Файл: 1 билет 1 Геоэкологияны рылымы мен ылыми мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 297

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


            Үшінші сатыға жатқызылатын ірі масштабты зерттеулер фондық аудандарды таңдау және жағдайын бағалау мақсатында аномалиялардың шектерінен тыс та жүргізілуі мүмкін. Соңғысы өзіндік биосфералық эталондарды құру үшін және режимдік бақылауларды (қатты саты) алдағы жүргізу үшін қажет. Бұл жағдайда ірі масштабты зерттеулер қоршаған ортаның жағдайын кешенді бағалау үшін, оған тигізілетін техногенді ықпалдардың ізі жоқ бөлікшелерде жүргізіледі, олар алдыңғы сатылардағы зерттеулердің нәтижелері бойынша таңдалады.

            Ірі масштабты зерттеулер орташа масштабтыларға жатқызылатын экологиялық-геохимиялық жұмыстар аяқталған соң жүргізілу керек. Ерекше жағдайларда олар аймақтық зерттеулер кезінде анықталған аномалияларда жүзеге асырылуы мүмкін, сонымен қатар үй тұрғызылған және өнеркәсіптік ландшафттардың жағдайын бағалау үшін қолданылуы мүмкін.

2 Бөлікшелерді таңдау және мөлшері.

            Ірі масштабты зерттеулерді жүргізгенде аудандарды таңдауда мынадай жерлерде орналасқан бөлікшелер артықшылыққа ие болады:

  1. санитарлық-саяжай аймақтарының және осы аймақтарға ластаушы элементтердің (олардың қоспаларының) жерүсті және жерасты ағуы мүмкін ландшафттардың территорияларында

  2. ауыз су және шаруашылық сутартқы аймақтарының шектерінде, сонымен қатар сутартқы аймағына ластаушы заттардың тікелей түсуі мүмкін территорияларда

  3. жаппай демалыс пен рекреация аймақтарында

  4. территориясында балаларға арналған және емдік-сауықтыру мекемелері орналасқан аймақтарда

  5. азық-түлік өнімдері (ең алдымен көкөністер мен жемістер) жиналатын ауылшаруашылық жерлерде

Ірі масштабты зерттеулер үшін таңдалатын бөлікшелердің мөлшері олардың контурларында бұрын анықталған аномалиялардың барлығы толық сыятындай болуы тиіс.

Ірі масштабты зерттеулердегі жұмыстардың нәтижелері бойынша зерттелетін аномалиялардың пайда болуын тудырған ластану көздері анықталу керек, бөлікшенің бұдан ары ластануының алдын алу және болған ластанудың салдарын жою үшін ұсыныстар құрастырылу керек.
8.3   Экоақпараттың келесі түрлері болады:

-төтенше

-оперативтік

-режимдік.

Мұндай жіктеменің басты принципі – ақпараттың жеделдігі мен сұрауды орындау уақыты. Төтенше ақпарат төтенше жағдаят туындағанда беріледі, мысалы, ластаушы заттарды дүркін шығарылуы кезінде. Ақпарат шекті жедел мерзімдерде жиналу керек, өйткені жағымсыз ықпалдан халықты қорғау бойынша шаралар осыған тәуелді. Оперативтік ақпарат та
өте қысқа мерзімде жиналады, мысалы, тиісті ұйымдардың кәсіпорындарды тексеруі кезінде. Сонымен қатар құжаттама үшін бүкіл жауапкершілік осы кәсіпорынның жетекшісі мен инженер-экологына жүктеледі. Режимдік ақпаратты есеп түрінде кез келген кәсіпорынның экологтары кварталына бір рет тапсырылады. Есеп өндірістің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттан тұрады. Ерте хабарландыру мониторингі бағдарламасының мақсаты – дүркін шығарындылар кезінде адам денсаулығына келтірілетін залалды, биотаның бастапқы бұзылуын болдырмау. Жабдықтар сенімді және оперативті болу керек. Талдаудың дәлдігі мен өнімділігін ескермеуге болады.

Мәліметтерді басқару шараларының 4 сатысы:

-  мәліметтер бекітілу керек

-  белгілі бір формаларға өзгертілу керек

-  мұрағатталу керек

-  зерттеудің кез келген сатысында қол жетімді болу керек.
8.4 АЛИ

Әдетте ауа бассейннің ластану деңгейін есептеу ауаның ластану индексі (АЛИ) бойынша жургізіледі, оның экологиялық ластануын сипаттайтын дәрежесi ШМК-ның асып кету еселiлiгi бойынша бекiтiледi, сонымен қатар ШМК асып кету жиiлiгі және ауаны ластағыштарының биологиялық әсердiң суммалану заттарының (улағыштық) қауiпiлік класын есепке алуымен жургізіледі. Әдетте 5 өте жиi кездесетiн ластағыштар үшiн есеп айырысады (АЛИ). Қазақстан қалаларындағы ластанудың ең жоғары деңгейі байқалады: Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың қуатты тастандылары әсерінен (АЛИ=17,8) Усть - Каменогорск, Лениногорск, Шымкент және Ақтөбе (АЛИ=10 ), Алматы (көлiк).

