Файл: Кбекова Ж. С. Психология негіздері Оу уралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 991

Скачиваний: 33

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Батылдық пен ерлік деп алға қойған мақсатты орындау жолында, адам өміріне қауіпті болуына қарамастан, кездескен кедергілерді жеңе білуде байқалатын күш-жігерді айтамыз. Ерлік тек батылдықты ғана қажет етпейді, сонымен қатар табандылықты, үстамдылықты, салқынқандылықты да қажет етеді. Ерлік пен батылдық бір-бірімен байланысты: мысалы, ерлік пен батылдықтың көптеген үлгілерін фашист басқыншыларына қарсы күресте кеңес адамдары кәрсете білді. Мысалы, Кеңес Одағының Батыры, капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған Нүркен Әбдіровтің жанқиярлық ерлігі мен батылдығы - қазіргі жастарға үлгі-өнеге.

Адамның еріктік сапалары алға қойған мақсатты орындауда тек қоршаған адамдардың әсерімен ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі басқара білу үрдісінде де іске асады. Жеке тұлғаның ерік сапаларын қалыптастыру барысында жаңа мәнді кезеңі - өзін-өзі тәрбиелеу іске қосылады. Адам өзіне қажетті ерік сапаларын тәрбиелей бастайды.

Сондықтан да жеке тұлғаны қалыптастырудың мәнді кезеңі - өсу үстінде адам тек өзінің әрекеттері мен қылықтарын сын тұрғыдан бағалап қана қоймайды, сонымен қатар алдына өзін-өз тәрбиелеу міндеттерін қоя бастайды. Өзін-өзі тәрбиелеу өтеқұнды және тартымды болып табылатын образға (идеалға) сәйкесіске асып отырады. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі ерік әрекеттер саласында өзін-өзі басқару жұмысынан басталады.
Жақсы әдеттерге дағдылану арқылы ерік күшін нығайту

Әр жаста балаларда еріктің мынадай элементтерін байқауға болады, атап айтқанда саналы түрде бір нәрсені істеуге ұмтылу, қажет ету, таңдау, шешімге келу және күш-жігер жұмсау. Балаларда белгілі бір талпыну түрінде сезіммен бірге өте ерте аңғарылады. Бірақ, баланың бұл талпыныстары әлі де саналысипатта болмайды. Мысалы, екі жас шамасында балада тәрбиені және ойын әрекетінің әсерімен белгілі тәжірибе жинақталады, балада елестеулер қалыптасады, қиялдың негіздері пайда болады баланың ой өрісі дами бастайды. Бірақ, бұл талпыныстар көп уақытқа дейін негізінен эмоциялық көңіл-күйдің әсерімен іске асады. Бұл қарапайым еріктік әрекеттер. Бірте-бірте тұрақтыжаттығулардың нәтижесінде болады. Саналы еріктің күш-жігерге; қабілеттілігі дами бастайды. Бұл жаттығулар алғашқы: сатыларында негізінен үлкендердің басшылығымен іске асады.

Шәкірттердің ерік әрекеттерін дамытуда оқу әрекетінің атқаратын рөлі ерекше. Баланың мектепке келуі оның өмірінде
ерекше оқиға болып табылады. Егер де мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі іс-әрекеті ойын әрекеті болса, ал мектепке келгеннен кейін, балалардың алдына ерекше міндеттер, жүктеледі. Оның негізгі іс-әрекеті оқу әрекеті болып табылады.

Психикалық зерттеулер көрсеткендей, шәкірттің еріктікәрекеттерін ұйымдастыратын негізгі түрткісі ІІ-ІV; сыныптарының шәкірттерінде айқын байқалатын өзінің оқу ұжымының намысы мен арын қолдауға ұмтылу болып табылады. ¥жым алдындағы жауапкершілік сезімі еріктік әрекеттерден кездесетін қиыншылықтарды жеңуде ерекше қолдау көрсетуі мүмкін.

