Файл: Кбекова Ж. С. Психология негіздері Оу уралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 990

Скачиваний: 33

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
сезім табиғат көріністерінен, әуезді әуендерден, әсерлі оқиғалардан, өнер туындыларынан пайда болады. Адамның эстетикалық сезімі өз ортасына, тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Эстетикалық сезімі жетілген адамтабиғат сұлулығын қабылдап сүйсінеді. Адамның қоғамға, дүниеге көзқарасы эстетикалық сезімімен астарласып жатады.

Эстетикалық сезімдер деп әдемі заттар мен құбылыстарды қабылдаумен байланысты, ол туралы елестетулер мен ойлармен байланысты адамның көңіл-күйінің жағымды сезімдерін айтамыз.

Интеллектуалдық сезімдер - адамның ақыл-ой, іс-әрекетімен байланысты. Интеллектуалдық сезімдерге таң қалу, әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану сезімдерін жатқызуға болады. Интеллектуалдық сезімдер танымдық іс-әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер әртүрлі теориялық және тәжірибелік мәселелерді қойғанда, міндеттерді шешкенде, ғылыми жаңалық ашқанда, ойлап тапқанда, қандай да болсын жаңаны меңгергенде және танығанда пайда болады және көңіл күйді білдіреді. Теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде адам ерекше жағымды сезімде болады. Бұл сезімді бастан кешіргенде адам ерекше қуаныш жағдайында, көңіл-күйі, күш-жігері көтеріңкі болады. Қанағаттану мен қанағаттанбау сезімі адамның өзінің жеке интеллектуалдық үрдісінде пайда болады. Белгілі міндетті ойдағыдай шешу де қанағаттану сезімін тудырады. Мысалы, өте жақсы оқылған лектордың, баяндамашының дәрісі, мәнерлі де тартымды сөйлеген сөзі жағымды сезім туғызады. Тілдің грамматикалық ережелерін сақтамай, стилі жағынан өте ауыр, мазмұны жағынан тартымсыз лектордың сөзі кейде жағымсыз сезім шақырады.

Күйзеліс (стресс) және оның сатылары

Күйзелістік жағдайлар.

«Стресс» - ағылшын созі,қазақша лағанда күйзеліс мағынасындақолданылады.

Күйзеліс - кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатынпсихологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиологГ.Селье 1936 жылы енгізді.Эмоциялық күйзелістікжағдайлар қиын ахуалдардапайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде
аңғарылады. Бұл көңіл-күйлер қауіп тенген жағдайда, шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелері, тез және жауапты шешім қабылдау қажет болған жағдайда және т.б. пайда болады. Қазіргі өмірде күйзелістен кашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы мәселелер, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер...
Күйзелістік кернеуге мынадай белгілер тән:

  • бір нәрсеге жете ден қоя алмау;

  • жүмыста жіберілетін жиі қателіктер;

  • есте сақтау қабілетінің төмендеуі;

  • жиі шаршау сезімінің пайда болуы;

  • тез сөйлеу;

  • аурудың (басы, арқасы, қарын тұсы ауырады) жиі білінуі;

  • жоғары қозу сезімі;

  • жұмыстан бұрынғыдай ләззат ала алмау;

  • әзілдесу сезімін жоғалту;

  • шегетін темекі санының кенет артуы;

  • алкогольді ішімдіктерге қүнығу;

  • тамаққа тұрақты түрдегі қомағайлық сезімі;

  • тәбет жоғалту - жалпы ас дәмін сезбеу;

  • дер кезінде жұмысты аяқтай алмау.

Күйзелістік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек қана психологиялық жағдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да әсер етеді. Күйзелістік жағдайлар қан тамырлары мен ішек-қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.

Демек, бұл тек көңіл-күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық мәселе.

Қатты күйзеліс дені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді. Ал денсаулығы нашар адамдар үшін оның психофизиологиялық әсері қатты сезіледі: көңіл-күй бүзылады, ұйқысы нашарлайды. Әйтсе де, біраз уақыттан кейін бәрі де қалпына келеді.

Ал хроникалық, яғни созылмалы күйзеліс - ұзаққа созылған келеңсіз жағдайлар, күн сайын еңсені езетін нәрселер - адам денсаулығы үшін өте зиянды. Өйткені бұл жағдайда, ең алдыменартериалды гипертония, бронхиалды астма, жүректің коронарлыаурулары, қант диабеті сияқты психосоматикалық аурулар пайдаболады.

Күйзелістің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себептерқорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне дегенсенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.

Мысалы, қатты күйзеліс кезінде ағзада түрлі химиялық заттар

түзіле бастайды. Егер ер адамдар спортпен шұғылданатын болса, ол қосындылар «жанып» кеткен болар еді. Ал күйзелісті жағдайдан кейін өз эмоциясын сыртқа шығармай, теледидар алдында отыра беру жүрекке зиян. Эмоцияны іште ұстау психологиялық тұрғыдан алғанда өте зиянды нәрсе.Шетелдіктердің әрқайсысының өз психотерапевті бар екендігі сондықтан болса керек. Ал бізде негізінен оны алкоголь арқылы шешуге тырысады. Әрине, ішімдік қысқа мерзімге көмектесе алады, бірақ оның буы тарағаннан кейін де шешілмеген мәселелер өз орнында қала бермек.

