Файл: Зерттеу таырыбыны зектілігі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 163

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мақсатты аудиториялардың медиа тұтыну қызығушылықтары мен ерекшеліктеріне байланысты ықтимал туристермен тікелей коммуникацияға (Pull-стратегия), кемінде мақсатты нарықтардың туроператорларымен және турагенттерімен өзара іс-қимылға (Push-стратегия) бағытталған әртүрлі ілгерілету стратегиялары мен құралдары қолданылады.

Мақсатты аудиториясы түпкілікті тұтынушылар болатын Pull-стратегия кезінде дестинацияларды ілгерілету бойынша жарнамалық және өзге хабарламаларды қамту бүкіл әлемде кемінде 310 млн. адамды құрауға тиіс. Қазақстанда қамту елдің барлық ересек халқын (71%), яғни 12,8 млн. адамды құрауға тиіс.

Бірінші кезең үшін (2019-2021 жж.) аудиторияны жоспарланып отырған әлемдік қамту мақсатты нарықтарға сәйкес былайша, кейіннен перспективалық нарықтарды қамтуды ұлғайта отырып бөлінген:

1) аудиторияның 60%-ын бірінші мақсатты топтағы елдерде (Ресей мен Қытай) қамту жоспарлануда;

2) 25%-ы – екінші мақсатты топ елдерінде;

3) 15%-ы – перспективалық нарықтарда.

Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілету "KazakhInvest" ҰК" АҚ, "Қазақстан темір жолы" АҚ, "AirAstana" АҚ және т.с.с. ірі отандық компаниялар арқылы да жүзеге асырылады. Бұл – жарнамалық баспа материалдарын немесе өзге брендтелген өнімді (кәдесыйлар, ел логосы және ұраны бар ашықхаттар) тарату, бірлескен жарнамалық акциялар және т.б. ұйымдастыру және өткізу.

2020 жылға қарай Қазақстан ауқымды жарнамалық науқанды халықаралық деңгейде өткізу шеңберінде мақсатты шет елдердің ірі қалаларында сыртқы жарнаманың болуымен қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарнама адамдар көп жиналатын орындарда, мысалы, әуежайлар мен теміржол вокзалдары, сауда және бизнес орталықтары, орталық алаңдар, метро және т.б., сондай-ақ халықаралық әуежайларда (Франкфурт, Шереметьево, Дубай, Схипхол, Шоуду, Хитроу, Шарль-де-Голль, Мехрабад) және "Lufthansa", "Aeroflot", "EtihadAirways", "TurkishAirlines", "LOT" және т.б. сияқты әлемнің озық әуе компанияларының борт журналдарында орналастырылады.

Республикалық арналар мен ірі баспа БАҚ-ты қоса алғанда, Қазақстанның озық БАҚ-на PressFeed және HARO сервистеріне белсенді тарту көзделеді, онда журналистер өздерін қызықтыратын тақырыптарға түсінік беру үшін сарапшыларға сауалдар жариялай алады. Осы сервистер мақсатты нарық болып табылатын елдерде мақалалар мен репортаждарға өз түсіндірмелерін қосуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жыл сайын Қазақстан таныстырылатын халықаралық туристік іс-шаралар тізімі кеңейтіледі (Moscow MICE Forum, IBTM China, New York Times Travel Show, IBTM World Barcelona, ITB Berlin, MITT, CITM, ITE, MATKA, KOTFA және т.б.). Сондай-ақ Қазақстанның бірыңғай стенді астында отандық туристік бизнестің түрлі субъектілерін (отельдер, авто және авиатасымалдаушылар, туроператорлар және т.б.) орналастыруды көздейтін, Қазақстанның көрмелерге қатысу тұжырымдамасы өзгертілетін болады.


 Шетелдік көрмелерге қатысумен қатар, шетелдік серіктестердің қатысуымен шетелдік туроператорлар және "ITBAsia" немесе "PATATravelMart" типі бойынша туристік бизнес субъектілері үшін Қазақстанда жыл сайынғы көрмелер өткізілетін болады.

