Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 457

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сопақша мидың арт жағында м и ш ы қ орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың сырты деп аталатын ортаңғы белім жене мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейрондардан (нерв клеткаларынан) құралған: I - сыртқы, молекулярлық; II - ортаңғы, ганглиялық; III - ішкі, түйіршік қабаттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ заттан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері -тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың сыртында сұр заттан құралған екі ядро бар.Ересек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі - белгілі бір қозғалысқа қатысатын бұлшық еттердің жиырылуының жылдамдығын үйлестіру арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық еттердің тонусын сақтау. Қорытып айтсақ, мишық - тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бүған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.

Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы жөне шығыршық нервтерінің, қызыл жөне қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс орталықтары орналасқан. Олардың қызметіне қарай бағдарлау реакциялары орындалады. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің тонустары реттеледі.

Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді т а л а м у с, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол нейросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық та бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын жөне сергектігін реттеуге қатысады.

Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады.
Ми бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация (торлы құрылым) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және мөлшерлі, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны торлы құрылымдеп те атайды. Торлы құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын, мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлынның белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады.Торлы құрылымның әсерінен жұлынның байланыс жолдары жеңілденіп, әлсіз тітіркендіргіштің өзіне жұлын рефлекстері толығынан және жақсы пайда болады. Ал тежеп әсер еткенде жұлын рефлексі әлсіреп, нашарлап тітіркендіргіштің күшті әсерін қажет етеді. Ми сыңарларына белсендендіріп әсер етуіне байланысты оның қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға кетеді. Ми сыңарлары мен торлы құрылым бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Тек қана торлы құрылым ми сыңарларын белсенлендіріп қоймай, керісінше, ми сыңарларының қыртыстары да торлы құрылымға белгілі шамада әсер етеді.

Торлы құрылымның мишыққа әсері оның ми сыңарларына әсер ететін. Оның жұлынға әсері 2-3 жаста әлі де болса толық қалыптаспағандықтан, жұлын рефлексінің пайда болуы жеңілденбейді де, керісінше, қиындай ды, бірақ ми сыңарларына әсері ересек адамға ұқсайды. Торлы бөлімнің қызметі бастауыш сынып оқушыларында толық қалыптаспаған.

Қыртыс асты ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішіңде қыртыс асты ядроларының сұр заттары болады. Ол ядролардың ішінде ең маңыздысы — бозарған ядро, қауызды ядро және құйрықты ядролар.

Бозарған ядро қозғалу кезінде көмекші қимылдарды қамтамасыз етеді және ортаңғы мидағы қызыл ядроны тежейді. Бұл ядроның қызметі күшейгенде қосымша қимылдар көбейіп, бұлшық еттің тонусы төмендеп кетеді. Мүндай жағдайда қажетсіз еріксіз тырбаңдаған қимылдары пайда болады, беті тыржияды т. с. с. қимылдар туады. Ондай еріксіз қимылдар, мысалы, хорея ауруымен ауырған адамдарда байқалады.

Бозарған ядроның қызметі нашарлағанда бұлшық еттің тонусы күшейіп, көмекші қимылдар мүлдем жойылады. Ондай адамның беті маска тәрізді болып, қимылдары икемсіз, бір-біріне сейкестелмейді.

Құйрықты ядро мен қауызды ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. Сондықтан бұлардың қызметі күшейгеңде бозарған ядроның қызметі төмендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді. Мұндайда паркинсон ауруындағы тәрізді белгілер байқалады. Ал оның қызметі нашарлағанда хореяға ұқсас кемшіліктер пайда болады.



2-3 жаста қыртыс асты ядроларының мөлшері ересек адамның мөлшерінің 40%- ындай болады. Оның нейрондары бұл мерзімде әлі де болса дифференцияланып (нейрондардың белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі) үлгермейді, аксондарының көпшілігінде миелин қабығы жетілмеген, сондықтан балалардың қимылдары өлі де болса ыңғайсыздау, дұрыс бағытталмаған.

