ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1058
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қарсы көрсеткіштері бүйрек аурулары есту мүшесінің жіне кіреберіс аппаратының бұзылулары миастения, жүктілік және көтере алмаушылық .
Steptomycini sulfas- стрептомицин сульфаты (б): 0,25;0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1-5 мл иньекцияға арнадған суда, 0,9% Na Cl ерәт. немесе 0,25-0,5% новокоин еріт.ерітіп, тәулігіне 2 рет б/е енгізіледі.
Neomycyni sulfas - неомицин сульфаты (Б) : 0,25 таб.,шығарылып 1 таб. тәулігіне 2 рет белгіленеді; 2% жағылма; 0,5 %көз жағылмасы бар.
Kanamycini sulfas-канамцин сульфаты (Б) : 0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 2-3 рет б/е; 5%-10 мл ерітінді, амп, к/т тамшылатып енгізіледі.
Аминогликозидтердің ІІ буыны: гентамицин сульфаты (гарамицин).
Әсер ету спектрі: І буын препараттарынан айырмашылығы көкірек таяқшасына, протей, ішек таяқшаларына, сальмонелла, энтеробактер, пенициллиназа түзгіш стафилококктарға қарсы белсенділігі жоғары.
Қолдану көрсеткіштері: грамм (-) микроорганизмдермен шақырылған инфекцияларда: несеп шығару жолдарының инфекцияларында (пиелонефрит, цистит, уретрит); көкірек таяқшалары, протей немесе осы қоздырғыштардың араласып келуінен пайда болған сепсисте, жара инфекцияларында, күйікте, хирургиялық ауруларда, пневмония, бронхопневмония, менингит, перитонит және т.б. гентамицинге сезімтал флорамен шақырылған ауруларда қолданылады. Пиодермияда, фолликулитте, фурункулезде гентомицинді жағылма, ал көздің жұқпалы қабыну ауруларында көз тамшылары түрінде қолданылады.
Жанама әсері мен қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай, бірақ гентамициннің есту мүшесіне әсері төмендеу.
Gentamycini sulfas — гентамицин сульфаты (Б); 0,08 құрғақ зат флаконда, 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 2-3 рет б/е; 4% 1 мл және 2 мл еріт. ампуласы тәулігіне 2-3 рет б/е енгізіледі; 0,1% жағылма; 0,3% көз тамшылары бар.
Аминогликозидтердің ІІІ буыны: тобрамицин (бруламицин, небцин, обрацин), сизомицин, амикацин (амикин, биклин), нетилмицин (нетиллин, нетромицин). Әсер ету спектрі: гентамицинге ұқсас. Барлық препараттар көкірек таяқшаларына әсер етеді. Тобрамицин гентамицинге қарағанда көкірек таяқшаларына белсенділігі 2-4 есе жоғары; сизомицин гентамицинге қарағанда протей, көкірек таяқшасы, клебсиелла, энтеробактерге белсенділігі жоғары; амикацин – аминогликозидтер қатарында жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, бірақ грамм (+) анаэробтардың көпшілігіне әсер етпейді. Нетилмициннің микроорганизмдердің ферменттеріне тұрақтылығы жоғарылау.
Қолдану көрсеткіштері:
грамм (-) флора тудырған ауыр инфекцияларда: бактериемия, септицемия, урогенитальды инфекциялар, тыныс жолдарының, АІЖ-ң жұмсақ ұлпалардың ауыр инфекциялары, остеомиелит, операциядан кейінгі қиындықтар, аурухана ішілік және аралас инфекциялар. Егер қоздырғыштың түрі белгісіз болса, аминогликозидтерді пенициллиндермен немесе цефалоспориндермен қиыстыру қажет.
Жанама әсері және қарсы көрсеткіштері: І буын препараттарындағыдай. Амикациннің ото және нефротоксикалық әсері басым, тобрамицин мен нетилмицинде нефро- және ототоксикалық әсері гентамицинге қарағанда төмендеу.
Amikacini sulfas – амикацин сульфаты: 5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, тәулігіне 2-3 рет б/е; 0,1; 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, б/е және к/т тамшылатып енгізіледі.
