Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 338
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәжірибелік сабақ
«Этикалық және кәсіби кодекс» жаттығуы
Әлеуметтік педагогтың болашақ кәсіби қызметіне бағыт-бағдар беретін этикалық кодекс дайындаңыз.
Мысалы, В.Г.Бочарова, М.П.Гурьянова авторлар әлеуметтік педагогтың келесі негізгі ұстанымдары көрсетілген Кодексті әзірлеп ұсынды:
-ақыл айтпау, бұйырмау...;
-жеке басының қадір-қасиеті мен бірегейлігін құрметтеп, өзінің жеке мүмкіндіктеріне сүйене өмір сүруге көмектесу, клиентті іс-әрекетке, бастамашылыққа, шығармашылыққа шабыттандыру және себеп болу;
-клиентті тыңдай білу, ұстамдылықты сақтау, мәселені және жағдайды түсіну, оның орнына өзін қоя білу, сыпайылық пен әдептілік көрсету
тіл табыса білу, жайдары болу, клиентті сөйлете алу, мәселені шешу жолдарын бірлесіп анықтау;
-жеке тұлғалық қабілеттерін, білімін, тәжірибесін басшылыққа ала отырып, басқаларға қажетті, қызықты бола білу;
-клиент пен оның қоршаған ортасы, басқа да әлеуметтік жұмыс субъектілері арасындағы байланысты қамтамасыз ететін дәнекер болу;
-клиенттің өзіндік субъективті ұстанымын қамтамасыз ету, қайырымдылық көмек көрсетілген түрлері арқылы оның қадір-қасиетін төмендетуге жол бермеу;
-клиентпен жұмыс кезінде бейресми бола білу, өз мәселерін шешуде кеңес беруші, клиент көмекшісі рөлін атқару, тең дәрежелі диалог негізінде қарым-қатынас орнату;
-әрқашан адамгершілік мен мейірімділік ұстанымдарын сақтау;
-клиентті айыптамау, кінәламау, оның қадір-қасиетін құрметтеу; жеке тұлғаға немесе адамдар тобына қатысты адамгершілікке жатпайтын немесе дискриминациялық мінез-құлық мүмкіндігін болдырмау;
-клиентті дене немесе психикалық қолайсыздықтардан, ашуланудан, қауіптерден немесе қорлаудан қорғау;
-кәсіптің өкілі ретінде өз мінез-құлқының жоғары моральдық нормаларын сақтау, кез-келген айла-әрекет, біреуді адастыру, біреуге қиянат жасауды болдырмау;
-әрқашан тек клиенттің мүдделеріне сай әрекет ету;
-әлеуметтік жұмыста көмекшілерді таба білу, қоғамның әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саясатты дамытуға қатысуын қолдау;
-жұмысты тек өз құзыреті шегінде жүргізу, өз жұмысының сапасына жеке жауапкершілікпен қарау, өз міндеттерін адал орындай отырып, кәсіби қызмет барысында кездесетін ықпал мен қысымға бой алдырмау;
-клиентке қабылданатын шаралар, көрсетілген көмектің сипаты, жүргізілетін жазбалар, жиналатын деректер туралы толық ақпарат беру;
-кәсіби қатынастарын жеке мақсаттар үшін пайдаланбау;
пікірталастар мен жағдайларды бағалауға тек кәсіби мақсатта қатысу;
-клиент сеніп тапсырған құпияны құрметтеу және жария етпеу; қызметтер үшін төлемді тек заңды түрде қабылдау;
-жасалған жұмыс үшін құнды сыйлықтар қабылдамау;
-әлеуметтік жұмыс саласындағы маман ретінде кәсіби білімін, шеберлігін, біліктілік деңгейін үнемі жетілдіруге ұмтылу; кәсіби өз тәжірибелік (практикалық) іс-әрекетін кәсіби білімдерге негіздеу;
-мамандықтың қадір-қасиеті мен тазалығын қорғау және арттыру;
кәсіби қарым-қатынас пен өзара іс-қимыл барысында әріптестердің сенімін құрметтеу, сыпайылық пен әділеттілікті сақтау;
-кез-келген өз әріптестерінің этикалық емес мінез-құлқына қарсы шара қолдану;
-халықтың әртүрлі топтары үшін әлеуметтік қызметтерді ақпараттандыру және қол жетімді ете отырып адамдарға барынша көмектесу;
-қоғамның әл-ауқатын дамытуға келесілер арқылы үлес қосу:
адамдардың, әртүрлі отбасылардың жеке мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік жағдайы төмен топтар мен мүгедектерге ерекше назар аудару;
-әділетсіздік пен құқық бұзушылыққа қарсы белсенді күрес;
-қоғам құратын мәдениеттердің айырмашылықтарына құрметпен қарауды қолдау үшін жағдай жасау;
-әлеуметтік өмір жағдайларын жақсарту және әлеуметтік әділеттілікті сақтау мақсатында саясат пен заңнаманы өзгертуге бағытталған бастамалар.
