ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 307
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сіңіргіш аспаптар
Сіңіргіш аспап – воронка тәрізді, төменгі жағында кеуекті пластинкасы бар. Сынама алғанда ерітінді кеуекті пластинка арқылы көтеріледі. Сіңіргішке воронкамен бітетін ішкі түтік арқылы түседі. Сіңірігш түтікке ерітінді 2-6 мл көлемде құйылады.
Сынама алу
NO2 нің бірреттік клнцентрациясын анықтау үшін ауаны 0,25 дм3/мин шығынмен 20 мин бойы сорбциялық түтік арқылы аспирациялайды. Сорбциялық сорбент қабатымен төмен вертикальді бекітіледі. Ауа үстінен астына қарай жүруі керек. Ауа сынамасын уау температурасы -30 дан 400 дейін алуға болады.
Өлшеулерді орындау
Сорбциялық түтікті сынауыққа орналастырып, 6 мл су құяды. Сорбент арқылы суды бірнеше рет сорғаннан кейін (резина сорғыш көмегімен) сынаманы ерітіндіге ауыстырады, ерітіндінің қалдығын үрлеп, түтікті сынауықтан алады. Талдау үшін ерітіндінің 5 мл-ін басқа сынауыққа ауыстырады. Бұл ерітіндіге 0,5 мл құрамдас реактив қосып шайқайды.
(Құрамдас реактив – сульфанил қышқылының және α-нафтиламиннің 1:1 қатынастағы ерітіндісі) 20 минуттан кейін ерітіндінің су бойынша оптикалық тығыздығын анықтайды. Өлшеулерді 10 мм кюветаларда 520 нм толқын ұзындығында жүргізеді. Нольдік сынаманы да бір уақытта өлшейді. Сынамадағы NO2 массасын оптикалық тығыздықтар айырмасы арқылы градуирлеу графигі әдісімен табады.
Билет №13
1 Инженерлік-геологиялық зерттеулер.
Геологиялық ортаның экологиялық жағдайын бағалау үшін жүргізілетін инженерлікгеологиялық зерттеулер мыналарды зерттеуден тұрады:
• Тау жыныстарының беріктігін, деформациялануын, төзімділігі мен суөтімділігін анықтайтын, олардың құрамының, құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін;
• Техногенді жыныстарды;
• Экзогенді үрдістерді.
Жыныстарды зерттеу ластану көздерінің маңында және техногенді ықпалға ұшырамаған бөлікшеде салыстыру үшін жүргізіледі. Литологиялық-фациалды кешендер, петрографиялық типтер ажыратылады, тау жыныстарының құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы және табиғи, техногенді әрекеттің ықпалынан бұл қасиеттердің өзгеруі келтіріледі.
Шаруашылық әрекеттің үрдісінде мынадай болуы мүмкін техногенді жыныстар түзіледі:
• Өзгерген, яғни жатыс орнында қалған, қандай да бір өзгерістерге ұшыраған;
• Қайта түзілген, олар техногенді ықпалдың (үйінділер, үймелер және т.с.с.) нәтижесінде олардың орын ауыстыруы кезінде туындайды; • Қайта өңделген, кейде химиялық және минералогиялық құрамның толық өзгеруіне дейін, мысалы, қалдықтарды сақтау нәтижесінде.
Техногенді жыныстарды зерттеуде олардың ауданы контурланады, қалыптасуы қуаты, құрамы, қасиеттері, жағдайлары мен өзгерістің бағыты анықталады.
Техногенді жыныстардың аудандары жерүсті бағытжолдарда аэросуреттер бойынша ажыратылады. Техногенді жыныстар біртекті емес және құрылыстың, құрам мен қасиеттердің жеке өзгеруімен сипатталады. Сондықтан сынамалаудан басқа режимдік бақылаулар қажет, олардың барысында техногенді жыныстардың тығыздығы, ылғалдылығы, ластануы және экзогенді үрдістердің осы жерлердегі дамуы туралы мәліметтер жиналады.
