ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1054

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

а) Пенициллиндер

1. Табиғи пенициллиндер

Әсер ету спектрі: грамм (+) микроорганизмдерге: стафилококктар(пенициллиназа (пенициллиндердің β-лактамды сақинасын бұзатын фермент) өндірмейтін); стрептококктар, пневмококктар; дифтерия коринобактериялары, сібір жарасының таяқшалары; анаэробты спора түзгіш таяқшалар (газды гангрена, тырысқақ, ботулизм клостридиялары); гармм(-) микроорганизмдерге: (гонококктар, менингококктар, спирохеталар); кейбір саңырауқұлақтар (актиномицеттер). Пенициллиндер микроорганизмдердің вегетативті түріне ғана әсер етеді, ал спора түрінде әсер етпейді.

Қолдану көрсеткіштері: пневмония, бронхит, ангина, дифтерия, тілме қабынуы, жұмсақ ұлпалардың іріңді инфекцияларына (абсцесс, флегмона, жара инфекциялары); отоларингологиялық, акушер-гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде іріңді қабыну ауруларында, сепсистік эндокардит, іріңді плеврит, перитонит, сепсис, остеомиелит, менингит, гонорея, бленнорея, мерез, сібір жарасы, көздің қабыну аурулары, актиномикоз және басқа да пенициллинге сезімтал микрофлоралардан туған жұқпалы аурулар. Жанама әсері: әртүрлі дәрежедегі аллергиялық реакциялар. Қарсы көрсеткіштер: пенициллинге жоғары сезімталдық, аллергиялық (бронхиальды демікпесі, сенна қызбасында, есек жем т.б.) аурулар.

а) Әсері қысқа препараттар (3-4 сағ.). Benzylpenicillinum-natrium-бензилпенициллин натрий тұзы (Б): 250 000, 500 000 және 1 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда-әр 4-6 сағ. сайын б/е, құрамын 1-3мл инъекцияға арналған залалсызданған суда, натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен(пеницилиннің новокаин тұзы түзіліп, ол анағұрлым ұзақ әсер етуін, ерітінді 1 тәулікке жарамды болуын қамтамасыз етеді; бензилпенициллиннің новокаин тұзының кристалдануынан пайда болған тұнба, ерітіндіні б/е енгізуге кедергі болмайды) ерітеді. Күре тамырға баяу 1 000 000-2 000 000 ӘБ (5-10мл инъекцияға арналған суда немесе натрий хлоридінің изотонды ерітіндісінде ерітеді), 2 000 000-5 000 000 ӘБ тамшылатып (100-200 мл 0,9% NaCl еріт. немесе 5% глюкоза еріт.) тәулігіне 1-2 рет үйлестіріп б/е енгізіледі. Препаратты қажетті жағдайда эндолюмбальды, қуыстарға, сүйек ішіне, ингаляциялық түрде енгізіп; құлақ, көз, мұрын тамшылары түрінде, инфильтраттарды жою үшін қолданады. Ішке қолданбайды, себебі асқазан сөліндегі тұз қышқылының әсерінен бұзылады.


Benzylpenicillinum-kalium-бензилпенициллин калий тұзы (Б): натрий тұзына ұқсас, препарат тек б/е және т/а енгізіледі. Аэрозоль және көз тамшылары түрінде жергілікті қолданылады. Күре тамырға және эндолюмбальді енгізуге болмайды, себебі калий иондары тырысу және жүрек қызметін тежеуіне алып келеді. Препарат күшті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.

Phenoxymethylpenicillinum-феноксиметилпенициллин (Клиацил, Фау-пенициллин) (Б): 0,1 және 0,25 таб. тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1/2-1 сағат бұрын қабылдау қажет. Бензилпенициллиннен айырмашылығы қышқылға тұрақты яғни асқазан сөлінің тұз қышқылында бұзылмайды, АІЖ-да жақсы сіңіріледі. Орта дәрежелі инфекцияларда қолданылады. Жүрек айну, құсу, іш өту байқалуы мүмкін.

