ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 505
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А гемофилиясы
8 жасар бала туылғаннан бастап бой өсуден артта қалған, 12 айдан бастап отырады, 1,5 жастан бастап жүреді. Бойы 4 жасқа сәйкес келеді, сүйек жасы - 2 жас, дене бітімі пропорциональды емес. Ақыл - ойдың артта қалуы, бетінің ісінуі, іш қату, брадикардия. Сіздің болжамды диагнозыңыз
туа біткен гипотиреоз
10 жасар қыз бала, ара шақаннан кейін, кенет ауырған, тізе және шынтақ буындардың үстінде симетриялы папулезды - геморагиялық бөртпелер пайда болды. Осындай бөртпелер ішкі сандарында, жанбасында пайда болды. Іші жұмсақ, асқазан және тоқ ішек аймағында ауырсыну, нәжісінде алқызыл қан байқалады, температурасы 37,30С. Қандай диагнозы дұрыс
геморрагиялық васкулит
Бала 11 жаста, стационарға бала есін жоғалтқанда әжесі әкелген. Анамнезінде: қант диабетімен ауырады, инсулин қабылдайды. Соңғы рет инсулинді 1,5 сағ. бұрын қабылдаған. Әжесінің сөзіне қарағанда бала бірден бозарған, терлеген, есін жоғалтқан. Қарағанда: терісі бозарған, ылғалды; бұлшық ет тонусы қалыпты, ацетон иісі жоқ, пульсі минутына 110 рет, қанағаттанарлық. АҚ - 90/60 мм; тынысы қалыпты, іші жұмсақ, бауыр ұлғаймаған, температура 36,4°. Қандай диагноз дұрыс
гипогликемиялық кома
5 жасар бала, кенет ауырған. Түскендегі: температурасы 37,20С, жиі құрғақ жөтел, тыныс жиілігі 28, перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультацияда тынысы қатаң, құрғақ сырылдар, жүрек тондары ырғақты. Қан анализы өзгеріссіз. Өкпе рентгенограммасында - өкпе суреті күшейген. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін
жедел жай бронхит
7 жасар бала. Жедел ауырған, дене температурасы 400С. Қарағанда: жағдайы ауыр, бас ауруына, құрғақ жөтелге. Терісі бозғылт, «мәрмәр» сүретімен. Аңқасы гиперемирленген. ТЖ - минутына 32. Кеудесі керілген, оң жақ бөлігі тыныстан қалады. Перкуторлы: оң жақта өкпеде жауырың астында қысқарған. Аускультацияда: тынысы қатаң, қысқарған жерінде әлсіреген, сырылдар жоқ. Жүрек үндері қатты, шулар жоқ. ЖЖЖ минутына 120 соғыс. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Жалпы қан анализі: НЬ - 115 г/л, Лейк. - 18,0 х 109/л, таяқшалар – 10 %, с. – 57 %, э. – 1 %, л. – 23 %, м. – 9 %, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Рентгенографияда: оң жақ өкпеде VIII и IX сегменттерде интенсивті қараюлар бар. Қойылған диагноз: оң жақты сегментарлы пневмония. Науқаста қандай өкпелік асқыну болу мүмкін
пиопневмоторакс
Бала 7 жаста. Анамнезінде: әжесі бронх демікпесімен ауырады, 6 айынан бастап цитрустарға аллергиясы бар. 3 жасында жедел есекжеммен ауырған. 1 сағат бұрын, жөтел, қиын шулы тыныс пайда болды. Объективті: тері қабаты бозғылт, мұрын - ерін үшбұрышының цианозы, экспираторлы ентігу 1 минутта 50 рет, тынысы әлсіз, құрғақ ысқырықты сырылдар, перкуссияда өкпеде қорап тәрізді дыбыс. Қандай ауру туралы ойлауға болады
бронх демікпесі
Бала 11 жаста, қант диабетімен есепте тұрады. Шағымдары: шөлдеу, зәр шығаруының жоғарылауы, кіндік айналасындағы ауырсынуға, жүрек айну, құсу, бас айналуы, көру қабілетінің бұзылуы. Ауырғанына 2 күн болған. Объективті: шырышты қабаты құрғақ,айқын, ауыз бұрыштарында жарықтар бар, тілі жабындымен жабылған, бет сүйектерінің терісінде (на скулах) қызару бар. Науқаста негізгі аурудың қандай асқынуы бар
