ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 549
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№75 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жаңылтпаш |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: жаңылтпаштың жанрлық ерекшелігін түсінеді. Жаңылтпаштағы теңеу сөздерді табады. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауы мен ой дәлдігі дамиды. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Мұғалім оқушыларға жаңылтпаш оқудан бастайды. Жаңылтпаштан кейін оқушы жатқа білетін өлеңді оқиды. Содан кейін екі шығарманың айырмасын сұрайды. Жаңылтпаш оқуда оқушының не байқағанын сұрап, ойын тыңдайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | (Ө) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Оқушы оқулықта ұсынылған жаңылтпаштарды іштей оқиды. Үш рет қайталап оқығаннан соң, дауыстап оқуға көшеді. Оқушы бір жаңылтпашты оқу жылдамдығын әр оқуында арттыра түседі. | Дескрипторы: жаңылтпаштарды жылдамдықты арттыра оқиды. | Жаңылтпа ш жазылған кесте |
2. Мағынаны тану | Оқушылардың тізбек бойынша, тізбекті үзбей, мәнерлеп, түсініп оқуына қолдау көрсетеді. Сонымен қатар жаңылтпашты оқуда жаңылмау керек екендігін есіне салады. | (Т) «Түсініпоқы»әдісі Балалар мәтінді мұқият оқып, жоғарыдағы сұраққа берілген өзінің жауабымен салыстырады. | Дескрипторы: мәтінді оқиды, өзінің сөзімен айтып жеткізеді. ҚБ: «Дуқолшапалақ»әдісі | Оқулық |
| Мұғалім тапсырма бере отырып, оқушының өз ойын еркін жеткізуіне ықпал етеді. | (Ұ) «Ойлан» айдары Оқушы жаңылтпаштарды жаңылмай оқиды. Қай жаңылтпашты айту қиын болғаны туралы сұраққа ойланып жауап береді. | Кері байланыс: «Дуқолшапалақ»әдісі | Оқулық |
| Мұғалім оқушылардың жаңылтпашты шапшаң оқуына ықпал етеді. Оқушының әр сөзді нақты айтуына, сұраққа жауап беруіне ықпал жасайды. | (Т) «Түсіндір» айдары Жаңылтпаштың мазмұнын қимылмен көрсетеді. Бірбақбақкөрдімшаңырақтай, Бірбақбақкөрдімсаңырауқұлақтай. | Дескрипторы: жаңылтпаш мазмұнын қимыл, ым-ишарамен көрсетеді. ҚБ: «Смайл» әдісі | Оқулық |
| Теңеу сөздерді табуына бағыт береді. Теңеу сөзінің анықтамасын еске түсіреді. | Шаңырақтайы үлкен бе?Саңырауқұлақтайыүлкенбе? – Ақынбақбақтынегеұқсатады? Жаңылтпаштың сұрағына жауап береді. | | |
Дәптермен жұмыс | 2-тапсырмада мұғалім жаңылтпаш құрастырудағы ұйқастың маңызын түсіндіреді. Оқушыларға бірнеше сөзге ұйқас іздетеді. | 1. Оқушы өзіне ұнаған жаңылтпашты көшіріп жазады. 2-тапсырмада мұғалімнің көмегімен, сөздерді пайдаланып, жаңылтпаш құрап жазады. Талғат,балғатап, Оншақтыжаңғақшақ. | Дескрипторы: мұғалімнің бағыты бойынша теңеу сөздерді таба алады. ҚБ: «Отшашу»әдісі | Оқулық, дәптер |
3. Ойтолғаныс | Оқушыларға жаңылтпаш айтудың алгоритмін құруға көмектеседі. | (Т) «Қорытындыла» айдары Оқушылар жаңылтпашты жаңылмай айтуды қалай үйренгенін айтып, ой бөліседі. Мысалы: Ең алдымен жаңылтпаш мәтінін мұқият оқы. Сосын мәтінді жатта. Жаттаған мәтінді шапшаң айтуға дағдылан. | Дескрипторы: жаңылтпаш айтудың алгоритмін құрады. | |
Үй тапсырмасы | Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді. | Бір жаңылтпашты жаттау. | | |
№76 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Төрт түлік туралы жырлар |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: халық ауыз әдебиеті түрлерінің бірі – төрт түлік жырлары, олардың жанрлық ерекшеліктері туралы біледі. Дамытушылық: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды. Тәрбиелік: ұжыммен ынтымақтастықта, бірлесе жұмыс істеп үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Мұғалім «Адасқан әріптер»ойынын ойнатуға болады. Тақтаға әртүрлі адасқан әріптер қимақағазын ұсынады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Оқушылар әріптер топтамасынан жануарлардың атын тауып оқиды. | Дескрипторы: жануарлардың атын тауып оқиды. | Қимақағаз дар |
