Файл: Кбекова Ж. С. Психология негіздері Оу уралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 985

Скачиваний: 33

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



IV тарау. Эмоционалдық және ерік үрдістері

§4.1 Эмоция (жан толғанысы) психикалық күйдін бір түрі

§4.2 Эмоционалдық күйлердің жіктелуі

§4.3 Ерік ұғымы мен ерік үрдістерінің қызметтері, ерік күші

§4.4 Ерік үрдісінің сатылары
§4.5 Эмоционалдық және ерік сфераларынын бұзылуы
§4.1 Эмоция (жан толғанысы) психикалық күйдің бір түрі

Адам өмірінде сезімдер ерекше рөл атқарады. «Сезім» немесе «эмоция» сөзі адамдардың өмірі мен қызметіне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнерге немесе шығармаларға, ғылымға, өздері өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарға байланысты көңіл-күйін білдіреді. Адамның барлық іс-әрекеті мен қылығында ерекше орын алады, оның ықпалымен адам әрекет етеді, белгілі бір қылықтарды іске асырады.

Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды, сонымен қатар оларға деген көңіл-күйін білдіреді. Бір оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбір заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бір адамды ұнатады, басқаларын жеккөреді т.б.

Күнделікті сөйлеу тілімізде «сезім» деген сөз «түйсінудің» мағынасында жиі қолданылады, оларды сезім мүшелері деп атаймыз, дұрысында оларды түйсіну мүшелері деп атауымыз керек.

Көптеген психология оқулықтарының авторлары, психолог ғалымдар «сезімдер» мен «эмоцияны» бір-біріне синоним ретінде қарастырады, ал шын мәнінде бұл екі ұғымның мағыналық айырмашылықтары бар. Сезім - бұл өте күрделі, адамның қалыптасқан тұрақты қатынасы, жеке тұлғаның белгісі. Мысалы,борыш сезімі, патриотизм сезімі, жауапкершілік сезімі және т.б, ал эмоция - өте қарапайым көңіл-күйді білдіреді. Сезім эмоциялар арқылы байқалады.

Сезім немесе эмоция дегеніміз - адамның басқа адамдарға өзіне, қоршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл күйі. Адамдар шындық дүниенің заттарымен
құбылыстарына әртүрлі қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттіліктерін тура және жанама канағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық түрде және қоғамдытұрмысқа байланысты қабілеттіліктерде жағымды эмоцияларды шақырады. Осындай қажеттіліктерді канағаттандыруға кедергі келтіретіндері жағымсыз эмоция қалыптастырады.

Сезімдерді

стеникалық және астеникалық деп екі топқа бөлеміз.

Стеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділігі арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім («стенос»-грексөзі, қазақшалағанда күш деген мағынаны береді), мысалы: күшті қуаныш, ашу сезімдері жатады.

Астеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділік қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім.

Астеникалық сезім («астенос» - грек сөзі, қазақшалағанда әлсіздік мағынасында қолданылады), мысалы, нәзіктік, қайғықасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.

§4.2 Эмоционалдық күйлердің жіктелуі
Сезімдердің жылдамдығының, күші мен тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты эмоциялық жағдайдың түрлеріне бөлінеді. Олардың негізгілеріне көңіл-күй, аффект, құмарлық, жігерлену, стресс жатады.

Көңіл-күй (настроение) - онша білінбейтін, ұзаққа созылған'' эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойы, аптасына, айына және одан да көпке созылуы мүмкін.

Адамның көңіл-күйі әртүрлі болатындығы белгілі. Мысалы: шалт, қайғылы, жабырқау және т.б. көңіл-күй жақсы және жаман болып келеді.

Адамдардың көңіл-күйі әртүрлі себептерге байланысты болады. Ондай себептер адамның жеке және қоғамдық өмірінде болатын елеулі оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Белгілі бір жұмысты ойдағыдай сәтті орындау бірнеше күнге, ұзақ мерзімге көтеріңкі, жағымды көңіл-күйді шақырады. Көңіл-күйдің сондай болу себебі адам жүйке жүйесі мен оның жалпы денсаулық жағдайына байланысты.

Адамдарда көңіл-күй әртүрлі болғанымен, әрбір адамға көңіл-күйдің басым келетін түрі тән. Осы көңіл-күйдің басымдылығына қарай адамдардың кейбіреулерін көңілді, шалт, сергек адамдар деп атаса, басқаларын жабырқау, көңілсіз деп атайды. Осындай жетекшілік ететін көңіл-күй мінез бітісі болып табылады.

Көңіл-күй барлық психикалық үрдістерде және адам іс-әрекетінде ерекше мәнге ие. Көңіл-күй елестетулер мен ойлаудың жылдамдығына, сонымен қатар оның мазмұны мен бағыттылығына әсер етеді. Көңіл-күй адамның басқа эмоциялық жағдайларына, олардың белсенділігіне, ұмтылыстарына және іс-әрекетіне ықпал етеді.

