ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 553
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№70 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Өтірік өлең |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 2.3.2.1* мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру 2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: өтірік өлеңнің басқа өлеңдерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажыратады. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіреді. Тәрбиелік: өлеңдерді оқыту арқылы қысылтаяң шақта жол таба білетін тапқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту Дәптермен жұмыс | Мұғалім өлеңді алдымен өзі оқып беріп, сосын оқушыларға оқытқызуға болады. Оқушыларға бір әріптің әсерінен сөз мағынасының қалай өзгеретіндігін мысал келтіре түсіндіру керек. Оқушыларды адасқан әріпті табуға жетелеу. Қатені таппас бұрын өлеңнің шындыққа жанаспайтындығын айтамыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Оқушылар өлеңдегі өтіріктерді түзетіп жазады. Сабағымды оқимын,Көңіліметоқимын. Жаңғыртыпдаланы, Қазқаңқылдапбарады. | Дескрипторы: мұғалімнің көмегімен қателерді тауып, түзетеді. | Оқулық |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың өлеңді түсініп оқуына мүмкіндік береді. | (Т) «Түсініпоқу»әдісі Өтірік өлеңді топта оқып шығады. Өлең мазмұнын топта талдайды. | Дескрипторы: оқушылар өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды. | Оқулық |
| Мұғалім оқулықтағы теориялық мәтінмен таныстырады. Оқушылардың | (Т) «Ойлан» айдары | Дескрипторы: өз пікірін білдіреді. | Қимақағаз |
| өтірік өлеңді басқа өлеңмен салыстырып, өзіндік қорытынды жасауына көмектеседі. | – Өтірікөлеңнеүшінжазылады?Ойыңдыбілдір. Әр оқушы өз ойын ортаға салады. | ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | |
| Мұғалім оқушылардың өлеңді түсініп оқып, мазмұнын айтып беруіне ықпал етеді. Сонымен қатар көбірек оқып- білу қажеттілігін, байқампаз болып, мұқият тыңдау керектігін айтады. | (Т) «Түсініпоқу»әдісі Оқушылар өлеңді оқып шығады, сұрақтарға жауап береді.
| Дескрипторы: оқушылар өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды. | Оқулық, жұмыс дәптері |
3. Ойтолғаныс | Мұғалім оқушылардың пікірталасына сұрақтар қойып, ойларын ашу мақсатында қатысып отырады. Басқа шығарма жанрларымен салыстыруына бағыт беріледі. Мысалы:
| (Ө) «Қорытындыла» айдары Оқушылар тақырыпты қорытындылап, өтірік өлең құрастыру оңай немесе қиын деген көзқарасқа бөлініп, ойын дәлелдейді. | Дескрипторы: пікірталаста өз ойын дәлелдейді. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Оқулық |
Үй тапсырмасы | Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді. | Өзіңе ұнаған тақырыпқа өтірік өлең құрап көр. | | |
№71 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жұмбақ айтып берейін |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: оқушылардың жұмбақ жанры туралы түсінігі тереңдейді. Жұмбақ құрап жазады. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісі дамиды. Тәрбиелік: оқушылардың сөздік қоры байып, тіл байлығы жетіледі. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылы ғын ояту | Мұғалім оқушылардың жұмбақ құрауына ықпал етеді. Жұмбақ туралы түсінік береді. Жұмбақ шешу үшін байқампаз болу керектігін, ойлану қажеттігін айтып өтеді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Оқушылар суреттің көмегімен жұмбақтың екінші бөлігін тауып оқиды. Жұмбақтарды шешеді. Мұғалімнің сұрағына жауап береді: – Үйде бір-біріңе жұмбақ жасырасыңдарма? | Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері. | |
| Мұғалім оқушылардың жұмбақ туралы түсінігін тереңдетеді. | «Анықтама» айдары Жұмбақ – бір зат немесе құбылыстың тұспалдап сипатталуы. Жұмбақ ұйқас сөздермен айтылады. Мысалы: Бойын жерге жасырған,Бұрымы бар жасылдан.Бұл неболды екен? Әрине,сәбіз. | | |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушыларға метаграмма туралы түсінік береді. Метаграмма – сөз ішіндегі бір әріпті басқа әріппен ауыстыру арқылы жаңа сөз жасау екендігін айтады. Анықтаманы дәптерге жазғызады. | (Т) Оқушылар метаграммаларды түсініп оқып, кез келген сөз ішіндегі әріпті өзгертіп, жаңа мағынасын айтады. | Дескрипторы: сөз ішіндегі әріпті өзгертіп, өлеңді оқи алады. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Оқулық |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушыларға өзі білетін жұмбақты жазуға ықпал етеді. Мұғалім тапсырмаларды дәптерге орындауда оқушылардың бірдей орындап, қатесіз, көркем жазуын қадағалайды. | (Ө) Дәптерге өзі білетін жұмбақты жазып, шешуін көрсетеді. Жұмбақтың жазылу тәртібін үйренеді. 2-тапсырмада сипаттауы арқылы сөзжұмбақтағы жануарды анықтайды. Жауабына сәйкес сөзжұмбақ сызбасын дайындайды, жауабын жазады. Өзі бір жануар сипатын ойлап жазады. | Дескрипторы: сөйлемді сауатты, көркем етіп жазады. | Оқулық, жұмыс дәптері |
3. Ойтолғаныс | Мұғалім оқушылардың «Жұмбақты шешу оңай ма?» деген пікірталасына сұрақтар қойып, ойын ашу мақсатында қатысып отырады. Мысалы:
| (Ө) «Қорытындыла» айдары Оқушылар тақырыпты қорытындылап, «Жұмбақтышешуоңайма?» сұрағының төңірегінде ойын ортаға салады. | Дескрипторы: пікірталаста өз ойын дәлелдей алады. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Оқулық |
Үй тапсырмасы | Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді. | Жұмбақ жаттап, «Жұмбақ айтысқа» дайындалу. | | |
№72 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Ертегі айтамыз |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндайды. Ертегінің жанрлық ерекшелігіне тоқталады. Ертегіні сахналайды. Дамытушылық: ертегі мазмұнын түсіндіру және айтқызу арқылы сөздік қорын молайтып, тілін дамыту. Тәрбиелік: ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы балаларды тапқырлыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу. |