Netilmycini syltas – нетилмицин сульфаты -0,05; 0,15 және 0,2 құрғақ зат флаконда шығарылып, 50-200 мл 0,9 % NaCl ерітіндісін тәулігіне 2-3 рет тамшылатып к/т енгізеді.
Аминогликозидтердің ІV буыны: изепамицин (исепацин).
Әсер ету спектрі: жоғарыда көрсетілген микроорганизмдермен қоса ацинетобактерге, цитробактерге, аеромоносқа, морганеллаға, листерияларға және нокардияға әсер етеді.
Қолдану көрсеткіштері: ІІІ буын препараттарына ұқсас. Жанама әсерлері мен қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.
Полимиксин М, полимиксин В (аэроспорин, полмикс, бациллоспорин), полимиксин Е (колистин) сульфаттары.
Әсер ету механизмі: микроорганизмдердің цитоплазмасының құрылысы мен қызметін бұзып, бактерицидті әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі тар: грамм (-) таяқшаларға: көкірек таяқшаларға, дизентерия мен ішек таяқшаларына
, іш сүзегі мен паратиф таяқшаларына, холера вибрионына, клебсиеллаға, энтеробактерге, гемофильді таяқшаларға әсер етеді.
Қолдану көрсеткіштері: полимиксиндер – терапевті әсерінің кеңдігі аз, жоғары уытты препараттар, сондықтан оларды тек өте қажетті жағдайда қолданады. Емдеу ұзақтығы 5-7 күннен аспауы керек. Полимиксиндер АІЖ-де сіңірілмейді және парентеральды енгізгенде ұлпаларға нашар таралады. Полимиксин М сульфаты іріңді жарақаттарды, күйік және жараларды, іріңді отит пен конъюнктивитті емдеу үшін ерітінді немесе жағылма түрінде жергілікті сыртқа қолданылады. Басқа антибиотиктерге (гастроэнтероколит, жіті және созылмалы дизентерия) сезімталдығы төмен көкірің таяқшалары мен басқа да грамм (-) флора тудырған ауыр ішек инфекцияларында, сонымен бірге операция алдында ішекті санация жасау үшін ішке қолданылады. Полимиксин В және Е сульфаттары көкірің таяқшаларымен, клебсиелламен және энтеробактермен шақырылған сепсисте, пневмонияда, эндокардитте, несеп шығару жолдарының созылмалы ауруларында парентеральды енгізіледі.
Жанама әсері: полимиксин М сульфатын ішке және жергілікті қолданғанда жанама әсер байқалмайды. Эпигастра тұсының ауырсынулары, диспепсия, аллергия аз байқалып, суперинфекция болуы мүмкін. Полимиксин В және Е сульфаттары парентеральды енгізгенде флебит, нефро- және нефротоксикалық әсер көрсетуі мүмкін. Қарсы көрсеткіштері: бауыр, бүйрек қызметінің бұзылуы және жүктілік.
Ploimyxini M sulfas – полимиксин М сульфаты (Б): 500 000 ӘБ және 1 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 50-100 мл 0,9% NaCl ерітіндісі немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітіп, ерітіндіні тампон мен салфетканы дымқылдап, шаю (бүрку) үшін немесе тамшы түрінде қолданылады; 2% жағылма; 500 000 ӘБ таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 4 - 6 рет белгіленеді.