Экзогенді үрдістер табиғи факторлардың да, техногенді факторлардың да ықпалынан дамиды. Селдер, жылжымалар, қар көшкіндері, карст, опырылымдар, шөгінділер жоғары қауіп тудырады. Сонымен қатар отырулар, су басу, жыралық және өзен эрозиясы ықпал етеді. Ауыл шаруашылық жерлер үшін жазықтық эрозия, дефляция, сортаңдану мен батпақтану зиян келтіреді.
Аэроғарыштық суреттерді және бағытжолдық зерттеулерді бажайлау барысында экзогенді үрдістердің білінім жерлері белгіленеді, олардың даму жылдамдығы, бағытталуы анықталады және қауіптілік дәрежесіне баға беріледі.
2.Табиғи және ағын сулардын құрамы. Ағын сулардың құрамын қалыптастыру
ҚО обьектілерінің ішінде сулардың ерекшелігі – олар көп компонетті.Табиғи және ағын суларда әртүрлі органикалық және бейорганикалық, оргономинералдық заттар көп болады.Қазақстанның табиғи суларында мындаған компонеттер бар, оның көбі арганикалық компонеттер компонеттер. Суқұрамында бұл зарттар шынайы еріген күйде, суспенция, эмульсия түріндегі каллоитты ерітінділері түрінде болады.Қоспалардың және элементтердің улығына, зиянды әсеріне байланысты элеметтердің қоспадағы жалпы мөлшерің ғана емес, кейде заттық талдаулар жүргізіледі. Табиғи сулардағы ауыр металдардың мөлшері, олардың қозғалғыштығын анықтау ерекше қаралуда. Су қоймалары үшін ең қауіпті мүнай өнімдері, топырақ десорбциясы нәтижесінде егіс алқабы нан келетің пестициттер, тұрмытық жәңе өнеркәсіптік сулар құрамындағы фенолдар.
Су сынамасын алу тәсілдері жүргізілетін талдау мақсатына тәуелді болады. Суды сақтау үшін боросиликаттық ((шыныдан (пирекс)) немесе полиэтиленнен жасалған ыдыстар қолдану керек. Талдауға алынған суларды ұзақ сақтағанда құрамының өзгеруі мүмкін, сондықтан талдауды бірден немесе сынама алғаннан кейін 12 сағатқа дейін жүргізуге болмайды. Оның химиялық құрамын тұрақтандыру үшін бұзылмайтындай етіп сақтау керек. Егер су құрамында
суспензиялы заттар болса, оларды фильтірлеу арқылы бөледі, немесе еріген күйге ауыстырады.
Судың сапасын алдын-ала жалпы көрсеткіштері: түсі, иісі, мөлдірлігі, көбіктігі, қышқылдығы, сілтілігі, көміртегі, азот, күкірттің жалпы мөлшері, химиялық (ХПК) және биологиялық (БПК) оттекті тұтыну, ірі дисперсті фазаның көлемі бойынша бағалайды.
“Ағынды сулар ” түсінігіне табиғаты және құрамы, физикалық- химиялық қасиеттері әр түрлі адамның тұрмыстық және технологиялық қолданылуында болған сулар кіреді. Бұл кезде су ластанады және оның физика- химиялық қасиеттері өзгереді. Қалдық сулар құрамы мен қасиеттері бойынша әр түрлі.
Ластау табиғаты бойынша қалдық сулар минералдық, органикалық, биологиялық болып бөлінеді.
Органикалық ластану- бұл өсімдік және жануарларан пайда болған қоспалар. Минералды ластану- кварц құмы, сілтілер, минералды қвшқылдар және олардың тұздарының әсері.
Биологиялық ластану және бактериялық – Бұл әр-түрлі ауру тудырғыш бактериялар- іш сүзегі, паратиф, дизентерия қоздырғыштары, ұсақ балдырлар, дрожжалы және көкті санырауқұлақтар тағы басқа.