VІІ-VIII сыныптарда көптеген мектеп шәкірттері көп жағдайда оқу әрекетін болашақтағы жоспарларымен байланыстырады, өздерінің болашақ мамандығы туралы, оқу бітіргеннен кейін қоғамда алатын орны туралы толғаныстарын білдіреді. Мектеп жасында ерікті әрекеттерді меңгеруде жеткіншектер мен жастар кейде іс-әрекетті орындауда кездесетін қиыншылықтарға терең көңіл-күйін білдіреді. Қиындықтарды жеңуде ерікті тәрбиелеуге болады. Ерік пен ерік сапаларын тәрбиелеудің негізгі шарты адамның іс-әрекетке белсенді қатысы болып табылады. Ерікті әртүрлі өсиеттермен тәрбиелеуге болмайды, ерікті дамыту ерікті әрекеттер де жаттығуды қажет етеді.

Ерікті тәрбиелеу еріктің жағымды сапаларын дамыту және бекіту болып табылады. Ерікті тәрбиелеу ойлау мен сезімді тәрбиелеумен тығыз байланысты. Бірақ, ерікті тәрбиелеуді тек қана ойлау мен сезімді дамыту деп түсінбеу керек. Барлық адамгершілік ережелерді жақсы білу және саналы түсіну, өзінің сезімдерінде терең көңіл-күйде болуы мүмкін. Мысалы, көптеген нәзік жанды адамдар ерекше ойлау қабілетімен шынайы да ыстық сезімімен қатар, әрекетсіздігімен және еріктің әлсіздігімен ерекшеленеді. Ерікті тәрбиелеу - бұл жалпы алғанда жеке тұлганы тәрбиелеу.

Ерікті адам бұл шын ақылмен, анық шығармашылық қиялымен, күшті моралдық сезімдерімен ерекшеленеді. Бізге шығармашылықпен ынталы шешімге келе білетін, өз күшіне сенімді, батыл, табанды, ержүрек, тәртіпті - бір сөзбен айтқанда ерік-жігері күшті адамдар қажет.
§4.5 Эмоционалдық және ерік сфераларының бұзылуы
Әмоциялардың бұзылуы туралы жалпы ақпарат: селқостық, эйфория,дисфория, депрессия және желікпе

Ауру адамның эмоциялық жағдайын анықтауда дәрігерлік тәжірибенің маңызы зор. Тексерген кезінде ауырған адамның мимикасына, кейпіне, дене қимылына, сөзіне, тәртібіне көңіл аудару керек.



Эмоцияналдыбұзылу симптомдары сан алуан және өте көп. Эмоцияның бұзылуы симптомдардың эмоцианалды әсер ету ме көңіл күйдің бұзылуы симптомдары сияқты түрлері бар. Көңіл - күйдің бұзылуының екі түрі бар: күшейтілген және әлсіз эмоциялар. Күшейтілген түріне гипертимия, эйфория, экстазжатады.

Эйфория дегеніміз көңілді, жылжымалы, сөйлегіш, күлкілі патологиялық көтеріңкі күй. Мұндай жағдай ішімдіке неесірткіден масайғанда, токсиманиялық заттарды (дәрілерді, тұрмыстағы химиялық заттарды, бензинді, толуолды және т.б.) қолданғанда, ауыр соматикалық (мидың ісігі, мерез ауруы) және психикалық ауру кезінде болады.

Депрессия дегеніміз зарығу,мазасыздану, абыржу, қорқу сияқты сезімдер ере жүретін патологиялық түрде көңілдің төмендеуі. Депрессияның ауыр түрінде суицидтік (өмір сүргісі келмейтін) ойлар мен әрекеттер болады.

Дисфория дегеніміз көңілдің зарығуы мен ызалануы. Мұндай жағдай церебральды атеросклерозда, мидың зақымдануында, эпилепсияда болады.

Апатия (селқостық, енжарлық) сезімдердің жоғалуы, психикалық қызметтің ауыр зақымдануы. Мұндай жағдай шизофренияда болады.

Ынжықтық эмоциялардың жылдам ауысуы. Қалыпты жағдайда балаларда, қартайған адамдарда церебралды атеросклероз кезінде болады.

Патологиялық аффект өзінің әрекетімен айналаға қауіпті, сананың терең тұнжырауы. Осы өзгерісті анықтаудың сот-психиатрдың тәжірибеде маңызы бар.

