ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 167
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кесте мәліметтері бойынша халық шоғырлануының коэффициенті Қазақстанның барлық кластерлерінде 10 ұпайға тиесілі, алынған мән кластердегі барлық аймақтар үшін болғандықтан төмен көрсеткішті көрсетіп тұр, негізі халықтың шоғарылануы жалпы туризмді дамытуға қолайлы деңгейде, алған коэффициент негізінде қарастыратын кластерлердің болашағы бар деп айтуға болады, Халықтың орташа табысы мен туристік қызметке шығындарының қатынасының коэффициентін анықтауда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шығыс Қазақстан кластерлерінің ұпайы 5, яғни бұл кластерлердегі халықтың туристік қызметке жұмсайтын шығындары жоғары, Батыс Қазақстан кластерініңтуристік қызметті дамыту деңгейі басқаларына қарағанда жоғары. Аймақтың экономикалық өсу қарқынының коэффициенті 20 ұпай, онда экономикалық белсенділік жоғары емес екенін байқауға болады және халықтың жас құрылымы индексі де барлық кластерде бірдей 20 ұпай, ол неғұрлым туристік қызмет түрлерін пайдануда жоғары деген көрсеткішті береді.
Кесте 13 - Аймақтың туристік әлеуетінің көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | | Есептік формулалары | | | |||
| | | | Географиялық әлеует | | | ||
1 | Орман, | су, | Минералды | Коэффициент аймақтағы орман, су, минералды | ||||
| ресурстары | | | ресурстарының көлемінің бір адам басына шаққанға тең | ||||
2 | Көліктік | | Ресурстары | К= автокөлік, теміржол, су, әуе маршруттар санының осы | ||||
| (қолжетімділік) | | аймақтағы жалпы көрсеткішке қатынасы | | ||||
3 | Туристік | Маршруттарды | К= ресми туристік маршруттар санының осы аймақтағы | |||||
| қамту деңгейі | | жалпы көрсеткішке қатынасы | | | |||
| | | | Демографиялық әлеует | | | ||
4 | Еңбекке жарамды | | К=экономикалық белсенді халықтың аймақтағы жалпы | |||||
| халықтың үлесі | | халыққа қатынасы | | | |||
| | | Экономикалық әлеует | | | |||
5 | Өнеркәсіп өнімінің | | К=өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемінің аймақтағы адам | |||||
| өндірісі | | | | басына қатынасы | | | |
6 | Ауылшаруашылық | | К= ауылшарушылықы өндірісі көлемінің аймақтағы адам | |||||
| өнімінің өндірісі | | басына қатынасы | | | |||
7 | Капиталдық салым | | К=капиталдық салымның аймақтағы адам басына | |||||
| | | | | шаққандағы қатынасы | | | |
8 | Ақпарат көздерінің болуы | К=жергілікті Ақпараттық көздер (жергілікті | т | |||||
| | | | | ақпараттар, баспа және интернет-басылымдар) санының осы мемлекет бойынша толық көрсеткішке қатынасы | |||
| | | | | ||||
9 | Өнеркәсіптік | | және | К=берілген кәсіпорындар санының мемлекет бойынша | ||||
| ауылшаруашылық | | көрсеткішке қатынасы | | | |||
| кәсіпорындарының саны | | | | | |||
10 | Тұрмыстық қызмет көрсету | К= К=берілген кәсіпорындар санының мемлекет | ||||||
| және қызметтер саны | бойынша көрсеткішке қатынасы | | | ||||
11 | Туристік | Объектілердің | К=осындай объектілер саны және мемлекеттік | |||||
| (құрылыс | | жобалары), | сараптамадан өткен жобалар санының, мәдени және | ||||
| мәдени | және | табиғи | табиғи ескерткіштер санының мемлекет бойынша | ||||
| ескерткіштердің болуы | көрсеткішке қатынасы | | | ||||
12 | Бөлшек сауда айналымы | К=бөлшек сауда айналымының көлемінің аймақтағы адам | ||||||
| | | | | басына қатынасы | | | |
13 | Қатты төселген жолдар | К=асфальтталған жолдардың аймақтағы жалпы жолдарға | ||||||
| | | | | қатынасының салыстырмалы салмағы | | ||
14 | ШОБ саны | | | К= ШОБ санының аймақтағы 1000 адамға шаққандағы | ||||
| | | | | салыстырмалы салмағы | | | |
15 | Кәсіпкерлік | | салада | К= ШБ жұмыспен қамтылғандар санының аймақтағы | ||||
| жұмыспен | қамтылғандар | 1000 адамға шаққандағы салыстырмалы салмағы | | ||||
| саны | 9 | | | | | | |
Ескерту: Дерек көзі [19] |
Енді қандай ең жақсы аймақпен аймақтың ішкі туристік мақсатты сегменттерін анықтау мәселесі туындайды, ол әрі қарай туристік жеткізушіге (мемлекетке, аймаққа) неғұрлым инвестициялық тартымдылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Маркетингтік талдау жасау әдетте кіші топтарға бөлу кезінде жақсы атқарылды және ол неғұрлым дәлдікпен есептеу нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік береді, яғни бір жеке аймақтр бойынша үлгі негізде есептеу ыңғайлылық тудырады, ол үшін үш негізгі міндеттерді көрсету керек: мемлекет аумағын бірнеше жеке аймақтарға бөлу, барлық қарастырылатын көрсеткіштер есептелуі керек;мемлекеттің интеграциялық әлеуеті жеке аймақтар көрсеткіштерінің жиынтығы негізінде анықталады.
