ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 164
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
;
4) мақсатты нарық елдерінде хабар тарату арналарын ашу;
5) кәсіби аудитория, әлеуетті шетел инвесторлары және серіктестері арасында (Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO), Туристік агенттіктер қауымдастығының біріккен федерациясы (UFTAA), Халықаралық Қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (IH&RA), Туризм және саяхат жөніндегі дүниежүзілік кеңес (WTTC), Туристік агенттіктердің дүниежүзілік қауымдастығы (WATA), Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік қауымдастығы (PATA), Дүниежүзілік туристік форум (WTF) және т.с.с.) туристік брендті ілгерілету мақсатында ірі салалық қауымдастықтардағы ынтымақтастық пен мүшелікті жандандыру;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында өткізу пункттерінде шетелдіктердің қолданыстағы ағынын пайдалану (ақпараттық флаерлер, буклеттер, брошюралар, лотореялар, кәдесыйлар және т.с.с.).
Ұлттық туристік брендті бейнелі жайғастыруды және ілгерілетуді қамтамасыз ету. Бүгінгі күні әлемдегі 195 елдің 146 елі елдің ерекшелігін, ұлттық дәстүрлерді, тарихи бірегейлікті, идеологиялар мен тағы басқаларын сипаттайтын өзіндік туристік брендке ие, ол тұтас бейне жасауды, оның негізінде бүкіл әлемдік қоғамдастық арасында нақты ел сәйкестендіріледі.
Халықаралық нарықта елдің жиынтық бейматериалдық бағасын арттыру үшін Қазақстанның елдік туристік бренді және оны ілгерілетудің кешенді әрі орталықтандырылған жүйесі жасалады.
Қазақстанның туристік бренді Қазақстан халқының ынтымақшылдығы мен қонақжайлылығында, ұлттық ерекшеліктері мен өзіндік мәдениетінде қалыптастырылады.
Бірыңғай елдік бренд-менеджер ретінде ел ішінде және шетелде елдің туристік брендін ілгерілетуге бағытталған жарнама науқандары мен акцияларды жүргізетін "KazakhTourism" ҰК" АҚ болады.
Бұл ретте, елдік туристік брендті ілгерілетуде бірқатар мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысады:
1) шетелде ілгерілету – Мәдениет және спорт, Сыртқы істер министрліктері, Қазақстан халқы ассамблеясы, "Air Astana" АҚ; "Kazakh Invest" ҰК" АҚ, "KazakhExport" ҰК" АҚ, АХҚО, "Нұр-Сұлтан ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, қалалар мен облыстардың әкімдіктері;
2) ел ішінде ілгерілету бойынша – Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктері, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Qazaq Air" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, қалалар мен облыстардың әкімдіктері.
Осылайша, шетелде елдік туристік брендті кешенді ілгерілету үшін мыналар жүзеге асырылады:
− мақсатты шетел нарықтарында жергілікті туристік сарапшылар қатарынан бір шетел маманын тарту;
− сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша шетелдегі мекемелерде негізгі туристік өнімдерді көрсетумен, баспа, фото және бейне материалдармен турист бұрышын жасау;
− мақсатты нарықтарда уәкілетті органдармен келісім бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің елдің туристік брендін ілгерілетуі бойынша шараларды өткізуі;
− қазақ мәдениетін ілгерілету және көпшілікке тарату үшін шетелдегі қазақ диаспораларын және бұрынғы отандастарды тарту;
− инвестициялық әлеуетті, экспорттық брендтерді, АХҚО көрсетілетін қызметтерін, шетел нарығына бағдарланған ұлттық авиатасымалдаушының көрсетілетін қызметтерін ілгерілету шеңберінде елдік туристік брендті ілгерілету;
− Қазақстанның көркем туристік орындарында Дүниежүзілік Қазақтар Құрылтайын өткізу;
− шетелде мақсатты нарықтарға және басқаларға мән бере отырып, қазақстандық телеарналар таратылатын елдерді арттыру.