б) Әсері ұзақ препараттар. Bicillinum-1-бициллин-1 (экстенциллин, бензатин) (Б): 300 000, 600 000 ӘБ құрғақ зат флаконда-аптасына 1 рет; 1 200 000 және 2 400 000 ӘБ-2 аптада 1 рет енгізу қажет. Енгізер алдында флакон құрамын инъекцияға арналған суда немесе 0,9% NaCl ерітіндісімен араластырғанда суспензия түзіледі, сондықтан тек бұлшық етке енгізіледі. Препарат ревматизмді алдын алу және емдеу үшін, мерезді емдеу үшін қолданылады.

2. Жартылай синтетикалық пенициллиндер.

Oxacillinum-natrium-оксациллин натрий тұзы (Б): 0,25 және 0,5 таб. және 0,25 капс.-1-2 таб.(капс.)тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1сағ. алдын немесе тамақтан соң 2-3 сағ. соң қабылдау қажет. 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 4-6 рет б/е; флакон құрамын арнайы ерітіндіде (инъекцияға арналған суда) ерітеді; 5-10мл 0,9% NaCl еріт. ерітіп к/т баяу ағынмен, 250 мл 0,9% NaCl еріт. немесе 5% глюкоза еріт. ерітіп тамшылатып (1-2 сағ. бойы) к/т енгізіледі. Оксациллин пенициллиназаға тұрақты, бензилпеницилиннен айырмашылығы пенициллинтүзгіш стафилококктармен шақырылған инфекцияларда қолданылады, сонымен қатар қышқылға тұрақты.

Ампициллин тригидраты –

Табл шығарылады, 2 таб тәулігіне 2-6 рет тамақтың алдын –ала 250 мл 0,9% шығарылады.

Ампициллин натрий тұзы

Na Cl ертіндісімен - тамшылатып енгізіледі. Ампициллинің микробтарға қарсы әсерінің спектрі кең. Бензилпенициллин белсенділік көрсететін қоздырғыштарғ қоса, ампициллин грамм (-) микроорганизмдерге: сальмонелла ( іш сүзегі , паратиф , сальмонелез қоздырғыштары ); шигелла( дезинтерия қоздырғыштары); ішек таяқшалары ( эшерехиоз қоздырғыштары ), протей , Фридлендер таяқшалары ( пневмания клебсиелласы); инфлюэнция таяқшаларына әсер етеді. Ампициллин қышқылға тұрақты , бірақ пенициллиназа әсерінен жойылады. Аралас инфекцияларда тиімді , бірақ ұзақ емдеу кезінде суперинфекция шақыру мүмкін. Кандидамикозды алдын алу үшін нистатинді немесе леворинді бірге қолдану тиімді.



Ampioxum - ампиокс (Б): 0,25 капс шығарылып , 2-4 капс тәулігіне 4 рет тамақтан 1 сағ. бұрын белгіленеді.

Ampioxum - natrium - ампиокс - натрий (Б): 0.2 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып , 3-4 рет тәулігіне б/е , флакон құрамын 2-5 мл арнайы еріткіште ерітіп ,5-10 мл баяу ағынмен к/т ; 100-200 мл 0,9% NaCl ертіндісімен тамшылатып енгізіледі.

Ампиокс - оксацаллин мен ампициллиннің қиыстырылған препараты. Препараттарды қиыстыру арқылы әсер ету спектірн кеңейтіп, әр препараттың әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.

Амоксициллин ( хиконцил, гоноформ) - ампициллинге ұқсас , АІЖ - да жақсы сіңіріліп ішке (1,0 таб.; 0,25 және 0,5 капс ) белгіленеді.

Уназин (сулациллин)- құрамында ампициллинмен сульбактамы (0,75; 1,5 және 3,0 құрғақ зат флаконда-б/е және к/т; 0,375-тәулігіне 2 рет) бар.

" Амоксиклав" ("аугментин") - құрамында амоксициллин және клавулон қышқылы (официн .таб. -тәулігіне 4 рет тамақ үстінде ) бар.

Сульбактам мен клавулон қышқылы пенициллиназаның ингибиторы , пеницилинді инактивациядан қорғайды.

Карбенициллин - әсер ету спектрі ампициллинге ұқсас, сонымен қатар ол көкіріңді таяқшаға, протейдің барлық түрлеріне әсер етеді, бірақ стафилококктарға әсер етпейді.

