Файл: 1 билет 1 Геоэкологияны рылымы мен ылыми мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 304

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4 өнеркәсіптің автокөліктің жылдық тастандылармен әсер еткен шығынның экономикалық бағасын есептеу
Билет №15

1 Ландшафттардың жіктелуі.

«Ландшафт» термині (нем. «Landchaft») – жердің немесе жергілікті орынның түрі, дәлірек айтсақ, табиғат суреті, пейзаж. Оны 1805 ж. неміс географы А. Томмейф әдебиетке енгізді. Ландшафттану ғылымының өзі – тек 20 ғасырда қалыптасты.

«Ландшафт» ұғымының көлемі мен мазмұны туралы түрлі көзқарастар бар. Ландшафттың жалпы түсіндірмесі негізінен Д.А.Арманд және Ф.Н. Мильхов еңбектіренді, олардың түсінуінше ландшафт – географиялық табиғи-территориалды кешен (ТТК). ТТК қарағанда, геожүйе (географиялық жүйе) ұғымы кеңірек, өйткені ТТК басқа, басқа табиғ (өзен жүйесі), табиғи-шаруашылық (геотехникалық жүйе) және әлеуметтік-экономикалық (көлік жүйесі) құбылыстарды да қамтиды.

Ландшафттың жіктелуі физикалық-географиялық кешен немесе ТТК ретінде территориялардың типіне, тип тармағына, түріне бөлінуден басталады.

Топырақтануда топырақтардың типтері, тип тармақтары, түрлері, түр тармақтары мен разрядтары туралы түсінік бар. Орта және ұсақ масштабты карталарды құруда типологиялық тәсіл маңызды.

Геохимиялық тұрғыдан қарапайым ландшафт немесе қарапайым ландшафтылы- геохимиялық жүйе ажыратылған. Қарапайым ландшафт – ашық типтегі ең кіші ТТК, оның барлық компоненттері (топырақ түзуші жыныстар, топырақ, су, тірі ағзалар, атмосфера) зат және энергия алмасумен байланысты. Осылайша ТТК басқа қасиеттер де тән: ортаның кездейсоқ қоздырушы ықпалдарына қарсы төзімділік – эмердженттілік, яғни элементтердің ешбірінде жеке байқалмаған қасиеттердің болуы.

ТТК элементтеріне ықпал етудің салдарынан ландшафтты басқаруға немесе бір күйден екіншісіне көшіруге болады.

Ландшафтты жыныстардан құралған бедердің салыстырмалы бірлігімен, топырақтардың, климаттың, сулардың, тірі ағзалардың бірлігімен сипатталатын, генетикалық біртекті ТТК ретінде анықтауға болады. Кез келген ландшафт өзара байланысты белгілі бір компоненттерден құралады.

Ландшафттар тұрақтылығы бойынша тұрақты, салыстырмалы тұрақты және сукцессионды деп бөлінеді.

Ландшафттың тұрақты күйі – алдыңғы тепе-теңдік жағдайларының дамуы мен қалпына келтіру басым, динамикалық тұрақты тепе-теңдік.

Егер ландшафттың сырт келбеті мен құрылымында сыртқы ықпалдардан айтарлықтай өзгерістер жүріп жатса, мұндай ландшафттарды салыстырмалы тұрақты деп атайды.


Сырт келбеті мен құрылымын негізінен антропогендік ықпалдардан күшті өзгертетін ландшафттар сукцессионды деп аталады.
2 Ағын сулардың ластануының санитарлы- химилялық көрсеткіштері. Ағын сулардың талдануына тән ерекшеліктері

Табиғи және ағынды сулардың құрамын және қасиеттерін санитарлы – химиялық талдаулар нәтижесінде бағалайды. Санитарлы – химиялық талдаулар құрамына: стандартты химиялық тестер, физика-химиялық және санитарлы- бактериологиялық анықтаулар кіреді.