Осы үлгі жеке аймақтардағы арнайы көрсеткіштерді есептеп, олардың жиынтығы негізінде құралады, көрсеткіштер негізіне географиялық, демографиялық, экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік, қаржылық туризмнің даму деңгейінің көрсеткіштері жатады (кесте 13).
Кесте 14 - Аймақтың туризм дамуының деңгейі
| Көрсеткіштер | | Есептік формулалары | | | | | ||
1 | Туризм саласындағы шағын | К= осындай кәсіпорындар санының жалпы ШОБ | |||||||
| және орта бизнес саны | кәсіпорындарының санының қатынасы | | | |||||
2 | Туризмдегі | ШОБ | еңбекпен | К=туризмде еңбекпен қамтылған санының аймақтағы | |||||
| қамтылғандардың саны | Жалпыкәсіпорында | еңбекпен | | қамтылғандарға | ||||
| | | | Қатынасы | | | | | |
3 | Ішкі туризм объектілерінің | К=осындай | объектілер | санының | (санаторийлер, | ||||
| болуы | | | профилакторийлер, базалар және т.б.) жалпы аймақ | |||||
| | | | бойынша объектілер санына қатынасы | | | |||
4 | Мейрамханалар мен қонақ | К=тәулік-орындар санының адам санына қатынасы | |||||||
| үйлер, қоғамдық | тамақтану | | | | | | | |
| инфрақұрылымы | бар | | | | | | | |
| орындар саны | | | | | | | | |
5 | Бір жылда жергілікті жерде | К=туристік қызмет нарығының мемлекеттегі осы | |||||||
| туристік | қызмет | көрсету | көрсеткішке қатынасы | | | | | |
| Көлемі | | | | | | | | |
6 | Қонақ үй кәсіпорындарынан | К=қонақ үй кәсіпорындары кірістерінің жалпы | |||||||
| Кірістер | | | аймақтағы кәсіпорындар санына қатынасы | | ||||
7 | Салықтық түсімдер | К=осындай | кәсіпорындардан | түскен | түсімдер | ||||
| | | | көлемінің жалпы аймақтағы салық түсімдеріне | |||||
| | | | Қатынасы | | | | | |
Ескерту: Дерек көзі [19] | | | | | |
Жоғарыдағы кесте мәліметтері негізінде аймақтың туристік әлеуетінің деңгейін анықтауға болады, бірақ осы үш көрсеткішке тағы да үш көрсеткіш қосылады, олар: әлеуметтік көрсеткіштер (жұмыссыздық деңгейі, туристік кадрлармен қамтылу, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі), әкімшілік әлеует (туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының қызметі, жергілікті әкімшіліктерде экономикалық білім), қаржылық әлеует (бір адамға салық, жергілікті бюджет, шығынды кәсіпорындар үлесі, бір адамға кірістер) болып табылады. Сол сияқты туризм даму деңгейінің көрсеткіштерін анықтауға болады, оны келесі 14-кестеден көруге болады.
Берілген үлгі нарықтық инфрақұрылымның аймақтың туризм дамуына әсерінің деңгейін және елдің туристік тартымдылығын арттырудағы жеке аймақтардың әлеуеттік мүмкіншіліктерін анықтайды. Осы параметрлер туристік бизнес нарығының шығуына және аймақтық туризм дамуының тұжырымдамаларын ары қарай іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі параметрлер болып табылады және ол көбіне елдің инвестициялық тартымдылығын анықтайды.
