Файл: А 1 в 2 с 3 д 4 е 5 шарты орындалатын болса, А, В, С, Д, е сандарын салыстырыыз.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 342
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
14 + 10 = 24
24 – 3 = 21
28 – 21 = 7
Жауабы: 7
14 вокал
10 би
3
vk.com/dostykteam
Қызыл, жасыл, көк, сары түсті 123 шар бар. Қызылдан басқа шарлардың саны 94, жасылдан басқа шарлар 81, көктен басқа шарлар 89. Қызыл шарлардың саны қанша?
A) 20
B) 29
C) 18
D) 42
E) 34
Шешуі:
123 – 94 = 29
Жауабы: 29
vk.com/dostykteam
Суретші Сарсенбаев бір айда 42 сурет салды. Олардың 17-сінде орман, 29-ында өзен, ал 13-інде орман да, өзен де салынған. Қалған суреттерде түсініксіз бейнелер бар. Қанша түсініксіз сурет бар?
A) 12
B) 29
C) 9
D) 13
E) 25
Шешуі:
17 + 29 = 46
46 – 13 = 33
42 – 33 = 9
Жауабы: 9
17 орман
29 өзен
13
vk.com/dostykteam
vk.com/dostykteam
Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде барлығы неше қызметкер екенін анықтаңыз.
-
40
B) 41
C) 45
D) 33
E) 36
Шешуі:
24 + 15 + 14 – 6 – 5 – 4 + 3 = 41
Жауабы: 41
15 неміс
14 француз
24 ағылшын
6
5
4
3
Үш қорапта кеспе, күріш, қанттар бар. Әр қораптың бетіне «кеспе», «күріш», «күріш немесе қант» деген жазулардың қай біреуі жазылған. Бірақ бұл жазулардың еш қайсысы оның ішіндегі затқа сәйкес келмейді. «Күріш» деп жазылған қорапта қандай зат бар екендігін анықтаңыз.
A) Бос
B) Күріш
C) Қант
D) Анықтау мүмкін емес
E) Кеспе
Шешуі:
«Күріш немесе қант» деген қорапта
Кеспе болады, сонда «кеспе» деген
қорапта күріш, ал «күріш» деп
жазылған қорапта қант бар.
Жауабы: Қант
Күріш немесе қант
Күріш
⟹ кеспе
⟹ күріш
Кеспе
⟹ қант
vk.com/dostykteam
Жасыл, қызыл және сары түсті шарлардан тізбе жасалған. Ондағы сары түсті емес шарлар саны 16, қызыл түсті емес шарлар саны 15. Жасыл түсті емес шарлар саны 17. Тізбеде қанша шар бар? Қызыл түсті шар нешеу?
A) Барлығы 29, қызыл 9 B) Барлығы 34, қызыл 11
C) Барлығы 29, қызыл 11 D) Барлығы 33, қызыл 9
E) Барлығы 24, қызыл 9
Шешуі:
сары түсті емес шарлар саны 16 ⟹ қызыл + жасыл = 16
қызыл түсті емес шарлар саны 15 ⟹ сары + жасыл = 15
жасыл түсті емес шарлар саны 17 ⟹ сары + қызыл = 17
2қызыл + 2сары + 2жасыл = 16 + 15 + 17
2(қызыл + сары + жасыл) = 48
қызыл + сары + жасыл = 24
24 – 15 = 9
Жауабы: барлығы 24, қызыл 9
vk.com/dostykteam
Марат, Қанат, Жанат, Болат және Самат киноға билет алу үшін касса алдына тізбектеліп тұрды. Жанат Қанаттан бұрын, бірақ Саматтан кейін тұр. Самат Мараттың қасында емес. Болат Жанаттың да, Саматтың да, Мараттың да қасында емес. Олар кезекте қалай тұрғанын анықтаңыз
A) Марат, Жанат, Самат, Қанат, Болат
B) Болат, Қанат, Самат, Марат, Жанат
C) Самат, Жанат, Марат, Қанат, Болат
D) Болат, Самат, Марат, Жанат, Қанат
E) Самат, Марат, Жанат, Қанат, Болат
Шешуі:
Самат Мараттың қасында емес деген шартқа В, D және Е варианттары қайшы келеді. Жанат Саматтан кейін тұр деген шартқа А варианты қайшы келеді.
Есептің шарттарына сәйкес келетін жалғыз вариант - C
Жауабы: Самат, Жанат, Марат, Қанат, Болат
vk.com/dostykteam
Мәди, Еңлік және Ләззат дүкеннен циркуль, транспортир және калькулятор сатып алды. Мәдидің сатып алғаны калькулятор емес, Ләззаттың сатып алғаны циркуль емес. Еңліктің сатып алғаны калькулятор да, циркуль де емес. Кім не сатып алды?
