Файл: Кбекова Ж. С. Психология негіздері Оу уралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 984

Скачиваний: 33

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сананың құрылымына негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам езінің білімін әр уақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну мен қабылдауды, ес пен қиялды және ойлауды жатқызуға болады. Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән. Жануарлардасана болмайды. Психиканың төменгі деңгейі санасыздықты құрайды.

Санасыздық саласына психикалық құбылыстар кіреді, атап айтқанда түс көру, әртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар, ауру адамдардым психикасында кездесетін галлюцинациялар және т.б.

Психологияның төменгі деңгейі - санасыздық деп аталады.Санасыздық ақиқатты бейнелегенде жасаған әрекеті үшін есепберілмеуі. Сана мен санасыздықты бір-біріне қарама-қарсы қоюғаболмайды. Санасыздық - сана сияқты адамның психикалық көрінісі. Ол қоғамдық жағдайлармен негізделген. Мысалы: Адамның түс көруі, психикалық ауруға шалдыққан адамның әрекеті, жаңылыс айтылған сөздер, мұңға бату.
§3.5 Сананың бұзылуы (ауытқуы және өшуі)
Сананың бұзылулары көбінесе психикалық ауруларда кездеседі. Психикалық аурулардан басқа сана бұзылулары бас ми жарақаттарында, улануларда, психикалық жарақаттарда, жоғары дене қызуымен байқалатын инфекциялық ауруларда байқалады. Сананың бұзылуы бірнеше секундтан, апта, айларга дейін созылуы мүмкін.

Сананың бұзылуының ең басты белгілерінің бірі - болып жатқан құбылысты қабылдаудың өзгеруі. Науқас санасының бүзылуы жағдайында орын мен уақыттағы және жагдайдағы дезориентировка (бейімделмеуі) көрініс береді. Олар айналада неболып жатқанын түсінбейді. Науқас бір уақытта екі жағдайда тұрған кезде екі ориентировка (бейімделу) туады. Мұндай адамдар екі мақсатты болады. Екі ориентировка кейде жағымды және жағымсыз егіздердің симптомдарының қобалжуымен сипатталады.

Сананың өшу (ауытқу) синдромдары. Сананың даурыққан жағдайы тітіркендіргіштердің (ішкі) бірден көтерілуі мен ассоцациялық білімнің қиындығымен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда науқастың бетінде еш эмоцияналдық рең байқалмайды, естер өте аз, түс көрмейді, еркі жоғалып, қимылдары бұлыңғыр болады.

Есеңгіреу (оглушение) - қозу табалдырығының күрт жоғарылауы. Мұндай жағдай айналадағы температура жоғарылағанда, наркоздан және зақымнан соң болады. Науқас адам есеңгіреп, сұрақтар алыстан қойылғаңдай, жауапты бірнеше қайталағаннанкейін аз және қысқа сөйлейді.


Көрсетілген сананың өзгеруіне басқа психикалық жағдай елестеушілік, саңдырақ ретіңде білініп, аурудың тәртібі бұзылады. Бұған делириоздық, аметивтік, онейроидтық, сананың қарауытқан түрлері жатады. Сананың қарауытқан түрлері амбулаторлық автоматизм (ауру адам транспортпен жүреді, бірақесіңде ештеңе қалмайды), сомнобулизм (ұйқысұрау, лунатизм - жүйке ауруы, адам ұйқылы күйінде жүреді, кейде өзі білместен әртүрлі істер істейді) - ұйықтаған кезде де білінеді. Сананың бұзылуы - бұл қиын жағдайлар, олар терапевтердің,инфекционистердің, хирургтардың, анестезиологтардың, реаниматологтардыңтәжірибесіңде жиі кездеседі.


§3.6 Сананың бұзылуларына тән белгілер
1.Науқастың уақытқа, әсерге, жағдайға деген әрекетінің жоғалуы.

2.Қоршаған болмысты анық нақты сезінудің, түйсіктеудің болмауы.

3.Ойлауға байланысты бағыттылығының әр түрлі бұзылуы.

4.Болып жатқан жағдайларға, олардың әсерінен есте сақтаудың қиындығы.

Сананың бұзылуының терендігін сапасы бойынша ажыратамыз.
Сананың тереңдігі бойынша бұзылулар


1.Обнубиляция
- сананың өте жеңіл түрде бұзылуы. Қоршаған болмысты дұрыс жобалағанмен, сана бірнеше секундқа немесе минутқа тұманданады. Қоршаған ортаға деген жоба жоғалмайды, обнубиляциядан кейін амнезия байқалмайды.
2. Сомноленция - ұйқылы-ояу жағдай, бірнеше сағатқа немесе бірнеше күнге созылады. Қоршаған орта болмыс жобасы сақталған, амнезия байқалмайды.
3.Есеңгіреу - сананың тереңірек бұзылуы. 3 сатыдан тұрады:

А. Жеңіл саты. Науқас ұйқылы ояу жағдайда. Аз сөйлейді. Қимыләрекеті аз, әлсіздікке, шаршағаңдыққа шағымданады.

