Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 337

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жоғарыда әлеуметтік педагогтің бірлесе жұмыс атқаратын субъектілері көрсетілген, егер осы бірлескен жұмыс жүйелі жолға қойылса, мектептегі оқушыларды әлеуметтендіру жұмысы жоғары деңгейге ие болады.

Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардыңалдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтің қызметі ерекше деп атауға болады. Өйткені, олардың бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс, жан-жақты жетік қалыптасуына кең жол ашылады. Баланың шығармашылық, әлеуметтік қалыптасуына негіз беріледі.

Білім беру мекемесінде әлеуметтік педагог жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақылық, зейнетақылықжәне тұрғын үй жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Қазіргі кезде елімізде экономикалық және әлеуметтік қиындықтар орын алғаны бәрімізге белгілі. Халықтың басым көпшілігі жұмыссыз болғандықтан әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың саны аз емес. Әлеуметтік тұрмыс жағдайы баланың білім мен тәрбие алуына ықпалын тигізеді. Мектептегі әлеуметтік педагог баланың өскен ортасы, жанұясы, қарым-қатынаста болатын жолдастары, сыныптастары туралы сараптап, оқу жылына жоспарын жасайды. Жоспар жасауда көптеген талапқа сай құжаттар басшылыққа алынады. Сонымен қатар оқу жылында мектептің әлеуметтік паспорты жасалынады.

Әлеуметтік тұрмысы нашар отбасына жұртшылық назарын аудару мақсатында «Мектепкежол» акциясын кең көлемде өткізіп, аз қамтылған, жетім, көпбалалы отбасыларына киім-кешектер мен оқу құралдарын алып беруді әлеуметтік педагог ұйымдастырып отырады.«Қайырымдылық жәшігі» мектеп, жоғары оқу орындарының ғимаратында орналастырылып, барлық ұжым мүшелері, мұғалімдер, студенттер қатысады, сонымен қатар «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылады. Акцияда мектеп ұжымының, оқушылардың, кәсіпкерлер мен демеушілердің көмек беруімен әлеуметтік аз қамтылған оқушыларға, балалар үйіне киімдер оқу-құралдары алып беріледі. Әлеуметтік педагогтің осындай ұйымдастырған іс-шаралары әрқашанда әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы әр балаға шаттық сыйлатыны баршамызға белгілі. Осы арқылы біз оқушыларымызға әрқашан қоғамнан тыс қалмағанын, әрдайым қолдау көрсетілетіндігін, қиын жағдайда қасынан табылатындығын дәлелдеймізжәнеде осындай жылылыққа бөленген оқушы да болашақта жақсылыққа ұмтылуға бейімделетінін көреміз.


Әлеуметтік педагог мамандығының иесі гуманист, биік рухани және жоғарғы деңгейдегі мәдениетті педагог, психолог, баланың білім алуына, тәрбиесіне, дамуына байланысты, оны корғауға өзін белсенді рөл атқаратынын түсіне алуы, тұрақты адамгершілік қағидасы, құзыреттілігі болуы тиіс. Белгілі бір нәтижеге жету үшін әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспарлауды, білім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогиканың жаңа белсенді әдістерін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білуі қажет. Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, оларға жеке кеңес беріп, отбасылык мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі.Әлеуметтік педагог- диагностикалық қызмет; өз қызметінде көмекті қажет ететін балаларды анықтау;кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру, «қиын оқушылармен» жұмыс, сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен, пән мұғалімдерімен қарым- қатынасты үйлестіру.

Әлеуметтік педагогтің білуі тиіс нормативтік құжаттарына:

• Қазақстан Республикасының Конституциясы

• Білім туралыЗаң

• Бала құқығы туралы Конвенция

• Бала құқығын қорғау Заңы

• Неке және отбасы туралы Заң

  • Әдеп кодексі

  • Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық қолдау туралы нормативтік актілер.

1 сызба – Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметтегі рөлі.




сарапшы


ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІПТІК ІСКЕРЛІГІ

1-ші кесте. Әлеуметтік педагогтың кәсіптік іскерлігі

Іскерлігі

Мазмұны

  1. Аналитикалық

Социумда болып жатқан баланың жағдайы мен дамуына теріс әсер ететін үдерістерді теориялық талдау; баланың және оның әлеуметтігін қоршаған ортаның жай-күйін талдау; проблеманы жою бойынша бірлескен қызметті талдау.

  1. Болжамдық




Туындаған проблеманы ескере отырып, оны арнайы ұйымдастырылған Әлеуметтік - педагогикалық қызметке тарту арқылы баланың проблемасын шешуді болжау. Әлеуметтік-педагогикалық болжам әлеуметтік - педагогикалық процестің мәні мен логикасын, баланың жас және әлеуметтік даму заңдылықтарын, оның проблемасының сипатын білуге негізделеді. Болжамдық іскерліктер қызмет мақсатын, оның міндеттерін ұсынуды, жүзеге асыру тәсілдерін іріктеуді, нәтижелерді алдын ала болжауды, белгіленген мақсаттан мүмкін болатын ауытқуларды есепке алуды, кезеңдерді анықтауды, уақытты бөлуді, баламен бірге іс-әрекетті жоспарлауды болжайды.