Ішкі нарықта брендті ілгерілету бөлігінде:
1) қазақстандық телевизияда, баспа БАҚ-Та және интернетте туризм бойынша контентті арттыру;
2) телевизияда, баспа және интернет БАҚ-да, сыртқы тасығыштарда және басқаларында ішкі туризм бойынша әлеуметтік жарнама;
3) жалпы білім беретін мектептердегі оқыту бағдарламаларына өлкетану және елдің туристік ұсынымдарын тану бойынша сабақтарды қосу;
4) білім беру ұйымдарының жанында негізгі туристік көрікті жерлерді көрсете отырып бұрыштар (қабырғалар) жасау;
5) туризм бойынша семинарлар, ашық сабақтар өткізу;
6) балалардың жазғы лагерьлерге баруын ұйымдастыру;
7) "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер арқылы елдің туристік брендті ілгерілету;
8) студенттермен алмасу бойынша (ел ішінде) бағдарламаны іске қосу;
9) барлық әуежайларда, теміржол вокзалдарында және құрамдарында, жол бойындағы сервис объектілерінде, ұшақ борттарында туристер үшін бірдей ақпаратты орналастыра отырып, елдік туристік брендті ілгерілету;
10) борт журналында және үлестірме материалдарда жарнама материалдарын орналастыру;
11) туризмнің әлеуметтік маңыздылығын ілгерілету;
12) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде туризмді ілгерілету;
13) туризмнің салалық қауымдастықтарымен ынтымақтастық жасау шеңберінде елдік туристік брендті ілгерілету;
14) бизнеске және басқаларға арналған тұрақты дайджесттерді, буклеттерді және басқаларын шығару.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде шетелде ілгерілету үшін бірыңғай елдік туристік бренд пайдаланылуға тиіс. Өз кезегінде, өңірлік брендтерді ішкі туристер арасында өңірлерді ілгерілету үшін пайдалануға болады.
Нұр-Сұлтан-Ақмола облысын, Алматы-Алматы облысын, Шымкент-Түркістан облысын шетелде Қазақстанның негізгі туристік дестинациялары ретінде де ілгерілетуге болады.
Бұл ретте, шетелде қалалар мен өңірлерді ілгерілетудің стратегиясы мен жоспарлары уәкілетті органмен келісуге тиіс.
Туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді насихаттау бойынша маркетингтік коммуникациялардың тиімділігін арттыру. Ел ішінде, сол сияқты халықаралық нарықта да қазақстандық туризмді көпшілікке таратуда мемлекет қаражаты мен ресурстарын салу тиімділігін қамтамасыз ету және арттыру туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша маркетингтік коммуникациялардың қалыптасқан тиімді жүйесі есебінен болады.
Маркетингтік күш-жігер жалпы мыналардың шеңберінде мақсатты нарықтарда туристік өнімдерді ілгерілетуге шоғырландырылады:
1) алты мәдени-туристік кластер (Қазақстан Республикасының Мәдени саясаты тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту тұжырымдамасының басымдықтары);
2) ТОП-10 тарту нүктелері (Қазақстанның туристендіру картасы).
Елдік туристік брендті, ұлттық туристік өнімдерді ірі дестинациялар және тауашалы бағыттар (медициналық, аңшылық, орнитологиялық, гастрономиялық туризмдер және т.с.с.) бойынша ілгерілету республикалық бюджет есебінен орталықтандырылып жүзеге асырылады.
Туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің маркетингіне және оларды ілгерілетуге жұмсалатын шығындар бөлігінде мемлекеттік бюджетке түсетін қаржы жүктемесін төмендету үшін 2021 жылдан бастап Египет, БАӘ, Австрия, Германия, Италия, Мальдив, Чехия, Вьетнам және т.б. бірқатар елдердің бағыттары бойынша жүзеге асырылатын шетелдік туристердің "bed tax" қағидаттары бойынша жүзеге асырылатын туристік жарнасын енгізу жоспарлануда: шетелдік туристердің жарналары орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер арқылы жиналып, мемлекеттік бюджетке аударылатын болады.
Туристік алым мөлшерін шетелдік туристердің әрбір тұрған күні үшін АЕК-тің 30%-ы (800 теңгеге жуық) мөлшерінде айқындау ұсынылады. Бұл ретте 16 жасқа дейінгі балалар ата-аналарымен бір бөлмеде тұрған жағдайда, осы алымды төлеуден босатылады.
Шетелдік туристердің туристік жарнасын 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен, алдымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында пилоттық режимде пысықтай отырып, енгізу жоспарлануда. Хостелдер мен мейманханалар аталған алымды төлеуден босатылады.
Шетелдік туристердің туристік жарналары жүйесін әкімшілендіру шетелдік азаматтардың көші-қонын тіркеуді және статистикалық деректер мен есептерді автоматты түрде қалыптастыруды интеграциялайтын мамандандырылған ІТ-бағдарламаны қолдана отырып жүзеге асырылатын болады.
Маркетингтік коммуникацияларды басқару мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) Қазақстанның туристік дестинацияларын/өнімдерін/объектілерін туристік нарықта жайғастыру және қазақстандық туристік суб-брендтердің бірегей бәсекелес артықшылықтарын, құндылықтары мен идеяларын тиянақтау;
2) мақсатты аудиторияларды айқындау;
3) мақсатты нарық туристерінің қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне қарай тауашаларды іздеу және туризм түрлерін дамыту;
4) әлемдік нарықта ілгерілету үшін неғұрлым бәсекеге қабілетті қазақстандық туристік өнімдерді айқындау;
5) бәсекелі нарықтарды тұрақты мониторингтеуді және елдің маркетингтік стратегиясын өзектілендіруді (қажет болса) жүзеге асыру;
6) мақсатты нарықтардың медиатұтынуын ескере отырып, туристік өнімдерді ілгерілету бойынша арналарды кеңейту, оның ішінде дәстүрлі және цифрлық түрде ілгерілету, шетелдік журналистермен және блогерлермен тығыз ынтымақтастық, бейнероликтерді жасау және ілгерілету;
7) интернет желісінде Қазақстанның туристік брендінің/өнімінің болуын арттыру.
