Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 456

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Лимфа түйіндері үрықтық кезеңнің 2-ші айында қан тамырлары жолының бойында пайда бола бастайды да, кейбіреулері бала туғаннан кейін түзіледі.4-8 жас арасында лимфа түйіндерінің ретикуло-эңдотелиалдық жүйелері күшті дамып, 8-12 жас аралығында лимфа түйіні мүше ретінде толық жетіледі.Лимфа түйіндерінің құрылысы баланың денесінің барлық жерінде біркелкі емес, олардың құрылысы тұрған орнына байланысты: терең орналасқан лимфа түйіндерінен горі тері астындағы лимфа түйіндерінде трабекулалар кобірек болады: Дененің тұла бойындағы және аяқ-қолдардағы түйіндердің милы қабаты күштірек дамиды, ал кеуде қуысы мен құрсақтағы түйіндердің милы заттары көбірек болады. "Лимфа түйіндерінің аумағы баланың жасы ұлғая келе өседі Лимфа түйіндері тікелей қан өндіру қызметінен басқа қорғаныс, сүзгіш, фагоцитарлық және лимфа сүйықтығының қозғалысын реттеу қызметтерін де атқарады.

Қан өндіру мүшелері қанды кан клеткаларымен қамтамасыз етеді және бірінің қан өндіру қызметі бұзылса, басқа мүшелер оның орнын басады. Қан өндіру мүшелерінің бері құрамындағы фагоцитарлық қасиеті бар ерекше клеткалардың көмегімен қанды бактериялардан, елі клеткалардан тазартады.Ұрықтың алғашқы апталарында сары денеде түзілген қан клеткаларында пигмент болмайды, кейіннен ғана гемоглобині бар эритроциттер түзіледі. Сары денеде лейкоциттер өндірілмейді. Бауырда ядролы және ядросыз эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер өндіріледі. Лимфа түйіндері мен көкбауырда эритроциттер, дәнді лейкоциттер, сүйек кемігінде эритроциттер мен тромбоциттер өндіріледі.Қан өндіру мүшелерінің қызметі жүйке жөне гуморальдық жолдармен реттеледі.Балалардың қан өндіру қабілеті сыртқы және ішкі орталардың жағдайларына байланысты болады. Тамақ, оның құрамыңдағы витаминдердің мөлшері, ауру, дене шынығу қалпы, сыртқы ортаның экологиялық жағдайларының қан өндіру қызметіне әсері күшті.

Қанның атқаратын қызметі. Қан дегеніміз формалы элементтер (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) мен плазмадан тұратын сұйық. Плазма құрамы күрделі ертінді болып табылады (тұздар, белоктар, зат алмасу өнімдері және т. б.).

Жаңа туған баланың организміндегі қан дене салмағының 14,75% құрайды, 15 жастағы балада — 8,25%, ал ересек адамда салмағының 8,3%-ін (1/14) құрайды.

Қан әр түрлі қызмет атқарады: зат алмасу мен сыртқы (өкпемен) тыныс алу процесіне белсене қатысады, барлық органдар мен тканьдерді оттегімен қамтамасыз етіп, оларды көмір қышқыл газынан арылтады, организмде қышқыл сілті тепе-теңдігін сақтайды, организмді инфекидядан қорғайды.


Қан, лимфа және тканаралық сұйық — организмнің ішкі ортасын құрайды, бұл оның физикалық және химиялық құрамының (гомеостаз) салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Бұл тұрақтылық – әр түрлі органдар тканьдерінің және бүкіл организмнің ойдағыдай қызмёт етуі үшін қажетті шарт.

Эритроциттер. Бұл формасы жағынан екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз клеткасы, олардың құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындылары арқылы көрсетілтен.

Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1 мл кубте — 7,2 млн, 5—6 айлықта 4—4,5 млн. болады. 1 жастан кейін олар кәмелетке толғанға.дейін бірте-бірте көбейе береді де ересектердегі секілді 1 куб. Мл-де 4,5—5 миллионға жетеді. Олар 30 күннен 120 күнге дейін өмір сүреді. Организмнен тыс кездің өзінде белгілі бір жағдайда олар бір айдан кем өмір сүрмейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80—81%, 10—11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85%-ке дейін болады. Құрамы 100% болғанда 100 мл қанда 17,3 г гемоглобин болады. Оның мөлшерінің 70%-тен төмен болуы (100 мл қанда 14 г) қан азайғандық немесе анемия деп аталатын ауруды керсетеді.

Балалар мен ересектер эритроциттерінің тұну жылдамдығы бірдей – бір сағатта 4-12 мм. Өкпе қабынғанда, грипп, туберкулез және басқа аурулар кезінде СОЭ сағатына 20-50 мм болады.

