ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 294
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Гидрогеологиялық – жерасты суларының табиғи шығыстарын сипаттап, бағытжолдық бақылаулар әдістерін, жерасты сулларын сынамалау әдістерін, тәжірибелік және өзге әдістерді қолданады.
Инженерлік-геологиялық зерттеулерде жоғарыда аталған әдістердің кейбіреулерін қолданады.
2 Табиғи суларды біріншілік өңдеу жасауға және сынамаларды сақтауға арналған аспаптар мен құралдар мыналарға бөлінеді:
Сынама алу аспаптары; Біріншілік өңдеу қондырғылары;
Сынаманы сақтауға арналған қондырғылар.
Сурдың сынамасын алуға арналған аспаптар берілуі бойынша бөлінеді:
а) суағындарынан, теңіздерден алынатын су сынамаларын алуға арналған аспаптар
б) ұңғыма, құдық және тау кен жұмыстарының суларынан алынатын сынамалар аспаптары. в) атмосфералық жауындардың сынамаларына арналған аспаптар.
Жұмыс істеу режиміне байланысты аспаптар бөлінеді: автоматты, жартылайавтоматты және қолмен жұмыс істейтін.
2. 1) Табиғи суларды біріншілік өңдеу жасауға және сынамаларды сақтауға арналған аспаптар мен құралдар сынамамен бірге герметикалықты сақтауы қажет.
Су сынамасын беткі қабаттан алған кезде камераның герметикалылығы шартты болуы міндетті емес.
2) сынама алу материалдары химиялық тұрақты және алған сынамалардың камерада болу кезінде құрамын өзгерпеуі керек
3) автоматты сынама алушылар үздіксіз және периодты әрекеттегі болу керек.
4) автоматты алушылар берілген бағдарлама бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік беруі керек.
5) автоматты сынама алушылар 3-5 С температурасы бар термостат қондырғысымен қамтамасыздандырылуы керек.
6) автоматты сынаалушылар сынама 0,5; 1; 3л сыйымдылығын және алынған снама саны – 24 болуын қамтамасыз ету керек.
7) жартылайавтоматты сынама алушыларда сиганалды құрылғысы болу керек, олар оператордың сынама алуға дайын екенін білдіреді және берілген бағдарламаның аяқталғанын білдіреді.
8) камера сыйымдылығы барлық жобаланған құрамдарды анықтауға мүмкіндік беруі керек.
9) сынама алушылар керекті тереңдіктен сынама алуға мүмкіндік беру керек.
10) сынама алушыны бір уақытта сынманы ала отырып су температурасын өлшеуге мүмкіндік беретін модификация түрінде дайындау қажет.
11) сынама алушының ұзындығы кемдегенде 3м ден аспауы қажет.
12) сынама алушының автоматты басқаруы жұмыс уақытын 5 сағаттан кем болмауын қамтамасыз керек.
13) тұнбаны алушылар сұйық тұнбаларды келесі химталдау үшін жинауды, сақтауды қамтамасыз ету керек.
14) тұнбаны алушыларда беткі қабылдау қабатын жауын жауғанда ашық ұстайтын және құрғақ периодта жабықұстайтын қондырғы болуы керек.
15) тұнба алушылардың қабылдау беті площадь 100мл сынаманы алуға мүмкіндік беру керек.
3. Бірреттік сынамаларды әдетте шелекпен (қолмен) немесе бөтелкемен алынады.
Нақты сынаманы алу үшін өлшенген бөтелке тығынмен жабылып су айдынына тығылады. Шекті тереңдікте тығынды алады, бөтеені толтырады мұнда су құрамын өзгертетін ауаның немесе басқа да газдардың болмауын қадағалау қажет, сондықтан сынама алу үшін арнайы бөтелкелер қолдану керек (мысалы: ауасы алыніан бөтелкер).
Микробиологиялық зерттеуге арналған сынамаларға стерильді пробиркалар немесе пластмассалы бөтелке қолдану қажет.
4. көбіне жай сынама алуға, әдетте табиғи сулардың физикалық және химиялық параметрлерінде полиэтиледі және боросиликатты шынылы ыдыстар қолданылады, яғни инертті материалдан жасалған ыдыстар өолданылады.
