ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 982
Скачиваний: 33
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
§3.1 Сана психикасының дамуының ең жоғары сатысы
§3.2 Сананың түрлері мен қызметтері, жеке және коғамдык сана
§3.3 Өзіндік сана-сезім және оның ерекшеліктері
§3.4 Сана, санадан тыс және санасыз
§3.5 Сананын бұзылуы (ауыткуы және өшуі)
§3.6 Сананың бұзылуларына тән белгілер

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары коятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді кейбіреулер бұл пікірді мойындамаған.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмірі сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың «Шыбын - жан» деген сөзі осындай ұғымнан туындаған.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсіндіреді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай алады-мыс. Бүкіл табиғатты жанды деп қараған мұндай ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.
Ғалымдар ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, сана барлық материяның жемісі емес екенін, тек ерекше үйымдасқан материяадам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы - аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткаларынан (нейрондардан) тұратын аппарат. Нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14-15 миллиардқа жуық.
Адам миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ сыртқы тіршіліктің әсеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, ортаңғы және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат
шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашан да санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді. Адам миы орталық жүйке жүйесі арқылы туйсіктер арқылы келетін түрлі мәліметтерді қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сүраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген нақыл сөз, шамасы осы жағдайды аңғартатын болса керек.
Сонымен қатар сана мисыз әмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін - сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми - ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін мүше. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана - оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл - дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана -материядан мүлде өзгеше.
Сана белгілі бір дәрежеге - сана-сезімге айналады. Сана-сезім өзин-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы.
Сана-сезім дегеніміз – адамның ойлай алатын, сезе білетін, әрекеттенетін субьект ретінде өзін-өзі түсіне бастауы. Адамның сана сезімі таптық, топтық, қоғамдық сана – сезімдерге тығыз байланысты. Сонымен қатар адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөлініп алады. Сана өзінің шығу жағынан екінші. Бірақ сана енжар емес, белсенді пәрменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенділігі – бейнелеуді таңдай алады, келешекті болжай біледі. Сана дүнеиені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады, заттандырылады.
§3.2 Сананың түрлері мен қызметтері, жеке және қоғамдық сана
Сана- адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Сананың құрылысы:
Сана жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдык сана да болады, адам санасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмысы ықпал жасап отырады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастардың өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортаға тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болуы мен даму жолдарын ғана түсіндірмейді, сонымен қатар табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйрегеді. Сана арқылы адамның коршаған орта, әлеммен қарым қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ойлау сияқты психикалық іс-әрекеттер жиынтығынан тұрады. Сана адамның ми қозғалысының жемісі. Адамда, жануарларда болмысты сезімдік процестер, қабылдау арқылы танып, бағалайды, бірақ адам объективті дүниені ақыл-оймен бейнелеп ойлауымен және оны тіл арқылы жеткізе білуімен ерекшеленеді.
Сананың көмегімен адам қоршаған ортадан бөлініп, жеке тұлға екендігін сезініп ұғынады, бұл өзіндік сана деп айтылады. Адамның сана сезімі барлық уақытта топтық, қоғамдық сана сезіммен тығыз байланысты болады. Сондықтан адам тек өзін-озі түсініп қана қоймай болмысты сезінуге талаптанады, сөйтіп әрбір сана қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстарын сезінумен қатар адамның өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден түрады. Сана сезімі бір жағынан танымдық, екінші жағынан әрекеттік құбылыс.
Сана - психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекет формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келуі қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана бұл қоғамдық болмыс.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат (А.В.Петровский) байқалады:
1.Сана қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтық бірлігі,
Оның құрылымына барша танымдық процестер енеді: түйсік,
кабылдау, ес, ойлау, қиял.
2.Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында адам тек өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
3. Мақсатты болжау әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын-ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады.
4. Сана құрылымында әрекетке орай. қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объективті, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық- еңбек әрекетіне көшуі болып табылады. Осы өмірдің нәтижесіне психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады.
Сана - психика дамуының ерекше сапалы түрі. Жануарлар дүниесінің эволюциясында сананың өзіндік ұзақ тарихы бар, сол алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастарды қалыптасу үрдісінде пайда болды. Адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілерді ішінде біріншісі - адамның саналы қызметінің биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей жағдайда саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерг бағынбайды, олармен қарама-қарсылықта болады немесе олардыбасып тастайды. Адамдардың саналы қызметінің екіншіерекшелігі жануарлармен салыстырғанда орта жағдайы бейнелей алатындығы.
Үшінші ерекшелігі - жануарлардың мінез-құлқынан адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы білім мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталған және оқуда берілген жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру аркылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез-құлық тәсілдері оның өз тәжірибесінің нәтижесі емес, ұрпақтардыңқоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметі жануарлардың мінез-құлқынан түбірінен ерекшелейді.