Қанның құрамы және оның физикалық, химиялық қасиеттері. Қанның құрамы өте күрделі. Қан пішінді элементтер, яғни қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қанның пішінді элементтеріне қанның қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер және қызыл пластинкалары тромбоциттер жатады.. Қанның бұл клеткалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын құрады. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор тұздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, түрлі витаминдер, холестерин заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, а, (3, углобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады.



Қанның меншікті салмағы ересек адамда 1,055-1,063 кг/м3. Жаңа туған нәрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1,060-1,080 кг/м3. Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1,050 кг/м3 шамасына дейін төмендейді де кейіннен қайта көтеріліп ересек адамдікіндей болып, өмір бойы сол мөлшерде сақталады.

Қанның тағы да бір физикалық қасиеті - оның т ұ т қ ы р л ы ғ ы. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. Судың тұтқырлығы 1-ге теңдеп алынса, жаңа туған сәбидің қанының тұтқырлығы алғашқы күндері 10,0-14,8 болады. 1-ші айдың соңында ол 4,8 дейін төмендеп шамамен тұрақты болып, осы күйінде сақталады. Оның ауытқуы онша көп емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 4,6, 1-3 жасқа дейін 4,57, 3-15 жас арасында 4,61 шамасында болады. Дегенмен 8-11 жас арасында ғана қанның түтқырлығы айтарлықтай 2,9-дан 5,5-ке дейін (орта шамамен 3,9) ауытқиды деген мәліметтер кездеседі. Қанның түтқырлық шамасы жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 4,6, ал қыз балаларда 4,58-ге тең болады.

Қан плазмасының тұтқырлығы оның жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 1,88.

2.Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзгерістері. Жаңа туған сәбидің қанынның мөлшері дене салмағымен үйлестіре алғанда, жасы үлкен балалар мен ересек адамдардан анағұрлым көп. Қанның мөлшері туралы айтылғанда денедегі қан айналымындағы мөлшерін айтады. Қанның жалпы тұтқырлығы алғашқы күндері жоғары болып, 1-ші айдың соңыңда төмендейді де, осы мөлшерде шамамен тұрақталады, бірақ қан құрамындағы клеткалардың санына байланысты өзгермелі келеді. Ал қанның плазмасының тұтқырлығы 4 жасқа дейін төмеңдеп, содан кейін ғана тұрақтанады. Қанның құрамында кейбір заттардың мөлшерінің бала денесіне жеткіліксіз екенін баланың тамақ талғауынан білінеді. Мысалы, кальций жетіспеген жағдайда балалар бор, көмір, үйдің қабырғасындағы әкті, балшықты жейді, ал глюкоза жетіспесе, тәтті тағамдарға зауқы тартады.

Сыртқы ауада оттегі жетіспегенде көптеген балаларда "биіктік ауруы" пайда болады: әлсіздік байқалады, басы жиі ауырады, ұйқы "басады" (ұйқышыл болады). Ал егер оттегенің жетіспеушілігі ұзаққа созылса, балада селқостық күшейіп, өмірге қызығудан.Жалпы алғанда қанның химиялық құрамы тұрақты болады. Оның құрамыңдағы белоктың мөлшері жаңа туған сәбиде шамамен 5,8%, ал мезгілінен ерте туған нәрестеде сәл аздау - шамамен 4,44-4,48 %. Есейе келе белоктың мөлшері көбейеді Дегенмен алғашқы 3-4 жылда белоктың мөлшері біршама өзгеріп ауытқып тұрады. Ол кездегі ауытқу шамасы 7-8%. Жалпы алғанда адамның жасына байланысты қанның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың мөлшерін зерттеушілер әртүрлі етіп береді. Бірақ айырмашылық онша көп бола қоймайды.


Қанның құрамындағы белоктың түрлерінің бір-біріне қатынасының да жас айырмашылықтары бар. Айталық, жаңа туған сәбидің қанындағы альбумин 57,71 - 56,78%

Қанның құрамыңдағы белоктың түрлерінің мөлшерінің де жас айырмашылықтары бар: глобулиндері 42,29 - 43,22%. Альбуминдері 6 айға дейін біртіндеп көбейеді (59,25%), 3 жаста 58,97 %. Ал глобулиндері төмендейді де, 3 жастан аса тұрақталады. 7-15 жаста ересек адамның альбумині мен глобулинінің қатынасындай болады. Қандағы глобулиндер бала туған сәтте жоғары болады да 1 жастан әрі төмендейді.

