясы, дегенерациялануы жатады.


Жүрек бұлшық ет тіні миокардты – жүректің бұлшық ет қабығын құрайды. Миоқұрылымы бойынша жүрек бұлшық ет тіні көлденең жолақты бұлшық ет тіндеріне жатады,себебі он кардиомицит деп аталатын жасушаларында көлденең сызылымды миофибрилдері бар.функциялық ерекшеліктеріне байланысты жүрек бұлшықет тіні еріксіздерге жатады.Жүрек бұлшық етінің тармақталған талшықтары оның торлы құрылымды болуын қамтамасыз етеді; жиырылыс жүрек бұлшық еттері жүректің табиғи ырғағының сигналы бойынша тікелей тканьде пайда болады; жылжымалы жүйке мен жүйке жүйесінің бөлігі жүрек жиырылысының жиілігін бақылайды.Жүрек бұлшық етініңтармақталған талшықтары оның торлы құрылымды болуын қамтамасыз етеді; жиырылыс жүрек бұлшық еттері жүректің табиғи ырғағының сигналы бойынша тікелей тканьде пайда болады; жылжымалы жүйке мен жүйке жүйесінің бөлігі жүрек жиырылысының жиілігін бақылайды.Қалыпты тіршілік әрекеттері барысында жүрек бұлшық ет тіні көп көлемді қанды өмір бойы қан айналым жүйесіне айдап,орасан зор жүктеме – салмақ көтереді.Бұл кезде кардиомициттер цитоплазмасының құрылымдық құрамдастары – жалпы және арнайы маңызды органеллалары әрдайым тозып,ескіріп отырады,тіпті жасушалардың өздері де өлуі мүмкін.Жүректер бұлшық ет тінінің жасушалық регенерациясы,яғни кардиомициттердің митоздық бөлінуі арқылы қалпына келуі физиологиялық жағдайда да және де зақымданғаннан кейін де мүмкін емес,себебі гистогенез барысында кардиомициттер митоздық бөліну қабілетінен қайтымсыз айырылған.Ал жаңаруының жалғыз ғана әдіс – амалы болып жасушаішілік регенерация қалады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұлшықет қандай қызмет атқарады?

  2. Бұлшықеттің қандай физиологиялық қасиеттері бар?

  3. Жүрек бұлшықеті деген не?

  4. Қаңқа бұлшықеті деген не?


Лекция №10,11

Тақырыбы: Қан және қанайналу жүйесінің жас ерекшеліктері.
Жоспары:

10.1. Организмнің ішкі ортасы – қан, ұлпааралық сұйықтық, лимфа.

10.2. Қан жүйесі, қанның жасалуы


11.1. Жүрек, оның құрылыс мен қызметі

11.2. Үлкен қан айналу жүйесі
11.2. Кіші қан айналу жүйесі
Лекция мақсаты: Қан және қан тамырлары, жүректің құрылысы мен танысу.

Лекция мәтіні:

1.Қан - жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар улы заттар пайда болады.


Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бұл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады.

Қан өндіру ұрықтық кезеңде басталады. Бұл кезде қан сары денеде, бауырда, көк бауырда және сүйектің кемігінде өндіріледі. Ұрықтың мүшелері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан ұрықтың 2-3 апталық кезеңіңде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады.

Б а у ы р ұрықтың 3-4 апталық өмірінде пайда бола бастайды. Жаңа туған сәбидің бауыры оның құрсақ қуысының 2/3 бөлігін алып жатады. Туғаннан кейін алғашқы айлардан бастап бауырдың аумағы кішірейеді де, 3-4 жаста бауырдың аумағы ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің бауырының салмағы жалпы денесінің 4,33 %-ына тең болса, ересек адамда ол 2,85 %-ға тең. 8-10 айда бауырдың салмағы 2 есе, 2-3 жаста 3 есе артады.

Бауырдың атқаратын қызметі өте көп. Ол барлық зат алмасуға қатысады, қорғаныс және усыздандыру қызметтерін атқарады. Ұрықтық кезде бауырдың қан өндіретін мүше ретіндегі маңызы күшті болады. Ұрықтың 5 апталық өмірінде ол қан өндірісінің орталығына айналады, ал бала туарда бауырдың бұл қызметі тоқталады. Дегенмен бала туғаннан кейін қан өндіру мүшелерінің қызметі әлсіз болғанда бауырдың қан өндіру қызметі жалғасады.

Ұрықтың 14 апталық өмірінде көк бауырда қан өндіру басталады. Ұрықтың көк бауырында қан клеткаларының бәрі де өндіріледі. Жаңа туған сәбидің көк бауырының салмағы баланың денесінің жалпы салмағы мен ұзындығына байланысты болады. Баланың денесі өсе келе, көк бауырының салмағы да артады. 5 айда оның салмағы жаңа туған кезіндегі салмағынан 2 есе, 1 жаста 3 есе, 10 жаста 10 есе артады.

Сүйектің қызыл кемігі ұрықтық мерзімнің 4-ші айында қызмет ете бастайды да 6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Бала туар кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек "майына" толы болады. Ол негізінен қан клеткаларынан түрады. Тек 3-4 жастан бастап қан клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды да, 7 жаста майлы сүйек кемігі жілік сүйектерінің бастарында ғана қалады. 15 жаста барлық жіліктер майға толады деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан жіліктегі қызыл кемік маймен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіңдегі қан ендіру қызметі 3 жаста, 7, 10 жөне 13 жаста маңызды орын алады.