Негізінде, күйзелісті қабылдауы, онымен күресе білуі адамныңақыл-ойының, парасатының деңгейіне, өзгешеліктеріне тікелейбайланысты.

Ал, күйзелістердің адам ағзасына зияны туралы пікірлер көп. Шындығында да, ол ағзаның қорғанысқа қабілетін әлсіретіп, иммундық жүйесіне тікелей әсер етеді. Мысалы, қатерлі ісік ауруы адам ағзасының ең бір әлсіреп, қалжыраған сәтінде бас көтеретіні белгілі. Әсіресе, эндокринді жүйеде пайда болған рак ауруы күйзеліспен тікелей байланысты. Бұл «Барлык ауру -жүйкеден» деген сөздің дұрыстығының тағы бір дәлелі.
Эмпатия тұралы түсінік

Ауру адамның қажеттілігі менықыласына байланысты дәрігер меноның арасында емдеу үшін дүрысқарым-қатынас жасау қасиетінэмпатия дейді. Эмпатияны ұнамдыэмоционалдық қатынас симпатияданажыратқан жөн. Эмпатия - ауру адамға әлеуметтік көмек ретінде пайдаланатын, эмоционалды бейтарапүрдіс.

Эмпатия (гректің еmраtһеіа-бірге қайғыру) – науқастардың уайымын өзінің басынан өткергендей сезініп, қайғысына психологиялық ортақтасу, оның ішкі ойын сезіну.

Жеке адамның эмпатиялық қабілеті өмірлік тәжірибе молайған сайын жоғарылайды. Дәрігер мен науқас арасында оң қарым-қатынас пайда болуы үшін «психикалық вентиляция» қажет. Психикалық вентиляция дегеніміз науқастың шағымдары, қайғылары, мәселелері туралы үзілмейтін әңгіме. Дәрігердің уақыты аз болса да, ол оны науқасқа білдірмей шағымдарын тыңдау керек.

Эмпатия деп басқа біреудің ішкі жан дүниесін терең және мүлтіксіз қабылдап, қайғы қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағандарға жанашырлық білдіріп, олардың калін өз басына түскендей сезінуді айтады.

Психологтар эмпатияны 3 деңгейге бөліп қарастырады:

  1. ең төменгі деңгей - бұл өзгелердің ойы мен сезімдерін тусінбеушілік. Бұндай адамдарды тек өзі ғана қызықтырады, ол озгелерді түсінемін және жақсы білемін деп ойлайды, бірақ оныңтұжырымдары жиі қате болады. Олардың өз қателіктерін мойындауға өздерінің төменгі деңгейдегі эмпатиялары кедергі жасайды, өзіндік қателіктері өмір бойы жалғасуы мүмкін.

  2. ең өзгелердің ойлары мен сезімдеріне эпизодтық соқырлық, бұл өте жиі кездеседі. Жеке тұлғалардың барлық түрлерінде, әртүрлі жағдайларда болса да кездеседі.

  3. ең жоғары эмпатия, бұл әрдайым өзге адамды терең және дәл түсіну, оның қайғысын өз қайғысындай сезіну, өз ойын немесеөзінің қызығушылықтарын күштеп орындатпай-ақ дұрыс шешім қабылдауға жол көрсету. Бұл үшін өзіндік «менінен» бір сәтке ажырай білу, өзара қарым-қатынас пен альтруизм ұстанымдары бойынша қатынас құру.


Әртүрлі жеке тұлғалар эмпатияның түрлі сатысына бейімкеледі, қарым-қатынаста әртүрлі деңгейде талантты. Серіктестердің мүмкіндігінше біреуі қатынаста талантты болса,
қарым-қатынас уйлесімділігінен үміт жоғары болады. Егер екеуіде талантсыз болса, мүмкіндік те аз болады. Шынында бұлжағдайда серіктестер қарсыласуы төмен жолмен жүруі мүмкін -
олар өзінде жабылып және осынысымен дау-дамайдың болмауынқамтамасыз етеді. Бірақ бұл мәселені уақытша ғана шешеді,өйткені біреуді түсінбеу - бомба сияқты түбінде жарылысқа;
әкеледі.