Адамның өзіндік санасы - шексіз, күрделі мәселелерден тұрады. Өзіндік сананы И.С. Кон былайша түсіндіреді: «Әрбір
жеке адамның өзін-өзі іс-әрекет субъектісі ретінде тануға жәрдем ететін психикалык процестердің жиынтығы - өзіндіксана деп аталады, ал оның өзі жөніндегі өзіндік ұғымдары белгілі бір «Мен» бейнесін құрайды».
«Меннің» психологиялық мәнін А.Г.Спиркин келесідей сипаттайды: «Мен» түсінігі өз санасының нұрымен сәулелендіріп, өзін-өзі қабылдаған, таныған және сезген жеке адамды білдіреді. «Мен» - психикалық өмірді реттеп отыратын принцип, озіндік бақылауды жүргізуші рухани күш; бізді өз мәніміз бойынша бүкіл әлемге, қоршаған адамдарға, ең бастысы өз санамызды өзіміз бағалауымыз бен танымымызға орай ашып беретін әр адамның тұтастай болмысы.
«Мен» - жеке адамның санасында бір қалыпта бекіп қалган (статикалық) бейне бір түсінік не білік емес, ол өте қозғалмалы, өзгермелі (динамикалы) «мен» күйінде қабылдануы мүмкін. Сонымен бірге «мен» бейнесі әлеуметтік заңдарға, қоршаған адамдардың қалауына сай кемелденген, болашақ идеал «менді» де аңдатуы заңды. Және бір жағдайда бұл «мен» қолынан келсе, «тау қопарып, теңіз жұтатын» фантастикалық тұлғаның бейнесіне сәйкес болуы да әбден ықтимал.
«Мен» бейнесінің сәйкестік дәрежесі жеке адамның өзіндік болмысын, мүмкіндіктерін, басқа адамдар арасындағы өз беделін бағалай алуына байланысты келеді. Өзіндік бағаға орай адам өз әрекеттерін ретке келтіріп отырады.
Саналы адам өз бағасын қалай шығарады? Әрбір адамның қоғамдық тұлғаға айналуы біріккен еңбек пен тіл қатынасының нәтижесі. Адамдағы барша қалыптасқан сапа мен қасиеттер басқа қауымдастық мүшелерімен қоғамдық өндіріс процесіне араласу және олармен ақпарат алмасу барысында дамып, кемеліне жетеді. Еңбек пен тіл қатынасына келу арқылы адам өз істерін басқалардан күтілген бағамен салыстырып, тексеріп отырады.
Адамда қалыптасқан өз «Менінің» бағасы - өзіндегі барды басқалардан көргенімен үздіксіз салыстырудың нәтижесі.
§3.4 Сана, санадан тыс және санасыз
Психиканың 2 деңгейі бар:
Сана - психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі.

-
Сананың өзі. -
Обьект пен субьектініажырату. Жеке адам өзінің санасына сүйене отырып, өзін және өзінің әрекеттерін басқа адамдардан ажырата алады. Яғни адамдардың «мен және мен емес» деген ұғымды ажыратуы. -
Адамның өзі іс- әрекетіне мақсат қоюы. -
Керекті қатынастарды орнату.

Жоғарғы деңгейі - сана -
Төменгі деңгейі – санасыздық