Сынама сақталатын ыдыс және оның тығыны:
а) ластанудың себепшісі болмауы қажет
б) қандайда бір элементті абсорбирлеуге немесе адсорбирлеуге в) сынамадағы қандайда бір элементтпен реакцияға түсуге
г) мөлдір емес немесе қараңғыланған шынылы ыдыстар жарықтың сынамаға түсуін азайтады. Жаңа шынылы ыдыстарды сумен немесе жуғыш заттармен шаңды жою үшін жуылады, сосын K2Cr2O7 + H2SO4 (хромпик) қоспасымен жуылады, сосын дистильденген сумен шайылады.
Хромды қышқылдың адам және қоршаған ортаға зиянына байланысты, оның орнына жуғыш заттарды қолдануға болады (егер олр сынаманың ластануына алып елмеген жағдайда ғана).
Полиэтиленді ыдыстарды тазартады (1 моль HCl), сосын 1 – 2 күнге кебуге қояды, сосын дистильденеген суммен шаяды, балық пласттмассалық ыдыстар жоғары сезімді талдауға жарай бермейді.
Ашық сынама алушылар– бұл ашық тесігі бар ыдыстар, олар беткі сынама алуға арналғандар. Жабық – крышкасы бар жартылай корпус немесе сынаманы тереңде алуға арналған шашыратқыш клапанды.
Сынама алуға арналған насостар: сорғышты, жерасты немесе пневматикалық, қолмен немесе механикалық басқарылатын эжекционды болып бөлінеді. Насостар керекті терңдікке лебедка арқылы жіберіледі.
5. сынама алған кезде құжатта қарқынды сулардың әсерін анықтау үшін сынаманың орнын, сынаманы сулардың араласуы жүретін жерде және ағыс бойымен алады.
Сынаманы жағадан жағаға дейінгі тереңдікте ағыс бойымен алғандағы есеп беруде келесі мәліметтер болу қажет:
а) өзеннің атауы
б) сынама алған жердің нақты және толық сипаттамасын беру в) сынама орны
г) сынама алынған мерзімі
д) сынаманы орындаған маманның аты жөні
е) сынама алғандағы метеожағдайлар (температура, жауын мөлшері, ауданы) ж) судың сырт көрінісі мен температурасы
з) өзеннің ағысы
и) сынама үлгісінің сипттамасы (иісі, түсі, мөлдірлігі) к) сынама алуға арналған қондырғы түрі
л) үлгілерді консервациялау әдісі м) тасмалдау және сақтау әдісі.
3 Стационарлық күзет орындарындағы жүйелі бақылаулар 4 бағдарламаның бірі бойынша жүргізіледі:
1. бақылаулардың толық бағдарламасы бірлік және орташа тәуліктік концентрациялар туралы ақпарат алуға арналған. Бұл жағдайда бақылаулар автоматты құрылғылардың көмегімен немесе жергілікті уақыт бойынша 01.00, 07.00, 13.00, 19.00 сағатта сынамаларды міндетті түрде іріктегенде 4 реттен кем емес тең уақыт аралықтарында күнделікті орындалады.
2. толық емес бағдарлама бойынша бақылаулар жергілікті уақыттың 07.00, 13.00, 19.00 сағатында күнделікті бірлік концентрациялар туралы ақпарат алу мақсатында жүргізіледі.
3. Қысқартылған бағдарлама бойынша бақылаулар жергілікті уақыттың
07.00 және 13.00 сағатында күнделікті бірлік концентрациялар туралы ақпарат алу мақсатында жүргізіледі. Қысқартылған бағдарлама бойынша бақылауларды 45ºС температурада, орташа айлық концентрациялар максималды бірлік ШМК 1/20 төмен жерлерде жүргізуге рұқсат етіледі.
4. тәуліктік бағдарлама орташа тәуліктік концентрация туралы ақпарат алуға арналады. Толық бағдарламаға қарағанда, бұл жағдайдағы бақылаулар сынамаларды үздіксіз тәуліктік іріктеу жолымен жүргізіледі. Сонымен бірге концентрацияның бірлік мәндерін алу жоққа шығарылады. Бақылаулардың барлық бағдарламалары орташа айлық, орташа жылдық, ұзақ мерзімнің ішіндегі орташа концентрациялар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Стационарлық күзет орындары санының қаладағы халық санына тәуелділігі.
Саны, мың адам Күзет орындарының саны
50000 дейін 1
100000 дейін 2
200000 дейін 3
500000 дейін 3-5
1000000 дейін 5-10
2000000 дейін 10-15
2000000 артық 15-20
4 топырақтың антропогенді бұзылу сипаттамасы
Топырақ өте мол микроағзалармен қоныстанған орта болып есептеледі, себебі бұл ортада бүкіл тіршіліктеріне қажетті заттар бар: органикалық заттар, ылғал, ультрафиолет саулелерден қорғау.
