ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 510
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
абсцесс
Әйел адам шаштаразда қасы мен кірпіктерін бояғаннан кейін, қабақ маңының күрт қыши бастауы мен ісінуіне және везикулезды бөртпелер пайда болды. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
қабақ терісінің токсидермиясы
30 жастағы ер адам. Эндокардитпен ауыратындығынан оң жақ көзінің кенеттен көрмей қалғандығын аңғарды. Көру өткірлігін анықтау кезінде офтальмолог оң жақ көзіндегі соқырлықты және сол жақ көзінің көру өткірілігінің 1,0 екендігін анықтады. Артериялық қысымның көтерілгені (150/90 мм.сн.бғ) байқалды. Аталған диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?
ТОА(тор қабықтың орталық артериясының) жедел түйілуі
Глаукоманың жедел ұстамасы бар науқастар мен иридоциклитті науқастарда не ортақ
ауырсыну, көздің қызаруы
Науқаста салқын тигеннен кейін оң жақтағы мимикалық қозғалыстардың ассиметриясы пайда болды, оң жақ көзі үнемі ашық тұрады, жыпылықтау қозғалысы жоқ. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
лагофтальм
Науқас 4 жаста. Оң жақ көзі қабағының терісінің астында 4 ай бұрын пайда болған, біртіндеп ұлғайып келе жатқан, ауырмайтын өсіндінің барына шағымданды: VIS OD = 1,О VIS OS = 1,О Объективті: OD – төменгі қабақтың үштен бірінің ортасында өзгермейтін терінің астында бұршақ көлеміндей тығыз өсінді көрініп, саусаққа білінеді, ауырсынусыз, терімен бітіспеген. Өсіндінің маңайындағы қабақ конъюнктивасы гиперемирленген, кішкене емізікшелер жайылған. Көз алмасы тыныш, ортасы мөлдір, көз түбі қалыпты. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
халязион
Баланың мұрынымен тыныс алуы біршама қиындаған, мұрнынан оқтын-оқтын іріңді бөлінулер шығады, дене қызуы жоғары. Екі күн бұрын оң жақ көзінде күшті ауырсыну және көз алмасының алға қарай ығысуы пайда болған. Обьективті: ОД – қабақ және коньюнктива ісігі мен гиперемиясы, көз алмасының қозғалысы шектеулі, экзофтальм. Ең ықтимал диагноз
орбита флегмонасы
Науқас көзінің түйіліп ауруымен, қабақ астынан құм тұрғандай сезінетіндігімен және екі көзінен бірдей бөлінушілікке шағымданды. Анықталғаны: екі көздің қабағы жеңіл ісінген және қызарған, қабақ конъюнктивасы күрт гиперемирленген, барқыт тәрізді, шеміршектегі безше суреттері көрінбейді. Қабақ конъюнктивасында жеңіл алынатын сүр түсті пленкалар. Склера конъюнктивасында көптеген қан құйылулар. Сіздің диагнозыныз
пневмококты конъюнктивит
Жарылыстан зардап шекен адамның көзін тексеру кезінде Сіз ұзындығы 10 мм болатын, көзден шығып тұрған сым қиындысын анықтадыңыз. Сіздің әрекетіңіз
сымды алып тастау, дезинфекциялық құралдарды тамызу, бинокулярлы таңу салу
Науқас 72 жаста. 2 күннен бері оң көзінің қатты ауруына және осы көзінің соңғы үш апта бойында көруінің жылдам төмендей бастағанына шағымданды. Бұрынырақ жаңа басталып келе жатқан кәрілік катарактасы диагнозын қойған. Vis OD= жарықты көреді, бағытын дұрыс анықтайды, Vis OS= 1,0. КІҚ OD=40 мм. сн. бғ КІҚ OS=20 мм. сн. бғ. Об-ті: OD көз саңылауы біркелкі тарылған, көз алмасының анық байқалатын іркілген инъекциясы, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера жоқ, қарашық 6 мм дейін кеңейген, қарашыққа жарықпен қарағанда біркелкі лайланған сұр түсті көз бұршақ көрінеді, көз түбі рефлексі жоқ. OS өзгерісссіз. Ең ықтимал диагноз қандай?