7. Әртүрлі топтағы антибиотиктер
1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид). Гликопептидтер – стафилококктарға қарсы резервтегі антибиотиктер. Олар бактерицидті әсер көрсетеді: жасуша қабықшасының синтезін тежейді, цитоплазмалық мембрананың құрылысы мен қызметін бұзып, рибосома деңгейінде РНҚ-ң синтезін әлсіретеді. Әсер ету спектрі тар: тек грамм (+) аэробты бактерияларға, бета-лактамаза түзушілер мен метициллинрезистентті стафилококктарға, клостридиялар мен коринебактерияларға әсер етеді. Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі өте баяу дамиды, басқа антибиотиктермен қиыспалы тұрақтылығы жоқ. Күре тамырға өте баяу енгізіледі. Басқа антиобиотиктерге тұрақты стафилококктар тудырған ауыр инфекцияларда: сепсисте, стафилококкты және стрептококкты эндокардитте, пневмонияда, менингитте, стафилококкты энтероколитте, псевдо-мембранозды колитте, аурухана ішілік инфекцияларда қолданылады. Гликопептидтер – терапевтикалық әсерінің кеңдігі тар улы антибиотиктер. Жанама әсері: нефроуытты; отоуытты; гематоуытты; тромбофлебит; анафилаксия; бет пен мойынның қызаруы, гипотензия, кеуде мен омыртқа жотасының түйілуі (әсіресе жылдам енгізгенде) байқалуы мүмкін.
2. Ристомицин – микроб қабықшасының синтезін бұзып, бактерицидті әсер етеді. Көбінесе грамм (+) кокктарға (стафилококк, стрептококк, пневмококк, энтерококк), сонымен бірге грамм (+) бактерияларға (листерия, клостридия, кейбір анаэробтар, коринебактериялар) әсер көрсетеді. Ристомицин грамм (+) қоздырғыштармен шақырылған (көбінесе стафилококк немесе басқа антибиотиктер әсер етпей жатқанда) ауыр септикалық ауруларда тағайындап, тек к/т енгізіледі. Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі баяу дамиды. Ристомицин – улы; флебит, аллергия, дірілдеу, жүрек айну, есту жүйесінің қайтымсыз зақымдалуы, гемато-, нефро-, кейде гепатотоксикалық әсер тудыруы мүмкін.
3. Анзамициндер: рифампицин (бенемицин). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезін бұзып, бактериостатикалық әсер етеді. Әсер ету спектрі кең: сонымен қатар рифампицинге жоғары сезімтал микроорганизмдерге (туберкулез микобактериясына, лепра, гемофильді таяқшалар) бактерицидті әсер етеді. Кокктарға, соның ішінде гонорея, сібір жарасының таяқшасы, газды гангрена клостридиясы, протей, сальмонелла, бруцелла, трахома, коклюш, құтыру қоздырғыштарына белсенділігі жоғары. Рифампицинге микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі жылдам пайда болады, сондықтан резервтегі антибиотик болып табылады. Оны көбінесе басқа микробқа қарсы дәрілермен қиыстырады. Қолдану көрсеткіштері: негізгі қолдану көрсеткіші өкпе мен басқа да мүшелердің туберкулезі (рифампицин АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпалары мен сұйықтықтарына жақсы таралады, туберкулезді емдеу үшін туберкулезға қарсы дәрілермен қиыстырылып қолданылады), алапесті (лепраны) емдеуде, тыныс алу мүшелерінің инфекциясында, менингитте, остеомиелитте, зәр және өт жолдарының инфекциясында, жіті гонореяда қолданылады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, диспепсия, бауыр қызметінің бұзылуы, лейкопения, зәр, сілекей, көз жас сұйықтықтарының қызыл сары түске боялуы мүмкін. Рифампицин бауырдың метаболикалық процестеріне әсер етіп, кейбір заттардың биотрансформациясын жылдамдатады (оймақгүл препараттары, әсері тікелей емес антикоагулянттар, пероральды гипогликемиялық дәрілер, контрацептивтер, Д, К, Вс витаминдері). Қарсы көрсеткіштері: бауыр мен бүйрек ауруларында, көтере алмауда, жүктілікте, емшектегі балаға қолдануға болмайды.
Rifampicinum – рифампицин (Б): 0,15 және 0,3 капс. шығарылып, 1-2 капс. 2-3 рет тәулігіне 30 минут – 1 сағат тамақтан бұрын; 0,15 құрғақ зат флаконда шығарылып, 2-5 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 125 мл 5% глюкоза еріт. тәулігіне 2-3 рет тамшылатып к/т енгізіледі.