Толық санитарлы – химиялық талдау келесі көрсеткіштерді анықтауды көздейді: температура, түсі, иісі, мөлдірлігіі құрғақ қалдық,тығыз қалдық, өлшенген заттар, массасы бойынша және көлемі бойынша, тұнба заттар, пермоганатты тотығу, химиялық оттегіні тұтыну (ХПК) биохимиялық оттекті тұтыну (БПК) азот ( Жалын, аммонийлі, нитритті, нитратты ) фосфаттар, хлоридтер, сульфаттар, ауыр металдар, ПАВ, мұнай өнімдері, еріген оттегі, микроб саны, ішек таяқшалары тобының бактериялары.

t-технологиялық көрсеткіштердің маңыздыларының бірі. Температураның функциясы болып сұйықтардың тұтқырлығы табылады, сондықтан тұнатын бөлшектерге кедергі күші болады. Сондықтан температура-седиментация процесін анықтайтын факторлардың бірі. Тазалаудың биологиялық әдістерінде температура маңызды роль атқарады,себебі биохимиялық реакциялардың жылдамдығы және оттегінің суда еруіне әсер етеді.

Түс –ағынды сулардың органолептикалық көрсеткіштерінің бірі. Әртүрлі түсті интенсивті болулардың болуы өнеркәсіптік қалдық сулардың бар екенін көрсетеді.

Иіс-судағы иісі бар ұшқыш заттардың барлығын көрсететін органолептикалық көрсеткіш. Иісті әдетте сапалық түрде 20 С температурада анықтайды және фекальді, шірікті, керосинді, фенолды т.б. деп сипаттайды. Егер иісі түсініксіз болса, онда анықтауды сынаманы 65 С дейін қыздырып жүргізеді.

Кей жағдайда бас санын білген жөн, себебі суды аз мөлшерде сұйылтудың өзінен, иісі жоғалады.

Сутек иондарының концентрациясы – рН шамасымен көрсетіледі. Биологиялық тазалау құрылғыларына берілген ағын сулардың рн шамасы 6,5-8,5 аралығында болуы керек.Өнеркәсіптік қалдық сулар су жүйелеріне құйылмас бұрын бейтараптандырылу керек.

Қаладағы ағын сулардың pH ортасы әлсіз сілтілі (pH=7.2-7.8) болады.

Мөлдірлігі-қалдық сулардың ерімеген коллоидты қоспалармен ластануын жалпы көрсетеді.қалалық қалдық сулардың мөлдірлігі 1-3 см., ал тазалаудан кейін 15 см. Құрайды



Құрғақ қалдық-қалдық сулардың органикалық бейорганикалық қоспалармен әртүрлі агрегаттық күйде 105 С температурада сынаманы кептіру арқылы анықтайды. 600 С температурада күйдіргеннен кейін қалған құрғақ қалдық күлін анықтайды.

Тығыз қалдық –қалдық сулардың сүзілген сынамасындағы органикалық және минералдық заттардың жалпы мөлшері. Құрғақ қалдық сияқты анықталады. Тығыз қалдықты 600 С күйдіргеннен кейін органикалық және минералдық бөліктерін салыстыру арқылы сулардың ластануын бағалауға болады.

Өлшенген заттар-сынаманы қағаз фильтрде фильтрлегенде ұстап қалынатын қоспалардың мөлшерін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл судың маңызды технологиялық көрсеткіштерінің бірі. Тұңғыш заттар –тұндырғыш цилиндрдің түбіне 2 сағат тұндырғаннан кейін тұнған өлшенген заттар мөлшері. Бұл көрсеткіш өлшенген заттардың тұну қабілеттерін сипаттайды, тыныштық жағдайда тұндырудың максимальді эффектілігін және мүмкін максимальді тұнба көлемін бағалауға мүмкіндік береді.

