Файл: 1 билет 1 Геоэкологияны рылымы мен ылыми мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 301

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1. Өнеркәсіп орындары (химиялық,мұнайхимиялық,металлургиялық,энергетикалық өнеркәсіптер көп суды қажет етеді).

2. Ауыл шаруашылық ағындары. 3.Тұрмыстық-коммуналды қызмет көрсету. 4.Су қоймаларының жылулық ластануы.

5. Су қоймаларының радиоактивті ластануы(ядролық жарылыс,апаттар,ғылыми зерттеулер, радиоактивті қалдықтарды көму және т.б.).

6. Су көліктері.

7. Атмосфералық жауын-шашынмен ластану.

Жер асты суларын ластау көздері:

1.Өнеркәсіп өнімдерін және өнеркәсіп қалдықтарын тасымалдау және сақтау орындары. 2.Тұрмыстық және коммуналдық қалдықтардың жинақталған жерлері.

3. Минералды тыңайтқыштар, лестицидтер және басқа химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылық және т.б. шаруашылық салалары.

4. Жер бетінің ластанған учаскесі.

5. Су тасушы горизонттың ластанған учаскесі.

6. Атмосфералық жауын-шашынның ластанған инфильтрация учаскелері.

7. Өнеркәсіптердің өндірістік алаңдары, фильтрация алаңдары, бұрғылау ұңғымалары және басқа тау-кен жұмыстары.

Су обьектілерін ластаушы заттар тізімі.

1. Түскен жапырақтар,өлген өсімдіктер,жануарлар өліктерінің қалдықтары, олар органикалық ластаушылар.

2. Тұрмыстық және коммуналдық қалдықтардың жинақталған әсерлері

3. Минералды тынайтқыштар, пестициттер немесе басқа химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылық және тағы басқа шаруашылық салалары жер асты суларымен байланысқан.

4. Жер бетінің ластанған учаскесі.

5. Су тасушы горсуоттың ластанған учаскесі.

6. Атмосфералық жауын – шашынның ластанған инфильтрация учаскесі.

7. Өнеркәсіптердің өндірістік алаңдары, фильтрация аландары, бұрғылау ұнғымалары және басқа тау кен жұмыстары.

Су обьектілерін ластаушы заттар тізімі

1. Түскен жапырақтар, өлген өсімдіктер, жануарлар жануарлар өліктерінің қалдықтары, олар органикалық ластаушылар.

2. Бейорганикалық қоспалар: күкірт қышқылын, азот қышқылы сода өндірісінің, байыту фаврикасының, металлургиялық және химиялық зауыттардың, рудниктердің, шахталардың қалдықтары. Әртүрлі металдардың қалдықтары.

3. Ағын сулардағы органикалық қоспалар:мұнай өндеуші, жеңіл тамақ өнеркәсіптерінің қалдықтары.

4. Қалалық жауын-шашын ағындылары, олардың құрамында автокөліктің шоғырында газдардың құрамында болатын тэтраэтил қорғасын, күкіртті қоспалар, мұнай өнімдері

ауру тудыратын бактериялар болады.

5. Ауыл шаруашылығының ағын суларының құрамында болатын минералды тынайтқыштар, пецтициттер (сынап органикалық, мышьяк препараттар, алдерин, диоксин, ДДТ, хлоридан). 6.Пайдаланылған қалдық жылы сулар.


7.Радиоктивті изотоптар.
3 Қоршаған табиғи ортаны бақылаудың жалпы мемлекеттік қызметі.

Жоспар:

1. Экологиялық мониторингтің әдістері.

2. Қазгидромет.

3. СЭС.

1. Келесі әдістерді ажыратады:

1.физикалық-химиялық;

2.биоиндикациялық;

3.Жерді қашықтан зондылау әдістері.

Барлық әдістер үшін объектілердің жағдайын бақылау және бағалау негіз болып табылады. Физикалық-химиялық әдістер кезінде сынамаларды іріктеу жүргізіледі. Аналитикалық өлшеулер мыналарға бөлінуі мүмкін: өлшеу нүктесінде айнымалыларды анықтау әдісі, бақылау нүктесінде сынамаларды іріктеу және алдағы зертханалық талдаулар әдісі. Биоиндикациялық әдістер бір жүйенің жағдайы бойынша басқа жүйені анықтауға негізделген. Көрсеткіштік, мониторлықжәне тестілік

биоиндикаторларды ажыратады.