АЛИ келесі формула бойынша анықталады:

Im= (qi*Ai)Ci

Мұнда:

Im- суммарлы АЛИ

qi- i-ді затының орташа концентрациясы

Ai- i-ді затының қауіптілік коэффициенті

Ci-заттың қауіптілігінің классына байланысты болатын деңгейінің көрсеткіші.

Ai=1/ШБК
9 билет

9.1кодекстар

Қоршаған ортаны қорғау туралы ұлттық заңнама ҚР Конституциясына негізделген. Конституцияның 31 бабында «мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» деп анықтайды.

Осылайша, ішкі және сыртқы саясат үшін басты мағынаға ие, маңызды құжат 3.12.2003 жылғы Экологиялық қауіпсіздік концепциясы болып табылады. Бұл құжат ішкі және сыртқы саясаттың негізгі принциптері мен басымдықтарын (қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, адамның тіршілігі үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін табиғи ресурстарды сақтау), құқықтық және экономикалық механизмдерді, сонымен қатар қолайлы қоршаған ортаны және тұрақты экономикалық және адами дамуды қамтамасыз ету мен сақтауға, Қазақстандағы апаттар мен өнеркәсіптік авариялардың алдын алуға қажетті іс-әрекеттің маңызды бағыттарын анықтайды.



Қоршаған ортаны қорғау саласында негізгі заңның ролін 9.01.2007 жылғы ҚР Экологиялық кодексы атқарады. Онда қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі ұғымдар, осы саладағы жұртшылықтың құқықтары, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының құзырлықтары анықталады. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мониторинг, экологиялық төлемдер мен экологиялық сақтандыру, экологиялық мөлшерлеу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау, экологиялық сараптама, мемлекеттік табиғи қорық қоры, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық аудит пен бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзудың жауапкершілігі бойынша іс-әрекетті лицензиялауға, табиғатты пайдалануға қатысты жалпы ережелерді белгілейді.

15.07.1997 жылғы ҚР «ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы» Заңы. Бұл құжат ЕҚТТ түрлері мен категорияларын, олардың құқықтық жағдайының ерекшеліктерін, осы саладағы мемлекеттік органдардың құзыреттерін, ЕҚТТ құру, қорғау және пайдалану тәртібін анықтау мәселелері регламенттейді, ЕҚТТ мемлекеттік есебі мен кадастрына қатысты жалпы талаптарды белгілейді.
9.2 Ауадағы қоспаларды анықтау формалары

Ауада ластанушы компоненттер газ, пар және аэрозольдер түрінде болуы мүмкін. Кейде бір ластанушы компонент пар түрінде де, аэрозоль түрінде де болады. Көптеген газ түріндегі келетін қоспалар аэрозольді бөлшектерге айналады. Аэрозольдердің құрылуында басты рольді күн сәулесі иеленуде.

Органикалық аэрозольдер және бейорганикалық аэрозольдер табиғи және антропогендік жолмен пайда болады. Өндірістік облыстарда аэрозольдердің құрамы өндіріс орындарының қалдықтарының спецификалық сипатымен, атмосферадағы физико-химиялық процесстермен анықталады, ал ауадағы аэрозольдердің компоненттерінің концентрациясы 2-4 ретке дейін жететін өте кең диапазонда өзгереді.

Негізгі ластанудың түрлері

1. Өлшенген бөлшектер

Ұсақ шаң: диаметрінде 100мкм-ден кем Ірі шаң: диаметрінде 100мкм-ден жоғары Түтіндер: диаметрі 0,001-1мкм.

Тұмандар: диаметрі 0,01-10мкм.

2. Күкірт қосылыстары

3. Органикалық қосылыстар

4. Азот қосылыстары

5. Көміртектік қосылыстар


6. Галогендердің қосылыстары

7. Радиоактивтік заттар.

Өндірістік орындардан атмосфералық ауаға аэрозольдік бөлшектер, газдар, парлар, радиоактивтік заттар, жағымсыз иісті тасушылар бөлінеді.

Химиялық және металлургиялық өндіріс орындарынан ауаға S, Pb, Cu, Zn, As т. б. адам ағзасына, қоршаған ортаға қауіпті қосылыстар бөлінеді.

Тау өндіріс орындарынан ауаға көп шаң түседі. Автокөліктер ауаға Pb, Zn, Co сияқты қосылыстарды шығарады. Сонымен қатар ауаға ауыр металлдар және сирек кездесетін металлдар (Pb, Zn, Co, Hg, Mn, Cr), ароматтық көміртектер (бензол, толуол, кселол), улы альдегидтер, концерогендер, күйе түседі.

Ауадағы ластанушы заттарды асперациондық алмасу және вакумдық әдістермен анықтайды.

Ауаны бақылау үшін автоматтық газоанализаторлар кеңінен қолданылады. Ауаның үлгілерін таңдау маңызды этап болып табылады, өйткені өте нақты, ұқыпты жасалған талдаудың қорытындысы қате жасалған үлгіні таңдауда барлық мағынасын жоғалтады.