В. Орташа сатысы. Науқас төсекте көзін жұмып жатады.Сұрақтарға жауап береді.

С. Ауыр саты. Науқас қатты ұйқыда. Оны қатты сілкілеу арқылыоятуға болады. Бірақ көзін ашып, қайта ұйқыға кетеді.
4.Сопор - науқас ес-түссіз. Ауыртқыштан басқа ешқандайтітіркендіргіштерге жауап бермейді.
5. Кома - сана бұзылуының ең ауыр түрі, науқас ешқаңдай тітіркендіргіштерге жауап бермейді.
Сананың сапасы бойынша бұзылулары.

  1. Делирий - жерді, уақытты, қоршаған болмысты болжаубұзылады. Бірақ өзін-өзі сезіну сақталады. Делирий кезіндекорқынышты галлюцинациялар байқалады. Делирий алкогольдіпсихоздарда кездеседі.

  2. Аменция - делирийге қарағаңда сананың тереңірек бұзылуы. Қоршаған болмысты, уақытты болжау мен өзін-өзі сезіну бұзылады.

  3. Онейроид - ұйқылы ояу жағдай. Адам өзінің ойынан шығарған фантастикалық әлеміңде (галлюцинациялар байқалады) өмір сүреді.

  4. Күңгірттік жағдай - аурудың назары тек бір затқа қадалады ( галлюцинация байқалады)

  5. Амбулаторлы автоматизм жағдайы - оған сомнамбулизм -айкезбе жағдайы мен транс жағдайлары жатады.




Бақылау сұрактары мен тапсырмалар

1.Сана дегеніміз не?

2.Сана - психика дамуының жоғары сатысы деген ұғымның мәнін түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

3.Өзіндік сана-сезімге анықтама беріңіз.

4.Санасыздық дегеніміз не?

5.Сананың бұзылу түрлері кандай? Сипаттама беріңіз.
Рефераттық және өзіндік оку-ізденіс жұмыстарының такырыптары
1.Адам санасының пайда болуы - психика дамуының жоғары сатысы

2.Сананы жеке психикалык процесс деп айтуға негізі бар ма.

3.Сананың бұзылуларына тән белгілер.

Қортынды білім деңгейін тексеретін тестгер
1. Адам миының жануар психикасынан айырмашылығы:

А. тітіркенуден В. сезімнен С. қабылдаудан

D. рефлекс жауап беруден ішкі субъектив бейнелеуденЕ. Санасымен
2. Адам санасының негізгі кызметі:

А. тітіркенуге жауап В. сезімді талдау С. рефлекстік әсерге ыкпал

D. накты бейнелеу Е. терең заңдылыктарды тану
3. Адамның саналы іс-әрекетін қалыптастыратын қызметі:

А. биологиялык В. өз тәжірибесі С. болмыстан тыс күш

D. тіл катынасынан Е. Дағдыланудан
4.Адамның жануардан түпкі ерекшелігі:

А. білім мен ептілігінде В. қару пайдалану С. әрекет тәсілін білу

D. биологиялык қажетті сезу Е. объектті тану
5.Сапалы іс-әрекеттің бірінші формасы:

A. болжастыру В. тану С. кабылдау D. сезу Е. көру
6.Сана қалыптасуының негізгі себебі:

A.тума касиеттер В. тіл мен еңбек С. қоршаган орта

D. үлгі мен өрнекЕ. инстинкт
7.Сана дегеніміз, бұл:

А. табиғат өнімі В. коғамдык болмыс С. инстикттік өнім

D. дағдыланудан Е. табиғаттан тыс берілетін қасиет
8.Барша танымдык процестерді қамтушы психикалык деңгей:

А. каоцерваттык В. сенсорлык С. саналык D. интелекттік Е. манипуляциялык
9. Ұйқы кезіндегі психикалык әрекеттердің (түс көру, ұйкылы журу) төркіш:

А. ашык санадан В. санасыздык С. инстинкттен

D. дағдыдан Е. табиғаттан тыс күштен
10.Қоғамдық сана мен өзіндік сана бір-біріне:

А. тәуелді В. тәуелсіз С. ашык сана дербес

D. астар сана дербес Е. өзара тығыз байланысып жатады
11.Психика жоғарғы денгейі:

А. санасыздық В. талап деңгейі С. сана D. Ептілік Е. дағдылану
12.Адамда сыртқы дуниені дұрыс бейнелейтін мүше:

А. мандай В. бас С. кез D. ми Е. құлақ

13.Адам қоршаған ортадан бөлініп жеке тұлға екенін сезінетін сананын түрі:

А. топтык сана В. өзіндік сана С. қоғамдык сана

D. таптық сана Е. мақсатты сана
14.Адамнын ниеттенген өз бағасының құны, яғни алдына қойған мақсатыныңқиындық

дәрежесіне орай көрінетін «мен» бейнесінің сипаты:

