ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1053

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қолданылады.

Dibazolum – дибазол (Б): 0,02 таб. 0,5 – 1% 1,2 және 5 мл еріт.амп.шығарылып, б\е және к\т енгізіледі. Әсері орташа. Гипертензивті кризде қолданылады. «Папазол», «Андипал» препараттарының құрамына кіреді.


ІІІ. Ангиотензинге айналдырғыш ферментінің (ААФ) ингибиторлары (тежегіштері).

Буыны: каптоприл (капотен):

Буыны: эналаприл (ренитек, энам), лизиноприл (привинил,диротон),

рамиприл (тритаце), цилазаприл (инхибейс), периндоприл (престариум), фозиноприл (моноприл), трандолаприл (гоптен).

Бұл қосылыстар белсенді емес ангиотензин І-ді (ренин ферментінің әсерінен ангиотензиногеннен түзілген) вазобелсенді ангиотензин ІІ- ге (қан тамырлардың тарылтып, сығылуына алып келеді) айналдыратын ферменттің белсенділігін тежейтін препараттар. ААФ-ң ингибиторлары артерия мен күре тамырларды кеңейтіп, жүрекке кейінгі күшті (постнагрузка) және жүрекке веноздық қанның қайтуын азайтып, жүрек жұмысын жеңілдетеді, жүрек пен бүйректе қан айналымды жақсартып, жүрек бұлшықетінің гипертрофиясын төмендетеді, диурезді жоғарылатып, артериялық қысымды төмендетеді. Гипертониялық аурудың өте ауыр түрінде, гипертониялық кризде, жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады. Барлық препараттар каптоприлде әсері 1 сағ. Басталып, 6 сағ.созылады, ал қалған препараттарда 2 сағ.басталып, 24 сағ.созылады.

Жанама әсері: әлсіздік, бас айналу, құрғақ жөтел және көкірек пен іш қуысы тұсының ауруы (диуретиктерді белгілеу қажет) байқалады. Көбінесе аллергиялық реакциялар капотенде байқалады.

Captopril – каптоприл (Б); 0,025 таб. Түрінде шығарылып, 1/2 – 1 таблеткадан тәулігіне 2-3-4 рет тамақ алдында, гипертониялық кризде 1 таблетка тіл астына беріледі.

Enalaprili maleas – эналаприл малеаты (Б); 0,0025: 0,005: 0,01 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді.

IV. ангиотензин рецепторларының блокаторлары: лозартан (козаар), ирбесартан (апровель), эпросартан (теветен), валсартан (диован) – ангитензин ІІ-литик болып табылады. Ангиотензивті рецептордың АТ1 түрін тежеп, ангиотензин ІІ –ң барлық әсерлерін жояды. Ішке тәулігіне 1 рет белгіленеді. ААФ ингибиторларына қарағанда жанама әсері өте сирек байқалады.

V. тұз – су алмасуына әсер ететін дәрілер (несеп айдаушы, диуретиктер, салуретиктер). Айналымдағы қанның көлемін азайтып, АҚ-ы түсіреді. Несеп айдаушы дәрілер басқа гипотензивті дәрілердің әсерін күшейтеді, сондықтан көбінесе бірге белгілейді.

Гипертониялық ауруларды қиыстырып емдеу үшін әсер ету механизмі әртүрлі фармокологиялық топтардың препараттары белгіленеді.

Қиыстырылған препараттары: «Адельфан- эзидрекс», «Алсидрекс-Г», «Трирезид», «Тринитон», таб. (резерпин, дихлолотиазид, дигидралазин); «Адельфан-эзидрекс К», «Трирезид К» (сондай-ақ КСІ), «Кристепин», «Норматенс» драже (резерпин, клопамид = бринальдикс, дигидроэргокристин); «Энап Х» (эналаприл, дихлотиазид); «Капозаид» (картоприл, дихлотиазид), «Вискалдикс» (пиндолол + клопамид) және т.б.