Негізгі туристік дестинациялар мен объектілер туралы бәсекеге қабілетті ақпараттық контентті қалыптастыру. Елдің туристік әлеуетін ашатын, бәсекеге қабілетті ақпараттық контентті қалыптастыру мақсатында мынадай шаралар қабылданады:
1) жарнамалық мақсаттарда және интернет-ресурстарда пайдалану үшін өзекті және "сатылатын" визуалды контент (фото, бейне) базасын қалыптастыру;
2) туристік ресурстар мен өнімдер туралы бірегей, өзекті, құнды және тұрақты жаңартылатын ақпаратты баспа және электрондық тасығыштарда қалыптастыру;
3) ел халқының арасында туризм саласындағы жыл сайынғы ұлттық фото және бейнеконкурстар ұйымдастыру және өткізу;
4) ақпараттық контентті қалыптастыру кезінде "сторителлинг" элементтерін, оның ішінде бастауыш және орта білім берудің оқу материалдары мен бағдарламаларында (география, Қазақстан тарихы) пайдалану;
5) ақпараттық контентті мақсатты нарықтар елдерінің тіліне аударуды қамтамасыз ету;
6) ықтимал туристер мен серіктестер арасында тарату үшін түпнұсқалық брендтелген кәдесый өнімін жасау.
Бірыңғай елдік бренд-менеджері рөліндегі "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ жыл сайын елдің негізгі туристік өнімдері, мақсатты топтар, сол сияқты маркетингтік коммуникациялардың барлық тәсілдері көзделетін Қазақстанды халықаралық туристік нарықта ілгерілету бойынша медиа-жоспарды қалыптастырады:
1) PR (имидждік мақалалар, оқиғаларды баяндау);
2) сыртқы жарнама;
3) БАҚ мен телевизиядағы жарнама;
4) цифрлық маркетинг;
5) көрмелер, роуд-шоу және өзге іс-шаралар;
6) көпшілікке танымал тұлғаларды, салалық ықпал ету агенттерін және пікір көшбасшыларын (селебрити, блогерлер, белгілі спортшылар, актерлер, әншілер және т.б.);
7) өңірде өзіндік бірегей оқиғаны жасау немесе халықаралық ауқымдағы оқиғаны тарту (ірі спорттық іс-шаралар, көрмелер, фестивальдер және т.с.с.).
Отельдердің жүктемесін (әсіресе, маусымнан тыс) арттыру мақсатында маңызды шара дестинациялардың оқиғалық күнтізбесін әзірлеу болып табылады. Осыған байланысты Қазақстанның туристендіру картасының басым өңірлері жылына айрықша 2-3 іс-шараны өткізуді қамтамасыз етулері қажет.
Сыртқы маркетингтік коммуникацияларды қалыптастыру және дамыту. Қазақстандық туристік өнімдерді табысты ілгерілету үшін ресурстар отандық дестинацияларға туристік ағындар көлемін айтарлықтай арттыруды қамтамасыз ете алатын, перспективалық географиялық нарықтарда неғұрлым тартымды ұлттық туристік өнімдерді жылжытуға шоғырландырылатын болады.
Аумақтық жақындыққа, тікелей ұшып өтулердің, визасыз режимнің, сондай-ақ қазақстандық туристік өнімдерге ұқсас туристік өнімдерге қызығушылықтың болуына негізделе отырып, Қазақстанды ілгерілету үшін басым ел топтары мыналар болып табылады:
1) 1-топ – Ресей мен Қытай (елдерге аумақтық жақындық; 6 сағатқа жуық ұшу радиусындағы тікелей рейстер, Қазақстанда 72 сағаттық визасыз болу);
2) 2-топ – Германия, Нидерланды, Польша, Үндістан, Парсы шығанағы елдері, Оңтүстік Корея (жылына 20 млн. астам шығатын туристер), Украина, Беларусь (жиынтығында халық –1,5 млрд. астам адам; тікелей рейстер);
3) 3-топ – Жапония (перспективалық нарық – жылына 12 млн. жуыққа шығатын туристер басқа шетелдік туристерге қарағанда орташа 2-3 есе көп жұмсайды), Түркия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, АҚШ.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарына сәйкес бірінші басымдықты елдер үшін жеке ақпараттық-жарнамалық стратегиялар әзірленеді.