факоморфиялық глаукома
Науқас 55 жаста. Көру өткірлігінің төмендегеніне, оқу кезіндегі қиындыққа, метаморфопсияның пайда болуына шағым білдірді. Офтальмоскопиялау кезінде: макулярлы аумақта ірі, шеттері анық емес, өзара араласқан ошақшалары- друздар бар. Ең ықтимал диагноз қандай?
макулодистрофия
Туғанына 2 күн болған нәрестенің қабақтары күрт ісіп кетті. Объективті: көз саңылауы жұмылған, қабақтары күрт ісінген, саусақпен басқанда тығыздық білінеді, қабақтарды ашуға тырысқан кезде көз саңылауынан ет қалдықтарының түсі тәріздес сұйықтықтар ағады. Ең алдымен қандай ауру туралы ойлану керек.
гонококтық конъюнктивит (гонобленнорея)
Науқас К. жедел офтальмологиялық көмек көрсету кабинетіне келесі симптоматикамен түсті: қабақтың ісінуі және гематома, көз саңылауының тарылуы, экзофтальм, көз алмасының төменге және мұрынға қарай қозғалысының шектелуі, птоз, крепитациямен сол көз маңындағы теріасты эмфиземасы. Ең ықтимал диагноз.
көз шарасы қабырғасының сынуы
52 жастағы науқас оң көзінің ауырсынбай, біртіндеп көруінің төмендей бастағанына шағымданып келді. Объективті: visus OD=0,7 түзетілмейді. ОD: көз тыныш, қасаң қабық мөлдір, алдыңғы ұңғыл орташа тереңдікте, өтпелі жарықпен тексеру кезінде қарашықта сым тәрізді қошқыл бұлыңғырлану көрінеді; көз түбі жеңіл тұманданған, ерекшеліктерсіз. Сіздің диагнозыныз
қыртыстық алғашқы катаракта
Науқас көзіне тиген соққыдан кейін қарашығы сұр түске ие болып, көруінің төмендегеніне шағымданды. Мүмкіндік болатын себебін көрсетіңіз.
көз бұршақтың қарауытуы
Кварц лампасымен жұмыс жасаған ер адамда 6 сағаттан соң, қатты жас ағу, жарықтан қорқу шағымы пайда болды. Тексеру кезінде OU- блефароспазм, конъюнктива гиперемияланған және қасаң қабық эпителиінің уак көпіршікті көтерілуі байқалады. Ең ықтимал диагноз.
электроофтальмия
Науқас С., 45 жаста, «жедел жәрдеммен» көруінің жедел төмендеуі, сол жақ көзі, сол жақ самайы мен бас сүйегінің жоғары жағынан болған ұстамалы ауруымен ауруханаға жеткізілді, невролог, стоматолог, окулист тарапынан тексерілді. Науқас ешқашанда көз ауруымен ауырмаған. Анықталғандай ұстама басталғаннан 4 сағат бұрын оған асқазан жарасы ауруының асқынуына байланысты бұлшықет асты атропин инъекциясы жасалған. Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?
жабық бұрышты глаукоманың ұстамасы
14 жасар жасөспірім екі көзінде оқтын-оқтын болатын қызаруларға, ауырсынуларға, көруінің төмендеуіне шағымданып келді. Науқас стоматит жөнінде стоматологқа және сырт терілерінің жараланулары бойынша дерматологқа қаралған. Көру мүшелері жағынан объективті анықталғаны: перикорнеалды иньекция, гипопион, артқы синехиялар, шынытәрізді денедегі бұлыңғырланулар. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
увеит, Бехчет ауруы
45 жасар науқаста қасаң қабық синдромы мен көз алмасының аралас иньекциясында қасаң қабықтың төменгі сегментінде эпителий ақауы бар таға тәрізді инфильтрат анықталды. қасаң қабықтың сезімталдығы бұзылмаған. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
қасаң қабықтың жарасы
5 жасар бала дене қызуының көтерілуіне, тамағының ауруына, оң жақ көзінің қызарып, одан шыққан бөлінулерге шағымданды, дене қызуы 37,8 °. Бала көңілсіз, қозғалыссыз, жұтқыншағы гиперемирленген, бадамша без ісінген, қара-қоңыр сұр түсті пленкамен жабылған. ОД- қабақтары ісінген, қабақ конъюнктивасы күрт гиперемирленген, барқыт тәрізді, онда сұр түсті пленкалар бар, қиындықпен алынып, соңынан қан ағады. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
конъюнктиваның дифтериясы
25 жастағы әйел, жүктілік мерзімі 36 апта, көз түбін тексеруге акушер-гинеколог жіберген. Бала күнінен жоғары дәрежедегі жақыннан көрушілік, шашыратқыш линзалы 12,0 диоптрлі көзілдірік тағады, ондағы екі көздегі көру өткірлігі 0,3. Күштірек линзалар көруін жақсартпайды. Көз түбінде көлемді стафилома, тор қабық пен хориоидеяда көптеген дистрофиялы ошақтар. Босандырудың қандай әрекетін ұсынасыз
күшену кезеңін болдырмау
8 жасар балада екі көзінде афакия. Үнемі көзілдірікті түзетуді пайдаланады ОU (екі көзде) + 9,0 диоптрий. қалық линзалы көзілдірікті тағудан жайсыздықты сезінеді және олардың жиі сындырып алады. Өмір сапасын арттыру үшін, қандай түзету ұсынар едіңіз?