Эмпатия бұл табиғаттың берген сыйы, дамыған этика, жеке тұлғаның формасын үйлестіретін, меланхолик темпераменті мен жоғары моральды ұстанымдардан тұрады. Доминантты және шығармашылық тұлғалар эмпатияның ортаңғы деңгейіне үнемі жақын болады, бірақ бұл этика функциясы дамығандарда көбіреккөрінеді. Эмпатияның өте аз логикалық түрлері жеке тұлғаның нормаланған формасын пайдаланады.
Медицина қызметкерінің кәсіби «жанып кету» синдромы
«Эмоцияның сөнуі» деген терминді американ психиатры Х.Дж.Фрейденберг 1974 жылы эмоционалдық қанық ауа-жайда (атмосферада) науқастармен (пациенттермен) белсенді кәсіби қарым-қатынаста болатын адамдардың психологиялық жағдайларын сипаттау үшін енгізді. Оған «үлкен шығармашылык мүмкіндікке (потенциалға) ие, ...өз ісіне құлай берілген, кәсіби адамдар тап болады». В.Мосс кәсіби болдыруға «Күшейе түсетін қуатын, идеалын, мақсатын жоғалтатын ақыл-ойлық, денелік және жандық таусылу» деген анықтама береді.

Медицина қызметкерінің кәсіби жанып кету синдромы депфизикалық, эмоциялық, ойлау қабілеттерінің таусылуын айтады.Бүл жағдай жұмыста таусылмайтын, атқарылмайтын күйзелістен кейін дамиды. «Жанып кету» немесе «Сөну» синдромының негізіне қызметкерге кәсіби әрекет кезінде күйзелістің әсер етуіұзақ уақыт жатады. «Жанып кету» немесе «Сөну» синдромының пайда болуына адам мен адамның, бастық пен бағыныштының арасындағы ауыр қарым-қатынаста болу негізгі рөл атқарады. Бұл процесс біртіндеп дамиды. Алдымен эмоциялар оңай білінбейді, артынан адамдар ашулана бастайды. Кейінірек ашулануды тоқтату қиындайды. Бұл ызалану мен ашық қайшылық тудырады. Ақырғы кезеңде өзін-өзі бағалау мен кәсіби мотивация төмендейді. Кейбір адамдар бұл кезеңде психикалық белсенді заттарды пайдалануды (ішімдік ішу, темекі тарту, есірткіні пайдалану) күшейтуі мүмкін.


«Кәсіби жанып кету» кенеттен, тұтқиылдан пайда болмайды. Бұл процесті жабық кастрөлдегі сұйықтың, кейін қайнап сыртқа тасып төгілетін жәй қайнауымен немесе көңіл аудармаса соңы өртке айналатын жалынның ұшқындауымен теңестіруге болады.

«Жанып кету» синдромы болғанда адамның жұмысқа деген ықыласы жойылып, оның өмір сапасы темендейді.

А.Гюллен мейірбикелік қызметкердегі «Кәсіби жанып кетудің» 3 сатысын былайша сипаттайды:

1-ші саты - мазасыздану; адам қалайтын деңгейде қызмет атқаруға бейім емес, ол өз беделін демеу үшін, қорғаныс механизмін қолданады. Мысалы: «Үйде қызығарлық не бар?», «Маған жұмыс көбірек ұнайды». Бұл механизмдерді қолдану кейде көмектеседі, алайда оны күнделікті пайдалану- адамның бірдеңені дұрыс істемегенінің белгісі;

2-ші саты - қарсылық; бұл сатының басты сипаттамасы -бірбеткейлік, бағынбау, қатаңдық; адам ережелер мен нұсқауларга жабысып, өз позициясын (көзқарасын) өзгертуге құштарлық танытпайды; томаға-тұйық, әзгелерден оқшау қалады (бұл мінез-құлқы айналасындағыларды кері тебетіндіктен назардан тыс қалуы мүмкін); егер сіз әдетте жұмыстан кейінгі уақытты бірге өткізетін мейірбике кенеттенқарым-қатынасты күрт үзсе, онда ол «кәсіби жанып кету» синдромын бастан кешіруі мүмкін;

3-ші саты - таусылу; А.Гюллен бұл сатыны ақырғы саты ретінде сипаттап, жазады; адамның бір жағынан, маужыраған, сылбыр және тұрлаусыз, ал екінші жағынан аса зілді және қатал болуы ықтимал; бұл сатыда оған көңіл мен қамқорлық қажет, алайда шұғыл жағдайларда тәртіптік сипаттағы жазақолданылады: бұл ретте баламалы ең жақсы тәсіл - маманнан кеңес алу.

Қазіргі медицинада Гиппократ антының патерналистікбастауынан бас тарту анық біліне бастады. Ант бойынша «Мен науқастардың режимін өз біліміме, түсінігіме байланысты тиімді жаққа бағыттаймын».

Қазіргі медицинада керісінше емделуші мен әріптестік карым қатынас қалыптаса бастады.

Комплаенс (ағылшынша соmрlіаnсе - келісім) - науқастың терапия режимін сақтауға келісуі, дәрігердің ұсыныстарын қабылдау. Келісім деңгейіне дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы әсер етеді. Қазіргі кезде терапевтикалық альянс туралы айтылады, бұл дәрігер мен науқас арасындағы әріптестік қарым-