Тикарциллин, азлоциллин ( секуропен) және пиперациллин (Испен) карбенициллинге ұқсас, көкіріңді таяқшаларға қарсы антибиотиктерге.
б) Цефалоспориндер

Цефалоспориндер химиялық құрылысы жағынан пенициллиндерге ұқсас , кең спектрлі , бактерицидті әсері бар, пенициллиназға тұрақты атибиотиктер . Әсер ету спектріне байланысты 4 буыны бар.

Цефалоспориндердің І буыны : цефалоридин (цепорин ), цефалексин (цепорекс), цефазолин (кефзол, цефамизин), цефалотин (кефлин) .

Әсер ету спектрі ампициллиндерге ұқсас, бірақ пенициллиназа түзгіш стафилакокктарға әсер етеді, грмм (+) микроорганимдерге сезімталдығы жоғары, грамм(-) микроорганизмдерге сезімталдығы төмен. Қолдану көрсеткіштері: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, пневмания , септицемия, эндокардит, терінің жұмсақ ұлпалардың және сүйіктердің ірңді инфекциялары, несеп жолдарының инфекциялары , хирургиялық инфекцялар және т.б.

Cefazolin - цефазалин (Б) : 0,25; 0,5; 1,0; 2,0 және 4,0 құрғақ зат флаконда шығарылып ,2-3 мл иньекцияға арналған суда, немесе 0,9 % NaCl ертіндісі немесе 0,5% новокаин ертіндісімен ерітіп, тәулігіне 2-4 рет б/е; 10 мл к/т баяу ағынмен, 100-200 мл 0,9% NaCl еріт. тамшылатып енгізіледі.

Cefalexinum - цефалексин (Б): 0.25 капс.; 0.5 таб. шығарылып, тәулігіне 4 рет белгіленеді.

Цефалоспориндердің ІІ буыны: цефуроксим (кетоцеф, зинацеф), цефамандол (мандол), цефаклор (цеклор) - әсер ету спектрі:
І- буын препараттарына ұқсас, бірақ грамм (-) микроорганизм қоздырғыштарына әсер ету күшті. Қолдану көрсеткіштері : жоғарғы тыныс жолдары мен бронх-өкпе инфекциялары ; урогенитальді инфекциялар, өт жолдары, сүйек , буын инфекциялары , отит, синусит, менингит, септицемия, перитонит және т.б.

Cefuroxim-цефуроксим (Б): 0,75 және 1,5 құрғақ зат флакогда шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.

Цефуроксим - аксетил- 0,25 таб тәулігіне 2 рет белгіленеді.

Цефалоспориндердің ІІІ буыны: цефатоксин(клафоран), цефтазидим ( мироцеф, фортум), цефтриаксон ( лонгацеф, роцефин, лендацин), цефоперазон ( цефобид). Әсер ету спектрі: грамм (-) микрофлораларға әсері кеңірек, бірақ Ә-буын препараттарына қарағанда грамм (+) микроорганизмдерге әсері әлсіздеу. Цефтазидим мен цефаперазон көкірің таяқшасына , цефотаксим мен цефтриаксон анаэробтарға әсер етеді. Қолдану көрсеткіштері : пневмания , эндокардит, урологиялық және құлақ, тамақ, мұрын инфекциялары , менингит, сепсис, перотонит, жұмсақ ұлпа, сүйек, буын инфекциялары және т.б. Барлық препараттары парентеральды енгізіледі.

Cefotaxim-цефотаксим (Б): 0,5; 1,0 және 2,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, 2 мл иньекцияға арналған суда ерітіп тәулігіне 2-4 рет - б/е; баяу және тамшылатып к/т еңгізіледі.

Ceftriaxon- цефтриаксон (Б) : 1,0 құрғақ зат флаконда 2-3 мл еріткіште ерітіп (1% лидокаин еріт.) тәулігіне 1-2 рет б/е енгізіледі.