жасанды бұршақты енгізіп кою
Науқасты ОD-дағы бастың оң жақ жартысына берілетін қатты аурулар, лоқсу, құсу мазалады. Көз таңертең жүйке күйзелісінен кейін, кенеттен ауруды бастаған. Объективті: ОD - іркілген инъекция, қарашық кең, алдыңғы камера таяз. Гониоскопиялау кезінде ОD алдыңғы камера бұрышы жабық. КІҚ 41 мм.сн.бғ. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
жабық бұрышты глаукоманың ұстамасы
32 жастағы науқас бастың сол жақ бөлігіндегі қатты ауру сезіміне шағымданады, бұл әсіресе соңғы күндері мазалайды. Тәбет жоқ, тамақ ішуге байланысты емес құсу байқалады. Ол шамамен 15 жыл бойы есту қабілетінің төмендеуімен ортаңғы құлақтың ауруымен ауырады. Іріңді процестің өршуін мезгіл-мезгіл атап өтеді. Соңғы өршу жарты жыл бұрын байқалды, оның барысында есту қабілетінің күрт төмендеуі дамыды, ол осы күнге дейін жалғасуда. Терісі бозғылт сұр түсті, жердегі реңкпен. Тіл қапталған. Пульс минутына 48 рет. Науқас енжар, тежелген, жылауық. Қарапайым командаларды орындай алмайды, айтылған сөйлемді түсінбейді, көрсетілген объектілердің атын есіне түсіре алмайды. Көп сөйлейді, жеке сөздерді қате айтады, сөйлемдерді дұрыс құра алмайды. Шүйде бұлшықеттерінің сәл қаттылығы анықталды, оң Бабинский рефлексі және оң жақта терең рефлекстердің шамалы жоғарылауы анықталды. Оң жақта отоскопия кезінде есту түтігінде іріңді бөлінділер анықталады. құлақты гигиеналық тазалағаннан кейін тимпаникалық мембрананың кең шекті ақауы көрінеді, ісінген грануляциялармен толтырылған. Емізік тәрізді өсіндінің проекциясы аздап ауырсынусыз. Жұлын сұйықтығы бұлыңғыр және қысыммен сыртқа шығады. Диагноз қойыңыз
Мидың самай бөлігінің отогендік абсцессімен асқынған созылмалы отиттің өршуі.