А. талаптар деңгейі В. өзіндік деңгейі С. жоғарғы сана

D. іс-әрекет денгейі Е. топтық деңгей
15.Жеке адам өзінін санасына сүйене отырып ажырата алады:

А. түйсік пен қабылдауды В. объект пен субъектіні С. назар мен есті

D. ойлау мен қабылдауды Е. сөйлеу мен тілді
16.Адамға тән материяның жоғары жемісі:

А. ойын В. оқу С. еңбек D. сана Е. әрекет
17.Күрделі ойлау тәсілдері іске асады:

А. бас миының үлкен жарты шарында В. ортаңғы ми бөлігінде С. жұлыңда

D. вегетативті ми арқылы Е. мишық
18.Адам түйсігіне әсер ететін дүние:

А. ішкі дүние В. сезімге байланысты С. сырткы дүние

D. әлеуметтік құбылыс Е. қарым-қатынас
19.Сананын ең жогаргы сатысы:

А. сана-сезім В. тіл мен еңбек С. сөз-сөйлем D. үлгі мен өрнек Е. ым-ишара
20.Табиғат пен коғамдағы барлық құбылыстардың объективті себептікзаңдылықтарына

бағынатын принцип:

А. гуманизм принципі В. философиялык принцип С. жаратылыстану принципі

D. детерминистік принцип Е. қоғамдық принцип
21.Бас ми жарақаттарында, улануда, психикалық жарақатта байқалатынпсихикалык

бұзылу:

А. жадының бұзылуы В. интеллекттің бұзылуы С. сананың бұзылуы

D. сөйлеудің бұзылуы Е. қабылдаудың бұзылуы
22.Ступор - сапаның тереңірек бұзылуының аталуы:

А. сандырақтау В. афазия С. алексия D. аграфия Е. есеңгіреу
23.Сананын бұзылуына тәнбелгілер:

А. қоршаған болмысты нақты сезіну мен түйсіктің болмауы

В. науқастын уақытқа және әсерге жауап беруі

С. ойлауға байланысты бағыттылығы

D. болып өткен жағдайды есте сақтауы

Е. жекеленген заттарды бұрмаланған түрде қабылдауы
24. Науқастың ешқандай тітіркендіргішке жауап бермеуі:

А. делирий В. кома С. есеңгіреу D. онероид Е. ұйқысұрау
25. Бірнеше сағатқа немесе күнге созылатын ұйқылы-ояу жағдай:

А. иллюзия В. галлюцинация С. агнозия D. анестезия Е. сомноленция
26. Адамның ұйқысырап жүріп кетуі:

А. лунатизм В.есеңгіреу С. сандырақтау D. күйзелгенде Е. аффектте
27. Психиканың жоғарғы және төменгі деңгейін атаңыз:

А.талант және нышан В. данышпандық және интеллект С. сана және санасыздык


D. бейімділік және бейімсіздік Е. дағды және ептілік
28. Адамның ойлай алатын, сезе білетін әрекеттенетін субъект ретінде өзін-өзі түсіне

бастауы айтамыз:

А. санасыздық В. қабілет С. талант D. дағды Е. сана-сезім
29. Психиканың төменгі деңгейі:

А.санасыздық В. талап деңгейі С. сана D. ептілік Е. дағдылану

30. Есеңгіреудін ауыр сатысы:

А. ұйкылы ояу жағдайда В. көзін жұмып жатады С. қатты ұйқыда

D. ұйқысырап жүреді Е. ұйықтай алмайды
31. Сананың жерді, уақытты, қоршаган болмысты болжай алмауы:

А. аменция В. шизофрения С. олигофрения D. делирий Е. онейроид
32.Делирийге қарағанда сананың тереңірек бұзылуы:

А. аменция В. шизофрения С. олигофрения D. делирий Е. онейроид
33.Обнубиляцияға тән сананын бұзылуы:

А. тереңірек бұзылуы В. өте жеңіл бұзылуы С. ауыр түрде бұзылуы

D. орташа түрде бұзылуы Е. сана бұзылмайды
34.Комаға тән сананың бұзылуы:

А.ешқандай тітіркендіргішке жауап бермеуі В. ауырғаңды сезінуі

С. ұйқылы ояу жағдай D. назары тек бір затқа қадалады Е. айкезбе жағдайы
35.Сомнобуляция сөзінің синонимі:

А. иллюзия В. ес-түссіз С. ұйқысырау, лунатизм

D. затқа қадалу Е. галлюцинация
36.Санасыздык дегеніміз, бұл:

А.психиканың жоғарғы деңгейі В. психиканың төменгі деңгейі С. талапсыздык
D. бейімсіздік Е. сөйлеудің бұзылуы
Қортынды білім денгейін тексеретін тесттін кілті



кілті



кілті



кілті

1

Е

13

В

25

Е

2

Е

14

А

26

А

3

В

15

В

27

С

4

А

16

Д

28

Е

5

А

17

А

29

А

6

В

18

С

30

С

7

В

19

А

31

Д

8

С

20

Д

32

А

9

В

21

С

33

В

10

Е

22

Е

34

А

11

С

23

А

35

С

12

Д

24

В

36

В