  1. Проективті

Жүзеге асырылуы жоспарланған нәтижені қамтамасыз ететін қызметтің нақты мазмұнын айқындау. Олар қызметтің мақсатын нақты міндеттерге ауыстыруды; балалардың қажеттіліктік-мотивациялық саласының ерекшелігін есепке алуды; жеке мүмкіндіктерін, тәжірибесін және материалдық жағдайларын есепке алуды; қойылған міндеттерге қол жеткізу мазмұнын, әдістері мен құралдарын іріктеуді; нақты бала үшін қызмет бағдарламасын құруды қамтиды.

  1. Рефлексивті

Әлеуметтік педагогтың өз қызметінің өзіндік талдауы; Оның оң және теріс жақтарын және алынған нәтижелердің баланың тұлғасына әсер ету дәрежесін ұғыну және оның проблемасын шешу.

  1. Коммуникативтік

Тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін меңгеру және мыналарды қамтиды: баланы тыңдау ,тыңдау және есту; қарым-қатынас жағдайына кіру және байланыс орнату; баланың проблемаларын түсіну үшін қажетті ақпаратты анықтау және фактілерді жинау; оң қарым-қатынасты құру және дамыту; баланың вербалды және вербалды емес мінез-құлқын бақылау және түсіндіру.


ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢЛАУАЗЫМДЫҚМІНДЕТТЕРІ

2- ші кесте. Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері

Міндеттері

Мазмұны

  1. Әлеуметтік- ақпараттық көмек

Балаларды әлеуметтік қамқорлық, көмек және қолдау, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер қызметі және олар көрсететін қызметтер спектрі мәселелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-ақпараттық көмек.

  1. Әлеуметтік – құқықтық көмек

Баланың құқықтарын сақтауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық көмек, балалардың түрлі санаттарына құқықтық кепілдіктерді іске асыруға жәрдемдесу, балаларды тұрғын үй, отбасы - неке, еңбек, азаматтық мәселелер бойынша құқықтық тәрбиелеу.

  1. Әлеуметтік – оңалту көмегі

Орталықтарда, кешендерде, қызметтерде және басқа да мекемелерде оған мұқтаж балалардың психологиялық, моральдық, эмоциялық жай-күйі мен денсаулығын қалпына келтіру бойынша оңалту қызметтерін көрсетуге бағытталған әлеуметтік-оңалту көмегі.

  1. Әлеуметтік- экономикалық көмек

Жәрдемақы, өтемақылар, бір мезгілдегі төлемдер, балаларға атаулы көмек алуға, жетімдерді, балалар үйлерінің түлектерін материалдық қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық көмек.

  1. Медициналық-әлеуметтік көмек

Ауру балаларды күтуге және олардың денсаулығының алдын алуға, кәмелетке толмаған балалардың маскүнемдігінің, нашақорлығының алдын алуға , тәуекел тобындағы отбасылардағы балалардың медициналық - әлеуметтік патронажына бағытталған медициналық-әлеуметтік көмек.

  1. Әлеуметтік-психологиялық көмек

Бала дамитын отбасында және микросоциумда қолайлы микроклимат жасауға бағытталған әлеуметтік-психологиялық көмек, үй ортасындағы, мектеп ұжымындағы жағымсыз әсерлерді, қоршаған ортамен қарым-қатынастағы, кәсіби және жеке өзін-өзі анықтаудағы қиындықтарды жою.

  1. Әлеуметтік – педагогикалық көмек

Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу құқығын іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға, қараусыз және қадағалаусыздықты тудыратын педагогикалық қателер мен жанжалды жағдайларды жеңуге, балалар тәрбиесінің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық көмек.


Әлеуметтік педагог сипаттамасына мынандай біліктілік қызметтер кіреді:

• "Білім туралы" Заңын,«Бала құқықтары» туралы Конвенцияны, нормативтік актілерді, білім беру мекемесінің ішкі тәртіп ережелерінде басшылыққа алу;

• мектеп жасындағы барлық балалардың есебін және оқушылар қозғалысын жүргізу;

• әкімшілікпен бірге әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың басым бағыттарын бөліп, әлеуметтік педагог жұмысының мазмұнына сәйкес балалармен және жасөспірімдермен, ересек контингентпен жұмыстың нақты міндеттерін тұжырымдау;

• оқушылардың құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдер қабылдауға кедергі жасау;

• өз құзыретілігінің шегінде мәселелерді қарау және шешімдерді қабылдау;

• үнемі өз біліктілілігін арттыру, жаңа құқықтық ақпаратқа ие болу, оқу орнында, отбасында балалар мен жасөспірімдердің мүдделерін қорғау, заң шығарушы және атқарушы органдарда балалардың мүдделерін таныстыру және қорғау;

• орындалған жұмысты жоспарлау және мерзімдері мен есеп беру формасын сақтап отырып тіркеп жазу, жұмыс нәтижелері туралы оқу орнының әкімшілігіне де, педагогикалық кеңесіне де есеп беру.