Жыл сайын мақсатты топ елдерінде Қазақстанның туризм жылдары және тиісінше Қазақстанда осы елдердің туризм жылдары айқындалып өткізілетін болады.

"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ "бір терезе" қағидасы бойынша отандық туристік бизнес пен туристік операторлар және мақсатты нарықтар елдерінің агенттіктері арасында ынтымақтастықты жолға қою үшін алаңды қамтамасыз етіп, сондай-ақ олар үшін Қазақстан бойынша ақпараттық турлар өткізілетін болады.

 Ішкі маркетингтік коммуникацияларды қалыптастыру және дамыту. Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту бойынша маркетингтік күш-жігерді жүйелеу және үйлестіру мақсатында:

1) республикалық арналардың бірінде елдің туристік әлеуетін ашуға бағытталатын және туристік дестинациялар мен объектілерді дамытудың ағымдағы проблемалары мен перспективаларын талқылау бойынша диалогтық алаңға айналатын "Туристік Қазақстан" телевизиялық хабары іске қосылады;

2) "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-на ішкі маркетингтің іс-шараларды дамытуды жалпы үйлестіру мақсатында, өңірлердегі ТАО-мен тығыз өзара іс-қимыл жасау жөніндегі ақпараттық және әдістемелік сүйемелдеу міндеті жүктеледі.

Аталған шара:

- ТАО жұмыс істеу және басқару моделін стандарттауға;

- ТАО-ның сапалы туристік контентпен үйлестірілген түрде толығуына;

- ТАО қызметін цифрландыруға;

- ТАО желісі арқылы бүкіл ел бойынша кәдесый (оның ішінде қолөнершілердің өнімін) ілгерілетуге;

- барлық ірі отандық дестинациялардан кері байланыс алуға жәрдемдеседі;

3) Қазақстан бойынша қалалық, музейлік және киелі экскурсиялар мобильді қосымша түрінде БҰҰ-ның 6 тілінде цифрланады, ол туристердің қалалар бойынша жолбелгілерсіз, аудармашыларсыз және жолнұсқаушыларсыз навигациясын, көптілді гидтердің проблемаларын шешуді, виртуалды экскурсиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

4) 3D технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық буклеттерді, жолнұсқауларды, афишаларды, флаерлерді, тақырыптық каталогтарды шығару және тарату арқылы тарихи-мәдени мұра объектілерін сапалы ақпараттық сүйемелдеу қамтамасыз етіледі (мысалы, "Ұлы жібек жолының керуен жолдары", "Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері", "Сақ жауынгерлерінің іздерімен", "Бозоқ – көшпелі өркениет жүрегі" атауларымен және т.б.);



5) басым дестинациялар бойынша, оның ішінде ұлттық парктер бойынша жүктелетін электрондық жолнұсқалар жасалады;

6) елде ішкі туризмді ілгерілету мақсаттары үшін қалалық жарнамалық баннерлерге мақсатты квоталар бөлінеді;

7) елдің ірі қалаларында, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарда, мысалы, әуежайларда және теміржол вокзалдарында, сауда және бизнес орталықтарында, орталық алаңдарда және т.б., сондай-ақ әуежайларда, теміржолдарда және автомобиль вокзалдарында сыртқы жарнаманың болуы қамтамасыз етіледі.

Интернет ортада туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету (цифрлық маркетинг). Цифрлық маркетинг әртүрлі маркетингтік мақсаттарға қол жеткізу үшін интернет желісінде елдің туристік брендінің болуын қамтамасыз етуді қамтиды. Цифрлық маркетингтің негізгі артықшылықтары аудиторияны интерактивті тарту, ықтимал туристермен сөйлесу мүмкіндігі, таргеттеу арқылы ақылы жарнама үшін мүдделі аудиторияны нақты таңдау, сондай-ақ жарнама нәтижелерін айқын қадағалау болып табылады.

Интернетте қазақстандық туризмді цифрлық ілгерілету және жарнамалау туристің шешім қабылдауының барлық кезеңін қамтуды болжайды: дестинацияға баруға деген шабыттан бастап турды сатып алуға немесе отельді брондауға дейін және дестинацияға бару және пост-саяхат кезеңіне дейін.

Бірінші кезеңде (2019-2021 жылдар) турист шабытына ерекше көңіл аударылады. Екінші кезеңде (2021-2023 жылдар) мемлекеттік деңгейде туристік бизнестің (консультациялар, брондау, сату, виртуалдық турлар және т.б.) онлайнға көшуін ынталандыру шаралары ендіріледі.

Әлеуметтік желілердегі аккаунттар жазылушылар базасын жинауға мүмкіндік береді, кейіннен олар негізгі хабарламаларды алатын аудитория ретінде ғана емес, сондай-ақ біздің "хабарламаларды" өз аудиториясы арасында тарататын елшілер ретінде пайдаланылады. Бұл ретте әлеуметтік желілер басқа цифрлық арналардан тәуелсіз, ақпаратты ілгерілету мен таратудың еркін құралы ретінде әрекет етеді.

Мынадай мақсатты аудиториялар үшін елдік парақшаларды іске қосу қажет:

1) Facebook – Қазақстан, Ресей, Еуропа елдері мен басқа елдер үшін орыс және ағылшын тілдерінде;

2) VK, Одноклассники, Telegram – Қазақстан мен Ресей үшін орыс тілінде;

3) Instagram – ағылшын тілінде, мақсатты аудитория бойынша шектеусіз – Қазақстан, Қытай, Ресей және басқа елдер;

4) Weibo және Wechat – Қытай үшін қытай тілінде, өйткені Қытайда көптеген көпшілікке танымал әлеуметтік желілер жұмыс істемейді.


Ақпарат беруден және дестинацияның негізгі хабарламаларын таратудан басқа, әлеуметтік желілердегі барлық парақшалар туристермен коммуникация жасау арнасы ретінде пайдаланылады.

 Booking.com, TripAdvisor, LonelyPlanet, CTRIP және т.б. сияқты туристік сайттармен және порталдармен, сондай-ақ мақсатты аудиториялардағы көпшілікке танымал интернет-ресурстармен, бірінші кезекте, контентті жаңарту, ко-брендинг және жарнама бойынша ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді.

 Қазақстанның ресми туристік сайтын шетелдік туристерді тарту мен туристік өнімді ілгерілетудің негізгі құралы ретінде трансформациялау, жүргізу және сүйемелдеу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады (қазіргі уақытта Kazakhstan.travel сайты). Ресурс туристік сала үшін бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық алаңға айналады, сондай-ақ барлық заманауи құралдармен (жүру карталары/схемалары, фотосуреттер, бейнероликтер, виртуалды турлар және т.б.) жарақталады. Қазақстанның туристік порталының тиімділігін арттыру шеңберінде мақсатты нарықтарды ескере отырып, оның көптілділігін қамтамасыз ету қажет.

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстанның туристік нарығын дамыту стратегиясы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бағдарлама бойынша 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасының ЖІӨ жалпы көлемінде туризмнің кемінде 8 % үлесін қамтамасыз ету қажет.

Әлемдік экономиканың дамуының қазіргі жағдайларында туризм жетекші және қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналып келеді. Бюджетке салықтық түсімдердің, шетел валютасы ағынының, жұмыс орындары санының өсуі есебінен туризм экономиканың басты секторларының (көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жаппай тұтынылатын тауарлардың өндірісі) дамуына үлес қосады.

Тиімді геосаяси жағдайда орналасқан Қазақстан қомақты тарихи-рекреациялық ресурстарды әрі әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілерін, бірегей табиғи алуан түрлілікті иелене отырып, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуетіне және әлемдік туризм картасында ірі ойыншыға айналуы үшін барлық қажетті алғышарттарға ие [25].

Алайда, қазіргі уақытта туризм саласының даму қарқыны орташа, ұлттық ауқымдағы әлеуметтік-экономикалық әсері мардымсыз. Қазақстан Республикасына туристік ағынды ұлғайту мақсатында кедергілерді азайту және саланы стратегиялық жоспарлау арқылы саланың әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау керек.


Туризм әлем шаруашылығының аса ірі саласы болып қана қоймай, ең жылдам дамып келе жатқан саласы да болып табылады, оның өсу қарқындары экономиканың басқа салаларының өсу қарқындарынан 2 есе дерлік алда. Түйінді көрсеткіштер жағынан, оның ішінде инвестициялық салымдардың тиімділігі жағынан, туризмді мұнай өндіру өнеркәсібімен салыстыруға болады.

Әлемдік жиынтық өнімнің шамамен 10 %-ы, әлемдік көрсетілетін қызметтер экспортының 30 %-ы, әлемдік инвестициялардың 7 %-ы, жұмыс орындарының 10 %-ы және барлық салық түсімдерінің 5 %-ы туризм саласына тиесілі.

Бір шетел турисінен түсетін табысқа баламалы кіріс үшін әлемдік нарыққа шамамен 9 тонна тас көмір, немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидай шығару керек. Бұл ретте шикізат сату елдің энергия жеткізгіштерін сарқиды, ал туризм ресурстарды жаңғыртады. Елге келетін әрбір турист әрбір сағат сайын шамамен 20 доллар жұмсайды, 30 турист 1 жұмыс орнын береді.

Көрсетілетін қызметтермен экспорттық-импорттық операцияларды орындайтын сыртқы сауданың маңызды сегменті бола отырып, туризм "көрінбейтін" экспорт қасиетіне ие. Өнімі тұтынушыға тасымалданатын экономиканың басқа салаларынан ерекшелігі туризм адамдардың рекреациялық ресурстар шоғырланған орындарға көші-қонын тудырады, ал бұл ресурстар белгілі бір жерде тұтынылады.

Қазіргі уақытта туризм бизнестің әлемдегі ең табысты түрлерінің бірі болып табылады. Әлемдік капиталдың шамамен 7 %-ын пайдалана отырып, туризм мұнай және мұнай өнімдерін, автокөліктерді экспорттаудан кейін үшінші орынды иеленді.

БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымының (бұдан әрі – UNWTO) бағалауы бойынша 2030 жылға қарай танымал қалалардағы әйгілі курорттарға және тарих пен мәдениет ескерткіштеріне шамамен 1,8 млрд. адам барады деп күтілуде, қонақүй-туристік көрсетілетін қызметтерден түсетін табыс шамамен 2 трлн. АҚШ долл. құрайтын болады, туризм саласында 550 млн. жұмыс орындары ашылады.

Іскерлік туризм индустриясы (МІСЕ) қазіргі ұғымда экономиканың ең перспективалы секторларының біріне айналды. Бүгінгі күні шетелдік ірі компаниялар іскерлік сапарларға жылына шамамен 2 трлн. АҚШ долл. жұмсайды, бұл жалпы шығындардың ішінде кадрлық қамтамасыз ету, салық, жалға алу, ІТ және байланыс салаларына жұмсалатын шығындардан кейінгі басты бөлігі.

WorldTravel & TourismCouncil (бұдан әрі – WTTC) мәліметтері бойынша
2015 жылы іскерлік туризмнің әлемдік нарығының көлемі 1,106 трлн. АҚШ долл. асты. 2016 жылдың қорытындылары бойынша бизнес-сапарларға жұмсалған шығындар 1,150 трлн. АҚШ долл. дейін өсті, ал 2017 жылы бағалау мәліметтері бойынша 3,7 %-ға ұлғайды және 1,192 трлн. АҚШ долл. дейін жетті.