A) Мәди - циркуль, Еңлік - транспортир, Ләззат - калькулятор
B) Мәди - циркуль, Еңлік - калькулятор, Ләззат - транспортир
C) Мәди - калькулятор, Еңлік - циркуль, Ләззат - транспортир
D) Мәди - калькулятор, Еңлік - транспортир, Ләззат - циркуль
E) Мәди - транспортир, Еңлік - калькулятор, Ләззат – циркуль
Шешуі:
Варианттарды талдайтын болсақ, есептін шарттарын тек
А варианты ғана қанағаттандырады.
Жауабы: Мәди - циркуль, Еңлік - транспортир, Ләззат - калькулятор
vk.com/dostykteam
Жасыл, қызыл және сары түсті шарлардан тізбе жасалған. Ондағы сары түсті емес шарлар саны 20, қызыл түсті емес шарлар саны 24, жасыл түсті емес шарлар саны 22. Жасыл түсті шар нешеу? Сары түсті шар нешеу?
A) 17 жасыл, 7 сары B) 14 жасыл, 10 сары
C) 15 жасыл, 9 сары D) 11 жасыл, 13 сары
E) 13 жасыл, 11 сары
Шешуі:
сары түсті емес шарлар саны 20 ⟹ қызыл + жасыл = 20
қызыл түсті емес шарлар саны 24 ⟹ сары + жасыл = 24
жасыл түсті емес шарлар саны 22 ⟹ сары + қызыл = 22
2қызыл + 2сары + 2жасыл = 20 + 24 + 22
2(қызыл + сары + жасыл) = 66
қызыл + сары + жасыл = 33
33 – 22 = 11 жасыл
33 – 20 = 13 сары
Жауабы: 11 жасыл, 13 сары
} +
vk.com/dostykteam
Қонақтардың 16-сы қымыз, 19-ы шұбат, 14-і айран ішті. 7 қонақ қымыз да, шұбат та, 4 қонақ қымыз да, айран да ішті, 6 кісі шұбат та, айран да ішті. Ал 2 қонақ қымыз да, шұбат та, айран да ішті. Әрбір қонақ аталған үш сусынның кемінде біреуін ішті. Тек қана шұбат ішкен қонақтар санын табыңыз.
A) 6
B) 10
C) 8
D) 7
9
Шешуі:
19 – 6 – 7 + 2 = 8
Жауабы: 8
16 қымыз
19 шұбат
14 айран
4
6
7
2
vk.com/dostykteam
А және В бағандарын салыстырыңыз
-
2А = В
B) А < В
C) А > В
D) А = В
E) берілген мәліметтер жеткіліксіз
Шешуі:
20 санының бөлгіштерінің саны: 1, 2, 4, 5, 10, 20
20 санының 130-дан кіші еселіктерінің
саны: 20, 40, 60, 80, 100, 120
6 = 6 ⤇ А = В
Жауабы: А = В
А | В |
20 санының бөлгіштерінің саны | 20 санының 130-дан кіші еселіктерінің саны. |
vk.com/dostykteam
11 «А» сыныбындағы 5 оқу үздігінен және
11 «Ә» сыныбындағы 4 оқу үздігінен 2 адамды (әр сыныптан бір оқушыдан) театрға жіберу керек. Мұны неше тәсілмен орындауға болады?
А) 7.
В) 20.
С) 9.
D) 12.
Е) 24
Шешуі:
11 «А» сыныбынан бір оқушыны 5 тәсілмен, ал 11 «Ә» сыныбындағы 4 оқу үздігінен 1 адамды 4 тәсілмен таңдаймыз. Онда әр сыныптан бір адамнан екі оқушыны көбейту ережесі бойынша
5 ∙ 4 = 20 тәсілмен орындауға болады.
Жауабы: 20
vk.com/dostykteam
Айша бес әр түрлі ашық хатты бес құрбысына жібергісі келді. Ол оны неше тәсілмен орындай алады?
А) 120.
В) 24.
С) 10.
D) 25.
Е) 5.
Шешуі. Бес хатты неше тәсілмен алмастыруға болатынын табамыз:
1 -ші құрбысына хатты 5,
2 -ші құрбысына хатты 4,
3 -ші құрбысына хатты 3,
4 -ші құрбысына хатты 2,
5-ші қурбысына хатты 1 тәсілмен жібереді.
Онда барлығы 5 ∙ 4 ∙ 3 ∙ 2 ∙ 1 = 120 тәсіл.
