Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 451
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дендриттер — тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Жүйке клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. Дендриттер көп болады. Олар - нейронның кірер есігі, ал аксондар - шығар есігі. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түсрді.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.
Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 2 бөлімнен тұрады: пресинапстық (сйнапстың алдындағы) және постсинапстық (синапстың соңыңдағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана нейрон аксонының жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады (лат. медиатор — делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасыңда синапс а р а л ы ғ ы болады. Ол клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал өрбір Жүйке талшығы 10 мыңға дейін синапс түзей алады.,
Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: Қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда ү-амин қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады деген болжам бар.
Әрбір Жүйке клеткаларында коптеген тежеуші жөне қоздырушы синапстар болады. Бұл Жүйке өрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Жүйке талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
3. Жүйкелер мен Жүйке талшықтары. Сырты қабықпен қапталған Жүйке клеткасының өсінділерін Жүйке т а л ш ы қ т а р ы деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді жене миелинсіз.
Миелинді Жүйке талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Егер Жүйке талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда Жүйке талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, Жүйке импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, Жүйке талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 Жүйке импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.
Миелинді Жүйке талшығы арқылы Жүйке импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге Жүйке импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Жүйке талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа боледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бүл талшықтар арқылы қозудың оту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының Жүйке талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды откізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: 1 мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын Жүйке талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып Жүйкелерге айналады. Бір Жүйкетің құрамында қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізетін жөне орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін талшықтар болады. Қозуды орталыққа өткізетін Жүйкелерді орталыққа тепкіш немесе афференттік Жүйкелер деп атайды, ал қозуды орталықтан жүмысшы мүшеге таситын Жүйкелерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік Жүйке дейді. Жүйкелердің көпшілігі аралас Жүйкелер. Олардың құрамында афференттік және эфференттік Жүйкелер болады.
Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.
Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тындамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады. Бүл кезде ұлпалардың клеткаларыңда белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қаңдай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.
Физиологиялық белсенд і л і к - кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйелері қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мүндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді. Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады.
Т і т і р к е н у деп - сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін т і т і р к е н д і р г і ш деп атайды. Олардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштер төртке бөледі: физикалық, химиялық, физикалық - химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.
Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т. б.) және электрлік әсерлерді айтады.
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамыңдағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, тұздар және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.
Физикалық-химиялықтітіркендіргіштерге ертінділердегі заттардың парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен катиондар) және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері (айталық, 5% және 7% тұз қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микро организмдердің әсерін жатқызуға болады.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға Жүйке, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозу мен жауап береді. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді. Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны т е ж е л у деп атайды. Тежелу де қозу іспетті тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады. Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрл і к құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
4. Р е ф л е к с деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне Жүйке жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады. Рефлекстің пайда болуына қажетті уақытты р е ф л е к с уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Жүйке жүйесінің рефлекстік қызметіне байланысты организм сыртқы және ішкі ортаның әсерлеріне тез жауап береді. Барлық рефлекстер дененің бір жеріне - р е ф л е к с а ймағына- тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек-қан тамырлар рефлекстері т.б. болып бөлінеді.
Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жұлын, қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді.
Рефлекторлы доға онын бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды және көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше бөлімнен тұрады:
1.Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу пайда болады.
2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
3.Жүйке орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
4.Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.
5.Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты жөне шартсыз рефлекстер деп бөлген. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысыңда қалыптасады.
Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.
Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек:
- әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы;
- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс;
- тітіркендіргіштердің тұрақты ретпен әсер етуі; аталған жағдайлардың ұзақ уақыт көп қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы;
-жүйке жүйесінің маңызды бөлімі — ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы.
Шартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір жағдайын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ол шартсыз тітіркендіргіш организм үшін маңызды әсер болуы керек. Ол шартты тітіркеңдіргіштің әсерін бекітетін болғандықтан көбінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын әсерді пайдаланады.
Шартты рефлекстердін түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге және олардың кезеңдеріне, пайда болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.
Тітіркенетін рецепторларына сәйкес экстерорецепті, проприорецепті және интерорецепті шартты рефлекстер болады.
Экстерорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркеңдіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс мүшесіне, дәм сезу мүшесіне, тері рецепторларына.
Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқаның бұлшық еттерін тітіркендіргенде, яғни оның проприорецепторларына әсер еткенде пайда болады. Бүл топтағы рефлекстерге адамның басы қозғалғаңда тепе-тендік (вестибулярлық) аппаратты тітіркендіру арқылы пайда болған тендік сақтау рефлекстері де кіреді.
Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде олардың рецепторларына әсер ету арқылы пайда болады. Бұл топқа қанға түрлі химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты шартты рефлекстер де жатады. Ондай жағдайда химиялық заттар интерорецепторларды (ішкі рецепторларды) тітіркендіріп жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.
Туатын қызметтің түріне байланысты шартты рефлекстерді екіге бөледі: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер. Вегетативтік шартты рефлекстердің өзін секреторлық, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу, ас қорыту рефлекстері, ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертетін, зат алмасуын және иммунитетті өзгертетін рефлекстер деп бөледі.