Цефалоспориндердің IV буыны: цефепим ( максипим ), цефпиром (кейтен), цефметзол- ұлпаларға тез сіңіп, - лактамаз әсеріне тұрақты. Әсер ету спектрі: грамм(+), грамм(-) микроорганимзерге белсенділігі бірдей, анаэробтарға қарсы белсенділігі жоғары, көкіріңді таяқшаларға әсер етіп, бактероидтарға әсер етпейді. Қолдану көрсеткіштері: сепсис, әр түрлі ауыр госпитальды және аралас инфекцияларда. Жанама әсері: барлық цефалоспориндер аллергиялық реаякциялар( пенициллиндермен қиыспалы сенсизбилизация ( сезімталдықтың артуы) тудыруы мүмкін), бүйрек қызметінің бұзылуы, дисбактериоз, суперинфекция , әшке қабылдағанда - деспепсия жергілікті тітіркендіргіш әсер ( инфильтрат, флебит) тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмін . Қарсы көрсеткіштері: осы топтығ кез-келген препараттарна аллергия болуы мүмкін , бүйрек,бауыр ауруларында ,жүктілік кезінде абайлап қолдану қажет.

в) Басқа да β- лактамды антибиотиктер

1. Карбапенемдер (І буыны: имипенем, "тиенам", "примаксин", ІІ буыны: меропенем). Әсер ету спектрі кең : грамм(+) жіне (-) аэробты және анаэробты бактерияларға , сонымен қатар көкіріңді таяқшаға әсер етеді.
Қолдану көрсеткіштері : қоздырғышы анықталмаған көбінесе аралас, әр түрлә ауыр инфекциялар, аралас инфекциялар, - лактамазаға тұрақты басқа антибиотиктердің әсері болмаған жағдайда қолданылатын резервтегі антибиотиктерге жатады. Жанама әсері: аллергия , дисбактериоз, суперинфекция, (кандидоз) , енгізілген жерде тітіркендіргіш әсері, қан құрамының өзгеруі. Қарсы көрсеткіштері : пеницилиндерге аллергиясы болган р

"Tienam"-"тиенам": 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, арнайы еріткіште ерітіп, тәулігіне 2-4 рет к/т және б/е енгізіледі. Имипенемді бұзатын бүйрек дигитропептидаза ферментінің ингибиотры болып табылатын имипенем және циластатиннің ұиыстырылған препараты.

Меропенем (меронем)- дигидропептидазаға анағұрлым тұрақты.

2.Монобактамдар (Азтреонам (Азактам)). Әсер ету механизмі: микроағзалардың жасуша мембранасының биосинтезін тежиді, В лактамазаларға тұрақтылығы жоғары. Әсер ету спектрі: грамм(-) аэробтар( сальмонелла, шигелла, протей, ішек таяқшалары ,клебсиелла, серрация, гонококктар ,менингококктар, көкіріңді таяқшалар). Пенициллиназа әсерінен жойылмайды. Қолдану көрсеткіштері : аурухана ішілік ауыр инфекцияда: несеп шығару жолдарының ауыр инфекциялары , перотонит, сепсис, бронх- өкпе инфекциялары , жұмсақ ұлпа инфекциялары, операциядан кейінгі қиындықтар, кейде менингикте қолданылады. Жанама әсері: улылығы төмен; аллергия, суперинфекция, флебит, жүрек айну, диарея, қан ұюының бұзылуы және гипотоксикалық әсер көрсету мүмкін.

Aztreonam - азтреонам ( азактам) - 0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып , тәулігіне 2-4 рет б/е және к/т енгізіледі.
2. Макролидтер

Әсер ету механизмі: рибосомдық деңгейіндегі ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзып, бактеростатикалық әсер етеді. Микробқа қарсы әсер ету спектіріне байланысты микролидтер 3 буынға бөлінеді:

Макролидтердің І буыны: эритромицин, олеандомицин. Әсер ету спектрі: бензилпенецилиндерге ұқсас, микоплазма, легионелла, коклюш қоздырғыштарына сезімталдығы жоғары. Қолдану көрсеткіштері: бензилпенецилиннің қолдану көрсеткіштеріне ұқсас , сонымен бірге легионела және марокселламен шақырылған хламидальды , микоплазмалық және бөліктік (крупозды) пневманияда қолданылады. Макролидтер резервтегі антибиотиктер, оларды пенецилиндерге аллергия және тұрақсыздығында қолданылады. Көбінесе жеңіл инфекцияларда ішке ,күре тамырға сирек тағайындалады; эритромицин жағылмасын жарақат, күйік,безеу,жара,терінің ірінді қабынуында жағу үшін; Трахома,блефарит,коньюнктифитте кқз жағылмасы түрінде тағайындалады. макролиттерге микроорганизмдердің тұрақтылығы тез пайда болады.