Жауабы: 120
vk.com/dostykteam
vk.com/dostykteam
Төрт жігіт және үш қыз киноға 7 билет
сатып алды (орындар бір қатарда және
қатарынан орналасқан). Егер үш қыз
бірге отырғылары келсе, онда олар неше
тәсілмен орындарға отыра алады?
А) 120 В) 720. С) 7. D) 49. Е) 5040
Шешуі:
Қыз бірге отырғылары келсе, оларды бірге 1 элемент деп есептейміз және олар 4 жігітпен бесеу болады.
Бес элементті 5!=120 тәсілмен алмастыра аламыз.
Үш қыз 3! = 6тәсілмен отырады.
Онда олар 120 ∙ 6 = 720 тәсілмен орындарға отыра алады.
Жауабы: 720
vk.com/dostykteam
Кітап сөресінде 8 кітап, олардың 3-уі
бір автордікі. Бір автордың кітаптары
қатарынан тұру керек болса,
онда кітаптарды неше тәсілмен
сөреге қоя алады?
А) 121. В) 60. С) 120. D) 4320. Е) 11.
Шешуі:
Автордың үш кітабын бірге байлап, 1 кітап деп есептейміз және олар 5 кітаппен алтау болады.
Алты элементті 6! = 720 тәсілмен алмастыра аламыз.
Үш кітапты 3!= 6 тәсілмен орындарын ауыстырамыз.
Онда 8 кітап 720 ∙ 6 = 4320 тәсілмен сөреге қойылады
Жауабы: 4320
vk.com/dostykteam
3, 4, 5, 6, 7 цифрларынан санда
цифрлар қайталанбайтындай
неше жұп үш таңбалы сан құрауға
болады?
А) 216 В) 60. С) 120.
D) 24 Е) 30.
Шешуі:
Сан жұп болуы үшін бірлігі жұп сан болу керек.
Барлығы 5 цифр, олардың екеуі жұп сан. Үш таңбалы санның бірлігін 2 тәсілмен, жүздігін 4, ондығын 3 тәсілмен таңдаймыз.
Берілген цифрлардан 2 ∙ 4 ∙ 3 = 24 жұп үш таңбалы сан құраймыз.
Жауабы: 24
Дүкеннің шығыны мен табысының кестесі бойынша үш аптада түскен пайда қанша теңге болды?
А) 85 000
В) 120 800
С) 120 000
D) 151 500
E) 151 000
Шешуі: пайда = табыс – шығын
46 000 + 55 500 + 50 000 = 151 500 – жалпы табыс
15 500 + 10 200 + 5 000 = 30 700 – жалпы шығын
151 500 – 30 700 = 120 800
Жауабы: 120 800
апта | шығын | табыс |
1 апта | 15 500 теңге | 46 000 теңге |
2 апта | 10 200 теңге | 55 500 теңге |
3 апта | 5 000 теңге | 50 000 теңге |
vk.com/dostykteam
8 м3 тақтайды үш фирманың біреуінен алу қажет. Төмендегі кестені пайдаланып, осы тақтайды ең арзан сатып алуға қанша ақша төленетінін анықтаңыз
А) 312000 теңге В) 319300 теңге С) 312500 теңге
D) 312300 теңге E) 320300 теңге
Шешуі:
38 000 ∙ 8 + 15 300 = 304 000 + 15 300 = 319 300
45 000 ∙ 8 = 360 000 (жеткізу тегін)
39 000 ∙ 8 = 312 000 (жеткізу тегін)
312 000 < 319 300 < 360 000
Жауабы: 312 000
Фирма | 1 м3 тақтайдың бағасы (теңгемен) | Жеткізу бағасы (теңгемен) | Жеңілдіктер |
Ағаш-1 | 38000 | 15300 | Жоқ |
Ағаш-2 | 45000 | 8500 | 150000 теңгеден артық сомаға сауда жасаса, жеткізу тегін |
Ағаш-3 | 39000 | 12000 | 200000 теңгеден артық сомаға сауда жасаса, жеткізу тегін |
vk.com/dostykteam
Кестені пайдаланып, Диас жеңіл машинасының жазғы доңғалақтарын қысқыға айырбастау (доңғалақты теңестіруді қоса есептегенде) үшін қанша жұмсайтынын анықтаңыз
А) 1700 теңге
В) 4000 теңге
С) 2550 теңге
D) 850 теңге
E) 3400 теңге
Шешуі: жеңіл машинаның 4 дөңгелегі бар.
(150 + 300 + 400) ∙ 4 = 850 ∙ 4 = 3400 теңге
Жауабы: 3400 теңге
Атқарылатын қызмет түрі | Бағасы |
Доңғалақты алып-салу | 150 теңге |
Доңғалақтың шинасын айырбастау | 300 теңге |
Доңғалақты теңестіру | 400 теңге |