Барлық қалдық суларды табиғатына байланысты емес, олардың құрамындағы қоспалардың бөлшектерінің өлшеміне сәйкес 4 топқа бөледі:
1. Ірі дисперсті қоспалар суда ерімейді. Ерімейтін қоспалар бейорганикалық немесе органикалық табиғатта болуы мүмкін. Бұл топқа микроорганизмдер (қарапайымдылар, балдырлар, санырауқұлақтар) бактериялар, гельмиттер жұмыртқалары жатады. Бұл қоспалар сумен тұрақсыз жүйелер құрайды. Белгілі жағдайларда олар тұнбаға түседі немесе су бетіне қалқып шығады. Бұл топтың біраз бөлігін гравитациялық тұндыру нәтижесінде судан шығарып тастайды.
2. Екінші топтың қоспаларын бөлшектерінің өлшемі 10-6см кем емес коллоидты дисперсті дәрежедегі заттар құрайды.
Гидрофильді және гидрофобты коллоидты қоспалар сумен ерекше молекулярлы- кинетикалы қасиеттері бар жүйелер құрайды. Бұл топқа жоғары молекулалы қосылыстар кіреді.Топтың қоспаларын өзінің агрегаттық күйін өзгерту қасиетіне ие, агрегаттың тұрақтылығы бұзылғанда қоспалар тұнбаға түседі.
3. Топқа бөлшек өлшемі 10-7 кем емес қоспалар кіреді.Олар молекулярлы дисперстік дәрежесіне ие. Олар сумен әрекеттескенде ерітіңділер түзеді. 3 топтың қоспаларынан суды тазарту үшін биологиялық және физико-химиялық әдістерді қолданады.
4. Топтың бөлшектерінің өлшемі 10 кем емес, иондық дисперстілік деңгейіне сәйкес. Бұл тұздар,қышқылдар және негіздер ерітінділері.
Түзілу табиғатына байланысты қалдық сулар 3 негізгі топқа бөлінеді:
-тұрмыстық-шаруашылық
-өнеркәсіптік
-атмосфералық.
Тұрмыстық-шаруашылық қалдық сулар су жүйесіне тұрғын үйлерден, тұрмыстық өнеркәсіп мекемелерінен,қоғамдық тамақтану комбинаттары, емдеу мекемелерінен түседі. Тұрмыстық –шаруашылық сулардың ерекшеліктері олардың құрамының салыстырмалы тұрақтылығы. Мұндай сулардың органикалық негізгі бөлігі ақуыздар, майлар, көмірсулар және олардың ыдырау өнімдерімен берілген. Бейорганикалық қоспаларды адам әрекеттері нәтижесінде түзілген тұздар, су, құм бөлшектерін құрайды.
Өнеркәсіптік қалдық сулар технологиялық процесстер нәтижесінде түзіледі. Қалдық сулардың сапасы және заттардың концентрациялары келесі факторлармен анықталады: өндірістік өнеркәсіптің түрімен, шикізатымен,технологиялықпроцесстердің режимімен.
Атмосфералық қалдық сулар түскен жауын-шашын нәтижесінде түзіледі.Қалдық сулар қатарына жиналған шалшық сулар, суғарудың қалдық сулары кіреді. Атмосфералық суларда кварц құмының, сазды бөлшектердің,қоқыстардың, мұңай өнімдерінің концентрациялары жоғары болады.
3 МБМЖ принциптері
Алғаш рет мониторинг түсінігі 1972 ж Стокголмде БҰҰ конференциясында енгізілді. Қоршаған орта жағдайының мониторингін антропогенді ықпалдардың әсерінен биосфераның немесе оның жеке элементтері жағдайының өзгерістерін бақылаудың, бағалаудың кешенді жүйесі деп біледі. 1974 ж қабылданған ЮНЕСКО бағдарламасы мониторингті қоршаған ортаның өткендегі және қазіргі кезеңдегі жағдайы туралы ақпарат беретін, оның параметрлерінің өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін, адамзат үшін ерекше маңызға ие болатын, кеңістік пен уақыт ішіндегі тұрақты ұзақ мерзімді бақылаулардың жүйесі деп анықтайды. Мониторинг келесі негізгі бағыттардан тұрады:
1. қоршаған орта жағдайын және оған ықпал ететін факторларды бақылау;
2. қоршаған ортаның нақты жағдайын және оның ластану деңгейін бағалау;
3. мүмкін ластанулардың нәтижесінде қоршаған орта жағдайын болжау және оның жағдайын бағалау.