Мысалы, адам шалт көңіл-күйде ерекше белсенді болады, көңілсіз, қайғылы жағдайда - белсенділік танытпайды. Көңіл-күй
адамның қоршаған ортаға қатысына әсер етеді. Жағымды көңіл-күй үстемдік еткенде адам уақытша сәтсіздік пен қиындықты басынан жеңіл кешіре біледі.

Аффект - латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімде жүріп өтетін эмоциялық жағдайды айтамыз. Мысалы: қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б аффектілерін атауға болады. Аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен болады. Аффектілер көп жағдайда кенеттен болады, бірнеше минут жүріп өтеді де, адамды тез арада билеп әкетеді.

Аффектілер еріктің әлсіреген жагдайында пайда болады, өзін-өзі ұстай алмаудың және өзін-өзі басқара алмаудың керсеткіші болып табылады. Әрбір адам саналы құбылыс ретінде өзінің жекебасында кездесетін аффектіні алдын ала болдырмауға, оны алғашқы байқалған кезінен басып отыруға әрекеттенуі керек.

Тіпті аффектінің ең күшті сәттерінде де адам өзін-өзі басқара білуі қажет.

Халқымызда: «Ашу-дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос», «Ашу дұшпан жағына шығып кетпе, ақыл-досыңды қолда», «Қит етсе қызарақтап, қызыл кеңірдектікке салынған көпке жеккөрінішті көрінеді» деген даналық сөздер бар. Сондықтан «Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр» дейді халық нақылы.

Аффектілердің жүйке жүйесі ауру адамдарда байқалатын патологияның түрі болады. Бұл жерде аффектілік жағдайдың алдын алу үшін оған сәйкес емдеу қажет.

Аффект кезінде адам «ештеңе білмей қалдым, көзім түк көрмеді» дейді. Бұл мүмкін емес. Адам әр уақытта да өз қылығына есеп беріп отыруға және қандай жағдайда болса да, өз сезімін басқарып отыруға тиісті.

Құмарлық (страсть) та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ көңіл-күйдең айырмашылығы құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға,еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері. Жағымды құмарлықтар адамды үлкен, жасампаздық іс-әрекетке итермелейтін күш болып табылады.

Жоғары сезімдер

Сезімдер атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен байланысты. Қажеттіліктердің сипатына байланысты жай және жоғары сезімдер деп бөлінеді.

Жай сезімдерге
белгілі бір физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаумен байланысты сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну сияқты эмоциялық жағдайлармен байланысты сезімдер жатады.

Жоғары сезімдер рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру; немесе қанағаттандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді. Жоғары сезімдердің мазмұны олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережелерімен және эстетикалық бағалауларымен анықталады.

Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық болып бөлінеді.

Адамгершілік сезімдер - қоғамдық өмірдің талабына сәйкес керінетін адамның жоғары сезімдерінің бір түрі. Бұлардың мазмұны да, құрылымы да өте күрделі. Мұндай сезімдер тобына жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, елжандылық, ұят, ұлттық мақтаныш, қазақстандық патриотизм т.б. жатады. Адамгершілік сезімдер деп дүниедегі құбылыстарды қабылдауда адамдардың көңіл-күйі мен бұл құбылыстарды қоғамның қалыптасқан ережелерімен салыстыруды айтады. Халқымыз: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп адамгершілікке тәрбиелеуде ата-ананың үлгі өнегесіне ерекше мән берген.

Адам өз ортасына қарап өседі. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады», «Он рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге көрсет» дейді халық. Мысалы, өткен замандардың бір ақылгөйі Сенека «Уағыз айтып жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге арқылы оңай» деген екен. Халық психологиясы жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырады. Баланың бойында жақсы адамгершілік сезімдердің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі өнеге берер ұстазына байланысты. Сондықтан да халқымыз: «¥стазы жақсының-ұстамы жақсы» деп бекерден-бекер айтпаса керек.

Эстетикалық сезімдер. Қоғамның даму үрдісінде адам моралдық талаптармен ғана емес, сонымен қатар сұлулық ұғымдарын басшылыққа ала отырып, қоршаған дүниенің құбылыстарын қабылдау қабілеттілігіне ие болады. Бұл жағдай эстетикалық сезімдердің пайда болуы үшін негіз болып табылады. Эстетикалық кәңіл-күйлер өте көп қырлы және күрделі.

Эстетикалық сезімдер - болмыстағы шындықтың сұлулығын, әдемілігін, әсемдігін қабылдаудан туатын көңіл-күй. Эстетикалық