Тотықтырғыштық деп судағы органикалық және бейорганикалық тотықаудандырғыштардың жалпы мөлшерін қарастырады. Қалалық қалдық сулардың құрамындағы тотықсыздандырғыштардың көбі органикалық заттар, сондықтан тотықтырғыштың шамасы органикалық қоспаларға жатады. Тотықтырғыштық-топтық көрсеткіш.Қолданылатын тотықтырғыштың табиғатына байланысты химиялық және биохимиялық тотықтырғыштар деп бөлінеді. Егер де анықтау барысында химитялық тотықтырғыш қолданылса химиялық тотығу, ал тотықтырғыш ретінде аэробты бактериялар қолданылса биохимиялық тотығу д.а.. Биохимиялық тотығудағы көрсеткіш –БПК (биологиялық оттегін тұтыну). Тотығуды анықтаудың нәтижелерін тотықтырғыштар түріне қарамастан 1 л ХМТ оттегін шағып қарастырады.

Перманганатты тотығу –тез тотығатын қоспалардың оттекті эквиваленті. Бұл қөрсеткіштің негізгі жетістігі –анықтаудың жылдамдығы және қарапайымдылығы. Перманганатты тотығу салыстырмалы нәтижелерді алу үшін қолданылады.

БПК-қалдық сулардың биохимиялық тотыққан органикалық заттармен ластану дәрежесінің оттектік эквиваленті.БПК органикалық қоспаларды тотықтыруға қатысатын микроағзалардың өмір сүруіне қажетті оттегі мөлшерін анықтайды.

Азот қалдық сулар құрамында органикалық және бейорганикалық қосылыстар түрінде болады. Қалалық қалдық сулардың құрамындағы негізгі органикалық азотты қоспалар бөлігін ақуыз табиғатты заттар-фекалиялар, тағамдық қалдықтар құрайды. Азоттың бейорганикалық қосылыстары тотықсызданған –аммоний ионы және аммияк түрінде, тотыққан формада нитрат және нитрит түрінде болады.


Қалдық сулардағы фосфор қосылыстарының негізгі көздері болып адамдардың физиологиялық қалдықтары, адамдардың шаруашылық қызметінің қалдықтары және өнеркәсіптің қалдық суларының кейбір түрлері болып табылады.

Хлориттер және сульфаттар жалпы сулардың құрамындағы тұздардың концентрациясы, көрсеткіші.

Ауыр металдар және басқа улы элементтер тобына темір, мыс, қорғасын, кобальт, кадмий, хром, сынап жатады. Ауыр метал емес бірақ улы элементтер: As, Sb, B, Al және т.б.

Синтетикалық беттік белсенді заттар (СПАВ) гидрофобты және гидрофильді бөліктерден құралған органикалық қосылыстар .

Мұнай өнімдері- гексанмен экстакцияланған поллярлы емес және аз полярлы қосылыстар. Еріген оттегі қалдық суларды тазалау құрылғыларына келген суларда бойлайды. Аэробты процестерде оттегінің концентрациясы 2 мг-нан кем болмауы тиіс.

Қалдық суларды талдаудың ерекшеліктерінің сипаттамасы.

Әрбір стандартты анықтау әдісі анықталатын ионды н/е органикалық қоспаны қолданатын өнеркәсіптік қалдық суларында жүргізу қажет.

Аналитикалық әдістерде талап ететін негізгі 3 талаптардың –сезімталдық, дәлдік,талғамдылық-соның ішінде су талдауларында негізгісі-талғамдылық.

Сезімталдық: Талдаудың мақсатына жету үшін сезімталдық дәл болуы керек. Өте сезімталдық-талдау әдісін таңдаудағы жиі кездесетін қателіктердің бірі. Аса сезімталдық егер талданатын заттарды өте аз мөлшерде алған жағдайда қажет.

Бағалау кезінде анықтаудың дәлдігін есептегенде қалдық сулардың құрамының ауыспалы тұрақты емес екенін ескеру керек.

Аз талғамдылық әдістің систематикалық, үлкен қателіктерге әкелуі мүмкін. Нәтижелері дұрыс болмайды.

Әртүрлі заттарды анықтау тәсілдерінде ‘’бөгет жасаушы ’’ бөлімдері кездеседі.

Барлық бөгет жасаушы заттарды 3 типке бөледі:

1. Бөгет жасаушы заттар анықталатын компоненттер сияқты әрекеттеседі.