Бақылау объектілері болуы мүмкін: атмосфера, су, топырақ, климат, өсімдіктер, жануарлар, халық денсаулығы және т.б. Мониторинг бағдарламасы басым ластаушы заттар мен объектілер принципі бойынша құрылу керек:
1. элементтер немесе заттар – бірлесіп ластанған кезде бір-бірінң әрекетін арттыратын синергистер (қалалар, ауыз су көздері, балықтардың уылдырық шашу орындары);
2. элементтер мен заттар – антагонистер. Бірлесіп ластанған кезде бір- бірінің әрекетін азайтады (атмосфераның немесе суқойманың құрамына енетін хим. заттар).
2. Мониторингтің келесі деңгейлерін ажыратады:
1. ғаламдық – барлық компоненттері мен мүмкін төтенше жағдаяттар туралы ескертулерді қоса алғанда, Жер биосферасындағы жалпы дүниежүзілік үрдістер мен құбылыстарды бақылау.
2. фондық (базалық) – жалпы биосфералық, негізінен аймақтық антропогендің құбылыстарды тартусыз, табиғи құбылыстарды бақылау.
3. аймақтық – үрдістер мен құбылыстар табиғи сипаты бойынша да, антропогендік ықпалы бойынша да базалық фоннан ажыратылуы мүмкін, аймақтың шектерінде осы үрдістер мен құбылыстарды бақылау.
4. жергілікті – нақты антропогендік көз ықпалының мониторингі.
5. ұлттық – ел ауқымындағы мониторинг.
6. импактілі – аса қауіпті аймақтардағы аймақтық және жергілікті антропогендің ықпалдардың мониторингі.
3. ҚР-да қоршаған орта мен табиғи ресурстардың ЭМБМЖ құрастырылды және бекітілді (27.06.01. ҚР үкіметінің қаулысы), оның мақсаты ақпараттық қамтамасыз ету, басқару және шаруашылық шешімдерді қабылдау, табиғи ресурстарды пайдалануды бақылау, қоршаған ортаның жағдайы және қоршаған орта факторларының халық денсаулығына ықпалы туралы ақпараттандыру. Экологиялық бақыла умен мониторингті келесі ұйымдар жүзеге асырады:
1. Экология бойынша комитет – әрекеттегі ұйымдардың шығарындыларын тексеруді және бақылауды жүзеге асырады.
2. Гидрометеорология комитеті – су және атмосфера мониторингін жүзеге асырады.
3. СЭС – жұмыс аймақтарында, рекреациялық және үй тұрғызылған аймақтарда, азық-түлік және су сапасының мониторингін жүзеге асырады.
4. Табиғи ресурстар министрлігі – геологиялық және гидрогеологиялық (жер қойнауларының жағдайын) бақылаулар.
5. Кәсіпорындар.
6. Ведомстволық құрылымдар: ауылшаруашылығының министрлігі (топырақ сапасының мониторингі), ТЖ министрлігі, отын-энергетикалық министрлігі (су және жер қойнауларының мониторингі). Сулы-канализациялық шаруашылық кәсіпорны.
4 Өнеркәсіптің қауіптілік категлриясын есептеу әдістемесі
Билет №14
1 Геологиялық-экологиялық зерттеулердің негізгі деңгейлері.
Геологиялық және оған іргелес орталар мен адамның шаруашылық әрекетінен оларда болатын өзгерістер – геологиядағы күрделі зерттеу объектілерінің бірі. Геологиялық орта, өсімдіктер, топырақтар мен жерүсті сулары бір-бірімен сансыз көп масса және энергия байланыстармен біріккен және биосфераның бұл компоненттерін бөлек зерттеу тұйыққа тірейді.