диабеттік кетоацидоз 1 дәрежелі
Бала 13 жаста. Шағымы: іштің түнде және ашқарында ауырсынуы, әртүрлі интенсивті, тамақ қабылдағанда ауырсыну басылады, қыжылдау, кекірік, жүрек айну, үлкен дәреті қатуға бейім. Анамнезінде: 10 жасынан ауырады, гастродуоденит диагнозы қойылған, мерзімдік өршуі байқалады. Диета ұстамайды. Анасында, атасында – ойық жара ауруы. Объективті: баланың жағдайы қанағаттанарлық, физикалық дамуы орташа. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Ішін пальпациялағанда эпигастрий және пилородуоденалды аймағында ауырсыну, Мендель симптомы оң. Бауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз дұрыс
12 елі ішектің ойық жарасы
4 жасар бала, жедел ауырды: дене қызуының көтеліруі байқалды 38,5°С, жөтел, мұрыннан су ағу. Қарағанда: жағдайы орта дәрежелі. Терісі бозғылт, ауыз аймағы көгерген. Жөтелі ылғалды, ТЖ минутына 40 рет. Қабырға аралық дем алғанда ішке қарай кіреді, мұрын делдеюі байқалады. Перкуторлы: перкуторлық дыбыс тимпаникалық. Аускультативті: қатаң, сол жақ өкпенің жауырың астында тыныстың бәсендеуі байқалады, сол жерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Қойылған диагноз: оң жақты ошақты пневмония. Қанның биохимиялық анализінде қандай өзгерістер болу мүмкін
СРБ «оң
9 жасар қыз эндокринологқа жіберілген. Денесінің ыстықтауы пайда болуы, тершеңдік мазалайды. 3 айда 5 кг салмақ тастаған. Объективті тексеру кезінде: эмоционалды тұрақсыз, қозғыш ,жылауық. Дене белсенділігі жоғарылаған - саусақтардың кішкене треморы байқалады. Терісі ылғалды, ұстағанда ыстық. Греф симптомы оң. Қалқанша безі диффузды түрде ұлғайған, тығыз эластикалық консистенциялы, бездің үстінде тамырлы шу естіледі. Тыныштықта тахикардия, жүректің шекаралары солға қарай кеңейген. Нәжісі жиі. Сіздің алдын ала диагнозыңыз
диффузды - токсикалық зоб
Балаға 2 жас, бірден қатқыл жөтел пайда болды, тыныстың қиындауы, мазасыздық, 1 сағат бұрын бала балық жеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, инспираторлы ентігу, қатқыл тыныс. Анамнезінде: балада бірнеше рет терісінде бөртпелер байқалды. Баланың анасында нейродермит. Көрсетілген клиникалық көріністер қай ауруға тән
аллергиялық ларинготрахеит
14 жастағы бала клиникаға АҚ 180 - 200 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауына, мұрыннан қан кетуге, бас ауруына шағымданып түсті. Баланың диспропорциялық дамуын тексергенде: дененің жоғарғы бөлігі жақсы дамыған, төменгі бөлігі – әлсіз (жүргенде аяғында ауырсыну және әлсіздік), қолда АҚ 180 мм.сын. бағ., аяқта 90 мм.сын.бағ. Осы науқасқа R - граммада қандай өзгеріс сәйкес келеді
жүректің сол жақ бөлігінің ұлғаюы, 3 - 8 жұп қабырғалардың төменгі қыры бойынша «узурлар
Науқас 7 жаста, ауруының 3 - ші күні басының ауырсынуы, бетінің, балтырының ісінуі, зәр түсінің «ет жуындысы» сияқты болуымен клиникаға түсті. Жалпы зәр анализінде: мөлшері - 70,0 мл, түсі - қызыл, реакциясы - сілтілі, тығыздығы - 1023, эритроциттер – көп мөлшерде бар, лейкоциттер – 2 - 3 көру аймағында. белок 0,99 %. Қойылған диагноз: жедел гломерулонефрит, нефрологиялық бөлімшеге жатқызылды. Стационардан шығарылған соң науқасты диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз
5 жыл