«Мен адамзатқа сыйлықпын» жаттығуы
Шарты:Әр адам - ерекше жаратылыс. Біздің айрықша екендігімізге сену - кез келген адамға, әсіресе көшбасшыға қажет. Сіздің айрықшалығыңыз, бірегейлігіңіз қалай көрінетіні туралы ойланыңыз. Сонымен, сіз шынымен адамзат үшін сыйлық екеніңіз туралы ойланыңыз. Мысалы, «Мен адамзат үшін сыйлықпын, өйткені мен ...» деп мәлімдемеңізді дәлелдеңіз.
«Ізгі мамандық және ізгі адамдар пойызы» жаттығуы
Жұппен жұмыс. Адамға ...жағдайда (таңдау бойынша) құзыреттірек және жылдамырақ көмектесудің ең қызықты әдісін ойлап табу.
«Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы
Пікірлерді аяқтаңыз:
Менің ойымша, әлеуметтік педагог істеуі керек ...
Менің ойымша, әлеуметтік педагог істей алады...
Менің ойымша, әлеуметтік педагог - бұл ...
Менің ойымша, әлеуметтік педагог қажет ...
Жауаптарын талдаңыз, пікірталас ұйымдастырыңыз.
«Іс-әрекет картасы» жаттығуы
«Мектептің әлеуметтік педагогы іс-әрекет картасын» жасаңыз (педагогтың ұжыммен жұмысы, мектептен тыс өзара жұмыстар, мектепішілік өзара қарым-қатынас, кәсіби даму).
«Рөлдер» жаттығуы
Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік рөлдерін талдаңыз. Сызба сызыңыз.
«Көмек жоспары» жаттығуы
Адамдарға қалай көмектесуге болатынын жазыңыз:
-
Ауырып, төсектен тұрмайды; -
Басында баспана жоқ және т.б.
Мақсаты: адамдарға көмектесу және кезең-кезеңімен іске асыру жоспарын құру.
3-тарау.ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
«Әлеуметтік-педагогикалық технология» түсінігі
Ғылыми әдебиеттердегі «әлеуметтік-педагогикалық технология» ұғымы 90-жылдары пайда болды.Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің технологиялық дамуының басында А. С. Макаренко тұрды. «Біз тәрбиелеген әрбір адам — біздің педагогикалық өндірісіміздің жемісі». Оқу іс-әрекетінде А. С. Макаренко мақсат қоюға, тиісті әдістер мен құралдарды таңдауға, олардың орындалу сапасын қамтамасыз етуге, білім беру іс-әрекетін оның тиімділігін ескере отырып, икемді түзетуге, сонымен қатар білім беру процесін оңтайландыратын барлық факторларды ескеруге және тағы басқаларға назар аударды.