Глобулиндердің , Р, у түрлерінің мөлшері де осы заңдылықта байқалады. глобулиндер жарты жасқа дейін жоғары (4,23-5,43%) болып, 3 жаста 3,09% болады; ос2 глобулиндердің мөлшері алғашқы жарты жылда жоғарырақ (10,73-11,45%), ал 7 жастан аса ересектердегідей (9,20-9,98%) болады. р глобулиндер де туған кезде жоғары болып, 7 жастан аса ересек адамдардағы мөлшерге жуықталады. у глобулиндер туған кезде коп болады да, алғашқы 3 айда ұрықтық глобулиндер ыдырап 3 жаста ересектердей 17,39 % болады. Бұл жағдайда есінен айырылады, есінен танған адам сияқты жүреді, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Минерал тұздарының жалпы мелшері ересек адамда 0,90-0,95%. Мүның ішінде калий, натрий, кальций, фосфор, мыс, кремний, титан, марганец, темір көптеген элементтер бар. 3 жасқа дейін калий, кальций, натрий түздарының мөлшері аздап жоғары болып, 6 жастан кейін тұрақталады. Қанның құрамында ферменттер көп болады. Амилаза, каталаза, липаза, трансаминаза сияқты қан ферменттерінің белсенділігі туғаннан кейін алғашқы күндері аздап артады. Бұған баланы тамақтаңдыру түрі, өмірінің жағдайы әсер етеді. Ферменттің мөлшерін 1 мл қандағы шартты санмен (шс/мл) өлшейді. Сүйектің пайда болуына әсер ететін сілтілі фосфатаза ферменті жаңа туған нәрестеде 44,6 шс/мл, 1 жаста 70,3 шс/мл, 3 жаста 62,7 шс/мл, 13 жаста 48 шс/мл, 16 жаста 41,7 шс/мл, 18 жаста қан ферменттері ересек адамдағыдай 22 шс/мл болады, яғни оның мөлшері баланың өсуі күшті кезінде жоғары болып, жас ұлғая келе, сүйектерінің өсуі аяқталғанда тұрақталады.

Балалардың қанындағы витаминдердің жас ерекшеліктері тым аз зерттелген. Олардың ішіндегі А және Е витаминдері жайлы аздаған ғана мәліметтер бар. А витаминінің мөлшері жаңа туған сәбиде 0,01-24,4 мг% шамасында өзгеріп тұрады. Оның мөлшері жыл мезгіліне тәуелді деген бірен-саран мәліметтер кездескенімен әлі нақты дәлелді зерттеулер жоқ. Е витаминінің мөлшері жаңа туған сәбиде шамамен 0,30 мг% болып, 3 жаста 0,80мг%, 8 жаста 0,83мг%, 16 жаста 0,94мг%, 20 жастан өрі 0,87 мг% шамасында болады, яғни бұл витаминнің мөлшері 3 жастан кейін онша көп өзгере қоймайды.


3. Қанның пішінді элементтері. Эритроциттер. Қанның пішінді элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі эритроциттер, яғни қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн Қанның қызыл клеткалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалындығы 2 мкм. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады." Мұндай пішін клетканың бетінің ауданын үлкейтіп, тасымалдау қызметін атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегін өкпеден дененің күллі клеткаларына және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі эритроциттердің құрамындағы белок заты гемоглобиннің қатысуымен орындалады. Гемоглобин курделі зат. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі валентті темірі бар бояулы заттан және г л о б и н белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен оңай қосылып, оксигемоглоб и н г е айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен оттегі пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан пайда болған көмір қышқылын қосып алып карбокси-гемоглобинге айналады.

Жаңа туған сәбидің қанында 2 түрлі эритроциттер бар: а) ұрықтық эритроциттер; 6) қалыпты эритроциттер. Бала туар алдында оның қанына көп мөлшерде қалыпты эритроциттер қосылады. Сондықтан жаңа туған сәбидің алғашқы сағатында 1 мм3 қанында 6,5- 7,2 млн эритроциттер болады. Өмірге жаңадан келген баланың қанына біраз шамада жаңа эритроциттер қосылады да алғашқы 5-6 сағатында 1 мм3 6,62-7,5 млн эритроциттер болады. Бірақ алғашқы күннен бастап, ұрықтық эритроциттер ыдырап орнына жаңа эритроциттер қосылады, сондықтан олардың саны бірінші тәуліктен бастап азая бастайды. 24 сағаттан кейін 1 мм3 қаңда 6,11-7,06 эритроциттер болса, 1 аптадан кейін 5,54-6,21 млн, 10 күннен соң 4,80-5,70 млн шамасына дейін азаяды. Бүл сәбидің ұрықтық эритроциттерінің бауырда ыдырауына байланысты жағдай. Алғашқы 1-2 жаста эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа райына сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты өзгермелі келеді. Мүндай күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасыңца да байқалады. Жалпы алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді. Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы да әсер етеді. Мысалы, бала жасына лайық мөлшерден аз ұйықтаса, сол күні оның қанындағы эритроциттердің саны 0,7-1,2 млн-ға дейін азаяды.