1)               Газ тәрізді немесе у тәрізді қоспаларды сұйық сіңіру ерітінділеріне және түйірленгенсорбенттерге жинайды: кремнезем, белсенді көмір, полимерленген сорбенттенр және т.б. сонымен қатар жұқа қабатты сорбенттер, инерттік тасмалдаушылар немесе сұйық стационар фазалар, жоғары дамыған қатты тасмалдаушылардың бетіне жүргізілген. Сұйық сіңіру орталарына үлгілерді таңдау кезінде анықталатын заттар сіңіру сұйықтықтарының компоненттерімен химиялық әрекеттеседі немесе ериді (дистилденген су, қышқыл, органикалық еріткіштер, спирттер, аралас қоспалар). Ауаның үлгілерін таңдау үшін әр түрлі құрылымды абсорберлер қолданылады. Сіңіруші ерітіндіні дұрыс таңдауы кезінде кейбір жағдайларда үлгілерді таңдау процессінде заттарды бөлек бөліп алу жүргізіледі.

2)               Ауадағы улы заттардың төмен концентрациясы және әдістің жеткіліксіз сезімталдығы кезінде ауаның үлкен мөлшердегі заттарды концентрлеу арқылы жүргізу керек. Заттарды қозғалмайтын және «қайнаған» қабатта жинайды. «Қайнаған» қабатта үлгілерді таңдау кезінде сорбент ретінде кремнезем жиі қолданылады, өйткені ол керек мөлшерде механикалық беріктікке ие, ал қозғалмайтын қабаттың үлгілерін таңдау кезінде – активті көмір және т.б. қолданылады. Сонымен қатар кеуекті сорбенттер қолданады.

3)               Ауадағы қоспалады тез таңдау және нәтижелі болу үшін жұқа қабатты сорбенттер қолданылады, олар диаметрі 3-5мм деін жететін шыны түйіршік түрінде ол жұқа қабатты қалыптастыратын сұйықтықпен өңделген. Сынап буларын ауадан күмістенген шыны шарлар арқылы, алтын сыммен немесе алтын қабаты жүргізілген пластинамен жасалатын сорбция кең тараған.


4)               Қантты сорбенттер кейбір заттарды селективті тартып алады. Ауадан тұрақты емес және реактивті-активті қосылыстарды таңдау кезінде криогендік концентрлеу қолданылады. Суыту үшін әр түрлі қоспалар мен бөлек заттар қолданылады. Ауада аэрозольдер түрінде кездесетін заттарды концентрлеу үшін әдетте фильтрлеу қолданылады. Атмосфералық аэрозольдердің талдауы кезінде ауаны «Ватман», «Миллипор», «Тайо» сияқты әр түрлі көлемді фильтрлер арқылы тазартады. Аэрозольді фильтрлер (барлық талаптарға сай) аэродисперстік жүйелерді талдаудың барлық талаптарына сай болып келеді, фильтрлер арқылы үлкен көлемде ауаны тазартуға болады (10000-18000м3), ол анализге қажетті заттардың қажетті мөлшерін жинауға көмектеседі.

Атмосфералық шаңды ауадан электростатикалық әдістер арқылы ауадан бөліп алады
9.3 Болжау түсінігі Болжау әдістері.

1. Болжау – бұл объектінің белгілі күйіндегі және бастапқы бекітілген уақыт аралығындағы сыртқы айнымалылардағы берілген уақыт аралығы мен кеңістіктегі объектінің мүмкін күйін есептеу. Болжау технологиясын мәнді анықтайтын, жүйелердің екі негізгі принципиалды түрлі үлгілері бар:

1.    Жүйе бөліктері мен оған қатысты сыртқы айнымалылардың арасындағы қатынастар айтарлықтай тепе-тең емес және стационарлық емес.

2.    Жүйе бөліктері мен оған қатысты сыртқы айнымалылардың арасындағы қатынастар тепе-тең және стационарлық.

Қолданбалы тұрғыдан тұйық және ашық жүйелерді ажыратқан дұрыс.

Тұйық – бұл жүйеде ешбір бұдан бұрын белгісіз жағдай туындамайтындай, эволюциясында соңғы көп күйден өтетін жүйелер.

Ашық жүйелер – бұл жүйеде ешбір жаңа бұдан бұрын белгісіз жағдай туындамайтындай, эволюциясында соңғы көп күйден өтетін жүйелер.

Стационарлық жүйелерді болжау статикалық әдістерді қолданып құрылуы мүмкін. егер жүйе стационарлы түрде әрекет етсе, онда кеңістіктегі айнымалылар арасындағы қатынастарды уақыт ішіндегі өзгерістерді болжау үшін қолдануға болады. Мысалы, топырақ құрамы мен өсімдік жамылғысының арасында бірқатар қатынастар бар. Егер жүйе шынымен стационарлық болса, онда топырақ құрамы өзгергенде өсімдіктердің өзгеруін болжауға болады.

Күйді болжау ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді.

Қоршаған ортаның жағдайын болжаудың ерекше белгісі нақты уақыт аралығында емес, болашақта туындауы мүмкін нақты жағдайда жасалған болжамдар болып табылады.

Зерттеу масштабы бойынша барлық болжамдарды бүкіл географиялық