| Тұрмыс-салт жырлары, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы білімін тереңдетеді. | «Анықтама» айдары Тұрмыс-салт жырлары – ауыз әдебиетініңбіртүрі. | | |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың өлеңді мәнерлеп, дауыс ырғағын қойып оқу машығын жалғастырады. | (Ж) «Түсініпоқы»әдісі Оқушылар жұптаса отырып, өлеңді оқиды, талқылайды. Мұғалімнің көмегімен мағынасын ашады. | Дескрипторы: мұғалімнің көмегімен өлеңді түсініп оқиды. ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері. | Оқулықта- ғы суреттер |
| Бұл тапсырмада оқушыларға төрт түліктің әрқайсысына арналған шағын буклет ұсынады. Түліктің сипатын кластер арқылы беруге болады. | (Т) «Біліміңді қолдан» айдары Оқушылар мұғалімнің нұсқауын ескере отырып, төлдердің сипатын атап айтады. Оқушылар өлеңнен әрбір төлдің қандай сипаты айтылғанын табады. Өз ойын қосады. | Дескрипторы: төлдерді сипаттай алады. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Оқулық |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушыларға үй жануарларының төлдері мен олардың иелері туралы айтады. Содан кейін жануарлардың төлдерін жаздырады. | (Ө) 1. Көшіріп жазып, жұмбақты шешеді. Төл өсіріп момақан,Уызішкенқоймалжың. Білсең,айтшы,балақай, Еңбегізейнетқаймалшы?(қойшы) 2. Төрт түлік малдың төлдерін жазады. | Дескрипторы: сауатты жазады. Кері байланыс: мұғалімнің, сыныптастарының қолдау сөздері. | Оқулық, дәптер |
3. Ойтолғаныс | Мұғалім оқушыларға өлең атауына байланысты ойын айтуын сұрайды. | (Т) «Ойлан» айдары Оқушылар топта өлеңді оқиды, оған тақырып таңдайды. Сол тақырыпты таңдау себебін түсіндіреді. | Кері байланыс: мұғалімнің, сыныптастарының қолдау сөздері. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Ақ парақтар |
| Мұғалім оқушылардың өлеңде кездескен «уыз», «зейнет» сөздерінің мағынасын дұрыс түсінуіне көмектеседі. | (Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары уыз – төлдеген малдың алғашқы қоймалжың сүті зейнет– еңбектің жемісі, рақаты | | Оқулық, дәптер |
| Мұғалім оқушылардан сипатына байланысты төлді таңдау себептерін сұрайды. Оқушыларды, мысалы, қой момақан мал, өзімнің момын мінезімді соған ұқсатамын деп айтуға жетелейді. | (Ө) «Қорытындыла» айдары – Сағанқайтөлұнайды? Әр оқушы өз ойын параққа жазып, ұжымға оқып береді. | Дескрипторы: сұраққа жауапты нақты дәлел келтіру арқылы айта алады. Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері. | |
Үй тапсырмасы | | «Малдың баласын сүюі» өлеңін жаттап алу. | | |
№77 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Наурыз – жыл басы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.3.1.1 мұғалімнің көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру 2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: табиғаттағы өзгерістерді, наурызкөженің қалай жасалатыны туралы біледі. Мәтінді бөліктерге бөліп оқып, жоспар құрады. Дамытушылық: оқушылардың ойын еркін жеткізе білу қабілеті дамиды. Тәрбиелік: табиғатты сүюге, ұлттық дәстүрді қадірлеуге тәрбиелей отырып, оқушыларды топ ішінде бірлесіп әрекет етуге, бірін-бірі тыңдауға, шығармашылық тұрғыда қарым-қатынас жасауға үйрету. |