Атеросклерозға қарсы дәрілер
(Гиполипидемиялық дәрілер)

Атеросклероз – тамырдың ішкі қабықшасына май тәрізді заттардың жабысып, оның шоғырлануынан пайда болатын ауру. Денеде зат алмасупроцесінің бұзылуынан холестерин мөлшерден асып кетеді. Аурудың күйі, қауіптілігі немесе жеңілдігі қандайда тамырдың зақымдалуына байланысты. Ауруды алдын алу әдісіне келесілер жатады; еңбек пен тұрмыс тәртібін мұқият сақтау, демалысты дұрыс пайдалану, ұйқыны қандыру, темекі тартпау және майлы тамақтан бас тарту, артық семірмеу және т.б. гиполипидемиялық дәрілер ұлпа мен қанның құрамындағы жоғары дәрежедегі липидтердің (холестерин және триглицерид) мөлшерін төмендетеді. Атеросклерозды және оның асқынуларын емдеу үшін қолданылатын гиполипидиемиялық (антиатеросклеротикалық) дәрілер 2 топқа бөлінеді.:

Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.

Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.

Гиполипидемиялық дәрілер жүректің ишемиялық ауруында, аорта, ми тамырларының атеросклерозында қолданылады. Бұл дәрілерді үздіксіз, ұзақ уақыт бойы қабылдау қажет.

1. Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:

А) статиндер: ловастатин (мевакор), симвастатин (зокор),

аторвастатин (липримар) – бауырдағы холестериннің синтезін таңдамалы тежейтін, тиімділігі жоғары препараттар. Статиндерді тәулігіне 1 рет, ұйықтар алдында белгілейді, себебі бауырдағы холестериннің басым бөлігінің синтезі түнде жүреді.

Simvastatinum – симвастатин (Б): 0,005: 0,02 және 0,04 таб. шығарылып, 1 таб. кешке қабылдау үшін тағайындалады.

Б) Фибраттар: клофибрат (мисклерон), фенофибрат, гемфиброзил – бауырдағы липопротеинлипазаны белсендіреді, статиндерге қарағанда улы болып келеді.

Gemfibrozilum – гемфиброзил: 0,3 капс.: 0,45 таб.-күніне 2 рет таңғы немесе кешкі астан таңғы немесе кешкі астан 30мин. Бұрын немесе кешке 1 рет белгіленеді.

В) Никотин қышқылы (үлкен мөлшерде).

Г) Пробукол (липомал) – ағзадағы липидтердің синтезіне және таралуына әсер етіп, қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеиндердің, триглицеридтердің, жалпы холестериннің деңгейін төмендетеді

2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.

А) өт қышқылдарының секвестранттары (ағылш. Sequestrate – кетіру);

Холестирамин (холестан), холестипол (холестид) - АІЖ-да сіңірілмейді, өт қышқылдарымен кешен түзіп олардың қанға қайта сіңірілуіне кедергі жасайды. Ол холестериннің және өт қышқылдарының ішекте сіңірілуін баяулатады.


Б) бескрахмальды полисахаридтер: хьюар шайыры (гуарем) – асқазанда ісініп тағамдық холестериндердің және өт қышқылының сіңірілуіне бөгет жасайды. Әсері әлсіз.

Атеросклероздың жеңіл түрінде кешенді емдеуді қажет етеді; полиспонин (жапон диоскореясы тамыры мен тамыр сабағының препараты) және трибоспонин (теміртікен шөбінің препараты). Атеросклероздың кешенді емінде сонымен қатар эссенциальды фосфолипидтер (эссенциале, липостабил) және антиоксидант препараттары (токоферол ацетаты, аскорбин қышқылы) қолданылады.
5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)

Несеп айдаушы дәрілер негізінен ағзадан артық мөлшердегі суды шығарады, электролиттердің (NA+ және Cl+ ) реабсорбциясын (қайта сіңуі) төмендетіп, әртүрлі жағдайлардан пайда болған ісінулерді басу, АҚ- н төмендету үшін тағайындалады. Негізгі қолдану көрсеткіштері; артериялық гипертония кезінде АҚ- ы төмендету үшін (басқа гипотензивті дәрілермен), өкпе ісінуінде, ми ісуінде, химиялық заттармен уланғанда форсирленген диурез үшін. Диуретиктер несеп түзілудің барлық кезеңдеріне әсер етеді; фильтрацияға, секрецияға және түтікше реабсорбциясына. Олар қышқыл негіздік тепе теңдікті сақтап тұру үшін бүйрек қызметін реттеп, ағзаны ксенобиотиктерден тазартып тұрады.

1. Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер: дихлотиазид (гипотиазид, гидрохлортиазид, эзидрекс) циклометиазид, клопамид (бринальдикс), оксодолин (хлорталидон), индапамид (арифон, индап).