Әлеуметтік педагогтың құқықтары:

* оқу орнының басшысынан кәсіби міндеттерін ойдағыдай орындау үшін жағдай жасауды талап ету;

*оқушыларға қатысты істер бойынша оқу орнының құжаттарымен таныса алуға мүмкіндігінің болуы;

*оқу орнының жарғысын құруға қатысуы;

* балалар мен жасөспірімдердің қызығушылықтарын зерттеуге қатысты ақпарат жинау;

*балалардың өмір сүру жағдайына байланысты әлеуметтік сауалнама, диагностикалық зерттеулер жүргізу;

* кәмелетке толмағандардың тұрмыстық жағдайларын жасау үшін және жеке мәселелерін шешу туралы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға ресми сұрау салу;

* патронаттық отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке іс қағаздары;

*ағарту іс шаралары;

*ерекше назардағы баламен жұмыс;

*маңызды нәтижесі бар сана-сезімге әсер ететін тәрбие сағаттар өткізу;

*сабақтан тыс үйірме, секцияларға қатысуын қадағалау;

*психологиялық, педагогикалық зерттеулер жүргізу.

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ПРИНЦИПТЕРІ


1. Аналитико-диагностикалық
Ә
леуметтік педагогтың жалпықызметінемыналар жатады:


2. Прогностикалық



3. Ұйымдастырушы-коммуникативті



4. Түзету



5. Әлеуметтік-профилактикалық және оңалту

8. Қауіпсіздік ж/е қорғаныс



6. Үйлестіру/ұйымдастырушылық



7. Оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау



9. Психотерапия

8. Қауіпсіздік және қорғаныс



10. Делдалдық

10. Делдалдық

«1


3-кесте - Әлеуметтік педагог қызметінің мазмұны

Қызметі

Мазмұны


1.Аналитико-диагностикалық

«әлеуметтік диагноз» кою, ол үшін балалардың өмірінің, отбасының, әлеуметтік ортаның жеке ерекшеліктері мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерттеулер жүргізіледі ;

балаға жағымды және жағымсыз әсерлерді, сондай-ақ әртүрлі проблемаларды анықтау;

балалардың ауытқыған мінез-құлқының себептерін, отбасының әлеуметтік дисфункциясының себептерін анықтау;

дарынды балаларды, сондай-ақ эмоционалды және зияткерлік дамуында ауытқулары бар балаларды анықтауға көмек

2. Прогностикалық

әлеуметтік-педагогикалық талдау және тәрбие мен тұлғаның даму процесі негізінде бағдарламалау және болжау; жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу процесінің келешегін анықтау;

алдыңғы уақыт кезеңіндегі нәтижелердің мұқият талдауы негізінде өзініздің әлеуметтік- педагогикалық жұмысыңызды жоспарлау

3. Ұйымдастыру және коммуникативті

мектеп оқушыларын әлеуметтік тәрбиелеу процесін бірлескен еңбек пен демалысқа айналдыруға мектеп жұмысшыларын ғана емес, сонымен қатар көпшілік қауымды, шағын аудан тұрғындарын тартуға ықпал ету;

іскерлік және жеке байланыстар орнату;

білім алушыларға қоғамның жағымды және жағымсыз әсерлері жайлы ақпарат жинақтау;

балалар мен жасөспірімдер ортасында, сондай-ақ ересектермен жеке қарым-қатынаста демократиялық қатынастар жүйесін қалыптастыру.

4. Түзету

балалар мен жасөспірімдерге отбасынан және әлеуметтік ортадан, сонымен қоса бейресми түрдегі барлық тәрбиелік іс-әрекеттерді түзету жұмыстарын жүргізу;

жағымды әсерді күшейту және әлеуметтік ортаның теріс әсерлерін бейтараптау немесе

ауыстыру.

5. Әлеуметтік профилактика-лық және оңалту

балалар мен жасөспірімдердің ауытқыған (девиантты) және қылмыстық (құқық бұзушы) мінез-құлқының ескерту жөніндегі алдын-алу шаралар жүйесін ұйымдастыру;

адамгершілік-құқықтық тұрақтылықтың қалыптасуына әсер ету;

отбасын әлеуметтік сауықтыру бойынша шаралар жүйесін ұйымдастыру, отбасыларға және әлеуметтік қатер тобындағы балаларға уақытылы әлеуметтік, құқықтық және өзге де көмек көрсету.

6. Үйлестіру және ұйымдастырушылық

ашық микро ортада балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік маңызды қызметін ұйымдастыру;

бос уақытты ұтымды ұйымдастыруға ықпал ету;

оқитындарға психологиялық-педагогикалық талаптарды ескере отырып, пайдалы істің әр түріне қосу

7.Білім алушыларға әлеуметтік

педагогикалық қолдау және көмек көрсету

балаға өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі таныту, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі қалпына келтіру, өзін-өзі жүзеге асыруда білікті әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.