Желікпе - сарыуайымшыл психозды дербес ауру ретінде Крепелин 1896 жылы анықтаган болатын. Бұл аурудың бітімдік ерекшеліктері тұрғысында мыналар байқалады: желікпе-сарыуайымшыл психоздың мезі қылатын талмалары көбіне үнемі жоғары көңіл-күймен ерекшеленетін немесе көңіл-күйдің ауытқуына бейімділік айқын білінетін жандарда жиі пайда болады.
Еріктің бұзылуының жалпы ұғымдары: гипобулия, гипербулия, абулия, негативизм, клептомания, мутизм

Депрессияда, ақылы кеміс және әлсіреген ауруларда жігерлілік пен белсенділік төмендеп не жойылып гипобулия мен абулия пайда болады. Балалар тәжірибесінде инфантилизм және онымен байланысты тәртіп бұзылғанда эмоциональдық жігер кемеліне толмайды.

Абулия - еріктің жоғалуы, ештеңе істегісі келмейтін патологиялық жағдай.

Гипобулия - еріктің төмендеуі, бір іспен айналысуға талапсыздық, ынтасыздық, ештеңе істегісі келмейтін психикалық жағдай.


Гипербулия - еріктің күшеюі.

Клептомания - еш себепсіз ұрлық жасауға құмар болу.

Мутизм - сөйлеу аппараттары сау болғанымен сөйлесе алмау.

Негативизм - науқас адамның тілдесуші адамды жақтырмауы, сөйлеспеуі, еш себепсіз қарсылық әрекет жасауы.

Психиатриялық тәжірибеде жігердің не ырықты қызметтің бұзылуы кататониялық синдромда білінеді. Бұл синдром ступор ретінде байқалады, басқаша айтқанда негативизм белгілері бар, қозғалыс толығынан жоғалып, балауыз сияқты иіліп, ауру адам иілгіш болады. Кез келген не ыңғайсыз қалыпта бола алады.

Құмарлылықтың бұзылуы ас қабылдау, жыныс, өзін-өзі сақтау инстинктерінің өзгеруі ретінде білінеді. Өзін-өзі сақтау инстинктінің бұзылуы: қатты қорқақтық, өмірге деген қорқыныш, жиі өмір сүргісі келмеу туралы ойлау мен әрекеттер тудырады. Бүгінгі танда өмір сүргісі келмеу туралы тенденция көбейгендіктен психиатриядан арнайы бөлім суицидология бөлінді.
Медициналық қызметкердің эмоционалдық және ерік үрдістері бұзылған науқастарға байланысты қолданатын жұмыс тәсілі

Медицина қызметкерлері науқастардың көңіл-күйіне көп назар аударуы керек, өйткені көңіл-күйдің өзгеруі диагностикалык қателіктерге, асқынуларға, суицидке дейін алып келуі мүмкін. Эмоциялар әртүрлі ауруларға себеп болуы мүмкін және керісін әртүрлі аурулар адам көңіл-күйінің өзгеруіне себепші болады.

Науқаста пайда болатын бұзылулар наукастың еркіне тікелей байланысты. Ерік төмен болған науқастарда ауру пассивтікке,апатияға немесе созылмалы депрессияға алып келеді.

Науқаспен дұрыс қарым-қатынас жасау үшін ауру концепциясын, ауруды уайымдау масштабы үғымдарын дұрысбілу керек.

Ауру концепциясы дегеніміз - ауруды жан-жағына түсіндіретін, патологияның даму механизмдерін, клиникалы белгілерін, ауру үшін маңызын, болжамын, емдеу түрлерін түсіндіретін теория.

