ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 550

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



47 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұлы мереке

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп, мәнерлеп оқу

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылар «Тәуелсіздік» өлеңін мәнерлеп оқып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. Тақырыпқа сәйкес өз ойын білдіреді. Мұғалімнің көмегімен ашықхат жасап, құттықтау тілегін жазады.




Дамытушылық: тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыстарды жасау дағдысы артады.

Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімі артады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

Тәуелсіздікдегенне?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

(Ұ) «Ойқозғау»әдісі

Оқушылар тәуелсіздік сөзін қалай түсінетіндігін айтады. Мысалы: Тәуелсіздікбіздіңбақыттыөміріміз.

Тәуелсіздік – халқымыздың ешкімге тәуелдіболмауы.т.с.с.

Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері.







Мұғалім Тәуелсіздік монументі туралы алдымен оқушыларға айтқызып, сосын өзі толықтырып, баяндайды. Ескерткіштің тарихы, авторлары, маңызы туралы түсіндіреді.

(Т) «Оқу мен жазуға даярлық» әдісіОқушылар оқулықтағы суретті мұқият қарап, Тәуелсіздік монументі туралы білгендерін еске түсіріп, топта баяндайды.

Дескрипторы: ескерткіш туралы білетін ақпаратын айтады.

Оқулық

2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуын қадағалайды. Оқу кезінде дауыс ырғағын, нақышын келтіре оқуға бағыттайды.

(Ұ) «Түсініпоқу»әдісі

Бағдат Мәжитовтың «Тәуелсіздік» өлеңін дауыстап, мәнерлеп оқиды.

Оқылған өлеңнің мазмұнына сәйкес бірінші топ сұрақ қояды, екінші топ сол сұраққа жауап береді.

Дескрипторы:

өлеңді дауыстап әрі түсініп, мәнерлеп оқиды.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Оқулық




Мұғалім екінші, үшінші шумақтардың мазмұнын талдап, өзі түсіндіргені абзал. Содан соң оқушылардың сұрақтарға өз сөзімен жауап беруін ұйымдастырады.

(Т) «Талда» айдары

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өлең мазмұнын талдайды.

Атасы мен немересі не туралыәңгімелесті?

Өлеңдегінегізгіойдыанықта.

Дескрипторы: өлеңдегі негізгі ойды анықтайды.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Оқулық




Оқушылардың ақпаратты талдап, түсініп оқуына көмектеседі. Ұлттық мереке күні, Отанымыз туралы өз сөзімен түсінгенін айтуына ықпал етеді.

(Т) «Білгенің жөн»
16желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.




Таныстыр ылым


Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сауатты, көркем жазуын қадағалайды.

(Ө) Оқушылар досын не ата-анасын құттықтау ретінде өлеңнің бір шумағын таңдап, көшіріп жазады.

Дескрипторы:

өлең шумағын көшіріп жазады.

Оқулық, жұмыс дәптері

3. Ойтолғаныс

Мұғалім оқушылардан бақытты өмір сүру дегенді қалай түсінетіндігін сұрайды. Олардың ойын жинақтап, бақытты өмір туралы ойын түйінді сөзбен айтуына көмектеседі.

(Т) «Қорытындыла» айдары

Оқушылар «Бақытты өмір» дегенді қалай түсінетіндігі туралы ойын сызбаға түсіреді. Әр оқушы өз ойы мен пікірін жазғаны дұрыс. Мысалы: Бақытты өмір – шаткүлкі, қуанышты күндер, ата-анаңныңқасындаболут.с.с.

Дескрипторы:

өз ойын түйінді сөздермен жазады.
ҚБ: «Смайл» әдісі

Оқулық, жұмыс дәптері

Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.

Отан, туған жер туралы өлең, ән немесе фотосурет дайындап, сыныптағы мерекелік сәттерге қатысу.









48 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өзіңді тексер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.2.2.1 мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылар оқылған шығармалардағы негізгі ойды анықтап, тұжырым жасайды. Қарапайым және нақтылау сұрақтарына жауап береді. Орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады.

Дамытушылық: оқушылардың талдау, зерттеу, жинақтау дағдысы артады.

Тәрбиелік: әр оқушы өзінің туған жері, туған өлкесіне деген құрмет, мақтаныш сезімін білдіреді.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Мұғалім оқушыларға тақпақты хормен айтқызып, сабаққа белсенділігін арттырады.