Науқас К, 23 жаста мұрынның бітелуіне, естудің төмендеуіне, құлағындағы шуға шағымданады. Анамнезінде 1 апта бұрын ЖРВИ- мен ауырған. Қарағанда: АD- AS Mt- әлсіз күлгін, балғашық сабы қан тамырларының инъекциясы байқалады. СС - 4м, мұрынның шырышты қабаты қызарған, ісіңген, кілегейлі-іріңді бөлінділер бар. Қандай диагноз:
2 жақты туботимпанит
Науқас дәрігерге оң құлағының қатты ауыратындғына шағымданып келді. Анамнезінен ЖРА-дан кейін жедел ауырған. Құлағындағы ауру түнде аяқ астынан пайда болып, жұтқыншақ пен басқа берілген. Ауру сезімі шыдатпайтындай болған. Отоскопияда: AD-AS- есту жолдары бос, Mt- сол жақта сұр түсті, оң жақта дабыл жарғағы айқын қызарған,ісінген. Риноскопия: мұрынның шырышты қабаты ісіңкі, жалпы мұрын жолында кілегейлі-іріңді бөлінділер бар. Диагноз қойыңыз:
Жедел ортанғы отит
Науқас С., 45 жаста, ЛОР бөліміне дауыстың қарлығуы, тамақтың жыбырлауы, тамағында қышу сезімінің болуы шағымдарымен жүгінді. Анамнезінде 25 жыл темекі шегуші. Жұту ауыртпалықсыз, ауызды ашу бос. Тікелей емес ларингоскопия кезінде: алмұрт тәрізді синусы бос симметриялы, көмей үсті қозғалмалы. Көмей қуысы бос, фонация кезінде ортаңғы үштен бір бөлігінде дауыс саңылауының жеткіліксіздігі байқалады. Шырышты қабаттың ожау тәрізді шеміршек аралық кеңістігінде конус тәрізді тығыз өсінділер бар. Диагноз қойыңыз:
Пахидермиялық ларингит
ЛОР бөлімшесінің қабылдау бөлмесіне мұрнымен тыныс алуының нашарлағандығына, мұрынның кіреберісінің ісіңгендігіне және ауыратындығына, дене қызуының 38° көтерілгендігіне шағымданған 25 жастағы науқас жеткізілді. Науқастың айтуынша 2 жеті бұрын спорт ойыны кезінде қолы тиіп сыртқы мұрын жарақаттанған. Қан кетпеген. Мұрын бітелген, бәрақ әсер етпеген. Соңғы 2-3 күнде мұрны «ісіп», ауырып, ыстығы 38,5° көтерілген. Алдыңғы риноскопияда мұрын пердесінің шеміршекті бөлігі симметриялы түрде ұлғайған, шырышты қабаты шым қызыл. Диагноз қойыңыз.
Мұрын пердесінің іріңдеген гематомасы
Вопрос432
Науқас құлақ қалқаны аймағындағы ауырсыну шағымдармен қабылдау бөлмесіне жүгінді. Ыстық күйдіру сезімі, температура көтерілуі мен әлсіздік белгілері. Аурудың басталуына бес күн бұрын науқас кездейсоқ құлақ қалқанын түйреуішпен тырнап алды. Қабылдау бөліміне барудан үш күн бұрын құлақ қалқаны терісінің қызаруы пайда болды, ол үлкейіп, ісіп, бас ауруы пайда болды. Науқастың жағдайы біртіндеп нашарлады, температура пайда болды. Қарап тексергенде құлақ қалқанының тері кенет қызарған, инфильтрацияланған. Процесс құлақ маңы аймағына, сыртқы есту жолының терісіне таралады. Гиперемияланған аймақтар демаркация сызығымен қоршалған. Сыртқы есту жолында патологиялық бөліністер жоқ, дабыл пердесі өзгермеген. Диагноз қойыңыз:
Құлақ қалқаны терісінің тілмелік зақымдануы
Науқас емхананың ЛОР-дәрігеріне мұрын жарақатынан кейін пайда болған кезеңді бітелумен шағымданып келді. Науқас тән шағымдар берді: оң жаққа жатса мұрынның оң жағы бітеледі немесе сол жаққа жатса сол жақ бөлігі бітеледі. Риноскопияда: мұрын пердесі оң жаққа қисайған, мұрын жолы тарылған, төменгі мұрын кеуілжірі ұлғайған, шырышты қабаты бозғылт-күлгін.
Вазамоторлы ринит,мұрын пердесінің қисаюы
Науқас 45 жаста ЛОР-бөлімшеге дауысының қарлығуына, тамағындағы қышу және Ашу сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде 25 жылғы стажбен темекі шегуші. Жұтыну ауру сезімсіз, ауызының ашылуы еркін. Тура емес ларингоскопияда: алмұрт тәрізді синустар бос, симметриялы, көмей қақпашығы қозғалмалы. Көмейдің қуысы бос, фонацияда дауыс саңылауының үштен ортаңғысында жеңіл қосылмайды. Диагноз қой: