ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 298
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сонымен қатар топырақ ластануының жағдайы мен болжау сынамаларды талдауға ғана негізделмеу керек.
Топырақ – бұл ландшафттың элементі, сондықтан оны зерттеу табиғи және антропогенді кешендердің барлық компоненттерін, табиғи, ауылдық және қалалық жағдайларда ластаушы заттарды жинақтаудың барлық жолдарын зерттеуден ажырамайды. Зертханаларға топырақтың ластануы туралы ақпарат жолдама талондар түрінде, ал топырақтардың талдаулары жұмыс кестелері түрінде келіп түседі. Бұл мәліметтер бойынша анықтамалар мен шолулар құрастырылады, сонымен қатар дауылдық ақпарат беріледі. Гидромет әдістемелерімен белгіленген мерзімдерде, топырақ талдауларының мәліметтері технологиялық карталарға салынады.
2. Топырақтың ластану дәрежесін бақылау үшін қолданылатын негізгі критерийлер ШМК және топырақтағы ластаушы заттардың бағдарлы мүмкін мөлшерлері болу керек.
Іргелес табиғи орталар мен ауылшаруашылық өнімдерінде ластаушы заттардың мүмкін мөлшерлерінің нормативтері мемлекеттік стандарттар бойынша анықталады. Ластанған территориялардың категорияларына, ластаушы заттарының мөлшері ШМК деңгейінде немесе артық болатын топырақты жатқызу керек.
Ластанған категориясына жататын топырақтар ведомство ішілік және мемлекеттік бақылау қызметтерінің тұрақты бақылауында болу керек. Іс- әрекет сипаты бойынша шығарындылармен, лықсымалармен, қалдықтармен, суағарлармен, жауын-шашындармн және қарқынды сулармен топырақты ластауы мүмкін, өнеркәсіп, коммуналдық-тұрғын үй, ауылшаруашылық, көлік объектілеріне тиесілі топыраққа ерекше назар аудару қажет. Топырақтың ластануын бақылауды жүргізу кезінде ГОСТ – 17.4.102-83 бойынша анықталатын химиялық заттардың қауіптілік класын есепке алу қажет.
Келесі талаптарды сақтау қажет:
1) топырақтағы ластаушылардың болуы туралы сенімді сапалық және сандық ақпаратты алуға мүмкіндік беретін әдістерді пайдалану қажет; бақыланатын заттарды анықтаудың шектері ШМК аспау керек;
2) шығарындылар мен лықсымалардың, қалдықтардың, суағарлардың және т.б. сапалық және сандық құрамын, көлемі мен күндерін журналда тіркеу.
3) топырақтың құрамын өзгертуге қабілетті ластаушы заттардың мөлшерін анықтау.
4 УГ-2 құрылғысы.
Ауа жинағыш құрылғының негізгі бөлігі стакан ішіндегі серіппелі сильфон. Серіппе сильфонды созылған күйде ұстайды. Түтіктің бос ұшына талдау барысында индикаторлық түтік жəне қажет жағдайда сүзгіш патрон қосылады. Зеттелетін ауаны индикаторлық түтік арқылы сору сильфонды алдын ала штокка қосқаннан кейін жүргізіледі. Штокта 4 ойықталған арықшалар бар. Олардың
əрқайсысы: 2 тереңдетілген ойығы бар, бұл ойықтар сорылған ауаны фиксатормен фиксациялауға қызмет етеді.
Билет №17
1 Тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға ықпалы.
Тау-кен өндірісі – жер қойнауларынан түрлі пайдалы қазбаларды (көмір, мұнай, полиметалдар, минералдар және т.с.с.) қазып шығарумен байланысты. Кенорындарды қазудың ашық тәсілі жер бетіне үлкен ықпалын тигізеді, олардың үлесіне тау-кен өндірісі көлемінің 75% астамы тиісті.
Тау-кен өндірісінің ықпал етуінің негізгі түрлерін тікелей және жанама деп бөлуге болады. Осылайша, тікелей ықпалдар жерлердің пайдалы ауданын қысқартудан, топырақ жамылғысын бұзудан, өсімдіктерді жоюдан, бедердің техногенді формаларын (карьерлер, үйінділер, қалдық қоймалары) құрудан, (жерасты тәсілде) грунттарды деформациялаудан байқалады. Техногенді жерсілкінулер жиі болатын болды, соның ішінде тау-кен жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде, жерасты және жерүсті ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуына алып келетін, тау-кен массивінің ірі деформациялары орын алады.
Жанама ықпалдар грунт сулары режимінің өзгеруінен, атмосфераның токсиканттармен ластануынан, жерүсті және жерасты суағарлардың ластануынан, су басу мен батпақтанудан, халықтың ауру-сырқаулық деңгейінің артуынан байқалады. Ауа ортасын ластаушылардың ішінде, ең алдымен, шаңдану мен газдану ажыратылады. Шахталар мен кендердің жерасты тау-кен қазбаларынан жыл сайын шамамен 2 млрд. тонна шаң, 23 млрд. м3 метан және 17 млрд. м3 көмірқышқыл газ келіп түсетіні есептелген. Тау-кен өндірісі жерүсті суағарларына және жерасты суларының режиміне жағымсыз ықпал етеді, соның ішінде, жыл сайын көмір шахталарынан жер бетіне 2,5 млрд. м3 астам ластанған шахталық сулар тартылады. Бұл ең соңында тау-кен өнекәсібі қызметкерлерінің ауру-сырқаулығының артуына алып келеді (гипертония, ишемия сердца, тыныс жолдарының аурулары, қатерлі ісіктер және т.б.).
Ұңғымаларды бұрғылау кезінде қоршаған орта ластануының ықтимал көздері бұрғылау қондырғылары, шайғыш сұйықтықтар, тығындау ерітінділері, бұрғылаудың қарқынды сулары және шлам, іштен жанатын қозғалтқыштар, түрлі өндірістік және тұрмыстық қалдықтар болып табылады.
Ұңғымалар құрылысы кезінде ластану көздерінің қоршаған ортаға ықпалы мыналардан тұрады:
• ұңғымаларды бұрғылау кезінде қолданылатын заттармен және химиялық реагенттермен, бұрғылау және технологиялық қалдықтармен топырақтардың, грунттардың, жерасты су горизонттарының, жерүсті суларының, атмосфералық ауаның химиялық ластануы;
• бұрғылау алаңдарында және сызықтық құрылыстардың трассалары бойынша (жолдар, құбырлар) топырақ-өсімдік жамылғысының, грунттардың, табиғи ландшафттардың физикалық бұзылуы;
• су және жер ресурстарын алу;
• экзогенді геологиялық үрдістердің температуралық режимінің бұзылуы (термоэрозия, батпақтану, қызылсу мұздың түзілуі және т.с.с.);
2 Ластаушы заттардың топыраққа түсу жолдары.
1. Атмосфералық жауын-шашындармен бірге көптеген химиялық қоспалар топыраққа түседі. Кәсіпорындар жұмысының нәтижесінде түзілетін шығарындылар атмосфераға түседі, содан соң атмосфералық ылғалдың тамшыларында ериді және жауын-шашын болып жауады. Бұл негізінен газдар, күкірт пен азот оксидтері. Олардың көбі қышқылды сипатқа ие, сумен қоспалар түзеді.
2. Шаң және аэрозоль түрінде шөгетін, қатты және сұйық қоспалар. Құрғақ ауа-райы кезінде әдетте тікелей шаң мен аэрозоль шөгеді. Автокөліктер, әсіресе қалаларда, топырақтың ластануына маңызды үлесін қосады.
3. Газтәрізді қоспаларды топырақтың тікелей сіңіруі кезінде.
4. Өсімдікке түскенде түрлі қоспалар кез келген агрегаттың күйде саңылау арқылы жапырақтармен сіңіріледі немесе бетінде шөгеді. Содан соң, жапырақтар түскен кезде, осы қоспалардың барлығы топыраққа түседі. .
ІІІ. Топырақ жағдайын бақылауды ұйымдастыру
Бақылауға келесі сатылар кіреді:
1) Ағымдағы және өткен жылдардағы (соңғы 5 жылдағы) бақыланатын зонадағы пестицидтар мен тыңайтқыштардың орын ауыстыруы жайлы мәліметтерді сандық және сапалық талдау;
2) Алдағы зерттелетін объектілерді, сипаттамасын және масштабтарын анықтау;
3) Одан әрі пестицидтар және тыңайтқыштардың болуына (мөлшерін) талдау жасау үшін зерттелетін участоктардан топырақ сынамаларын сынамалау;
Бақылау үшін химикаттардың басым түрін таңдаудың негізгі критерийлері:
- Жылы қанды жануарларға қатысты токсикалылығының деңгейі және фитотоксикалылығы;
- Қоршаған орта объектілеріндегі (топырақ, өсімдіктер) персистенттілігі (тұрақтылығы);
- Алдыңғы жылдардағы және ағымдағы жылдағы қолданудың көлемдері мен масштабтары;
Бақылау түрлері ішінен ажыратады:
1) Біркелкі – топырақтарда химикаттар қалдықтарының жоғары мөлшері анықталған кезде ерекше жағдайларда, ластанудың масштабтарын және қауіптілік деңгейін анықтау үшін жүргізіледі;
2) Таңдамалы, 2-ге жіктеледі
А) ағымдағы – жаңа алқаптарда және участоктарда жыл сайын жүргізіледі;
Б) стационарлы – 2 және одан аса жылдар бойы бір участоктарда жүргізіледі, өз кезегінде жіктеледі:
- өндірістік, белгілі бір алқаптарда ұзақ уақыт бойы тұрақты және (немесе) аса токсикалық химикаттарды қолданған немесе қолднып келе жатқан жағдайда және қалдықтармен қоршаған ортаның объектілерінің ластану қаупі болған жағдайда жүзеге асырылады;
- мониторингті, топырақтардың және өсімдік өсіру өнімдерінің химикаттармен, олардың жоғары тұрақтылығының және (немесе) глобалді көшіп қонуы нәтижесінде ластануын бағалау үшін жүргізіледі.
3 гидрологиялық бақылау
Гидросфера атмосфера мен литосфераға түсетін ластаушы заттардың табиғи аккумуляторы болып табылады. Бұл судың жоғары еріткіш қасиетіне, табиғаттағы су айналымына, сонымен қатар су айдындары түрлі қарқынды сулардың қозғалыс жолындағы соңғы орын болып табылатындығына байланысты. Гидрологиялық бақылауларды су сапасын сақтау үшін жүргізеді. «Су айдындарының және суағарлардың су сапасын тексеру ережелері» №17.1.3.07-82 Гостпен бекітілген. Су сапасын бақылау пункттері төрт категорияға бөлінеді:
1 категория – бақылау пункттері:
келелі халықшаруашылық маңызға ие, орташа және ірі су айдындарында немесе суағарларда, халқы 1 млн асатын қалалардың аудандарында, кәсіптік ағзалардың аса бағалы түрлерінің уылдырық шашу және қыстау орындарында, ластаушы заттарды қайталап апаттық лықсыту және су ағзаларының құру аудандарында, қарқынды суларды ұйымдасқан лықсыту аудандарында орналасады, осының нәтижесінде судың жоғары ластануы бақыланады.
2 категория – бақылау пункттері:
халқының саны 0,5-ден 1 млн. дейін қалалардың аудандарында, кәсіптік ағзалардың аса бағалы түрлерінің уылдырық шашатын және қыстайтын жерлерінде, балық шаруашылығы үшін маңызды бөгет маңындағы өзен бөлікшелерінде, суландырылатын территорияларда сорғытпалы қарқынды суларды және өнеркәсіптік қарқынды суларды ұйымдасқан лықсыту орындарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының өзендермен қиылысуында, орташа ластанған сулардың аудандарында орналасады.
3 категория – бақылау пункттері:
0,5 млн. аз халқы бар қалалардың аудандарында, ірі өзендер мен су айдындарының құрғап бара жатқан бөлікшелерінде, қарқынды суларының ұйымдасқан лықсыма аудандарында орналасады, осының нәтижесінде судың жоғары ластануы бақыланады.
4 категория – бақылау пункттері:
су айдындары мен суағарлардың ластанбаған бөлікшелерінде, бірегей табиғи түзілімдер болып табылатын, қорықтар мен ұлттық парктердің территориясында орналасқан су айдындары мен суағарларда ораласады.
Бақылау пункттері немесе қақпа суағарлар мен су айдындарының ластанбаған бөлікшелерінде қарқынды сулардың ұйымдасқан лықсымасы болмағанда ластанған салалардың сағаларында орнатылады. Қарқынды сулардың ұйымдасқан лықсымасы болғанда суағарларда екі немесе одан да көп қақпа орнатылады, бірі – ластану көзінен бір километр жоғары, ал екіншісі – соңғысынан ластану көздері тобының ағысы бойынша.
4 мүк бойынша қо биомониторингі
Билет №18
1 Зерттеулердің түрлері мен әдістері.
Геологиялық-экологиялық зерттеулер нақты табиғи және техногенді объектілердің геоэкологиялық мониторингі мен геологиялық-экологиялық картаға түсіруден тұрады.
Геологиялық-экологиялық зерттеулер геологиялық барлау жұмыстарының барысында да, дербес те орындалады.
Мамандандырылған зерттеулерді барланатын пайдалы қазба кенорындары, тау-кен өндіруші және мұнай өңдеуші кешендер, химиялық және металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары, АЭС және т.с.с. орналасқан жерлерде жүргізеді.
Кенорындарда нақты пайдалы қазбалармен байланысты, табиғи геохимиялық аномалияларды зерттейді, қоршаған орта компоненттерінің бұзылу дәрежесін, ластану деңгейін және оның өсімдіктерге, жануарлар әлемі мен адам денсалуығына ықпалын бағалайды. Іздеу сатысында табиғи ортаның сипаты мен төзімділігі, геологиялық ортаның мүмкін өзгерістері есепке алынады; барлау сатысында геологиялық орта өзгерістерінің сапалық және сандық өзгерістерін зерттейді.
Геологиялық-экологиялық зерттеулер қашықтық (аэроғарыштық), геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және өзге әдістерден тұрады.
Осылайша, аэроғарыштық зерттеулер аэроғарыштық бақылаулар мен түсірімдерді бажайлаудан тұрады.
Геологиялық зерттеулерде жағдаятты сипаттап және сынамаларды іріктеп, жерүсті бағытжолдарды орындайды.
Геофизикалық – ең алдымен, гамма-түсірімнен, гамма-спектрометрлік түсірімнен, гамма-каротаждан және өзге әдістерден тұрады.
Геохимиялық зерттеулерде литогеохимиялық, гидрохимиялық, биогеохимиялық, геохмиялық сынамалау әдістерін қолданады.