Біз бақытты баламызБілімнен бақыт табамыз.Өнерменен өрістеп,

Өсеберсінсанамыз.







2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы өлеңді оқытып, әр шумағындағы негізгі ойды анықтатып, әр шумаққа тақырып бере алу дағдысын дамытады.

Оқушылар өлеңдерді оқып, әр шумағына сәйкес келетін тақырыпты табады.

  1. Бейбіт өмір

  2. Гимн

  3. Ту

  4. Нұр-Сұлтан

Дескрипторы:

өлең шумақтарының негізгі ойын анықтап, тақырып қояды.

Оқулық, дәптер




Мұғалім оқушылардың сөздерге сұрақ қоя білу, сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын арттырады.

Жұрнақ жалғанған кезде сөз мағынасының өзгеретіндігіне көңіл аудартады.

Берілген сөздерге сұрақ қояды.

Екі сөздің айырмашылығын айтады.

Мақта еліміздің қай аймағында өсетінін еске түсіреді.

Мақта – не? (зат есім) Мақтадай қандай?(сын есім)

Дескрипторы: теңеу сөздер мен сөз тіркестерін тауып, көшіріп жазады.

Оқулық, дәптер




Оқушылардың берілген сөздерді салыстыра оқып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауын қадағалайды. Түбір сөз бен туынды сөздерді меңгеру, қолдану деңгейін қадағалайды.

Сөздерді оқып, салыстырады. Ауыл / қала (екеуі де түбір сөз)

Көл / көлшік (біріншісі түбір сөз, екіншісі туынды сөз)

Таяқ / таяқша

Дескрипторы:

сөздерді салыстырады.

Оқулық




Оқушылардың оқыған шығарманың үзіндісі бойынша шығарманың тақырыбы мен авторын анықтай алуына ықпал етеді.

Оқушылар төменде айтылған сөз кімдікі екенін анықтайды. Ол үшін алған білімін еске түсіреді.

«Ата, әже! Түс көрдім, қызыл сиыр қайтыпкеліпті, – деді. Атасы мен әжесі күлді деқойды.»(«Жер иісі»)

Дескрипторы:

мәтін үзіндісі бойынша мәтінді, авторын анықтайды.

Оқулық

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сөйлемдерді толықтырып жазу арқылы сөйлемді дұрыс құрай білу, сөйлем түрлерін ажырата білу дағдысын арттырады.

Саралау: қабілеттері біркелкі оқушыларды бөлек топтарға біріктіру.

Оқушылар сөйлемдерді толықтырып жазады.

Дескрипторы: сөйлемдерді толықтырып жазады.

Жұмыс дәптері








Оқушылар берілген теңеу сөздердің астын сызады.

Күн нұрындай жарық, көгілдір аспан,қазыналыжер, даладайкең.

Дескрипторы: теңеу сөздерді анықтайды.

Жұмыс дәптері

3. Ойтолғаныс

Оқушылардың Байқоңыр ғарышайлағы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Хан Шатыр кешені, Алматы қаласындағы Медеу мұзайдыны, Бурабай көлі туралы әңгімелеуіне ықпал етеді.

Берілген суреттер бойынша Қазақстанның танымал жерлерін атайды.

Сол жерлер туралы әңгімелейді.

Дескрипторы: туған елінің танымал жерлері туралы баяндайды.

Оқулық, дәптер



49 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Салауаттылық сабағы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру

2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлең мазмұнын суретпен салыстыра сипаттайды. Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Дамытушылық: ақпаратты жіктей алу дағдысы дамиды. Коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы артады.

Тәрбиелік: оқушылар жаман әдеттен аулақ болу адамды бақытқа кенелтеді деген ойды санасына сіңіреді.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Оқушыларды сұрақтарға жауап беруге бағыттайды.

  • «Салауаттылық»дегенсөздіқалайтүсінесің?

  • Қандай спорттық үйірмегебарасың?

(Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі
Салауаттылық жайында білгенімен бөліседі. Сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері.




2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушылардың өлеңді түсініп оқуына қолдау көрсетеді.

(Т) «Түсініпоқы»әдісі

Арасанбай Естеновтің «Салауаттылық деген не?» өлеңін түсініп оқиды.

Дескрипторы: өлеңді түсініп оқиды. ҚБ: «Отшашу»әдісі

Оқулық