Бұл диуретиктердің әсері орташа, тәулігіне 1 рет (таңертең) ішке қабылдаайды. Негізгі әсері нефрон түтікшелерінің дистальды және проксимальды бөлігінде натрий, калий, хлор және судың реабсорбциясын тежеп, ағзадан шығуын күшейтеді. Гипертониялық ауруларда, жүрек, бауыр және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, жүктіліктің токсикозында (нефропатия, ісіну, эклампсия) және етеккір алдындағы жағдайларда қолданылады. Жанама әсері; диспепсия; гипокалиемия ( алдын алу үшін калий хлоридін, «Аспаркам», панангин, құрамында калий бар диета: картоп, сәбіз, өрік, жүзім, түйе бұршақ, бұршақ, түйілген тары, сұлы жармасы, және де дихлотиазидтерді калий сақтағыш диуретиктермен бірге қолдану қажет); гипохлоремиялың алкалоз; гипомагниемия және гиперкальциемия; гипергликемия; гиперурикемия (подаграның күшеюі) байқалуы мүмкін. Ауыр бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, айқын бауыр зақымдалуында, қант диабетінің және подаграның ауыр түрінде қолдануға болмайды.


Dichlothiasidum дихлотиазид (Б); 0,025 және 0,1 таб. таңертең ас алдында белгіленеді. әсері 1-2 сағ.басталып,10-12 сағ.созылады. 4 күн үзілістен кейін 3-5-7 күндік ем тағайындалады. Карбоангидраза тежеуші әсеріне байланысты гидрокарбонаттың да реабсорбциясын төмендетеді. Калий иондарының секрециясы жоғарылайды. Магний иондарының экскрециясы бұзылады. Осы құбылыстар несеппен натрий, хлор, калий, магний иондарының және гидроккарбонаттардың ағзадан шығуына алып келеді.

Клопамид және оксодолин әсері ұзақ, циклометиазид дихлотиазидке қарағанда белсенділігі жоғары. Индапамид қан тамырларды кеңейтіп, гипертониялық ауруларда қолданылады. Антиагреганттық әсері бар.

ІІ. «шумақты» диуретиктер: фуросемид (лазикс), этакрин қышқылы (урегит), торасемид (унат), буфенокс (буметанид), пиретанид (ареликс). Бұл препараттар ацидоз бен алкалозда күшті әсер ететін несеп айдайтын дәрілер. Олар Генле шумағының жоғарғы бөлік аумағында натрий, хлор және судың реабсорбциясын (қайта сіңірулуін) тежейді. Ми, өкпе ісінуінде; гипертониялық ауруларда және гипертониялық кризде; жедел улануда; жіті және созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде; эклампсияда қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, гипокалиемия, гипомагниемия, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінің терминальды кезеңінде, несеп шығару жолдарының механикалық бітелуінде және жүктіліктің бірінші жартысында қолдануға болмайды.

Furosemidum – фуросемид (Б); 0,02 және 0,04 таб.шығарылып, таңертең белгіленеді, әсері 20-30 мин.соң басталып, 3-4 сағ.созылады; 1% 2 мл еріт.амп.шығарылып, б\е: 2-3 мл тәулігіне 1-2 рет к\т баяу ағынмен енгізіледі, әсері 3-4 мин.кейін басталып 2-3 сағ.созылады.

Acidum etacrynicum – этакрин қышылы (Б). 0,025 таб. Таңертең астан кейін, 0,05 амп.қолданар алдында ерітеді. әсері 30-40 мин. Соң басталып, 6-8 сағ.созылады.

ІІІ. Карбоангидраза ингибиторлары: диакарб (ацетазоламид) - нефронның проксимальды түтікшелеріндегі карбоангидраза ферментінің белсенділігін таңдамалы тежеп, көмір қышқылының түзілуінің азаюы мен бүйрек түтікшелерінің эпителийінде натрий мен бикарбонат реабсорбциясын төмендеуіне және олардың несеппен шығарылуын күшеюіне алып келеді. Көз ішілік және бас сүйек ішілік қысымын төмендетеді. Диурездік әсері әлсіз. Өкпе жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, глаукомада, энцефалопатияда және эпилепсияда қолданылады. Жанама әсері: гипокалиемия, гиперхлоремиялың ацидоз және гиперкальциурия байқалуы мүмкін. Ацидозға бейімділікте, жедел бауыр мен бүйрек ауруларында, қант диабетінде, уремияда және жүктіліктің алғашқы айында