Бала 3 жаста. Шағымы: дене температурасының 38,8 С жоғарлауына, ылғалды жөтел, тыныс қиындауына. Объектвиті: жағдайы орташа ауырлықта, бозғылт, экспираторлы ентігу. өкпеде «қораб» тәрізді дыбыс. Аускультация кезінде тынысы қатаң, ысқырық тәрізді сырылар және әртүрлі каллибрлы ылғалды сырылдар. Сіздің алдын - ала диагнозыңыз
обструктивті бронхит
14 жастағы баланың қанында LE жасуша тексерілген, антинуклеарлы фактормен ДНК- ға қарсы антиденелер жоғары титрде. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін
жүйелік қызыл ноқта
Бала 7 жаста , суық тигеннен соң жедел ауырған, дене температурасы 39,0 С, құрғақ жөтел пайда болған, басы ауырған. Карағаннан кейін оң жақты пневмония диагнозы қойылған, стационарға емделуге жіберілген. Сауыққанан соң баланы поликлиникада қанша уақыт бақылауға алады
1 жыл
4 жасар бала. Іштің ұстамалы ауырсынуына, көп қайталамалы құсуға шағымданады. Ауру жедел басталады. Екі апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарағанда: жағдайы ауыр, тері жамылғылары бозғылт. Балтырдың симметриялы бүгу аймағында папулезді - геморрагиялық бөртпе, буындар өзгермеген. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында тоқ ішектің ауырсынуы, температура – 37,6 С. Нәжісінде қан. Қандай ауру туралы ойлауға болады
геморрагиялық васкулит
Бала 6 жаста. Шағымы: тізе, табан буынының ауырсынуына, дене қызуы 37,6° дейін. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, екі жақ тізе буынының ісінуі, қозғалғанда ауырсынуы байқалады. Бөксе аймағымен, бүкіл буындарда симметриялық геморрагиялық бөртпелер бар. Диагноз қойылған: геморрагиялық васкулит. Бұл ауру немен қауіпті
асқазан ішектен қан кетуімен
4 жасар бала ауруханада полисегментарлы пенвмониямен жатыр. 6 – шы күні баланың жалпы жағдайы нашарлады, әлсіздік, ентігу, тахиаритмия, жүректің көлденең шекарасының ұлғаюы, жүрек үндерінің әсіресе 1 тонның күшеюі, функционалдық, систолалық шудын пайда болуы анықталады. Осы баланың жағдайының нашарлауы немен байланысты
миокардитпен
7 жасар қыз бала. Шағымдары: ұстамалы жөтел, ысқырықты тыныс алу. Жанұяда – анасында қайталамалы бөртпелер. 1 - 4 жасында мамыр айында қаладан тыс жерде балада ұстамалы ентігу пайда болады. Қалаға келгенде, өз бетімен басылды.Осы ұстамасы шоколадтан кейін пайда болады. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа, терісі бозғылт, тынысы ысқырықты, алыстан естіледі, тыныс шығаруы ұзарған. ТЖ - 1 мин. - 28 рет. Өкпесінде перкуторлы дыбыс, «қорап» тәрізді. Аускультацияда бүкіл өкпесінде құрғақ сырылдар. Қан анализінде: э. – 14 %, рентгенограммада өкпенің – суреті күшейген, ошақтар жоқ. Диагноз қойылған – бронх демікпесі. Обструктивті синдромның негізгі механизмі қандай
бронхоспазм
Науқастың сырқаты жедел басталды, дене қызуы кенеттен 40 0С дейін көтеріліп, басының қатты ауыруына, қайталап құсуына, қолының саусақтарының буындарының ауырсынуына шағымданды. Объективті анықталғаны: аяқ-қолдарында және жамбасында пішіні дұрыс емес жұлдызша тәрізді ортасы некроздалған геморрагиялық бөртпелер пайда болды, олар басқанда жоғалып кетпейді. Менингеальдік белгілер оң. Диагнозды қою үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет
люмбальдік пункция
Қызбасы бар сәбиде БЖАИЖ бағдарламасы бойынша міндетті түрде не тексеру керек
шүйде бұлшықеттерінің тартылуы