Никитина Н.И.,Глухова М.Ф. әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясын белгілі бір әлеуметтік-педагогикалық міндеттер мен проблемаларды шешуге бағытталған кәсіпқойдың қатаң дәйекті әрекеттері ретінде түсінді. Әлеуметтік-педагогикалық технологиялар маманның практикалық қызметін реттейтін императивтер жүйесін (заңды талаптар, әрекет алгоритмдер, нұсқаулық талаптар) білдіреді.
Әлеуметтік-педагогикалық технология өзінің мәні бойынша мақсатқа бағытталған, алға қойылған (болжанған)мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін іс-әрекеттің белгілі бір кезеңдерінің (қадамдарының) арнайы ұйымдастырылған реттілігі болып табылады. Іс-қимыл кезеңдерін анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Көбіне процестің құрылымында үш негізгі кезеңдер болады:
-
дайындық; -
тікелей қызмет (таңдалған педагогикалық технологияны іске асыру); -
нәтижелі.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялық міндеті – әлеуметтік проблеманы анықтау және қолда бар құралдар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс объектісінің іс-әрекеті мен мінез-құлқын дер кезінде түзету және оған уақтылы әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік мәселенің мәні клиентпен жұмыс жасаудың мазмұнын, құралдарын, нысандары мен әдістерін анықтауға байланысты болатын маңызды фактор болып табылады.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның объектісі – адамның өзі, ал оның элементі - басқару мәдениеті және адамның дамуының өлшемі.
Әлеуметтік және білім беру технологиясының негізгі компоненттері
Г.М.Коджаспированың айтуынша, педагогикалық технология автордың белгілі бір идеясына негізделген нақты педагогикалық тұжырымдама үшін жасалынады.Педагогикалық әрекеттердің, операциялардың және коммуникацияның технологиялық тізбегі нақты күтілетін нәтижеге ие мақсатты нанымдарға сәйкес қатаң түрде құрылады. Педагогикалық технологияның бөліктері - критерийлер, көрсеткіштер мен іс-әрекет нәтижелілігін өлшеу құралдары бар диагностикалық процедураларболып табылады.
2-сызба. Әлеуметтік-педагогикалық технологияны әзірлеудің компоненттері
Аспектілері: 1.Ғылыми 2.Процессуалды-сипаттамалық 3.Процессуалды-әрекетті | | Әзірлеу функциялары: • Аналитикалық-болжамды • Диогностикалық • Жүйелік-модельдеуші • Жобалық-ұйымдастырушылық • Белсендіруші • Аспаптық-практикалық |
Құрылымы:
| | Тиімділік өлшемдері:
|
Әлеуметтік-педагогикалық технология әдістемені нақтылауға қызмет етеді және үшаспектіден тұрады:
-ғылыми (мақсат, мазмұн мен әдістерді зерттейді, әзірлейді және педагогикалық үдерістерді жобалайды);
-процессуалды-сипаттамалық (процесс алгоритмі);
-процессуалды әрекетті (технологиялық / әлеуметтік-педагогикалық процесті жүзеге асыру, жекелік, аспаптық және әдіснамалық педагогикалық құралдардың жұмыс істеуі).
Әлеуметтік-педагогикалық технологияныәзірлеуфункциялары:
-аналитикалық-болжамды (әлеуметтік тәуекел санатына жататын топтарды анықтау және есепке алу, қажеттіліктерді анықтау, әлеуметтік процестер динамикасын бақылау, қолданыстағы параметрлердегі өзгерістерді болжау);
-диагностикалық (проблемаларды талдау, проблемалық өрістің себептерін анықтау);
-жүйелік-модельдеуші (көмек сипатын анықтау);
-жобалық-ұйымдастырушылық (проблеманы шешуге бағытталған әзірлеме, іске асырулар);
-белсендіруші (индивидтің жеке қабілеттерінің ішкі потенциалын жандандыруға көмектесу, проблемаларды шешуге ынталандыру, өзіне-өзі және өзара көмек көрсетудің дамуын ұйымдастыру),
-аспаптық-практикалық (өмірлік қиыншылықтар кезінде әр түрлі көмек көрсету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, кеңестер, тренингтер және т.б.)