Дәрігердің ауру концепциясы клиникалық зерттеу, тексеру нәтижелеріне, медицина тәжірибесіне сүйенеді. Науқастың ауруконцепциясы болса ауруды дұрыс түйсіктемейді, сондықтандәрігер науқастың концепциясын дұрыстауға, өзгертуге тырысуыкерек. Әр адам өз ауруын әртүрлі уайымдайды. Кейбіреулерде немқұрайлылық, эйфория байқалады, басқаларда уайым, қорқу, қобалжу сезімдері байқалады. Науқастың өз ауруына болғанреакциялар жиынтығы ауруды уайымдау масштабы деп айтылады. Науқаста әртүрлі реакциялардың алдын алу, өз ауруына деген ой-пікірлерін өзгерту емделуге көмек көрсетеді, сондықтан бұл медицина қызметкерлерінің міндеті болып саналады. Науқасқа осындай әсер ету ауруды уайымда масштабының коррекциясы деп айтылады. Науқасты емдеуде емдеу мақсаты және оның перспективаларының маңызы үлкен. Науқастың алдына бір мақсат қою үшін көптеген психологиялық факторларды, науқастың тұлғалық ерекшеліктерін, оның еркін есепке алу керек. Емделу процесінде жазылуға аз қалғаң науқастардың әсерінің де маңызы үлкен. Кейбір жағдайларда дәрігер науқаспен ауру кезінде уақытша болуы мүмкін болған асқынулар, жағымсыз реакциялар туралы әңгімелесуі керек.
Осындай әңгімелер науқасты қатты қорқудан, уайымдаудан, қобалжудан сақтайды, оның тез жазылуына көмек береді.

Дәрігерлердің ауырған науқаспен көптеген күнделікті жұмысы психотерапияға жатады. Психотерапия деген сөз грек тілінен аударғанда жанды емдеу деген мағына береді. Оған ауырған адамға қайырымдылықпен қарауға арналған көптеген сұрақтар мен шаралар кіреді. Бұл жұмысқа дәрігердің диагноз туралы сөзі, ауру адамға ауруы туралы түсіндіруі, жазылған рецептті берердегі жігерлендіру сөздері жатады.

Ең алдымен жалпы психотерапияның қосымша бөлігі ретінде емдеу мекемелерінің күн тәртібін айту керек. Күн тәртібі ерекшеліктері ауру адамның психологиясымен байланысты. Олар жоғарғы түрдегі өкпелегіштік, еркелік пен қынжылу. Психиканың мұндай ерекшеліктері бір жағынан осы адамның ауруымен, екінші жағынан үйренген өмірінің бұзылып, ауруханаға түсуімен байланысты.

Сондықтан ауруханаларда, емханалар мен диспансерлерде ауру адамдардың психикасын сақтайтын барлық жағдайды жасау керек. Осы айтқандарға бөлмені безендіру, қызметшілердің тәртібі, ауру адамдармен қарым-қатынас жатады.

Ауру адамның көңіл-күйіне бөлмелердің қабырғаларын бояу, картинаны ілу, палаталарға гүлдерді қою, берілетін киім мен асханадан асты қабылдау жағдайы ұнамды эмоционалдық әсер етеді. Осы айтылған ұсақ-түйектің барлығы ойланып, дәрігердің қатысуымен жасалуы керек. Кейбір ауру адамдар кәдімгі сыртқы тітіркендіргіштерді қатты сезінеді (гиперестезия). Кәдімгі күн сәулесі, есік пен желдеткішті ашып-жабу, әтірлердің иісі ауру адамдарға әсер етеді.

Эмоциялар ағзаның сыртқы не ішкі реакциялар ретінде білінеді. Сыртқы реакциялардың ішінде бірінші орынға мимиканы (ымды) қою керек. Дәрігер ауру адаммен кездескенде көп нәрсені оның бет әлпетінен біледі. Беттің мимикалық көрінісі барлық тіріге тән бұлшық еттердің жиырылуынан болады. Еттер жиырылуының жан-жақты маңызы туралы И.М.Сеченов жазды.

Осы айтылғандардың дәрігер мен ауру адам кездескенде мәні зор. Аурудың бет әлпетінен дәрігер көп нәрсені сезуі мүмкін. Мысалы, депрессия жағдайындағы аурудың бет-әлпеті ерекше болады. Ауру адамның беті оның ішкі дүниесінің айғағы: сондықтан «көз-көңілдің айнасы» деп тегін айтпаған, дәрігер ауру адамның бетіне, мимикасына, дене қозғалыстарына назарын аудару керек. Ауырған жерді айқын сезініп тұрған кезде ауру адамның беті қайғы-қасірет шеккенін көрсетеді.