Қандай жалпы қауіп белгілері БЖАИЖ бағдарламасына кіреді
бала сұйықтық іше алады ма немесе еме алады ма
Баланың жасы 2 жас 7 айлық, кешкілік жедел ауырды. Дене қызуы 39,400С дейін жоғарылап, қайталап құсу, ішінің ауырсынуы пайда болды. Нәжісі бастапқыда нәжістік сипатта, содан кейін мөлшері азайып, сұйылды, құрамында қан мен шырыш араласқан. Сырқатының екінші күні дене қызуы 380С, нәжісі сұйық, жиілігін санау мүмкін емес – құрамында шырыш, қан, ірің бар, тенезмдер пайда болды. Анусы ашылып тұр. Сіздің диагнозыңыз
дизентерия
Миша, 8 жаста, жедел ВГА ауырады. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай маркерді анықтау қажет
анти HAV Ig M
Қабылдау бөлімшесіне баспа диагнозымен баланы алып келген. Объективті:ауыздан тәттілеу-шылқыма иіс шығады, ауызжұтқыншақта аздаған қызару бар, бадамша бездерінде ақшыл-сұр жабынды бар, қалақшамен (шпатель) қиын алынады, алынған орны қанайды. Аңқадан BL алынған жұғынды талдау оң. Осы науқасқа жасайтын алғашқы емдік тактикаңыз
дифтерияға қарсы сарысуды енгізу
Мектеп-интернатта оқитын 2-ші сынып оқушыларының біреуіне орташа ауырлық дәрежесіндегі желшешек диагнозы қойылды. Эпидемияға қарсы қандай шаралар жүргізілуі қажет
мельцеров бокстарына жатқызу
Таня В. 7 айлық бала, 8 наурызда оң қолының парезі себепті ауруханаға түсті. Анамнезінде 1 наурызда қыз балаға полиомиелитке қарсы тірі вакцинаны ревакцинациялау жүргізілген. 7 күн өткеннен кейін таңертең анасы қызының оң қолының қозғалыссыз қалғанын байқады. Жалпы жағдайы өзгеріссіз, дене қызуы қалыпты. Дәрігер ауруханаға емделуге жіберді. 5 күннен кейін оң қолының қозғалысы қалпына келді, бірақ тонусының қалпына келуі бір айға созылды.Сіздің болжамдық диагнозыңыз.
вакциноассоциирленген полиомиелит
Маша, 4 жаста, жедел ауырды, Т – 38,0 С, ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы. Нәжісі сұйық, қызғылт сары түсті, сулы, шырыш аралас. Нәжісінен бак. себуде E. сoli табылған. ТЕГАР (тікелей емес гемагглютинация реакциясы) анықталған қоздырғышқа қарсы антиденелер титрі – 1:40, 7 күннен кейін – 1:160.Антиденелердің өсуінің минималды төменгі қандай титрі диагнозды дәлелдейді
антиденелер титрінің 4 есе өсуі
9 айлық баланың ауруханаға түскендегі диагнозы: ЖРВИ, жедел ларинготрахеит. Жұтқыншақтың I дәрежелі стенозы. Бұл баладағы стенозды емдеу үшін БШАИЖ тактикасы
жылы суйықтық ішкізу
Бала 5 жаста. Бетінде, терісінің жазу беткейлерінде қызғылт түсті дақ сипатындағы бөртпелер, бір-бірімен қосылмаған, шүйде лимфотүйіндері ұлғайған. Қандай диагноз қоюға болады
қызамық
Бала 1 жаста 6 ай, жедел ауырды, дене Т 37,6 0 С, көп мөлшерлі құсу, ішінің ауырсынуы, газдардың шығуы дыбысты және нәжісі шашырап шығады, көп мөлшерде, сулы, көпіршікті, сары түсті. Нәжістің бак. себіндісі теріс. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай
ротавирусты гастроэнтерит
Бала бүгін қызылшамен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған, соған байланысты оған бұлшық етке гаммаглобулин енгізілген. Бұл балада қызылша дамуы мүмкін мерзімін көрсетіңіз
9 -21 күндер аралығында
Қандай бөртпе саусақтың ұшымен басқанда жоғалмайды
дақ
Паротиттік инфекциямен сырқаттанған 5 жастағы науқас балада мына симптомдар пайда болған – іштің ауыруы, құсу, диарея, ол қандай мүшенің зақымдануын меңзейді