4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-ындай болады. 7-13 жаста оның аксондары толық миелинденіп, ересектердің ядроларына жуықтайды.

Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиард нерв клеткалары бар, яғни орталық жүйке жүйесінің нейрондарының тең жартысы осы ми сыңарларында орналасқан. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген.

Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен түрады: мандай, орталық, төбе, шүйде және самай.

Ми сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы жөне артқы сайларды орталық немесе роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында, ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орна-ласқан. Ортаңғы сайдың алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар өздері аттас қатпарлармен бөлінген. Орталық сайдың артыңда төбе сайлары орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады. Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай бөлігін маңдай бөлігінен бөліп түратын терең қатпарды Сильвий қатпары немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бұл аталған негізгі қатпарлар мен сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.

Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қ ы р т ы с ы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қапталған нерв клеткаларының аксондарынан тұрады.

Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі және оның құрамыңда нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады әрі оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрондардан 10 есе артық болады.


Ми жарты шарларының жалпы көлемі 1700-1800 см2, бірақ оның 2/3 болігі қатпарларында орналасқан, тек 1/3 белігі сайларының үстіңгі жағынан орын алады.

Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейрондардан тұрады:

1..Молекулярлық қабат ми қыртысының ең үстіңгі жағында орналасқан ұсақ нейрондардан құрылған.

2.Сыртқы түйіршікті қабат пішіні дөн, пирамида және көп бұрышты нейрондардан тұрады.

3.Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері әртүрлі нейрондар.

4.Ішкі түйіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді ұсақ нейрондар.

5.Терең орналасқан пирамида қабаты Бец клеткаларының жиынтығы.

6.Көп пішінді клеткалар қабаты үш бүрышты, ұршық тәрізді, көп бұрышты және жұлдыз пішінді клеткалардан түрады.

7.Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нерв торшаларынан тұрады, кейбіреулерінің дендриттері 1-ші қабаттағы нейрондарға өтіп кетеді.

Ми қыртысында белгілі бірнеше қызмет атқаратын бөлімдер бар: сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.

Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жарты шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады:

1.Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-қүлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы — бүлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;

2.Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру,ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру, келтіру, яғни үйлестіру.

Бұдан бір ғасырдай бұрын ми жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе олардың қызметінің арасындағы айырмашылығы анықталған болатын. Мидың сол жағыңдағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан кейін адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бүзылғанын Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға қатысы барлығы байқалды. Мидың оң жақ жарты шарына немғұрайлы көзқарас туып, ол қосымша бөлік деген ұғым пайда болды, бірақ кейіннен бүл пікірдің қате екендігі анықталды. Егер оң жақ жарты шар зақымдалса, көру қабілеті, кеңістікті аңғару сияқты қызметтер кеміген. Мидың оң жағының психикаға да қатысы бар.

Мидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, ал сол жақ жарты шары сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратынын Р. Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу жұмыстары көптеген ғылыми деректер жиналды. Сөйтіп адамның миының жарты шарларына тән негізгі қызметтер анықталды.


1985 жылы В. Л. Бианки ғылыми зерттеулер жұмысының және арнайы клиникалық бақылаулардың нәтижесінде оң жақ жарты шар дедукция (лат. дедукция жалпылықтан жекелікке шығару), яғни жалпылықтан жекелікке қарай бағытталған тәртіппен талдауды басқарады. Ал сол жақ жарты шар индукция (лат. индукция — жекешеден жалпылыққа шығару) тәртібімен, яғни жеке-жеке талдаудан жалпылауға көшеді, біріктіріп жинайды.

Бұл зандылықтар да екі жарты шарлардың бірлескен қызметінің дүние танудағы маңызын көрсетеді. Адамзаттың тарихи дамуының нәтижесінде осындай үйлесімді дүние тану заңдылықтары қалыптасып, адамның сана-сезімі жетілдірілді. Сонымен бірге, мидың ойлау және сөйлеу жүйелері жақсы дамыды.