Жерді қашықтан зондылау әдісі бейнесі бойынша тұтас ландшафттарды зерттеуге бағытталған – аэро және ғарыштық түсірім. Мониторинг жүйесін басқару ҚР үкіметімен, экология және табиғи ресурстар министрлігімен жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар:

1. экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

2. қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта компоненттерінің жағдайын жақсартуға бағытталған.

3. экожүйелердің жағдайын тұрақтандыруға және жақсартуға, биотүрлілікті сақтауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызатын.

4. әдістер мен технологияларды жетілдіретін.

5. қоршаған ортаны қорғау саласында ақпараттық жүйелерді қалыптастыратын.

2. Қазгидромет республикалық кәсіпорын болып табылады және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне бағынышты. Экологиялық ақпаратқа қатысты, оның негізгі міндеттеріне табиғи орта мониторингін жүргізу, гидрометеорология мен қоршаған ортаның ластануы бойынша мәліметтер қорын жүргізу, сонымен қатар су кадастрын жүргізуге қатысу жатады. Талдықорған мен Көкшетаудан басқа, барлық облыс орталықтарында аймақтық кәсіпорындары бар. Қазгидромет, гидрометеорологиялық қызмет бола отырып, гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жүргізуді жүзеге асырады, сонымен қатар, Қазгидрометтің әрекеті Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым конвенциясының аясында Қр халықаралық міндеттемелерін орындауға бағытталады. Табиғи орта мен климаттың жағдайы бойынша мәліметтер алудың жер бетіндегі жүйесінің негізін Қазгидрометтің желілік ұйымдары құрайды: 244 метеостанция, 1 фондық

мониторинг станциясы, 1 көл станциясы, 9 агрометеорологиялық орындар.

Бақылау объектілері Кәсіпорын жүзеге асыратын міндеттер

1.Жерүсті сулары Гидрокүзет орындарында сынамалар іріктеу (өзендерде, көлдерде, бөгендерде, каналдарда,

Каспий теңізінде).

2.Топырақ А/ш пайдаланылған жерлерде (пестицидтік ластану)

және өнеркәсіптік қалаларда (АМ) сынамаларды іріктеу

3.Атмосфералық ауа Стационарлық күзет орындарында, 20 елді мекенде

сынамалар іріктеу.

4.Атмосферлық

жауын-шашындар Метеостанцияларды сынамалар іріктеу.

5.Радиациялық

мониторинг Атмосфералық жауын-шашындардың сынамаларын

іріктеу (қосынды β-белсенділік)

Ақпарат қағаз және элеткронды тасымалдағыштарда, сонымен қатар компьютерлік мәліметтер базасында сақталады.

2. СЭС мәртебесі бойынша мемлекеттік мекеме болып табылады және денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық комитетінің қарамағында болады. Республикалық СЭС экологиялық ақпаратқа қатысты, мәліметтердің келесі түрлеріне ие болады:

а) қоршаған ортаның жағдайы:

1. жұмыс аймағы шектеріндегі атмосфералық ауа;

2. ауыз су;

3. суды пайдалану орындарындағы жерүсті сулары.

б) қоршаған ортаға ықпал ететін факторлар мен шаралар:

1. топырақтағы, судағы, а/ш өнімдеріндегі пестицидтер мен нитраттардың мөлшері.

2. β-,γ-сәулеленудердің радиациясы.

3. үй тұрғызылған территориялардағы шу. 4.электрмагниттік өрістің тербелісі.

5.халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулық мәселелерін реттейтін, нормативтік құжаттар және нормативтік құжаттардың жобалары.

09.01.07 ҚР Экологиялық кодексі қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаны қалпына келтіру және сақтау, ҚР шектерінде табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты шаруашылық және өзге әрекеттерді жүзеге асырған кезде табиғи ресурстардыпайдалану мен ұдайы өндіру саласындағы қатынастарды реттейді. Қоршаған ортаны қорғау бойынша кәсіпорындарды қаржыландыру мыналардың есебінен жүзеге асырылады:

1. бюджет қаражаттары. 2.меншікті қаражаттар.