Біздің пікірімізше, Қазақстан аймақтарының тартымдылығын бағалау жүргізілді және Қазақстанда туризм дамуының әлеуеті бағаланды. Ондағы аймақтары бойынша туристік тартымдылықты бағалау мемлекет дамуына әлеуеттің жоғары екенін көрсетті.
Халық шоғырлануының коэффициенті Қазақстанның барлық кластерлерінде 10 ұпайға тиесілі, алынған мән кластердегі барлық аймақтар үшін болғандықтан төмен көрсеткішті көрсетіп тұр, алған коэффициент негізінде қарастыратын кластерлердің болашағы бар деп айтуға болады, Халықтың орташа табысы мен туристік қызметке шығындарының қатынасының коэффициентін анықтауда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шығыс Қазақстан кластерлерінің ұпайы 5, яғни бұл кластерлердегі халықтың туристік қызметке жұмсайтын шығындары жоғары, Батыс Қазақстан кластерінің туристік қызметті дамыту деңгейі басқаларына қарағанда жоғары.
Аймақтың экономикалық өсу қарқынының коэффициенті 20 ұпай, онда экономикалық белсенділік жоғары емес екенін байқауға болады және халықтың жас құрылымы индексі де барлық кластерде бірдей 20 ұпай, ол неғұрлым туристік қызмет түрлерін пайдануда жоғары деген көрсеткішті береді.
Қазақстанда туризм дамуының әлеуеті бағалау бойынша көрсеткіштер өте төмен пайызды көрсетеді, жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,6% құрайды, ал еңбекпен қамтылғандар саны 0,3% құрайды.
Туризм халық шаруашылығы саласы ретінде сұраныс пен ұсынысты қанағаттандыратын нарықтық сұранысқа сәйкес келетін өнім өндіреді. Бұл жағдайда шетелдік тұтынушыға бағытталған халықаралық нарықты тежеп, Қазақстан халқына арналған ішкі нарықты дамыту қажет. Халықаралық туризм нарығы көптеген миллиард айналымы бар және бәсекеге қабілетті алып механизм. Сондықтан да, ең алдымен тек Қазақстан үшін ерекшеліктері бар және сұранысқа ие болатын өнімді анықтау қажет. Қазақстандық туристік өнімнің нарықтың қай сегментінде болашағының болатынына байланысты болады.
2.3 Елдің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілетудің тиімді жүйесін қалыптастыру
Қазақстанның елдік туристік брендін қалыптастыру және оның оң имиджін жасау – бұл елдің туристік әлеуетінің тартымдылығын арттырудың күшті құралы. Бренді бар ел туристерді тартып қана қоймайды, оның ұлттық бизнесі мен тауарлары бәсекелес күресте күшті қолдауға ие болады. Осыған байланысты, Қазақстанның халықаралық нарықта жағымды туристік имиджін қалыптастыру оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды элементі болып табылады.
Қазақстанның шетелдегі оң бейнесін қалыптастыру. Саймон Анхольт жасаған бәсекелік сәйкестілік тұжырымдамасына сәйкес ел бренді немесе дестинациялар алты элементтен тұрады: туризм, экспорттық брендтер, сыртқы және ішкі саясат, бизнес пен инвестициялар, мәдениет, адамдар.
Элементтердің әрқайсысы басқасын ілгерілетуге жәрдемдеседі және керісінше, біреуінің әлсіз ілгерілеуі басқаның дамуын тежейді.
Қазақстанның туристік әлеуетін ашу және ілгерілету бағыттары:
1) сыртқы саясатты іске асыру;
2) инвестициялық саясатты іске асыру;
3) экспорттық брендтер;
4) кинематограф және әдебиет;
5) мәдениет және спорт арқылы да көзделеді.
Бұл ретте осы ілгерілету арналары арқылы елдің тарихи бірегейлігі, оның табиғи байлықтары, көп ұлттылығы, Қазақстан халқының өзіндік ерекшелігі мен ынтымақшылдығы, әлемдік ауқымдағы, оның ішінде саясаттағы, спорттағы, ғылымдағы және т.с.с. заманауи жетістіктері трансляцияланады.