Топырақта микроағзалардың бүкіл түрі кездеседі: бактериялар, вирустер, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, өсімдіктер. Микробтардың жалпы саңы 1 г топырақта 1-5 млрд-ға дейін бару мүмкін. Топырақтың 1га 1 т бактериялардың тірі саны бар. Топырақ микрофлорасын екі топқа бөледі:
1) аутотрофты, минералдық заттармен көректенетін топ;
2) гетеротрофты – органикалық заттармен қөректенеді.
Бактерия тобының екеуіде топырақтың өзінен-өзі тазартылуына, минерализациясына қатысады, бірақ кейбір бактериялар көбінесе гетеротрофты микроағзалар, топырақтың ластаушылары жəне патогенді болады. Патогенді микрофлораның негізгі үлесі топырақта жəй тұрғыда өлімге келтіріледі, бірақ патогенді микрофлораның ұзақ мерзімде сақталуы бірнеше факторлармен байланыста: микроб қасиеті; топырақ типі; топырақ температурасымен ылғалдығы;
микробтар биоценозы; бактериофагтер; антагонистсапрофиттер; антибиотиктер продуценттеуші микроорганизмдер.
Жұмыс барысы: Топырақтың орта үлгісін алып талдауға дайынданыз. Топырақтың орта үлгісін бірнеше үлгілерді араластырып алады үлгі саны зерттелетін жерлердін микрорельефімен байланысты:100 м2 -ауданнан үш үлгі, ал 100ден астам аудандардан - 5 үлгі, 1 га астам -15 үлгіге дейін алынады.
Егістікті зерттеу үшін үлгіні егістіктін беткі 2 см қалындықтағы қабатынан алады. Топырақтың үлгісін зарарсыздандырылған бұрғымен, күрекпен алынып арнайы əзірлеп қойған таза, зарасыздандырылған ыдысқа енгізіп, заттаңбамен жабдықтайды.
Топырақ үлгілері бір тəулік ішінде зерттеледі. Егер қажет болса 2 - ке дейін сақтауға болады.
1.Топырақ суспензиясын дайындау жəне себу жасау. Топырақтың нақты мөлшерін 250 мл колбаға енгізіп оған 90 мг зарарсыздандырылған құбыр суымен араластырып, 10 мин щайқап, 30 секундтай тұнба түскенше қоя тұрады. Тұнба түскеннен кейін сұйылтуларды жасайды. Сұйылтуларды əр колбадан 10 мл суспензияны алып келесі с 90 мл құбыр суы бар 250 мл колбаға енгізеді. Себулерді тығыз немесе сұйық ортаға жасауға болады. Тығыз нəрлі ортаға себуні беткі қабатына жасайды. Ол үшін агардың беткі қабатына Петри ыдысына зарарсыздандырылған пипеткамен 1 мл топырақ суспензиясын құяды, одан кейін əйнекті шпательмен тамышты кептіруіне дейін уқалайды. Ашық Петри ыдысын тікеден-тік оттын қасында ұстайды. Терендетілген себу жасаған кезде зарарсыздандырылған Петри ыдысына суспензияны құяды, одан кейін оны ерітіліп, 45°С –ке дейін суытылған картопты-глюкозді агармен араластырады. Сұйық ортаға себулерді жасаған кезде əр сұйылтудан пипеткамен 1 мл суспензияны алып колбадағы сұйық ортаға немесе 20 мл пробиркаларға енгізеді.
2. Ыдысты термостатқа 28-300 температурада 24-48 сағатқа қалдырады, одан кейін 1-2 тəуліктей бөлме температурасында ұстайды. Ең бірінші ыдыста өскен колония санын анықтайды. Одан кейін алынған санды 1 г топырақта мекендейтін бактерия санына қайта есептейді. Ол үшін колония санының орта санын сұйылту денгейін көрсететін санға көбейтеді.
Мысалы: топырақ суспензия енгізген ыдыстарда 1:1000 сұйылтуда орта есептік шамамен 140 колония өсіпті. 140 х1000 = 140000 1 г топырақтағы микроағзалар саңы болып келеді. 3. Қандай əдіспен қолдансақ та, қандай ортаны пайдалансада, топырақтағы бүкіл ағзалар өсуі мүмкін емес. Соңдықтан тығыз нəрлі ортаға себумен жасалынып алынған зерттеу нəтижелеріне өте мұқият қарау қажет