2. Бөгет жасаушы зат белгілі компоненттерімен реакцияға түсіп, оның ерітіндідегі концентрациясын азайтады.

3. Бөгет жасаушы зат қолданылатын реактивпен реакцияға түсіп, анықталатын затпен реакциясына кедергі келтіреді.

Бөгет жасаушы заттардың әсерін жою тәсілдері.

1. Анықталатын компонентпен, бөгет жасаушы затты физикалық бөлу.

2. Бөгет жасаушы әрекетті тотығу н/е тотықсыздану арқылы бөлусіз жою.

3. Бөгет жасаушы затты комплексті қосылысқа сәйкес реыгент қосып айналдырып, маскирлеу, бөлусіз.

4. Ерітіндінің «рн» өзгерту.

5. Ерітінді арқылы өткен жарықтың толқын ұзындығын өзгерту. (фотометриялық талдауда)

3 Ластану көздерін тізімге алу.

Жоспар:

1. Тізімге алудың жалпы ережесі. 2.ЖЭО тізімге алудың объектісі ретінде.

1. Шынайы жағдайларда кәсіпорын көбінесе объективті себептерге байланысты барлық ластаушы ингридиенттер бойынша белгіленген ШМК сақтауға қабілетсіз. Бұл жағдайларда есептеу нүктелеріндегі, мысалы елді мекеннің ауасындағы, концентрация ШМК асуы мүмкін. мұндай жағдайларда шығарындыларды, яғни ШМК-ға шыққанға дейін, біртіндеп төмендету жүргізіледі. Аралаық сатыларда қуаты бойынша ұқсас кәсіпорындар қол жеткізген ең жақсы технологиямен қамтамасыз етілетін шығарындылар деңгейінде уақытша келісілген шығарындылар (УКШ) бекітіледі.

ШМШ және ШМЛ есептеуді жүргізу үшін, кәсіпорынның барлық шығарындылары мен олардың көздері бойынша толық сенімді ақпаратқа ие болу керек. Мұндай ақпаратты өнеркәсіптік шығарындыларды тізімге алу кезінде алады, тізімге алуды белгілі бір территорияда ластаушы заттарды шығару көздерінің және атмосфераны ластау көздерінің таралуы туралы, сонымен қатар шығарындылардың саны мен құрамы туралы мәліметтерді жүйелеу деп біледі. Тізімге алудың мәліметтері негізінде кәсіпорын талап етілетін шығындарды қандай да бір мерзімде төмендету бойынша жоспарлар құрады. Өндірістің инженер-экологының алдында зиянды заттардың регламенттелген шығарындыларын қамтамасыз ету бойынша күрделі міндет тұра.

Тізімге алудың нәтижелері қолданылады:

1.атмосфераға шығарылатын шығарындыларды мөлшерлеу; 2.шығарындыларға өндірістік бақылау жүргізу; 3.шығарындылардың төлемдерін анықтау;

4. кәсіпорынды экологиялық төлқұжаттау;

5. қоршаған орта саласындағы мемлекеттік кадастр органдарын ақпараттандыру.

Тізімге алуды кәсіпорындардың өздері немесе бақылаушы ұйым 5 жылда 3 реттен кем емес жүргізеді. Мерзімінен бұрын тізімге алу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1. нақты мәліметтер мен соңғы есептілік мәліметтерінің арасындағы маңызды айырмашылықтарды анықтау.

2. өндіріс технологиясын, отынның түрі мен сапасын түбегейлі өзгерту және ластанудың артуына әкелетін барлық жағдайларда.

Мерзімінен бұрын тізімге алу экология бойынша аймақтық комитеттің ұйғарымы бойынша жүргізілуі мүмкін. тізімге алу бойынша есепті бірінші басшы бекітеді.

2. ЖЭО-ғы мөлшерленетін ластаушы заттар:

Ластаушылар Код Ластану көздері

NO2 0301 Қазандар, газқұбырлы қондырғылар

NO 0304 Қазандар, газқұбырлы қондырғылар

CO2 0337 Қазандар, газқұбырлы қондырғылар