Халықаралық тәжірибеге ұқсас дестинацияны мәдениет, тарихи мұра және табиғат элементтерімен ұқсастыру бойынша жұмыс жүргізіледі: Жапония – сакура, Фудзияма – шай салтанаты; Қытай – Ұлы Қытай қорғаны, панда, Қытай тағамы; Аустралия – кенгуру, маржан кедертастары, Египет – пирамидалар және т.б.
Қазақстанның әлемнің саяси аренасындағы, сол сияқты халықаралық туризм нарығындағы өзіндік бірегей бейнесі жасалады.
Осыған байланысты, ықтимал туристердің Қазақстанға қызығушылығы:
1) Қазақстан және оның суб-брендтері туралы ғылыми-танымдық мақалалар: "Алмалар отаны", "Қызғалдақтар отаны", "Жылқылар қолға үйретілген жер", "Алтай – "Өркениеттер бесігі" және "Қазақстан – Жібек жолындағы ел";
2) Қазақстанның жетістіктерін БАҚ-та жариялау (имидждік мақалалар, оқиғаларды баяндау және т.с.с.);
3) Қазақстандағы тарихи оқиғалармен және орындармен байланысты, оның ішінде елдің туристік әлеуетін (мәдениет, пейзаждар) дамытуға назар аударылатын фильмдер шығару. Ол үшін елдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған фильмдер шығару субсидияланады;
4) танымал отандық әдеби және көркем туындыларды халықаралық тілдерге аудару және оларды, оның ішінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде ілгерілетуді қамтамасыз ету;
5) шетелдік көрермендердің Қазақстанға саяхаттау қызығушылығын арттыру мақсатында және Голливуд, Болливуд өкілдерін шақыру және елді фильмдер түсіруге арналған орын ретінде ілгерілету (фильмдерде Қазақстанның пейзаждарын көпшілікке тарату);
6) шетелдік телеарналарда Қазақстандағы туризм және саяхат туралы бағдарламалар циклын шығару;
7) тарихи орындарды (Отырар, Сауран, Сарайшық, Ақыртас, Тамғалы және т.с.с.) көпшілікке тарату, археологиялық ашылулар мен олжа заттарды сапалы ақпараттық сүйемелдеу (оның ішінде шетелдік БАҚ-та және интернет-ресурстарда);
8) этникалық құрауыштары бар оқиғалы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (фестивальдер, спорттық сайыстар, жорықтар және т.с.с.);
9) шетелде қазақстандық тағамды ілгерілету;
10) шетелде ұлттық спорт түрлерін ілгерілету;
11) ұлттық қолөнершілік өнерін ілгерілету;
12) мақсатты елдердің студенттері үшін елдің жоғарғы оқу орындарында білім беру гранттарын ұсынуға квоталарды ұлғайту арқылы арттырылады.
Танымал тұлғалар мен олардың пікірлері шешім қабылдауда үлкен рөл атқарады. Этникалық туризмді ілгерілету элементтерінің бірі 23 елдегі саны 4 млн. адамнан асатын шетелдегі қазақ диаспорасы болуы мүмкін. ҚР СІМ алқасы шеңберінде туризм саласындағы туристік өнімдерді, жобаларды шетелде одан әрі ілгерілету мақсатында таныстыру үшін жыл сайынғы негізде шетелдерде Қазақстан Республикасының елшілерімен туризм индустриясы өкілдерінің кеңейтілген кездесулері өткізілетін болады.
Қазақстандағы кіру туризмін дамыту мақсатында мақсатты елдерде Қазақстанның елшіліктері мен өкілдіктерінің қызметін бағалау критерийлерінің бірі осы елдерден Қазақстанға келетін туристік ағынның ұлғаю көрсеткіші болады.
Осылайша, туристік брендті ілгерілетуде тиімді ілгерілетудің арналарын қалыптастыру және дамыту үшін мыналар жүзеге асырылады:
1) көпшілікке танымал тұлғаларды, салалық ықпал ету агенттерін және пікір көшбасшыларын (селебрити, блогерлер, белгілі спортшылар, актерлер, әншілер және т.б.) тарту;
2) Қазақстандағы мақсатты нарық елдерінің елшіліктерімен және өкілдіктерімен қазақстандық туризмді көпшілікке тарату мәселелері бойынша жұмысты жандандыру;
3) қазақстандық туризмді ілгерілету үшін шетелдегі қазақ диаспорасы мен қазақстандық студенттер ресурстарын пайдалану