Рифампицин туындылары: рифабутин (микобутин) – туберкулез микобактериясына әсері жағынан рифампициннен 2-20 есе жоғары; рифампетен - әсері ұзартылған препарат, аптасына 1 рет белгіленеді.
4. Фузидин-натрий – ақуыз синтезін тежеп, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Фузидин стафилококктарға, сонымен қатар стрептококктарға, менингококктарға, гонококктарға белсенділік көрсетеді. Стафилококкты остеомиелитте және басқа да стафилококкты инфекцияларда: пневмония, бауыр мен өт жолдарының ауруларында, септицемия, тері мен жұмсақ ұлпа инфекцияларында қолданылады.
Жанама әсері: ішке қабылдағанда диспепсия, күре тамырға енгізгенде флебит байқалуы мүмкін.
5. Фузафунжин (биопарокс) – микробқа қарсы және қабынуға қарсы әсері бар. Әсер ету спектрі: стрептококктар, пневмококктар, кейбір анаэробтар, микоплазма, кандида тобындағы саңырауқұлақтар. Мұрын, жұтқыншақ, тыныс жолдарының (синусит, ринит, фарингит, тонзилит, ларингит, трахеит, бронхит) қабыну және жұқпалы ауруларын жергілікті емдеу үшін тек ингаляция түрінде белгіленеді. Емдеу курсы 10 күн, өйткені дисбактериоз пайда болуы мүмкін. Жанама әсері: тітіркендіргіш әсер көрсетуі мүмкін.
2. Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
а) Сульфаниламидті препараттар. Әсер ету механизмі: сульфаниламидті препараттар сульфанил қышқылы амидінің туындысы болып табылады және химиялық құрылысы жағынан пара-аминобензой қышқылына (ПАБҚ) ұқсас, ПАБҚ микроорганизмдердің өсуі мен көбеюіне өте қажет. Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюіне қажетті пуриннің, пиримидин негіздерінің, нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың синтезіне қатысатын флотий қышқылынан (витамин Вс) фолиенді қышқыл түзілуіне жағдай жасайды. Сульфаниламидті препараттар ағзада – фолий қышқылын дегидрофолий қышқылына айналдыратын ферменттерді тежейді. Ол микроб жасушасының өсуі мен көбеюін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Сондықтан сульфаниламидті препараттарды ПАБҚ-ң бәсекелес антагонизмі деп атайды. Сульфаниламидтердің триметоприммен қиыстырылған препараттары (бисептол, лидаприм, сульфатон және т.б.) бактерицидті әсер етеді, себебі триметоприм фолий қышқылының синтезін тежейді, яғни қиыстырылған препараттар екі бағытта әсер етеді, фармакологиялық әсерін күшейтеді және микробқа қарсы әсерінің спектрін кеңейтеді. Сульфаниламидтердің бәсекелестік механизмінің әсеріне байланысты, қабылдау келесі кесте бойынша жүргізіледі: бірінші күні ең жоғарғы мөлшер, ал екінші күні орташа мөлшерде қабылдау қажет. Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) кокктарға (энтерококкқа, стрептококктарға, стафилококктарға әсер етпей), бактерияларға (ішек таяқшалары, шигелла, дизентерия, кейбір сальмонеллалар, холера виброны, клиебсиеллалар, сібір жарасының қоздырғышы, дифтерия, оба, бруцеллез, туляремия, клостридиялар), хламидияларға, қарапайымдыларға (безгек плазмодий, токсоплазмоз), саңырауқұлақтарға (актиномицеттер, нокардий) қарсы әсер етеді. Триметоприммен қиыстырылған препараттары, сондай-ақ пневмоцистерге, гемофильді таяқшаларға, легионеллаға, аэромонадаларға әсер етеді. Сульфаниламидті препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда микроорганизмдер оларға тұрақты болып қалады, сондықтан сульфаниламидтердің әсер ету спектрі азайып, тиімділігі төмендеп кетті. Оларды көбінесе қоздырғыштардың тұрақтылығында, немесе антибиотиктермен бірге қиыстырып белгілейді. Сульфаниламидтерге екіншілік резистенттік тез пайда болады.

-
Полимиксиндер