ҚР заң актілерімен тыйым салынбаған өзге көздер.
4
Билет №11

1 қарапайым атом бөлшектерінің заряды мен массасы

Радиоэкология – организмдердің тіршілік ету ерекшеліктерін, олардың қоршаған ортамен ионданушы сәулеленудің үздіксіз әсері жағдайында қатынасын зерттейтін ғылым.


Ионданушы сәулелену – бұл, зат арқылы пайда болуы онда түрлі белгілердегі иондардың қалыптасуына алып келетін сәулелену.

Атомдар – бұл заттың ең кіші химиялық бөлінбейтін бөліктері, біздің айналамыздың барлығы құрастырылған негізгі кірпіштері.

Атом ядросындағы протондардың санын протон саны (Z), ал нейтрондар санын нейтрон саны (N) деп атайды. Ядродағы протондар мен нейтрондардың суммарлы санын атом саны (A) деп атайды.

Протон саны химиялық элементтің Д.И.Менделеевтің Периодтық жүйесіндегі реттік номеріне сәйкес келеді.

Химиялық элемент – ядродағы протон сандары бірдей, яғни бірдей ядро заряды бар атомдардың жиынтығы.

Атом массасы тәжірибе жүзінде ядродағы протондар мен нейтрондардың массаларының суммасымен анықталады, себебі ядродағы электрондар массасы ядро массасымен салыстырғанда өте аз. Массаның атом бірлігімен келтірілген атомның массалық саны шамамен атом ядросындағы протондар (Z) мен нейтрондардың (N) суммары мөлшеріне, яғни атом санына (А) сәйкес келеді. Атомның массалық санын химиялық элементтің символынан сол жақ жоғарғы бөлігінен көрсету қабылданған (12 С, 14 N және т.с.с.).

Атомның массалық саны (А)

А=Z+N

Z – протондар саны;

N – атом ядросындағы нейтрондар саны.

Изотоптар – бұл бір химиялық элементтің атомдары, яғни өздерінің ядроларында бірдей протондар санына ие, бірақ ядроларында нейтрондардың саны әр түрлі болғандықтан массалық сандарымен ерекшеленетін атомдар.

Әдебиетте «нуклид» термині таралған.

Нуклид – ядродағы протондар мен нейтрондардың белгілі бір санына ие атомдар жиынтығы.

Табиғатта, төзімді (тұрақты) нуклидтермен қатар төзімсіз радиобелсенді нуклидтер де (радионуклидтер) бар. Төзімді нуклидтердің ядролары іс жүзінде өзгеріссіз күйде болады, олардағы протондар мен нейтрондар саны шексіз ұзақ өзгермегенде. Төзімсіз радионуклидтердің ядролары өздігінен ыдырайды. Жалпы, нуклид ядроларының тұрақтылығы атомдық ядродағы протондар мен нейтрондардың санының қатынасына тәуелді.

Радиобелсенділік – бұл тұрақсыз атом ядроларының басқа төзімдірек ядроларға қоршаған ортаға иондаушы сәулелену түрінде энергия бөлінумен өздік айналуы болып табылады.

Радионуклидтер (латын тілінен «radiare» сәуле шығару, «nucleus» ядро) – бұл тұрақсыз ядролары бар атомдар, олар өздігінен басқа химиялық элементтің немесе сол химиялық элементтің басқа изотоптарының төзімдірек ядроларына қоршаған ортаға ионданушы сәулелену түріндегі энергия бөлінумен айналады.


Барлық изотоптары радиобелсенді химиялық элементтерді радиобелсенді элементтер деп атайды. Радиобелсенді элементке мысал болып уран табылады. Егер сутегі және уранның изотоптарын салыстырсақ, онда сутегінде 2 тұрақты изотобы бар (протий және дейтерий) және біреуі радиобелсенді (тритий), ал уранда тұрақты изотоптары жоқ, оның барлық изотоптары – радиобелсенді екенін көруге болады.

Радиобелсенді болып элементтердің Периодтық жүйесінде реттік номері 83-ге тең висмуттан кейін орналасқан барлық химиялық элементтер табылады. Қалған химиялық элементтер тұрақты да, радиобелсенді де изотоптарға да ие.